Сот шығындарын бөлу тәртібі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Заң факультеті

Реферат
Тақырыбы: Соттық шығындар

Орындаған: Арынтай Д.Н
Тобы: Ю 33
Қабылдаған: Асетова Г.Б

Қарағанды 2021
Жоспары:

Кіріспе
Соттық шығындар түсінігі
Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері
Баж төлеуден босату
Соттық шығындар түрлері
Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезіндегі сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешіледі.
Сонымен қатар сот шығындарына келесідей анықтама беруге болады:
1) азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Қс қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады;
2) қылмыстық іс бойынша анықтауға, алдын ала тергеуге, сараптамаға, аудармашыға, куәларға, адвокатқа және басқа істі жүргізуге кеткен шығындар. Мұнда сот шығындарын сотталушы өтейді. Ал егер сотталушының материалдық жағдайы келмейтін болса немесе ақталып шықса сот шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Жеке немесе жеке-жариялы істер бойынша сотталушы ақталып шыққан жағдайда сот шығындары шағым берушіге жүктелуі мүмкін.
Сот билігін жүргізу барысында бюджеттік жұмысты орындау барысындағы сияқты материалдық шығын шығарылады. Осындай шығындардың бір бөлігі сот қарауын өтініш берген азаматтар мен заңды тұлғаларға жүктеледі. Бұл тараптар үшінші жақтар талап өндірісі бойынша немесе арызбен шағым берушілер талапсыз өндірістер бойынша шағымның мақсатына соттарға бюджеттен төленетін төлем арқылы қалыпқа келтіру және арыздар адам өздерінің міндетті еркімен орындауға бейімдеу.
Сот шығындары компенсациялық және превентивтік болып бөлінеді. Компенсациялыққа бюджеттен шығатын соманың орнын толтыру, алмастыру мақсаты көзделсе, превентивтік бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың тектен-тек жөнсіз сотқа арыз шағым беруінен және сотта істі қарау барысында тараптар арасында белгіленген тәртіпті нығайту мақсатын көздейді.
Осы өзіндік жұмыстың алдыға қойған мақсаты болып сот шығындарының жалпы түсінігін ашу, оның түрлері мен қолданылу механизмдерін жете түсіну, сонымен қатар сот шығындары мен мемлекеттік баждың айырмашылығын ажырату және істі қару бойынша тараптардың арасында сот шығындарының бөлінуін қарап түсіну болып табылады.
Соттық шығындар түсінігі

