Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі

Курстық жұмыс
Тақырып: Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің дамуы. Қазмұнайгаз ҰК АҚ материалдарының негізінде.
Мамандық: Менеджмент 0515000

Ғылыми жетекші ____________________Тұралбай Т.Т
Орындаған ___________________ Несіпбек Е.Қ 303 топ

Алматы 2021
Мазмұны

Кіріспе
3
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтердің жалпы мәселелері
4
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі
4
2.Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру. Қазмұнайгаз ҰК АҚ қаржылық көрсеткіштері, нәтижелері
2.1 Қазмұнайгаз ҰК АҚ қаржылық көрсеткіштері
6
2.2 Есепті кезеңдегі маңызды оқиғалар
7
2.3 Барлау және өндіру жобалары.
10
3. ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның Жаңару цифрлық трансформациялау бағдарламасы
13

Кіріспе

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорыннның сыртқы экономикалық қызметінің есебін ұйымдастыруды зерттеу. Осы мақсатты орындау үшін курстық жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:
- Шетелдік валюта операцияларының есебі.
- Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі.
- Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі.
- Толлингтік операциялардың есебі.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
- кедендік баж салығы;
- кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
- тауарды сақтауға алынатын кедендік алымда;
- шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
- Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия бергені үшін алынатын алым;
- кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;
- алдын-ала қабылданатын шешімдер үшін төлем.
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшері кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шетелдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелде төленген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және оны сатып алушы өтейді.

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері
тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды
экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне
жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып
алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.Сыртқы
экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы,
міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі.

Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:

-техникалық құжаттаулар-техникалық төлқұжаты, сызбасы, жинау
бойынша нұсқауы, монтаждауы, техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты және т.б.
-тауарлы-ілеспе құжаттаулары-тауар сапасының сертификаты, буып-
түю парағы, құрастырушы тізімдемесі.
-транспорттық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары-
теміржол накладнойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық накладнойы т.б.) сақтандыру полисі немесе сертификаты;
- қойма құжаттары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау
актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да
кепілді куәлігі т.б.
- есеп айырысу құжаттаулары - шот фактурасы, аударма векселі (тратты);
- банкы құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан
Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары,
есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі.
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік
валюта бойынша жүреді.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі -- бұл зкспорт және импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттың экономиканы тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты -- сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезіну, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пай-далану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы да болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылылық ыңтымақтастың шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық және технологиялық деңгейінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.
Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ыңталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі -- активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті оған әрі дамытуды қамтамасыз ететін нысаналы саясат. Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.
Экспорт -- бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен зиялылық меншіктің нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық
Импорт -- шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп, елдің кеден аумағына сатып алушылардың алып келетін тауарлары.
Реэкспорт -- шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып алушыларына қайта сату.
Ыңғайлас сауда (ыңғайласпа мәмілеме) -- экспортты, импортты операцияларды ұйымдық-ұштастыру болып табылады. Экспортшы өзінің Тауар құнының барлығын немесе сатып алушының ыңғайласпа тауар құнының бір бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұган ыңғайласпа мәмілесі тауар айырбасы негізінде баспа-бас ыңтымақтастық мысал бола алады.
Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары.
Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) -- бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;
валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат -- сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы -- өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.
Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын -- сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі -- бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат -- кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау -- ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат -- сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.
Бұл түсініктің мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.
Егер ұлттық және мүдде деген терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету -- абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа ұлттық мүдде сипатын береді. Ұлттық мүдде ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары ұлттық мүдде түріне айналады.
Оны өлшеу үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.
Кез келген мемлекеттің қоғамы -- мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.
Қазіргі кездегі дуниеде үлттық мүдде саясаты бір түр^ рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны Шыгыск карай кеңейту шараларын, бір жагынан, текті өкілеттілп ретінде, яғни Еуропага бейбітшілікті ныгайтатын үлі өкілетгілігі ретінде, екінші жагынан -- Шығыс Еуропага әскері саяси және экономикалық бақылау қою ретінде түсіндіреді.
Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың бірлескен мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлскеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.
Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси фактор құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген, олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологиялар қолдануды талап етеді.
Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы эконимикалық саясатымен салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.
Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді Олар төмендегілерден тұрады:
ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;
негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;
қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;
ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы теңдігінен;
дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;
халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;
сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы және т.б.
Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.

