Сұлы дақылының аурулары
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Cұлы дақылының басты түрлері мен Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары
2.2. Сұлының зиянкестеріне сипаттама
2.3. Астық тұқымдас дәнді дақылдар зиянкестерімен күрес шараларының жүйесі
2.4. Сұлы дақылының аурулары
2.5. Сұлыны аурулардан қорғау шараларының жүйесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біздің елде өсімдік қорау қызметі шын мәнінде 60-жылдардан бастан кана кең көлемде жүзеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен күресу жүйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық, облыстық, аудандық өсімдік қорғау станциялары, зиянкестердің таралуын болжау және олармен күресу үшін хабар беру пункттері, мемлекеттік өсімдік карантин инспекциялары және басқа да өсімдік
қорғау қызметінің жүйесі ұйымдастырылып, жақсырап келеді.
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі. Алуан түрлі табиғат ерекшеліктеріне сай мұндағы өсімдік түрлері өте көп. Қазіргі кезде республиканың егістік жерлерінің көлемі барынша ұлғап, миллиондаған гектерға жетіп отыр. Осыншама ұлан-байтақ алқаптардан жыл сайын мол да тұрақты, әрі сапалы өнім алу үшін жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне қарай жасалынатын агротехникалық шаралар құрамында зиянды организмдерге қарсы күрес шарасының да мәні зор. Республиканың кең байтақ жеріне тіршілік етіп, алуан түрлі өсімдіктермен қоректенетін ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкестердің түрлері көп-ақ.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғауды негізгі шарты оларды бір-бірден ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Өсімдік қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауылшаруашылық дақылдарының өсіру технологиясының құрамына кіреді. Бүгінгі таңда негізгі мәселе-мәдени өсімдіктерден тұрақты түрде мол өнім алу және оны ұзақ уақыт сақтауды білу. Зиянды организмдердің ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін 10-30%-ға азаяды, ал кейде өнім түсімнің болмауы да мүмкін. Зиянды организмдердің түрлері өте көп. Зиянкестерге күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түр құрамын, биологиясы, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторингті дұрыс жүргізуді білу қажет. Аурулар негізінен өсімдіктердің барлық мүшелерін залалдайды. Зиянкестер қарсы күресу шараларын жүргізгенде агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау, ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану қозімді сорттар пайдалану және т.б.), биологиялық, физикалық, механикалық және химиялық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек.
Ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Аталған организмдер морфологиялық құрылысы, жүйелік орны, тіршілік әрекеттеріне, өсімдікке бейімделуіне байланысты жануарлар әлемі жүйесінде әртүрлі топтарға топтастырылған және күресу шаралары да өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.
Жануарлар әлемінде - бұл зиянкестер әр түрлі орын алады, олар үш типтерге жатады: нематодалар жұмыр құрттарға, кенелер буынаяқтыларға, ал кеміргіштер хордалыларға жатады.
Жұмыс барысында ауылшаруашылқ дақылдарының негізгі зиянды бунақденелілері: олардың морфологиясы, табиғаттағы даму ошақтары, тараған аймағы, қоныстану жолдары мен ерекшеліктері, өмір сүру циклдары, олардың көбеюіне әсер ететін сыртқы орта жағдайлары туралы мәлімет берілген. Зиян келтіретін қауіпті түрлердің экономикалық зияндылық шегі көрсетілген.
2.1. Cұлының басты түрлері мен Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары
Сұлы - біржылдық азық-түліктік және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13% белок, 40-45% крахмал, 4-6% май болады. Оның белогының құрамында адамға және жануарларға қажетті айырбасқа жатпайтын барлық амин қышқылдары бар; құрамындағы май жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. В1 (тиамин) дәрумені сұлыда бидай мен арпаға қарағанда анағұрлым жоғары. Сондықтан сұлы және оның өңдеу өнімдері диэтикалық, балалардың қоректенуінде қолданылады. Сұлы астығынан әртүрлі жармалар (үлпектер, геркулес, кисель ұны) дайындалады.
