Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
1.1 Педагогтік әдеп туралы түсінік.
1.2. Ұстаздық шеберлік туралы.
1.3 Педагогтің жеке-дара мәдениеті
2. Педагогтың оқушылармен тіл табысуда, оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.
2.1 Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері.
2.2 Педагогикалық техника
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1-2
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
1.1 Педагогтік әдеп туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2- 6
1.2. Ұстаздық шеберлік туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-11
1.3 Педагогтің жеке-дара мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .12-14
2. Педагогтың оқушылармен тіл табысуда, оларға әсер етудің әр түрлі құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-20
2.1 Педагогикалық әдептіліктің көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..21
2.2 Педагогикалық техника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы тақырыпты таңдағаным қазіргі заманғы білім беру жүйесінің уақыт талабына сай алдында тұрған күрделі міндеттерінің бірі- білім жүйесін қайта құру, білім мазмұнын жаңартып модернизациялау. Сондықтанда халықтық педагогикаға ден қойып технология сабақтарының сабақтастығы негізінде салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлерді жаңғырта отырып ұрпақ тәрбиесінде халқымыздың өнерін, оның нәзік те көркем сырын ескеріп болашақ мұғалімдерге мәдениеттілікті, көркемдікті, әсемдікті, сұлулықты түсіндірудің және эстетикалық талғамын арттырудың бірден-бір жолы осы мәселені ұлттық үрдісте көптеген ғылым салаларының тоғысқан тұсынан жаңа педагогикалық талапқа сай қарастыру болып табылады.Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл һәм шешен болуы керек. Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс, - деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай ұстаздың қай жерде болса да, мектепте де, халық ортасында да ерекше адам екені жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен байқалып тұратыны кімге болса да аян. Ал, мектеп ішінде мұғалім- ең басты тұлға. Өнер-білімі жағынан жоғары, тәрбиелік жағынан тағылымы мол, қабілетті, эстетикалық талғамы ерекше әсерлі, практикада өз ісінің шебері, халықтың сенген ой-пікірін, тапсырған жұмысын зор бағалап, орынды аяқтайтын қасиеттерді бойына сіңіре білуі қажет. Өйткені заманымыз да, халқымыз да, әрбір ата-анада өзінің көзінің қарашығындай сақтайтын баласын берсе, халқымыз өзінің болашақ ұрпағын тәрбиелейді деп сенім артып тапсырып отырғанын әр ұстаз жақсы біледі.
Қазақстан Республикасының жаңа білім арналарын қалыптастыра бастаған игі қадамы күннен күнге өрістеп келеді. Оқытуды 12 жылдық жүйеге көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып, қоғамымыздың сан салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдыңғы орынға қою қажеттілігі туындап отыр.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным - мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан - жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы -- тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда -- қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада - тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада мақсат, құрал, тәсіл, даму және қалыптасу сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғалымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі -- тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В.И.Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К.Д.Ушинский: ... мектеп тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық...және оның тілі болады, - деді.

Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
1.1 Педагогтік әдеп туралы түсінік.
Қазіргі кездегі мектеп - оқушылар үшін ақпарат берудің бірден - бір көзі емес. Олар мектеп өмірі, мұғалімдер, оқушылар өмірі туралы оқиды, радио тыңдайды, телевизия хабарларын, кинофильмдерді көреді. Олар біздің мамандығымыздың құпияларымен, біздің қоғамымыздың оқушыларды тәрбиелеуге қоятын талаптарымен де таныс. Олар біраз жағдайда біздің қылықтарымызды бізден жақсы ажырата алады. Оларға біздің тарапымыздан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, олар біздің талаптарымызға сын көзбен қарауға да бар, тіпті келіспейтін кездері де болады. Сондықтан да біздің оқушылармен қарым-қатынасымыздың мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату - күрделі іс. Ол бізден жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Ал біздің шеберлігіміздің аса маңызды бөлігі - педагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика болып табылады.
Педагогикалық әдеп - мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К:Д.Ушинскийдің айтқанындай: "түптеп келгенде психологиялық әдеп".
Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:
жалпы адамзаттың әдептілікті сіңіру;
мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділіксияқты мінез сипаттары және қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен қажетті қарым-қатынастар орнату және оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогтық техника да енеді.