1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі

Шетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте
көрсету үшін №9 БЕС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық
операцияларында шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына: шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер;
шетелдік валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б.
Бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған: 431, 432, 452.Ал басқа активтерімен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 301, 333, 511, 671, 687 т.б. демек,
шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор.

Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жазбасында тек теңгемен ғана
көрсетіледі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген
бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарды (касса
кітабында, кіріс және шығыс касса ордерлерінде, есеп регисторларында)
номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін.

Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны,
аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар,
материалдық емес акривтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға
жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел
валютасының өзгеруіне байланысты қайта есептеулер жүргізілмейді. Ондағы
орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы
табыстың және шығыстың айырмасын ажырата білу қажет. Ол үшін баға
белгілеу агенттігінің ақпараттарына сүйену керек (Biomberg немесе
Reuters).
Бағамдық айырма бухгалтерлік есепте және есеп беруде келесі тәртіп
бойынша көрініс табады (танылады):
-шетел валютасында көрсетілген дебиторлық және кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты, операциялар бойынша жасалған ҚР ҰБ
есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың
бағамынан ерекшеленетін болса;
-әрбір есептік күнге шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық
құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты
операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттарды
қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса;
Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген:
-тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды
кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу кредиторлық қарыздардың төмендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша).

II. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру.
Қазмұнайгаз ҰК АҚ қаржылық көрсеткіштері, нәтижелері

2.1 Қазмұнайгаз ҰК АҚ қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіш
01.10.2021
01.07.2021
Жарғылық капиталы
916 541,00 млн KZT
916 541,00 млн KZT
Меншікті капиталы
9 574 515,00 млн KZT
9 300 027,00 млн KZT
Жиынтық активтері
15 631 238,00 млн KZT
15 461 593,00 млн KZT
Жиынтық міндеттемелер
6 056 723,00 млн KZT
6 161 566,00 млн KZT
Сатылым көлемі
4 792 484 млн KZT
3 683 250 млн KZT
Таза пайда
942 475,00 млн KZT
644 433,00 млн KZT
Жай акцияның теңгерімдік құны
15 422,00 KZT
14 970,00 KZT

2.2 Есепті кезеңдегі маңызды оқиғалар
Өндіру
2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында Қашаған кен орнында мұнай өндіру, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 76%-ке өсіп, 6 173 мың тонна мұнай (ҚМГ ҰК үлесі - 511 мың тонна) немесе жартыжылдықта, орташа есеппен, тәулігіне 268 мың баррель болды. осындай өсу 2017 жылдың тамызында қабатқа шикі газды кері айдау жүйесінің пайдалануға енгізілуіне, сондай-ақ жабдықты пайдалану коэффициентінің ұлғаюына байланысты болып отыр.

Тасымалдау
2018 жылдың қаңтарында ҚазМұнайГаз ҰК АҚ пен PetroChina арасында Қытайға Қазақстандық газ экспортын жылына 10 млрд. текше м дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
2018 жылдың 3 қаңтарында ҚТКФ, KMG Systems&Services ЖШС мен Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі РМК арасында ZT-2 бағалау ұңғымасы үшін 1, 2 және 3-деңгейлерде мұнайдың апаттық төгілуін жою бойынша Жамбыл Петролеум ЖШС-ға қызметтер көрсету жөніндегі консорциалдық келісімге қол қойылды.
2018 жылғы 16 қаңтарда ҚТКФ-тің ТШО Болашақ кеңейту жобасын іске асыруға қатысу шеңберінде, Браила қаласы, Румынияда VARD кеме жасау зауытында MCV 854 Sunkar кемесінің құрылысы аяқталды.
2018 жылдың мамырында ҚазТрансОйл АҚ пен КҚК-Қ АҚ 5 жыл мерзімімен Қазақстанның аумағында КҚК мұнай құбырының объектілеріне техникалық қызметтерін көрсету шартына қол қойылды.

