Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы жаздық дәнді дақылдар және жаздық бидай дақылдарының сорттары
2.2. Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
2.3. Жаздық бидай дақылының зиянкестері
2.4. Жаздық бидай дақылы зиянкестермен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін зерттейтін ғылым саласын энтомомлогия деп атайды. Энтомология насекомдар туралы ғылым (грек тілінде: энтомос - насеком, логос - ғылым). Ауылшаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының ( немодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Практикалық маңызына байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организмдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін түрлер, топырақ пен орман төсенішін мекендеп, топырақ түзілуге қатысатындар, өсімдіктердің айқас тозаңдануын қамтамасыз ететіндер, сонымен қатар асабағалы азық түлік және өндіріс шикізаттарын беретіндер жатады. Ал зиянды өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдарын, басқа да пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер, адамға және үй жануарларына қауіпті аурулар жұқтыратындар түрлі қан сорғыш жәндіктер жатады. Энтомологияның негізгі міндеті зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейілінше азайту.
Бидай (лат. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе бір жылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады. Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Жаздық бидай - салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-2°С жылылықта ене бастайды. Алайда, тіршілікке қабілетті егін көгi +4-5°C пайда болады. Топырақтың тұқым сіңіру тереңдігінде температура +5°С болғанда егін көгі 30 күнде, 8°С-та 13 күнде, +10°С-та 9күнде, 15°С-та 7 күнде пайда болады. Жаздық бидайдың егін көгi қысқа мерзімді -10°С дейінгі аязды көтереді, бірақ гүлдену және дәннің нандану кезеңдерінде -1-2°С бозқыраудан жарақаттанады. Қолайлы жағдайларда жаздық бидайдың тұқымы 5 түп тамырлармен енеді.Себу көктеу кезеңінің ұзақтығы ең алдымен топырақтың температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Қалыпты жағдайда жаздық бидай нашар түптенеді. Көктеу-түптену кезеңіндегі температураның төмендеуі түйін (қосалқы) тамырлардың түзілуі мен дамуына оң әсерін тигізеді, соның нәтижесінде жаздық бидайдың өнімі артады. Өсімдіктің жеке дамуына бұлкезең жастық шақ дәуреніне сәйкес келетін органогенездің алғашқы төрт кезеңін қамтиды: сабақтың өсу конусы дифференциацияланады, жапырақ пен екінші дәрежедегі білік гүлшоғырының білігі қалыптаса бастайды, гүлшоғырының қалақшалары дифференциацияланады. Ақмола облысы жағдайында кезең 12-17 күнге созылады. Жоғары температурамен аңызақ бұл кезеңнің өтуін тездетеді де, кейіннен егін өнімін күрт төмендетеді. Жаздық бидайдың өсіп-даму кезеңінде, әсіресе түптену-түтікке шығу және түтіктену-масақтану кезеңіндегі температура жағдайлары өсімдік тіршілігіндегі шешуші фактор болып табылады. Бұл кезеңдерде жаздық бидай өсімдігі екінші жастық дәуренін органогенездің 5-8 кезеңдерін (гүл дифференциациясы, жатыр мен аталықтардың қалыптасуы, түйін аралықтарының ұзара өсуі, масақтану кезеңінің аяқталуы) өтеді. Солтүстік Қазақстанда бұл кезеңдердің ұзақтығы 16-29 күн шеңберінде өзгереді және масақтану кезеңікөбінесе шілденің алғашқы он күндігінде, ал күшті қуаңшылықта (1990 ж. сияқты) - маусымның соңында өтеді. Жоғары температурада гүлдену кезеңі де тездетіледі, жаздың бидай тіршілік шағының үшінші дәуренінің басы немесе органогенездің 9-кезеңі. Жаздық бидай тіршілігінің маңызды масақтану пісіп жетілу кезеңінің ұзақтығы 42-51 күнге (балауызданып пісуіне дейін) созылады да, органогенездің 10-12 кезеңдеріне сәйкес келеді. Бұл кезеңдегі қолайлы температура +16-23°С. Жалпы алғанда, орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттар үшін Солтүстік Қазақстан жағдайында қажетті белсенді температура жиынтығы 1700-1900°С, ал оң температура жиынтығы 2200-2500°С дейін жетеді, бірақ аязсыз кезең қысқа ортаесеппен 110-115 күннен аспайды. Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дән массасына шаққанда 50-60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде ене бастайды. