Пәндерді оқытудың педагогикалық жүйесінің негізгі компоненттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Пәндерді оқытудың педагогикалық жүйесінің негізгі компоненттері

Орындаған: Сабырбек Тілектес
Тексерген: Беделова Г. С.
Тобы: Тарих

Жоспар:
Кіріспе.
Пәндерді оқытудың негізгі компоненттері:
Пәндерді оқытудың педагогикалық даму тарихы
Қoрытынды.

Кіріспe
Педагогикалық жүйе - бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:
1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.
2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.
5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс - тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.
6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
Бұл қоғамдық компоненттер - оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.
Ол компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс тәсілдері, оқушылар, педагогтар.

Пәндерді оқытудың негізгі компоненттері:
білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі;
білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.

Оқу пәнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Оларды қарастырайық.

Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген және оны оқытудың әдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пәніне енеді.

Сәйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пәнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алушылардың қабілеттілігі, жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне тән оқу пәні әрқалай оқытылады.

Оқу пәні дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады.

Кез-келген оқу пәні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар) бекітіледі.

Оқу пәнінде белгілі теория, концепциялармен қоса оқытушының әдіснамалық көзқарасы да орын алады.

Әрбір компонентті жеке қарастырайық.

Бірінші компонент - білім, ол адамзатпен жинақталған әлем туралы объективті ақпарат. Білімнің бірнеше түрлері бар:

негізгі терминдер мен ұғымдар, оларсыз не бір пікірді, не бір мәтінді түсінуге мүмкін болмайды;

ғылымның заңдылығын түсінуге, дүниетанымды қалыптастыруға, ғылымның басты заңдарын, нысан мен болмыс арасындағы құбылыстар қатынасы мен байланысын ашып көрсетуге көмектесетін ғылыми фактілер мен ұғымдар;

түсіндіру нысандары мен әдістерінің өзара үйлесімділігі туралы ғылыми білімдер жүйесін құрайтын теориялар мен нақты бір пән саласындағы құбылыс болжаулары;

білім алудың тарихы, таным әдістері, іс-әрекет тәсілдері туралы білім;

өмірдің әр түрлі құбылыстарына деген қатынастар мен нормалар, сыни баға беруші білім.

Екінші компонент - іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі, яғни берілген алгоритмге сәйкес іскерлік мен дағдыларды қолдана отырып, репродуктивті деңгейде орындалатын нақты бір іс-әрекеттің түрі.

Үшінші компонент - шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі, яғни шектеулі білім мен үлгі бойынша игерілген іскерліктер адамның шығармашылық мүмкіндігімен жиынтықта көрініс береді. Шығармашылық іс-әрекет продуктивті деңгейде орындалғаны көрінеді.

Төртінші компонент - болмысқа деген эмоционалды-құндылық қатынас, яғни адамның қажеттіліктері оның белгілі бір нысанға деген эмоцияларын білдіреді, олар құндылықтар жүйесіне қосылып, мәнін ашып көрсетеді.
Ғалымдар білім беру мазмұнын педагогикалық мақсаттармен байланысты деңгейлік сипаттамаға ие деген идеяны алға тартты. Сол деңгейлерді қарастырайық.

Жалпы теориялық түсініктің деңгейі: мазмұнның құрамы (элементтер) мен құрылымы (элементтер арасындағы байланыс) жинақталған жүйелі түсінік ретінде көрсетілген.

Оқу пәнінің деңгейі: мазмұнның құрамы (элементтер) мен құрылымы (элементтер арасындағы байланыс) жалпы теориялық түсінікке жататын оқу пәнінің ерекшелігін анықтайды.

Оқу материалының деңгейі: мазмұнның құрамы нақты бір пәнді оқыту курсына енетін оқулықтар мен оқу құралдарында бекітілген мазмұнның құрамдық элементтерімен (білім, іскерлік, дағды, құзыреттілік) берілген [4, 28-бет].

Сонымен, білім берудің мазмұны - дидактикада оқытудың мазмұндық жағын құрайтын, әлеуметтік тапсырыстың көп деңгейлік педагогикалық моделі.
Педагогиканың мақсаттылық компоненті ғылым пәнін ескере отырып, әлеуметтік факторлар әсерімен өзгеріп, қалыптасады. Мысалы, жуырда 2000-жылдың басында педагогиканы оқудың мақсаты - педагогикалық үдерістің типтік міндеттерін шешу үшін педагогикалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болды. Ал қазіргі кездері педагогиканың оқу пәні ретіндегі мақсаты - әлемге деген этикалық қатынасының, дамыған дүниетанымдық көзқарасының мәдениеті мен инновациялық ойлау типіндегі кәсіби педагогты қалыптастыру [12, 5-бет].
Педагогогиканың қорытынды-бағалық компоненті де әлеуметтік практика әсерімен қалыптасады. Сонымен қатар, педагогикалық білім әлеуметтік практиканы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, болжалдап, жобалап отырады. Егер педагогикалық білім базалық ғылымның негізгі қызметтерін орындай алса, сонда ол сапалы болып саналады.
Оқу пәні өз кезегінде, педагогикалық ғылымға әсер етеді. Мысалы, педагогикада ғылым ретінде инновация секілді ұғымның жаңартылған түсіндірмесі ашылады. Әсіресе педагогикалық практика педагогиканы зерттеу саласында маңызды бағыттарды нұсқап, ғылыми концепциялардың қалыптасуына әсер етеді.
Оқу пәнінің мазмұны зерттелетін ғылым теорияларының үйлесімділігімен, оқу орындарының дәстүрлі, инновациялық тәжірибелерімен, оқытылатын ғылым саласындағы оқытушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш білім педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Кәсіптік оқыту жүйесі
Құзыреттілік теориясы
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Тұтас педагогикалық процесс
Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері
Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пәндер