Өңдеу
2018 жылдың қаңтарында ПМХЗ мен ПКОП экологиялық К4 және К5 класстарындағы отындық стандарттарға көшті.
Жаңғырту шеңберінде АМӨЗ-де іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталып, толық жобалық қуатқа шығу 2018 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланып отыр.
Жаңғыртудың екінші кезеңі бойынша ПКОП іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оларды аяқтау 2018 жылғы қыркүйекте жоспарлануда.

Қаржылық және корпоративтік
2018 жылғы қаңтар және сәуірде 2018 жылғы желтоқсанда қол қойылған шикі мұнайды жеткізу шартына қосымша келісімге сәйкес ҚМГ ҰК алдын жалпы сомасы 500 млн. АҚШ долларына алдын ала төлемнің қосымша екі траншын алды.

2018 жылғы қаңтарда Union Field Group Ltd компаниясына (Британ Виргиния Аралдары) ҚМГ Үстірт ЖШС Жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ы сатылды.

2018 жылғы сәуірде ҚМГ ҰК ТШО-дан 102 млн. АҚШ долл. мөлшерінде дивидендтер алды.

2018 жылғы 10 мамырда ҚМГ БӨ Лондондық және Қазақстандық қор биржаларынан алынып тасталғанын жариялады. Осы сәтте, ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ жай акциялардың шамамен 99,6%-ті тиесілі.

2018 жылғы мамырда, ҚМГ ҰК жиынтық номиналдық көлемі 3,1 млрд. АҚШ долл., 2025 жылы өтеу мерзімімен купонның 4,75%-тік мөлшерлемесімен 500 млн. АҚШ доллардан, 2030 жылы өтеу мерзімімен купонның 5,375%-тік мөлшерлемесімен 1 250 млн. АҚШ доллардан және 2048 жылы өтеу мерзімімен купонның 6,375%-тік мөлшерлемесімен 1 500 млн. АҚШ доллардан тұратын үш сериядағы 3,25 млрд. АҚШ долл. сомасындағы еурооблигацияларды шығару арқылы қаржыландырылған еурооблигациялардың төрт сериясын толық өтеп, өз міндеттемелерін басқару транзакциясының шеңберіндегі жұмысын аяқтады.

2018 жылдың маусымында Филип Джон Дайер ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды.

ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ пен CEFC China Energy арасындағы KMG International N.V. компаниясындағы қатысу үлестің 51%-тін сатып алу мәмілесі аяқталмайтын болады. Осы шешім KMG International N.V. компаниялары тобының қызметіне әсер етпейді және ол ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ активтерінің жүйесіндегі қызметін жалғастырады.

Мыналар компания қызметінің көрсеткіштеріне әсер еткен негізгі факторлар болып табылады:
- шикі мұнай мен мұнай өңдеу өнімдері бағаларының ауытқуы мен Компанияның мұнайды алдын ала сатуы;
- валюта бағамының өзгеруінің әсер етуі;
- мұнай мен газ тасымалдау қызметтерінің тарифтеріндегі өзгерістер;
- салық салу;

Төменде компанияның қызметіне әсер еткен 2018 жылдың 6 айындағы макроэкономикалық көрсеткіштер көрсетілген.

Атауы
Өлш. бірлігі
2018 жылдың 6 айы
2017 жылдың 6 айы
Өзгеріс

абс
%
Кезеңнің аяғындағы инфляция (ИПЦ, алдыңғы жылдың тиісті айына %-пен)
%
5,9
7,5
-1,6
-21
Мұнайдың экспорттық кедендік бажы
$тонна
63
49
14
28,5
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
теңге
2405
2 269
136
5,9
Жалақы төлемінің ең аз мөлшері (ЖТЕМ)
теңге
28284
24459
3825
15,6

Мұнай мен мұнай өнімдерінің нарықтың бағаларының өзгеруі Халықаралық және қазақстандық нарықтағы шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің бағалары Компания қызметінің нәтижелеріне әсер етеді.
Мұнайдың әлемдік бағаларының өзгеруі (АҚШ долл.барр.)
2018 жылдың 6 айы
2017 жылдың 6 айы
Δ, %
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсiпорын стратегиясының мәнi мен түрлерi
Жобалық менеджменттің жобаға енуі
Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және оларды талдау
Кірістер мен шығыстар есебі
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және басқару
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау
Пәндер