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 100-бабы) Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады (ҚР АІЖК-нің 107-бабы).
Сот шығындары:
1) азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Мемлекеттік баж салығы бастапқы және қарсы талап-арыз берушіге, үшінші жаққа, даудың пәніне өз алдына талап қоюшыға, айрықша өндіріс ісі бойынша талап қоюшыға, сондай-ақ кассация шағым берушіге салынады. Кассация қарауға байланысты алымдарға куәгерлер мен сараптамашылардың ақысына, дәлелдемені тұрған жерінде көруге, жауапкерді іздестіруге және сот шешімін орындауға, т.б. жұмсалған шығындар сомасы кіреді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбекақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтету, қылмыстан келген материалдық зиянды өтету, т.б. істері бойынша талапкерлер жатады;
2) қылмыстық іс бойынша анықтауға, алдын ала тергеуге, сараптамаға, аудармашыға, куәларға, адвокатқа және басқа істі жүргізуге кеткен шығындар. Мұнда сот шығындарын сотталушы өтейді. Ал егер сотталушының материалдық жағдайы келмейтін болса немесе ақталып шықса сот шығындарын мемлекет өз мойнына алады. Жеке немесе жеке-жариялы істер бойынша сотталушы ақталып шыққан жағдайда сот шығындары шағым берушіге жүктелуі мүмкін.
Соттың қызметі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы шығындарының бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді.
ҚР АІЖК-нің 100-бабына сәйкес сот шығындары:
-мемлекеттік бажбен;
-іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
Әрқайсысын жеке қарастырып көрейік.
Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен (судъямен) азаматтық іскер қарап шешкені үшін мемлекет кірісіне төленетін ақша төлемі.
Мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы сұрағы бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын беру туралы арыздан, сондай-ақ сот пен аралық соттардың, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.
Мемлекеттік баждың белгіленген проценттік ставкалары, егер өзге Салық кодексімен белгіленбесе, ҚР-сы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495-бабының 2-бөлігі).
Мемлекеттік баж - заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем.
Мемлекеттiк баж - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Мемлекеттiк бажды төлеушiлер - аңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік баждың екі түрі бар:
1) талап қою бағасынан пайыздық ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;
2) төленген күні республикада белгіленген есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделіп есептелетін мемлекеттік баж.
Соттардағы мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496-бабының 1-бөлігі):
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
-жеке тұлғалар үшін-талап сомасының-1 пайызы;
-заңды тұлғалар үшін-талап сомасының-3 пайызы;
2) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан-30 пайыз;
3) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан-500 пайыз;
4) Салық тексеру актілері бойынша ескертулерге дау айту туралы талап арыздардан:
- жеке кәсіпкерлер және шаруа (ферма) қожалықтары үшін-ескертулерде белгіленіп есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 0,1 пайыз;
- заңды тұлғалар үшін-ескертулерде белгіленген есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 1 пайыз;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан-30 пайыз; некені бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгіленеді;
6) хабар-ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 пайыз;
8) ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан)-50 пайыз;
9) соттың шешіміне апелляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша-арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің-50 пайызы;
10) сот шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының, соттың басқа да қаулыларының көшірмелерін (дубликаттарын), сондай-ақ іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін іске қатысты басқа да құжаттардың көшірмелерін қайталап беру үшін әрбір құжат үшін 10 пайыз және бұған қоса, әзірлеген әр бет үшін 3 пайыз.
Бір мезгілде мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздарға және мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж қатар алынады.
Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді (АІЖК 102-бабы). Көрсетілген бағаның талабын мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.
Талап қою кезiнде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттiк баж мөлшерiн сот iстi шешу кезiнде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетiн бажды кейiннен қосымша өндiрiп алу арқылы судья алдын ала белгiлейдi. Iстi қарау кезiнде талап қою мөлшерi ұлғайған жағдайда, баждың жетiспейтiн сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.
Мемлекеттік баж төлемді қабылдап алған банктің (оның филиалының) орналасқан жері бойынша жергілікті бюджеттің кірісіне есептеледі. Төлемді қабылдап алған банк (оның филиалы) квитанция (түбіртек) береді, оны іс материалдарына біріктіріленеді (талап арыз не арыздың қосымша тіркелетін құжаттар тізімінде көрсетілуі тиіс).
Мемлекетті баж:
- сотқа берiлетiн талап арыздардан;
- ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан;
- ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан);
- сот бұйрығын шығару туралы арыздардан;
- атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелiк) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқару парақтарын беру туралы арыздардан;
- сот актiлерiнiң, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан алынады.
Мемлекіттік баж келесі жағдайларда қайтарылмайды:
- талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;
- талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;
- іс тараптардың бітімгіршілік келісімімен аяқталған жағдайларды;
- іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар - іске мүдделі тұлғалармен сотта іс қарау және соттың шешімімін орындау жөнінде төленетін шығындар.
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар қатарына мыналар жатады:
- куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар (ҚР АІЖК-нің 108,109-баптары);
- сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
- заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығындар;
-жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар.
Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиісті сомалар:
- куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі;
- куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады;
- сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды;
- сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
- куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сар

Сот шығындарын бөлу тәртібі. Бағалау объектілері

Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бүл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда 112 шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне барабар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар беріледі.
Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді (ҚР АІЖК-нің 110-бабы).
Сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштермен жүгінген тұлғаларға талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартылған кезде, жауапкерге республикалық бюджеттің қаражатынан олар жұмсаған сот шығындары толық, немесе қойылған талаптардың талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне барабар өтеледі.
Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді, сондай-ақ егер тараптар бітімгершілік келісімін жасау кезінде өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе. Ал ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің 10 (он) пайызынан аспауға тиіс (ҚР АІЖК-нің 111-бабы).
Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер не мемлекет өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.
Екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны мына жағдайда өндіріп алуы мүмкін:
көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап қойылғанда;
қойылған талапқа қарсы негізсіз дау білдіргенде;
- істі дұрыс және тез карап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасағанда.
Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді (ҚР АІЖК-нің 112-бабы).
Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары республикалық бюджеттің қаражатынан өтеледі.
Егер екі тарап та (ҚР АІЖК-нің 104-бабы) сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар республикалық бюджеттің есебіне жатқызылады.
Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі үйғарымға іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен наразылық келтірілуі мүмкін.
Бағалау объектілеріне мыналар жатады:
- сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан:
- нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
- азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
- шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
- шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергенi үшiн;
-Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
- тұрғылықты жерін тіркеу үшін;
- аңшы куәлігін бергенi және оны жыл сайын тіркегені үшiн;
- сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
- жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
- қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
- жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тіркегені үшін
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшін;
- жүргiзушi куәлiгiн, тракторшы-машинистiң куәлiгiн, механикалық көлiк құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн бергенi үшiн.

Баж төлеуден босату

Соттардан мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады (ҚР Салық кодексінің 501-бабы):
- талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
- талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негiзде олардың мүлiктiк құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
- талапкерлер - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгiлерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
- талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
- талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
- талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
- iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берiлгенi үшiн;
- талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебiне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
- бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндiрiп алу жөнiндегi талап қою бойынша;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
- талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары
Cот шығындары
Сот шығындарын төлеуден босату
Сот шығындары
Мемлекеттік баж төлеу тәртібі
Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы
Сот шығындары: ұғымы, құрамы
Сот шығындарының түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмсытық іс жүргізу
Пәндер