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі қоректік заттардың мол болуына байланысты оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде өсіреді. Сұлыны мал азығына басымырақ пайдаланады: оның бір кило астығы малазықтық құндылық эквиваленті және бір азықтық өлшем ретінде қабылданған. Бұл барлық жануарлар түрлеріне, оның ішінде жас төлдерге өте жақсы болып табылады. Сұлыны сиыржоңышқа, егістік асбұршақпен араластырып өсіру кең тараған. Оны ноғатық, сиыржоңышқа және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасымен пішенге өсіреді. Сұлының таралу ауқымы бидай мен арпаға қарағанда шектеулі Қазақстандағы егістік көлемі орта есеппен 5 жылда (2005-2009жж) небәрі 157,4 мың га шамасында болды. Бұл дақылдың өнім потенциалы айтарлықтай жоғары: егіншілік мәдениеті жоғары болғанда 30-40 цга және орташа егіншілік жүйесінде 20-25 цга деңгейінде бола алады. Сұлының Қазақстандағы астық өнімі орта есеппен 2005-2009 жылдары 12 цга құрады.
Сұлы қоңырбастар тұқымдасына жатады. П. И. Жуковскийдің жүйелеуі бойынша ол екі секцияға бөлінеді:
Avena Griseb- барлық түрлері біржылдық (нағыз) сұлылар, бұған 16 мәдени және жабайы түрлер біріктірілген.
Avenastrum Koch түрлері көпжылдықтар, олар шалғындық астық тұқымдастар және малазықтық шөгі ретінде пайдаланылады.
Avena туысының өсімдіктерінде гүл шоғыры, қомақты, қысылған немесе бір бүйірлі болып келетін сiпсeбaс (шашақ). Шашақ орталық біліктен тұрады және ол сабақтың жалғасы болып табылады, одан 2-3 дәрежелі бұтақтар тарайды, әрбір бұтақтың басында 2-3 гүлді немесе көпгүлді масақшалар орналасқан. Масақша қауыздары ірі, әрі жалпақ, жарғақты және көпжүйкелі. Гүл қауыздары дәнді тығыз қаптаған. Дәнннің бүкіл беті жұмсақ түктермен көмкерілген. Жабайы сұлы түрлері астық дақылдары және басқа танаптық дақылдар егістіктерін ластайды. Сұлы - 1-2° С өне бастайды. Көктеу мен түптену кезеңдерінде салқындау (15-18° С) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді бозқырауды- 7-8° C жақсы көтереді. Өсімдіктерінің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозғырау ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның астығы (дәндері)- 4-5° С бозқырауды қалыпты көтереді. Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында- 1000-1500°C, орташа мерзімдегілерінде 1350-1650°С, ал кещ пісетін сорттарында- 1500-1800°С. Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бадай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылыктан аз зардап шегеді.
Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығын жаздық мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40С-да 4-5 сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице құрылымы сал ауруына шалдығады (ал жаздық бидайда ол 10-17 сағ., арпада- 25-30 сағ.соң басталады). Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16
Сұлы ылғал сүйгіш дәндері жалаңаш дәнді дақылдарға қарағанда бөрту үшін көбірек ылғалды талап етеді. Сұлының тұқымы өну кезеңінде өзінің массасының 65%-дай су сіңіреді. Сұлының транспирациялық коэффиценті 400-600 аралығында өзгереді. Оның ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі өсімдіктердің түтікке шығуынан шашақтануға дейін, әәсіресе шашақтануға 10-15 тәулік қалған кездегі топырастағы ылғал тапшылығы өте қауіпті. Сұлы барынша жоғары астық өнімін ылғалды, жаздың бірінші жартысындағы жауын-шашынды жылдары береді. Солтүстік аудандарда жаздың екінші жартысындағы жауатын мол ылғалды сұлы нашар пайдаланады, өсімдіктерде сабан өркендер түзіледі де вегетация кезеңі созылып кетеді, нәтижесінде бозқырауға дейін сұлы пісіп үлгермейді.