Бұлайша ұғынғанда педагогикалық әдеп түптеп келгенде педагогикалық тактика болып табылады. Бұдан былай біз бұл екі терминді де қолданамыз. Оларды белгілейтін сөздердің шығу тегі түрлі болғанымен мазмұн ортақтығы мол:
такт латынша tactus - "жанасу, түйсіну" дегеннен,
ал тактика - грекше taktike - "тәртіпке келтіру" деген сөзден шыққан. Осы екі терминді пайдалану қажеттілігі бар ма?
Бар, өйткені біз көбіне бір терминді екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогикалық тактикамен істес бола отырып, педагогикалық әдеп жайын айтамыз. Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады."Педагогикалық әдебі нашар" қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі - аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Жеке әңгімелескенде кейбір жолдастар "тактика" деген әскери терминді педагогика сияқты бейбіт ғылымға көшірудің керегі бар ма деген күдік білдірді. Өйте берсек, педагогикалық стратегиға да барамыз дейді олар. Мұндай күдіктің негізі жоқ шығар. А.С.Макаренконың тәрбие тәжірибесіне әскери өнердің кейбір элементтерін саналы түрде енгізгені мәлім. Оның үстіне тактика тек әскери ғана емес, философиялық, ғылыми, саяси термин. Сондай-ақ, педагогикалық та термин. Оқыту теориясында қазір "стратегия" термині кең де, тар да мағынасында қолданады. Мысалы, есеп шығару стратегиясы деп айтылып та жүр. Ал тактика - стратегияның құрамдас бөлігі. Сондықтан тактика ғана емес, стратегия да педагогикаға жат емес. "Тактика" термині оқушылармен қарым-қатынасымыз турасында әңгіме қозғалғанда педагогикалық әдебиетте де қолданылады. Тактиканың анықтамасында әдептің педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде, оқушыларға әсер ету құралдарының белсенді қоры ретінде қарастырылатын педагогикалық әдеп анықтамаларымен бірегейлігі мол.
Осылайша ұғынылатын педагогикалық әдеп, менің бұрын айтып өткенімдей, нақты педагогикалық тактикаға, біздің стратегиямыздың нақтылы көріністеріне, оқушыларға ықпал етудің түрлі құралдарын іскерлікпен ұштастыруға және пайдалануға айналады.
Педагогикалық тактика мұғалімнен әскери тактика командирден нақты жағдайда бағдар табуды, бар мүмкіндіктер мен кедергілерді есепке алуды, тура және айналма жолдарды, қарсылықтың күткен және күтпеген формаларын, ықтимал нәтижелерді көре білуді, т.б. пайдалануды қандай талап етсе, сондай талап етеді. Әрине, оқу - тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар қарсыластар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ бұл ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен өмір сүреді, оларды біздің оқу және тәрбие талаптарымызға, алдағы алшақ жатқан мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздықтармен , шектелулермент.с.с. байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан дүниесіндей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та астыртын, саналы да санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау мүмкін.
Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі - ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалдық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан икемдену емес. Талап қоя білмейтін мұғалімнің де, оқушыларға айқайлайтындар және өкпелететіндер сияқты, әдептілігі шамалы болады.
Біздер педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы ретінде педагогикалық тактика деп анықтама бердік. Сөйтіп, егер мен оқушылардың сеніміне ие болғым, олардың қарсылығын бәсеңсіткім, олардың көңілі мен ой-күйін игергім, өз жағыма тартқым, өз еркіме көндіргім және с.с.әрекет еткім келсе, біріншіден, жеткілікті мөлшерде әр түрлі тактикалық құралдар (тікелей қолданылатынынан жанама қолданылатынына дейін) қорым; екіншіден, оқушылардың қарсылық көрсетулерінің себептерін білуім; үшіншіден, олардың көңіл-күйін бағалай білуім; төртіншіден, менің әрекетіме қарсы әрекетті болжай алуым керек. Осыған байланысты мен өзімнің жалпы тактикамды ойластырамын немесе жеке тактикалық жолды таңдап аламын: нақты бір теріс қылықты белгілі мөлшерде айыптаймын, оған бей-жай қараумен шектелемін, байқамаған боламын, жағымды баға беремін,т.с.с.
Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әр түрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады. Олар сіздерге, әрине, белгілі. Мен тек еске түсіре кетпекпін.

1.2. Ұстаздық шеберлік туралы.