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшінол өзінің ағзасынан 400-500 өлшем су буландырады немесе транспирация коэффициенті400-500 тең деген сөз. Біздің өсімдік шаруашылығы кафедрасының деректері бойынша (Әрінов Қ.К., 1998) жаздың бидайдың су пайдалану коэффициенті суармаған жағдайда 18,5-22,0 ммц, ал суармалы жерлерде 10,9-12,0 ммц болды. Жаздық бидайдың даму кезеңдеріне қарай ылғалды пайдалануы біркелкі емес: барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде 5-7%, түптенуде 15-20% , түптену мен масақтануда 50-60% , сүттене пісуде 20-30%, ал балауызданып піскенде 3-5% жұмсалады. Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажет сінуі немесе қиын-қыстау кезеңі түптену-масақтану басқаша айтқанда, репродуктивті қоргандарының пайда болу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңінде топырақтағы ылғалтапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де, егін өнімін күрт төмендетеді. Қолайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың қиын-қыстау кезеңі ауа райының барынша қолайлы уақытында өтеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақтың 1 м қабатында 60-80 мм болғанда төмен, 100-120 мм орташа және 140 мм артық болғанда жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген деп есептеледі. Айта кету керек, жаздық бидай арпаға, күздік бидайға, қара бидай мен тары тәріздес дақылдарға қарағанда ылғалға анағұрлым жоғары талап қояды.Тамыр жүйесінің сіңіру қабілетінің және оның басқа дәнді дақылдарға қарағанда айтарлықтай әлсіз дамитындығынан жаздық бидай топырақ құнарлылығын қажет етеді. Өсімдік тіршілігіндегі қоректік заттардың рөлі әр қилы. Азот жақсы түптенуге, қуатты сабақ пен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, фотосинтетикалық қызметті күшейтеді, биологиялық массаның қорлануын, дәндегі протеин мөлшерін арттырады. Фосфор (P205) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдегі астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффициентін төмендетеді, жаздың бидайдың пісуін 5-6 күнге тездетеді. Калий (K20) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал ұстау және тамырдың ылғал сіңіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімділігін арттырады. Қоректік заттарды пайдалану өсімдік ылғал қажет сінуіне ұқсас. Жаздық бидайдың қоректену элементтерін шығару топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір цастық пен тиісті сабанға шаққанда) азот (IV) 3,7-4,0, фосфор (P205)0,9-1,1 және калий (K20) 1,7-1,8 кг тең. Жаздың бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қоңыр топырақтар деп есептеледі. Олтұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық жылдары өнімді күрт төмендетеді. Жақсы өнімді реакциясы қалыпты немесе әлсіз қышқыл топырақтарда алуға болады. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жаздың жұмсақ бидайдың Саратовская 29, Целинная ЗС, Целинная 24, Целинная Юбилейная, Казахстанская раннеспелая, Казахстанская 15, Карагандинская 70, Акмола 2, т.б. аудандастырылып ойдағыдай өсірілуде.

2.1. Қазақстандағы жаздық дәнді дақылдар және жаздық бидай дақылдарының сорттары
Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
1. Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
2. Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.
Қазақстандағы жаздық бидай дақылдардың сорттары:
1. "Қазақстан 126" - жаздық бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми -зерттеу институты шығарған. 1955 жылы Алматы, Талдықорған облыстарында аудандастырылған. Дән түсімі гектарынан 35-45 ц. Бидай тұқымын жақсартатын күшті бидай қатарына жатады.
2. "Қызылбас" - жаздық бидай сорты. Қарағанды ауыл-шаруашылығының тәжірибе стансасы шығарған. 1963 жылдан Қарағанды, Павлодар облыстарында аудандастырылған. Кештеу пісетін сорт. Дән түсімі гектарынан 10-13 ц.
3. "Шортанды 25" - жаздық бидай сорты. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1975 жылдан Торғай облысында аудандастырылған. Ертелеу пісетін сорт. Дән түсімі гектарынан 12,3-28 ц. Күшті бидай қатарына жатады. Әдетте ауруға шалдықпайды.