Сұлы салытырмалы түрде топырақ талғамайды, алайда құмдақ және соргандау топырақтарда нашар өседі де сазданған жерлерді көтере алады. Ол үшін барынша байланған, қиын еритін түрде болса да қоректік заттары көп топырақтар жарамды. Басқа астық дақылдарына қарағанда қышқыл мүкті алқаптарда жақсы өсе береді. Сортаңданған топырақтардың оған жарамдылығы шамалы. Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңі- 70-100 тәулік.
Өсіруге рұқсат еткен сорттары:
1. Мирный - Ақмола, СҚО, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында;
2. Синельниковский 14 - Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында,
3. Скакун, Черниговский 28 - Қарағанды обылысында;
4. Ертіс- Солтүстік Қазақстан облысында;
5. Бітік- Ақмола, Қызылорда, СҚО;
6. Льговский 82 - Шығыс Қазақстан облысында;
7. Казахстанский 70 - Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
2.2. Сұлының зиянкестеріне сипаттама
Жолақ цикада - тең қанаттылар отрядының цикада тұқымдасына жатады. Ересек цикаданың ұзындығы 3,5-5 мм, күңгірт сары немесе қоңырқай түсті, алдыңғы қанаттарының ұшы доғаланып бітеді және қоңыр түсті жүйкелермен көмкерілген. Аяқтары ақшыл сары. Зиянкес күздік бидайдың немесе астық тұқымдас көпжылдық шөптердің сабағында немесе жапырағында тiлiкке салынған жұмыртқа күйінде қыстайды. Личинкалары оңтүстікте сәуір, солтүстікте мамыр, осыған орай ересек цикадалар оңтүстікте мамырдың басында, солтүстікте маусымның бас кезінде шығады. Олардың ең көп шығатын мерзімі жаздық егіннің гүлітену фазасында және сабақтану фазасының бас кезіне тура келеді. Ересек цикада және олардың личинкалары өсімдіктің сабағы мен жапырағының шырынын сорып қоректенеді. Соның нәтижесінде зақымданған жапырақта ақшыл ұсақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің өсуі тежеледі. Зиянкес дәнді дақылдардың барлығын, ал құрғақшылық жылдары әсіресе жаздық бидай мен арпаны қатты зақымдайды. Сонымен қатар цикадалар бидайдың, сұлының, күріштің икәне басқа астық тұқымдас дақылдардың мозайка, қортық, қуыршақтану сияқты аса қауіпті вирус ауруларын таратады. Зиянды цикадалардың бұл түрінен басқа Қазақстанда қара цикада, алты нүктелі цикада деген түрлері де кездеседі. Олар көбінесе солтүстік далалық аудандарда едәуір зиян келтіреді.
Сұлы бітесі. Қанатсыз негіз салушы ұрғашы бітенің ұзындығы 2,7-3 мм, жасылдау немесе сарғыш - қоңыр, аяқтары, мұртшалары, шырын түтікшелері, құйрықшасы ұзын. Қанатты ұрғашы бітенің көкірек бөлімі Қызғылт-қоңыр, құрсағы жасыл түсті.
