Желінсауларды емдеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамытуММ

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіМКҚК

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ:

ЖЕЛІНСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ

Орындаған: Әбдіраш Ұ.Н.

2021 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I. Негізгі бөлім
1.1 Желінсаулар этиологиясы
1.2 Желінсауларды балау
1.3 Желінсауларды емдеу
II. Қолданылған әдебиеттер

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Желінсаулар этиологиясы
Сүт безінің қабыну үдерісі, әдетте, қолайсыз биологиялық (микроорганизмдер), физикалық (соғылулар, микрожарақаттар, суынулар, күн өтуі) және химиялық (сілтілер, қышқылдар, тұздар, уыттар т.б.) сыртқы орта факторларына жауап ретінде дамиды. Көбіне желінсаулардың нақтылы себебі сүт безі ұлпаларына патогендік және патогендік әсер білдіре алатын микрофлораның еніп, дамуы, олар негізінен алтын тәріздес стафилококк, агалактиялық және дисгалактиялық стрептококк, сирек жағдайда - эпидермалдық стафилококк, желін стрептококкы, эшерихийлер, сонымен қатар сүттен әрқилы ассоциациялар түрінде бөлінетін өзге бактерия түрлері, микоплазмдар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, вирустар т.б. Әдетте, сүт безінің инфицирленуі, галактогенді жолмен - емшек аналы арқылы, әсіресе, сауғаннан кейін алғашқы 1-2 сағат ішінде ашылып тұрған кезінде, ал жергілікті микрбқа қарсы қорғаныс төмендеп қалған жағдайда байқалады. Өте сирек жағдайларда микрофлора сүт безіне лимфогенді немесе гематогенді жолдармен енеді.
Соңғы жылдары сүт безі патологияларына айтарлықтай еңбектер арналған. Ветеринария мамандарына нақты сүт безі мүшелерінің кеселдері үлкен кесірін тигізуде. Малдарды дұрыс ұстамау, қора-жайлардың жағдайының жөнді болмауы, суық, лас, ылғалды еденде ұстау, серуендеудің кемістігі немесе мүлдем болмауы, азықтандырылу бұзылуы немесе рационда түрлі азықтық заттар - ақуыз, қант, дәрумендер, микро- және макроэлементтер кемістігі мал организмінің түрлі кеселдерге қарсы тұру қасиетін төмендетіп, желінсаулардың пайда болып,таралуына ықпалын тигізеді.
Желінсау сүт безі патологиясының негізгі түрі болып саналады, ал оның таралу жиілігі әр түрлі авторлардың деректері бойынша алуан түрлі. Г.В. Зверев деректері бойынша кейбір шаруашылықтарда жылына сиырлардың 20%-ы желінсауға шалдығады. MatiIIa сиырлардың жасына,сауын мерзіміне қарамастан желінсауға шалдығуы 25 - тен 50%-ға дейінгі шаманы қамтитынын атайды. Басқада авторлар сауын сиырларында созылмалы желінсаулардың жалпы зерттеген фермалардағы табынның 40%-ын құрғанын көрсеткен.
Сүт өнімділігінің жоғарылауы және жылдам сауатын аспаптардың қолданылуына байланысты сиырлардың ауруды жұқтыру жағдайы да өсе түседі. Сонымен, табында желінсауға шалдығу көбіне шаруашылықты жөнді жүргізбеуден емес, ал қазіргі кездегі өндірістік әдістерге байланысты. Желінсауға шалдығып, табынға енгізілген қашарлар желінсаудан ада табында агалактиялық стрептококк тудыратын індеттің жиі болатын көзі ретінде қаралады. Тұжырымдай келгенде індеттілік желінсау дамуының қозғаушы күші болып табылады, алайда сиырлардың сүт безінде індет дамуын тежейтін иммундыгенетикалық механизмдер бар. Мал ағзасына әсер ететін стресстік жағдайлар осы механизмдерге кері әсер етеді.
1.2 Желінсауларды балау
Ветеринарлық тәжірибесінде желінсауларды балау үшін клиникалық, цитологиялық, бактериологиялық және иммунологиялық әдістер қолданылады.
Клиникалық зерттеулерге жалпы және жергілікті дене температурасын, тамыр соғуы жиілігін, тыныс алуын өлшеу, мес қарын жиырылуын тексеру, тері, желін үсті лимфа түйіндерінің, жүрек тамыр жүйесінің, шырышты қабаттар және көбею ағзаларының күйін зерттеулер енеді.
Мысалы, желін терісін қарау арқылы оның түсінің өзгергендігін және түрлі зақымдануларды, жүн жамылғысы, тері асты қантамырларының жағдайын біледі.
Сірі желінсау кезінде жалқаяқ теріасты шеліне, бөлікаралық, аралық желін ұлпаларына жиналады. Фибринозды желінсау ұлпа бойына, сүт жолдарына шөгіп, жинақталуымен сипатталады. Іріңді желінсау үш түрде өтеді, гемморагиялық желінсау ұлпа бойына, желін тарамдары (альвеола) мен сүт жолдарында қанталаулар тудыруымен сипатталады. Ал айқын көрінетін белгілері жоқ, сүттің сыртқы көрінісі өзгермей өтетін жасырын желінсауларды уақтылы анықтау айтарлықтай қиындықтар тудырады және осындай сүттің жалпы сауылған сүтпен араласып кетуі қауіпін туғызады.
Қабыну үрдісінің патофизиологиясына байланысты желінсау дамуы келесі үрдістерден тұратын кезеңдерден құралады:
1. Зақымдалған безге полиморфты ядролы лейкоциттердің жинақталуы.
2. Мүше ұлпалары мен жасушалары біртұтастығының бұзылуы және олардың тысқары шығуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел
Желінсаулардың асқынулары
Желін флегмонасы
Геморрагиялық желінсауды емдеу
Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялықсанитариялық сақтандыру шараларын ұсыну
Сүт безінің анатомиясы және физиологиясы
Сиырлардың желінсау ауруы
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Пәндер