4. "Қазақстан 3" - жаздық бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1979 жылдан Алматы, Талдықорған облыстарында аудандастырылған, суармалы жерге өседі. Дән түсімі гектарынан 36-40 ц., кейде 65-66 ц.
5. "Целинный 20" - жаздық бидай сорты. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1979 жылдан Шығыс Қазақстан облысында аудандастырылған. Кешірек пісетін бидай. Дән түсімі гектарынан 13,2-24 ц. Дәні өте жылтыр, мөлдір.
6. "Қазақстан 4" - жаздық бидай сорты. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1980 жылдан Алматы, Талдықорған облыстарында аудандастырылған, суарылмайтын және тәлімі жерлерде егіледі. Дән түсімі гектарынан 11,5-12,8 ц. Күшті бидай қатарына жатады. Ауру жұқпайтын, зиянкестерге төзімді.
7. "Целинный 21" - жаздық бидай сорты. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған.1980 жылдан Семей, Павлодар, Целиноград(Ақмола облысы), Көкшетау облыстарында аудандастырылған. Кеш пісетін күшті сорт. Дән түсімі гектарынан 13,0-40,9 ц.
8. "Қарағанды 2" - жаздық бидай сорты. Қарағанды ауыл-шаруашылығының тәжірибе стансасы шығарған. 1980 жылдан Павлодар облысында аудандастырылған. Кешірек пісетін бидай. Дән түсімі гектарынан 16,1-25,7 ц.
9. "Эритроспермум 74" - жаздық бидай сорты. Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы мен Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты шығарған. 1982 жылдан Ақтөбе облысында аудандастырылған. Табиғаты қатал, шөлейт алқапта гектарынан 10,1ц. дән алынады.

2.2. Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Өткен жылы Қаратөбе ауданында жаздық бидайдың қоңыр тат ауруы таралды. Алғашқы патогеннің күлдіреуігі (пустула) шілде айының бірінші он күндігінде жаздық бидайда байқалды. Кейінірік Ақтөбе облысында бидайдың сүттену кезеңінде шілде айының екінші он күндігінің басында аурудың белгілері байқалды. Күздік дәнді дақылдарда аурудың белгілері байқалмады. Мониторинг жүргізу барысында залалданғаны 77,4 мың га.немесе тексерілген көлемнің 6,6 %, өңделетін көлем 26 мың га., даму деңгейі1-10% құрады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық - кандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары. қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз,тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіптұрған кезде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады Жаздық бидай қатты, ергежейлі, тозаңды және сабақ қара күйелерімен; сары және сабақ таты; aқұнтақ, тамыр шірік.
Бидайдың қатты қара күйесі. Кесел республиканың барлық аудандарында кездеседі, әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаздық бидайды қатты залалдап, оның өнімін төмендетеді. Аурудың белгісі дәннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. Залалданған масақтар иілмей тіктұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дәнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйықағады. Ауру масақтадән орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.Егінді бастыру кезінде залалданған дәндер жарылып, телиоспоралары шашылып, сау дәндердің бетіне түседі. Сол дәндермен бірге топыраққа түскен телиоспоралар көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақ, сабақ,масақ) тарайды. Сырттай бұл үрдіс білінбейді. Өсімдіктің дәні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқынды дамып дәнді бұзады. Жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады. Саңырауқұлақ споралары дән бетінде, өсімдік қалдықтарында,топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроорганизм әсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар және т.б. инфекция қоры болуы мүмкін.Телиоспоралардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай - 7-13°С температурамен 40-60% ылғалдылық. Сондықтан кеш егілген күздік және ерте себілген жаздық бидай ауруға қатты шалдығады. Тұқымның себу тереңдігін дұрыс сақтамау да өсімдіктің ауруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арпа дақылының зиянкестері
Сұлы дақылының аурулары
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер
Оңтүстік Қазақстанның тау маңы аймағындағы картопты үздіксіз өсірілетін танабының фитосанитарлық жағдайын зерттеу
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Жаздық бидай дақылы
Майлы зығыр дақылының маңызы
Тары дақылы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Пәндер