Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖШС Каспий өңірі Болашақ колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Төзімділік және жылдамдық оны дамыту тәсілдері

Орындаған:

Тексерген: Айтжанова Гулмира

Ақтау қаласы- 2021
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
І- тарау. Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары ... ... ... ... ..4
Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..4
Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ- тарау.Дене тәрбиесі және төзімділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің әсері ... ... ... ... ... ...14
2.2. Төзімділікті тәрбиелеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Жылдамдық дамыту тәсілдер
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

1
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. 2
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтарорын алып отырғаны байқалады.

Зерттеу объектісі: мектепалды даярлық тобы
Зерттеу пәні:дене әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: Мектеп алды даярлық топтағы дене тәрбисеінің міндеттері мен жаттығуларына тоқталып, дене тәрбиесінің құралдарын анықтау;
Зерттеудің міндеттері:
1) Дене тәрбиесінің құралдарыныңерекшеліктерін анықтау;
2) Дене тәрбиесінің құралдарыныңкритерийлері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы:Педагогикалық іс-әрекеттегідене тәрбиесінің құралдарыныңтеориялық және тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығыбасшылыққа алынды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы:мектепке даярлық топтағыдене тәрбиесінің құралдарының әдістемелері зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттер, талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының классиктерінің еңбектері,жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

3

І- тарау. Дене тәрбиесінің құралдары мен дене жаттығулары

Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін, гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс күштері, дене жаттығулары және т.б. қолданылады. Барлық құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене тәрбиесін толық мәнде жүргізуге болады. өйткені олардың әрқайсысына ағзаға өзінше әсер етеді:
1. Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс, тамақтану және үйықтау тәртібі, киім, денетәрбиесі жабдықтары мен құралдары, гигиенасы, т.б.). Дене тәрбиесінің өзіндік мәні бар құралы болып табылады. Олар дене жаттығуларының ағзаға тигізетін тиімділігін арттырады. Мысалы, дене жаттығуларымен айналысу, тамақтану мезгілінде және толық мәнінде болған жағдайда сүйек және бұлшық ет дамуына оңды әсерін тигізеді. Қалыпты ұйқы демалысты және жүйке жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз етеді. Бөлменің, дене тәрбиесі жабдықтарының, құралдарының, ойыншықтардың, балалар киім-кешегінің тазалығы түрлі ауруларды алдын алуға мүмкіндік береді. Жеке жастың және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау, балаларға оңды әсер етіп, олардың дене жаттығуларын меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады. Гигиеналық факторлардың дербес мәні де бар. Олар барлық ағзалар мен жүйелердің қалыпты жүмысына әсерін тигізеді. Мысалы, жүйелі және сапалы тамақтану ас қорыту қызметтерінің жақсы жұмыс істеуіне әсерін тигізеді және басқа ағзаларға қажетті қоректену заттарын мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл баланың қалыпты өсіп, дамуына қажетті басты шарттардың бірі. Жарықтың дұрыс берілуі көз ауруынан сақтандырады (алысқа көз жетпеушілік т.б.). Балалардың кеңістікте дұрыс болжай алуына қолайлы жағдай туғызады. Қатаң күн тәртібін сақтау балаларды тәртіппен жинақылыққа және т.б. жағымды қасиеттерге үйретеді;2) Табиғаттың жаратылыс күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда дене жаттығуларымен айналысу процесінде жекелеген органдары мен ағза жүйесінің қызмет мүмкіндіктері күшейеді. (оттегін жұту көбейеді, зат алмасу жақсарады және т.б.).
4
Күн сәулесі ауа және су ағзаны шынықтыру үшін қолданылады. Соның нәтижесінде адам ағзасы ауа райы құбылысының факторларына мезгілінде әсерленіп, қажетті төзімділік танытады. Табиғаттың жаратылыс күштерін дене жаттығулары мен үйлестіре пайдалану шынығудың тиімділігін арттыра түседі. Табиғаттың жаратылыс күштері дербес құрал ретінде де пайдалануы мүмкін. Су - теріні кірден тазартуға, қан тамырларын кеңейтуге және таратуға, адам денесіне механикалық әсерін тигізуге пайдаланылады. Орман, бақша, парк ауасының құрамында ерекше заттар (фитонциттар) болады. Олар микроптардың жойылуына ықпал етеді. Қанды оттегімен қамтамасыз етіп адам ағзасы не оңды әсер етеді. Күн сәулесі - тері астына Р витаминінің жиналуына ықпал етеді. Түрлі микроптарды өлтіріп адам ағзасын түрлі аурулардан (рахид және т.б.) қорғайды. Табиғаттың жаратылыс күштерін пайдалану балалардың мінез-құлқына оңды әсер етеді. Ағзаға жан-жақты әсер ету үшін, табиғаттың жаратылыс күштерін барынша мақсаткерлікпен үйлестіріп пайдалануы керек; 3) Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін (ептілікті, жылдамдықты т.б.) дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың әсем, байсалды, табиғи болуын қалыптастырады; 4) Массаж (сипау, уқалау, шапалақтау, жұмсарту және т.б.) теріге бұлшық еттерге, сүйек жүйесіне әсер етеді. Демалысты күшейтеді, қан айналымын зат алмасуды жақсартады және т.б.; 5) Түрлі іс-әрекет жағдайлары (еңбек, сурет салу, пішіндеу, музыка аспаптарында ойнау және т.б.) қимыл-қозғалысы арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп бұларда адам ағзасына әсерін тигізеді. Бірақ еңбек процесінде атқарылатын қимыл-қозғалыс ең алдымен нақты нәтиже алуға бағытталған, ал оның ағзаға тигізетін әсері қосалқы фактор болып есептеледі. Сондықтан іс-әрекеттің алуан түрін ұйымдастырғанда баланың дұрыс жүріп тұруын, оныңағзасына түсетін күштің жас ерекшелігіне сай келуін олардың дербес ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын, дене дамуын және әзірлігін есепке алу керек. Түрлі жас кезеңінде дене тәрбиесі тапсырмаларын жүзеге асыру негізгі және қосалқы құралдарда дұрыс ұйымдастыру кезінде ғана тиімді болмақ.
5
Мысалы: нәресте өмірінің алғашқы 3 айында гигиеналық факторлар мен табиғат жаратылыс күштерінің маңызы ерекше. Одан әрі дене жаттығулары мен іс-әрекеттерінің алуан түрінің рольі ұлғаяды.
Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары

Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру жүйесінің барлық буындарындағы бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отанды қорғауға даярлау.
Дене шынықтыру ұзақ уақытты қажет ететін, үлкен талаптарға негізделген педагогикалың үрдіс.
а) денсаулықты нығайту, денені шыныңтыру, дененің даму деңгейін көтеру, дамыту, еңбек ету қабілеттерін күшейту;
ө) өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, оның ішінде қолданбалы сипаттағы қозғалыстар;
б) адамның моральдық, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;
в) дененің сапалық қасиеттерін (жылдамдық, күш, икемділік, төзімділік) дамыту;
д) арнайыспорттықжаттығулардыңорындалу техникасынмеңгеру.
Адамдардыңденсаулығыннығайту, өмірсүруқабілеттерінкүшейтуденешыны қтырудыңнегізгіміндеттерініңбірібол ыптабылады.
Әр түрлі дене шынықтыру құралдарын қолдану, қажетті дене шынықтыру дайындығымен қамтамасыз ете отырып, адам ағзасына жан-жақты әсерін тигізеді, денсау лығын нығайтады.
Мектепке дейінгі балалардың дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан ай- налым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс жөне уақтылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппараттары күшейеді, адам денесі икемді болады. Бұлшық еттердің барлық топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар,оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін) дамытуға көмектеседі. Дене жаттығулары ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартып отырады.
6
Дене жаттығуларымен айналысу барысында адамның бүкіл денесі, соның ішінде жүрек бұлшық еттерінің қызметі дамиды және жаттықтырылады.
Қарапайым жағдайдағы спортшының жүрегінің соғуы 1 минутта 50-60 рет болса, ал ауыр жұмыс орындау барысында жүрек соғуы көтеріледі (1 минутта 240 рет).
Зерттеу жүмыстарына қарағанда дене жаттығуларын орындау барысында спортшының жұмыс істеу қалпы төмендемейді, қайта жүмыс істеу қабілеті жоғарылап, мықтылық қасиетпен ерекшеленеді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сыйымдылығын арттыруға себепші болады. Кеуде қуысының тыныс алу жағдайы 4-6 см орнына 10-15 см жетеді.
Мектепке дейінгі балалардың жалпы дене шынықтыру дайындығы өмірде, еңбек әрекетінде маңызды орын алады: жылдам жүру, жүгіру іскерлігі, суда жақсы жүзе білу, секіре білу, шаңғымен жүре білу, кедергілерге қарсы тұру, алысқа нақты лақтыра білу, т.б. Осы аталған дағдылар мен іскерліктерді балалық шақтан қалыптастыру дене шыныңтырудың іс-жүзіндегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігі: негізгі және қосымша (жаратылыстың табиғи күштері, жеке және қоғамдық гигиена) құралдарды дұрыс үйлестірген кезде арта түседі, адамның денсаулығының жақсаруына әсерін тигізеді.
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуда білім беру міндетінің маңызы зор. Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін біле отырып, еркін, ырғақ, дұрыс орындау әдістерін үйренеді.
Сонымен қатар спортпен айналысушы күнделікті спорт жаттықтырушысынан дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөнінде нүсқаулар алады. Осы жағдайда спортпен айналысушы арнайы білім ала отырып, дене шынықтыру міндеттерін шешеді.
Дене жаттығуларын орындау кезде мінездің жақсы қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін (әділеттілік, адалдың, жолдастық сезім, өзара көмек, ұжымда жұмыс істей білу, дене шынықтыру құрал-саймандарын күтіп ұстай білу, т.б.) тәрбиелеу үшін жаңсы жағдайлар жасалады.
Маңызды ұйымдастырылған топтық жаттығулар, саяхаттар, жарыстар, мерекелер оқушыларды достыққа, жолдастыққа, ұжымды сүюге тәрбиелейді.
7
Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік маңызды орын алады. Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.
Күш-қуат - ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш-қуат әр түрлі қимылдарда немесе аз күш жұмсалғанда пайда болады. Күштің пайда болуына себепші жаттығуларға - көрмеге тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т.б. жатады. Дененің сапалық қасиеті - күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды (үрленген доптар, гантель, құм салынған қаптар, шектеулі салмақты заттар) көтеру, қарсыласының шабуылына қарсы шыға білу жаттығулары, дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары (көлбеу және тік қойылған сатының, тақтайдың бойымен өрмелеу, гимнастикалық орындықта тартылу және т.б.), созылмалы заттар, резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру (соның ішінде алысқа) жаттығулары қолданылады.
Жылдамдық - бұл жаттығуларды мейлінше аз уақыт ішінде орындау қабілеті. Ол қандай да бір белгіге жауап берудегі әрекет жылдамдығына (қимыл реакциясының жылдамдығы деп аталатын) жекелеген қозғалыстардың жылдамдығына, сонымен қатар қайталанатын қимылдың жиілігіне байланысты болады. Мысалы, қимыл жылдамдығын қысқа арақашықтықта жүгіргенде, ал қимыл реакциясының жылдамдығын кездейсоқ берілген дабыл арқылы жүгіру, жүзу ойындары, т.б. арқылы анықтайды. Дененің жылдамқың қасиеттерін тәрбиелеу үшін әр түрлі екпіндегі кездейсоқ берілген дабыл, қимыл жиілігін тездететін, эстафеталық жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіртпелермен секіру, жылдам реакция талап ететін, қимылдың әсері бар ойындар, т.б. қолданылады.
Ептілік - қозғалыс қызметін кездейсоқ жағдайлар барысында пайда болған қызметке орай тез ауыстыру және жаңа қимылдарды меңгеру қабілеті. Ептілік қасиетіне тәрбиелеу қимылдар үйлесімділігін жетілдіру, олардың екпіні мен амплитудасын, бұлшық еттердің қатаю және босаңсу дәрежесін айыра білу, сондай-ақ уақытқа және кеңістікке бағдарлай білудің негізінде жүзеге асады. Ептілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күрделі гимнастикалық жаттығулар (жатып жүгіру, акробатика снарядта орындалатын жаттығулар), суға секіру, шаңғымен жүру, конькимен жүру, биіктікке секіру, лақтыру және т.б. жаттығулар жатады. 8
Дененің ептілік қасиетін дамытуға арналған жаттығулардың әр түрі қиындықты жеңу және жаттығуларды сәйкестендіріп үйлесімді қозғалыс жасау үшін қолданылады.
Шыдамдылық қозғалыс әрекеті барысында алған қарқын мен шаршауға қарсылық қабілеттілігі. Шыдамдылық жалпы және арнаулы шыдамдылық болып бөлінеді.
Жалпы шыдамдылық - ол адамның бүлшық еттері топтарының жұмыс жасап тұрған кезіндегі ұзақ уақыт жүмыс істеу, шаршауға қарсылық білдіру қабілеті (мысалы: ұзақ жүру, жүгіру, шаңғымен жылжу, суда жүзу).
Арнаулы шыдамдылық - ол адамның (спортшының) өр түрлі жағдайда жөне жүмыс ерекшелігі жағдайында, сондай-ақ, спортта жоғары жетістікке жету үшін денеге ауыртпалық түсіру кезінде шаршауға қарсылық білдіру
қабілеті. Мысалы, спортта шыдамдылық жылдамдығы болуы мүмкін, бүл жерде жүгіру жылдамдығының сапасы төзімділік қасиетімен үйлеседі. Шыдамдылық (мысалы, ңысқа қашыңтықңа жүгіргенде) күштілігі дегеніміз - күш- қуат шыдамдылық ңасиетімен үйлеседі (бірнеше рет оты- рып-түру жаттығуы, затты көтеру, т.б.).
Шыдамдылық қасиетін дамытудың қүралы - үдемелі салмақ түсірудегі уақыт сәйкестігі бар өр түрлі жатты- ғулар (жүру, жүруді жүгіру мен алмастыру, жүгіру шаңғымен жылжу, коньки тебу, жүзу, секіртпелермен секі- ру, қимыл-қозғалыс жөне спорттық ойындар) болып табылады.