Зиянды бақашық -жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отрядынын атқаншталты бақашықтар тұқымдасына жатады. Ұзындығы 10-13мм, көлденеңі 6-7 мм, қалқаншасы дөңестеу келген және қанаттары мен құрсағын түгелдей жауып жатады. Жалпы түсі ақшыл- сарыда қоңырға дейін өзгереді. Бүйір жағынан қарағанда тасбақаға өте ұқсайды. Бақашық қандала деп атайтын себебі осыдан. Зиянды бақашық қандала Ресей мен Украинаның оңтүстік аудандарында, Кавказда, Орта Азия республикаларында, ал Қазақстанда Орал, Ақтөбе, Шымкет, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарында таралған. Жылына бір генерация беріп көбейеді. Көктемде орташа тәулік температурасы 14-16, ал күндізгі температура 20° С асқанда, сиз жазғы егіс көктеп шыққан кезде қандалалар егінге қарай ұша бастайды. Олардың жаппай ұшу мерзімі және оның ұзақтығы негізінен көктемгі ауа райының жағдайларына байланысты. Зиянды бақашық қандала дәнді дақылдардың барлық түрлерін- жаздық бидайды, қара бидайды, арпаны, сұлыны, ал жемшептік дақылдардан еркекшөпті, бидайықты т.б ерте көктемнен бастал өнімді жинап алуға дейін зақымдайды. Бақашық қандала сорып зақымдаган астық дәнін басқа сау дәндерден ажыратып алуға болады. Дәннің қандала сорып жарақаттаған жерінде қара- қоңыр нүкте калады.
Кресті қоңыз - ұзындығы 11-13 мм, денесі мен аяқтары металдық бар қара түсті. Үстіңгі қанаттары сарғылт-қоңыр, онда якорь ра таңба болады, арқасының алдыңғы бөлігін түк басқан. Қазақстанда Орал, Ақтобе, Талдықорған, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарында және Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында таралған. Генерациясы екі жылдық. Ересек қоңыздар бидайдың гүлдеу фазасы аяқталған кезде шығады да бидайдың, арпа мен сұлынын, бидайықтың және де басқа астық тұқымдас өсімдіктердің пісіп жетілмеген дәндерімен қоректенеді. Егінде олар астықтың қамырлану фазасына дейін қоректенеді. Күздік астықтың егісінде қоңыздар біркелкі таралада жаздық егіннің тек көлденеңі 50 метрлік шеткі жағында ғана кездеседі. Жаппай өсіп - өнген жылдары егіннің 1 шаршы метріне 10-15 коньдан келеді. Ал 1 шаршы метрге бір қоңыздан келген жағдайда өнімінің шығыны гектарына 0,3-0,4 центнерге дейін жетеді.
Кәдімгі сүлiкше қоңыз - қатты қанаттылар отрядының жапырақ жемірлері тұқымдасына жатады. Ресейдің европалық бөлігінің далалық және орманды- далалық аймағында, Орта Азияда таралған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - шығысындағы тау етектеріне орналасқан аудандарда осы тұқымдастың қызыл кеуделі сүлікше деп аталатын түрі зиян келтіреді. Қоңыздардың ұзындығы 4-6 мм. Жалпы түсі жасылдау көк. Жұмыртқасы сопақша, сары. Осыған байланысты ол медицина сүлігіне өте ұқсас. Зиянкесті сүлікше деп аталу себебі осыдан. Сүлікше қоңыздың генерациясы бір жылдық. Ересек қоңыз фазасында жер бетіне таяу топырақ арасында қыстап шығады. Қазақстанның оңтүстігіндегі тау етектеріне орналасқан аудандарда қоңыздар сәуір айының аяғы мен мамыр айының бас кезінде қысқы ұйқыдан оянып, дәнді дақылдардың көктерімен қоректене бастайды. Олар көбінесе жұмсақ жас жапырақтарды кеміріп жейді. Зақымданған жапырақтардың бетінде сопақша тесіктер пайда болады. Сүлікше қоңыздың қуыршақ фазасы 14-25 күнге дейін созылады. Көктемде коныздардың саны онша көп болмайды. Личинкалар зақымданған жапырақтардп ұзынша келген ақ жолақтар мен саңылаулар пайда болады. Жапыран беті 25-50 процентке дейін зақымдалса, бидайдың өнімі 30-38 процент келді. Бидайдан басқа арпа мен сұлыны, кейде жүгері мен тарыны да зақымдайды.
Астықтың барылдақ қоңызы - қатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz