Адамгершілік принциптері әлеум



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖШСКАСПИЙ ӨҢІРІ БОЛАШАҚКОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Спорттық ойындар және әдістемесі
Тақырыбы:Дене шынықтыру сабағында ақыл-ой,адамгершілік,эстетикалық тәрбиесін арттыру

Орындаған: А.Мақсат Топ:Фк-19 Тексерген:Айтжанова Г.

2021 жыл
Жоспары

Дене шынықтыру сабағында ақыл-ой,адамгершілік,эстетикалық тәрбиені арттыру

Мазмұны:
І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-6

ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Ақыл ой тәрбиесі .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7-11
2.2. Адамгершілік тәрбиесі . . . . . . . . . . 12 -16
2.3.Эстетика тәрбиесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .17-21

ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 23

3
І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ақыл-ой тәрбиесі -- балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары -- талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея).
4
Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарыныңнұқсан келтірді.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Мақсаты мен міндеті: Дене шынықтыру сабағында ақыл-ой мен қатар адамгершілік пен эстетикалыққа тәрбиелейді. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулерде көрсетілгендей оны практика жүзінде де дəлелдеу басты мақсат сонымен қатар қимылды ойындар балаларға эстетика мен тазалыққа тәрбиелейді.

Зерттеу объектісі:
Ақыл-ой тәрбиесініңең басты құралы - оқыту. Оқыту үдерісінде балалардың ойлауы мен сөйлеуі дамиды,танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Балалар оқу-әрекетінің өзін меңгереді. Білімдер қорын меңгеру,ақыл-ой белсенділігін дамыту,интеллектуалдық біліктер мен дағдыларды меңгеру болып табылады. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі.

5
XXI ғасырға енді аяқ басқан жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезде болашақ жас ұрпақты мәдениетті, білімді, рухани интеллектуалдылығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Осы айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі - адамгершілік тәрбиесі.

Эстетика - көркем туынды, өмір мен табиғаттағы тамаша дүние мен мәні туралы, қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде өнерде турады философиялық ілім. Эстетика - сұлулық, өнер, талғам мәселелерін зерттейтін философияның үлкен 4 бөлімінің бірі. Гректің "эстетикос" сөзі "сезімдік, әдемілікті қабылдау" мағынасын береді. Сондықтан эстетика адамның сұлулықты қабылдауын және сұлулыққа қарым-қатынасын зерттейді. "Эстетикалық" сын есімі "сұлулыққа қатысты" мағынасын білдірсе, эстет - сұлулықты бағалай білетін адам.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, негізгі бөлім, қорытындылардан тұрады.Негізгі бөлім үш тараушыдан тұрады.Сонымен қатар жұмысты жазу барысындағы жоспар мен жұмыстың соңында пайдаланылған əдебиеттер тізімі берілген.

6

2.1.Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл -- тозбас киім, білім -- сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

7
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі -- адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным -- бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау -- барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

8

Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады.
Олар:
-- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
-- негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
-- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
9
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез -- заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
10
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.
Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу -- сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

11

2.2. Адамгершілік тәрбиесі
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
12
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлы ақыны
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар, нақыл сөздер,адамгершілік
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Экономикалық әлеуметтануды зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Еркіндік
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Мұсылман философиясы
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Еркіндік деңгейлері
Пәндер