Икемділік - ол адамның қажетті тербеліс шегінде қи- мыл жасау қабілеті, бүлшық еттер жүйесі мен буындар, тірек қимыл аппаратының қызметімен сипатталады.
Қимыл амплитудасы икемділік қасиетінің көрсеткі- шінің бірі болып табылады.
Дененің сапалық қасиеттері жылдамдық, шыдамдылық, ептілік, тағы басқа қасиеттерді қалыптастыруда қимыл амплитудасының әсері зор. Икемділік қасиетін қалыптастырудың негізгі жолдары сіңір созғыш жаттығулар мен тербелісі кең аумақты жаттыгуларды орындау болып табылады. Бүл жаттығулар қол, аяқ, дене, бас қимылдары, аяқты алшақтап жүгіру, адымдап секіру, бір орында секіру, аяқты кеудеге бүгу, табанмен толық отыру, гимнастикалық қабырғада жаттығулар (еденде тұру) қабырғаға бетімен не арқасымен алға, артқа, жан- жаққа түру.
Дененің сапалық қасиеттері қозғалыс іскерлігі дағды- сымен тығыз байланыста, сондай-ақ, ерік-жігер қасиеттері: жылдамдық, күш-қуат, ептілік, шыдамдылықтың пайда болуы адамның бойындағы табандылық, батыл- дық, үстамдылық қасиеттерінің пайда болуын талап етеді. 9
Дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі - адамның бойында дененің сапалық қасиеттерін төрбиелеу.
Спорт адамға жан-жақты әсер етеді: денсаулығын нығайтады, дене жүмысын дамытады, іс-жүзінде қажетті іскерліктерді меңгереді, сондай-ақ, жоғары көңіл-күй жағдайын туғызумен ерекшеленеді.
Біздің еліміздің спортшылары дене шынықтыру және спорттың дамуын өздерінің жоғары жетістіктері нәтижесімен көрсетіп келеді. Дене тәрбиесі міндеттерінің бірі - жоғары спорт жетістіктері нәтижесін көру, спорттың тех- никаны оқып-үйрену, меңгеру және іске асыру.
Дене шынықтыру процесінде адамгершілік ақыл-ой, эстетика және политехникалың оқу еңбек тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.
Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дене жаттығуларымен жөне дене төрбиесінің құралдарының басқа түрлерін қолдану денсаулықты нығайтуға, жүйке жүйесінің және ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты ңызметі үшін қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі қабылдауға жөне есте сақтауға көмектеседі, сондай-ақ нәтижелі ақыл-ой іс-әрекеті тууына жағдай жасайды. Дене шынықтыруды ақыл-ой іс-әрекеті- мен алмастыру жұмыс істеу қабілеті мен жақсы қабылдау, білімді тиянақты меңгеру қабілетін қалыптастырады.
Дене шынықтыру мен ақыл-ой тәрбиесінің байланысы спортпен шұғылданушының дене шынықтыру құралдарының (дене жаттығулары, жаратылыстың табиғи күштері, еңбек, тұрмыс гигиенасы) әр түрлілігін, есте сақтау қабілетінің жан-жақты дамуын қалыптастырады.
Дене шынықтыру адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты.
Жүйелі ұйымдастырылған дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиесін қалыптастырады. Топпен ұйымдастырылған сабақтар, секциялар, айналысушылар арасындағы өзара дұрыс қарым-қатынас, ұжымның нәтижелі бір мақсатқа жетуіне, жеке басының қызығушылығын қоғамдық қызығушылыққа айналдыруға көмектеседі. Мүндай әрекеттерге ерікті түрде спорт алаңдарын ұйымдастыру, спорттық құралдарды реттеу, дайындау, қоғамдың мүлікке жауапкершілікпен қарау сияқты жұмыстар жатады.
Дене шынықтыру үрдісінде оқудағы, тұрмыстағы, жұмыс орнындағы тәртіп көрсеткіші бекемдене түседі. Оқушылардың ерік-жігер, мінез-құлық, тәртібін тәрбиелеуде спорттың жарыстардың алатын орны бөлек. Спорттық жарыстарда қатысушылардың моральдық, дененің сапалық қасиеті, шыдамдылық, ережені, спорттың этиканы сақтай білу талаптары іске асырылады.
10
Еліміздегі дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуда орындалып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасы спортшыларының халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері Отанға деген патриоттың сезімін тәрбиелейді.
Дене шыныңтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз бай- ланысты. Дене шынықтыру арңылы ңимыл-қозғалыс үйлесімділігі, денетүлғасыныңсүлулығы, өсемдігі, мө- нерлігі, киімі, денешыныңтыружабдыңтарын, айнала- да ңоршағанбүкілортаныңөдемілігінқабыл дау, сезіну, түсіну, дүрысбағалауқабілетідамиды. Дене жаттығула- рыөсеріненадамныңденесіқалыптыдамып , қимылыүйлесімді, жеңіл, сенімдіболады.
Мерекелерде дене шынықтыру шерулерінде, көпшілік би жаттығулары мен гимнастикалық ңойылымдар эстетикалың сезімге бөлейді. Бүл жаттығулар көркем гимнастика, коньки тебу арңылы өр түрлі фигуралар жасау болып табылады. Аталған жаттығулар эстетикалың төр- биенің негізгі талаптарының орындалуына сөйкес келеді.
Дене шынықтыру сабақтары көбінесе табиғи жағдай- да өткізіледі. Мүндай сабақтар кең-байтаң Отанымыздың табиғат сүлулығынтанып-білуге көмектеседі.
Дене шынықтыру политехникалық оқу жөне еңбек төрбиесінеөсерін тигізеді.
Дене шыныңтыруқүралдарын еңбек процесінде пай- далану денсаулықты жақсарту, дененің сапалың қасиет- тері күш-ңуат, ептілік, жылдамдық, шыдамдылық, т.б. қасиеттерге тербиелейді.
Дененің дамуына, политехникалың оқытуға дене төрбиесіне қажетті ңүрал-жабдықтар дайындау, жөндеуден өткізу, сабақ өткіэөтін орынды өзірлеу жатады.
Дұрыс үйымдастырылған еңбек балаларға ңажетті еңбек дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, ептілік,
күш-қуат, төзімділік ңасиеттерімен бірге денесінің дамуы- на өсерін тигізеді. Дене жаттығулары дене еңбегін ауыс- тыра алмайды. Себебі еңбектің қай түрі болмасын дене жаттығулары сияқты бүкіл ағзаға өсер етуі мүмкін емес. Еңбек ету барысында өр түрлі дене жаттығуларын (де- ненің үзіліс жаттығулары, сергіту минуттары) орындау қажет, ал дене шыныңтыру барысында күш жұмсалатын жаттығуларды орындау қажет (үжымдың түрде сабаққа қүрал-жабдық дайындау, спорттық қүралдарды реттеу, жөндеуден өткізу). Осындай үйлесімділік оқушыларды еңбекке даярлау міндеттерін шешеді.
Туризм.Қозғалыс әдеттері және дене қасиеттері табиғат жағдайында дамытуға мүмкіндік береді. Мектепжасынадейінгі балалардың серуенді ұйымдастыру кезінде қозғалыстың түрлі тәсілдері пайдаланылады: жаяу, шаңғымен, велосипедпен және т.б. Жол үстінде аялдамаларды әр түрлі дене жаттығулары допойнау, қимыл-ойындарымен айналысу және т.б. қолданылады.
Құрылымдық белгісі арқылы құрастырылған: циклді, ациклді және араластипті жаттығуларды біріктіргентоптастыру тәсілі қолданылады.
Циклді қозғалыстар.Жүру, жүгіру, жүзу, шаңғы, коньки тебу циклдарының заңды жүйелігі және циклдағы қозғалыс элементінің байланысы арқылы қолданылады.
Ациклді қозғалыстар. Лақтыру, секіру т.б. Әрбір жаттығу аяқталған әрекет болыптабылады.
Аралас қозғалыстар. Жүгіріп келіпсекіру, циклді және ациклді жаттығулардың араласыпбірігіпкетуі.

12

ІІ- тарау.Дене тәрбиесі және төзімділік

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің әсері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Дене тәрбиесінің құралдары
Дене тәрбиесінің құралдары мен жаттығулары
Жалпы дене шынықтыру құралдарының сипаттамасы
Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Дене тәрбиесі міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары
Пәндер