Қазіргі қоғамға сай жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінің күрделілігі мен әр қырлылығы педагогикалық шеберліктің мәселелерін, қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін ерекше өзекті етеді. Себебі, орыс және қазақ педагогикасының классиктері, болашақ мұғалімдерді оқытуда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығын барлық уақытта естен шығармады. Ол бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып, күн тәртібінен түскен жоқ, ал маңыздылығы қайта бұрынғыдан да арта түспесе кемемес.
Сондай-ақ, тәжірибелі педагогтың ықпалынсыз тұлғаның рухани дүниесін өзгерту мүмкін емес, себебі ол оқушының сенімі мен қажеттілігін, қабілеті мен практикалық дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке шебер - педагог өте қажет.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік "педагогикалық шеберлік" болып таблылады. Орыс тілінің сөздігінде "шеберлік белгілі бір саладағы өнер" деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма?
Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде қызметінен көре аламыз ба?
Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның - педагогтың өмірге көзқарасы, қарым - қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде , ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: "егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор бағажетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап, нақты , айқын жұмыс істеу керек" дейді.
Н.К.Крупская 1932ж жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында "үлгілі мұғалімнің мерилі" ретінде төмендегі критерийлерді анықтады:
мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек;
оқытудың әдістемесін меңгеруі;
оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі;
оқушының қабілетін оята білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл "тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы". Бұл жөнінде ол: "Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім" дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, "дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі - өнер болып табылады". Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек "мында кел" деген сөзді 15 - 20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет - әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана" дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А.Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: "идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық - әдептілік қағидаларының педагогтің сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы - міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады" дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков педагогикалық шеберлік - мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының , жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: "педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады" дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: "сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтің жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін" айтады.
Міне, шеберліктің құдіреті - осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: "мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым - қатынас, тұлға сияқты үштікте" дейді. Шеберлік... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті, дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше, педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интеллеутуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.К.Бабанский "мұғалім - кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер" деп көрсетеді. Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.
Н.В.Кухарев мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық - педагогтік дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша, мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды:
а) тұлғаның қажеттілік - мотивациялық саласы;
б) операциялық - техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады);
в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Адриади педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп және интеллектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік - мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырадлы және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді.
В.А.Мижериков және М.И.Ермоленко педагогикалық шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтің педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның анықтамасында педагогтік шеберлік "... теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі" делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы шығармашылықпен бекітіледжі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу - тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді.
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова және Б.Д. Синюхин педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтің жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық - педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды.

1.3 Педагогтің жеке-дара мәдениеті
Педагогтің жеке-дара мәдениеті - тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.
Кәсіби мәдениет - еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтің қызметтік мәртебесіне барабар. Мұғалім-кәсіпкердің әлеуетті құндылығы осы мәдениеттің кірігуі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Мәдениет өзін-өзі реттеу негізінде әлеуметтік-кәсіби ортада қалыптасып дамиды.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениет танымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін:
Біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман - ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға.
Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның руахни сезімін қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәдениет танымдық дайындығын көтеру үшін "жалпы мәдениет деген не?" деген сұраққа жауап іздеуіміз керек.
Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім. Ал философияда бірнеше пікір қалыптасқан. А.Здравомыслов, А.Ядов,О.Дробницкий мәдениет тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе, мәдениет - материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді В.Пираринов, Ю.Ефимов, И.Громов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе,т.б. білдірген. Ал мәдениет - қоғамдық өмірдің әлеуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық қырын көрсетеді деген ойды В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильясова айтып жүр. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын - күш. Белгілі американ психолог-гуманисі А.Маслоу: "Мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек" -дейді.
Сонымен, мәдениет деген не?
Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы қандай?
Мәдениет - адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекеттің қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдағы өндірістік қатынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты мен рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Ендеше мәдениетті адамның іс-әрекетін оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің дәлелдеулерінше, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдіруімен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі деседі. Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық шеберлік:
Біріншіден, педагогтің жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни, шебер - педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оқу-тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобындағы балаларды әдептілікке тәрбиелеу әдістері
Басқарушылық этика мен мәдениет
Мұғалімнің өзіне-өзі жетілдіруіндегі психологиялық проблемалар
Шығыс ойшылдары
Қыз - болашақ ана
Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
Адамгершілік мәдениеті
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні
Пәндер