Тұмау вирусының морфологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ



Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

СӨЖ



Тақырыбы: Жылғының тұмауын балау және індетке қарсы шаралары

Орындаған:Үсенбек Айдос Вм-404 топ студенті

Тексерген:В. ғ. магистрі, асистент Орынбасар М. Б

Алматы 2021 ж

Жоспар

Кіріспе

Негізігі бөлім

1. Жылқы тұмауы

2. Сынамаларды алу тәсiлдерi

3. Патогенезі.

4. Клиникалық белгілері

5. Жылқы тұмауында өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістері

6. Диагностика

7. Жылқы тұмауының емі, иммунитеті жəне арнамалы дауалау

8. Инфекция қоздырушыларының зардапты əсері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиетер

Кіріспе

Еліміздің тəуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне əкеп соқтырады. Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан жəне бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кəсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады. Осы жағдайлар Ветеринария туралы заңның талқыланып, 1995 жылы қабылдануына əсер етті. Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар жəне сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кəсіпкерліктің дамуына жол ашты жəне бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды. Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мəліметтерге көңіл бөледі:

- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына жəне базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тəжірибе жүргізбейді.

- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бəсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру жəне карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.

- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.

- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда жəне ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бəсекелестік ортасы кеңейтілген.

- осы қалыптасқан өзгерістердің бəрі 1995 жылы қабылданған заңға қарамақайшылық туғызады жəне ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін Ветеринария туралы заңды қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.

- жаңа Ветеринария туралы заңның мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың жəне ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.

Негізгі бөлім

1. Жылқы тұмауы (Equine enfluenza virus)

https://kzref.org/virusti-infekciyalardi-zerthanali-balau-veterinariyali-medicin/9297_html_238d1eb1.jpg

  1. Сурет. Тұмау вирусының морфологиясы

Жылқы тұмауы (Grippus eguorum) - қысқа мерзімді қызбамен жəне жоғарғы тыныс жолдарынық кілегейлі қабықтарының катаральді қабынуымен сыпатталатын, жіті өтетін, жоғары контагиозді ауру. Індет безгек, коньюктивит, жас ағу, мұрыннан серозды немесе іріңді сұйықтық ағу, ауыртпалы жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының қатары, ларинготрахеит жəне бронхитпен сипатталады. 1872-73 жылдары АҚШ-та жылқы тұмауының эпизоотиясы туралы жазылған. Жылқы тұмауының таралуы Жылқылардың грипі Европа, Америка жəне Азияның көптеген елдерінде, оның ішінде біздің елде де кездеседі. Жылқы тұмауының қоздырушысы Қоздырушысы -А типті ортомиксовирустердің түріне жататын РНҚ-сі бар вирус. Вириондары шар немесе жіп тəрізді (80-120 нм) болады, түк сипаттас кабықпен жабынған. Вирусті тауық эмбриондарында өсіреді. Ол ультракүлгін сəулелермен жəне дезинфекциялық дəрулермен активтігін тез жояды. Бұл аурудың қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Бұл ауру көптеген жағдайда стрептокок, стафилокок, пневмокок сияқты ауру тудыру қабілеті бар уытты əлсіз микробтардың өнуінен асқынып кетеді. Алғаш рет 1956 жылы Чехославакияда Совинова мен Тумова бөліп алған. 1963 жылы АҚШ-та вирустың тип тармағы анықталған. СССР - жылқы тұмауының вирусы 1969 жылы бөлінген. Бөлінген жылқы тұмауының вирустары адамның тұмау вирусынан айырмашылығы байқалмайды, А туыстығына жатқызылады. Жылқының тұмау вирусы полиморфты келеді, пішіні шар, жіп, алмұрт, сопақша тəрізді, сыртында бүршіктері бар, вирустар күрделі, капсид симметриясы спираль тəрізді, сыртқы қабықшасы ақ заттардан, липидтерден жəне көмірсулардан тұрады, гемагглютинин жəне нейраминидаза гликопротейдтері бар. Геномы бір жіпшелі, сызықшалы, үзілмелі (8 үзілімдерден тұрады) жəне теріс стратегиялы РНҚ-лы. Вирионның 70%-ы белоктар, РНҚ -1-2%. Тұмау вирусында гемагглютинация туғызатын белсенділігі бар. Жылқы тұмауының қоздырушысының төзімділігі Физико-химиялық əсерлерге вирустардың төзімділігі аз. Бөлме температурасында 1 тəуліктен кейін белсенділігі жойылады, ал 4С-та -2-3 ай, минус 20С - белсенділігі бірнеше жыл бойы сақталады. 50-60С қыздырғанда 20 минутта, ультракүлгін сəулесі əсерінен вирус инактивтелінеді. Антигендік қасиеті. Жылқы тұмауының барлық бөлінген вирус штамдары А туыстығына жатады. Сыртқы гемагглютинин жəне нейраминидаза гликопротейдтеріне қарсы ауырған мал организмінде вирусты бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, антигемагглютининдер пайда болады. Жылқының, құстардың тұмау вирустары арасында антигендік байланыстар байқалады. Мысалы, жылқы тұмау вирусы жəне үйрек тұмау вирустардың арасында антигендік байланыстар бар. Індеттік деректер Жасы мен тұқымына қарамастан ауруға жылқылар бейімді. Инфекция қоздырушының кезі -мұрынның сараптарымен, жөтелгенде жəне пысқырғандағы кілегейімен вирусті бөліп шығаратын ауру жəне ауырып айыққан малдар. Вирус ауалы- тамшылық жəне алиментарлық жолдармен беріледі. Сау малдар ауру малдармен бірге күтіп-бағылғанда, сонымен бірге жем-шөп, су, күтім заттары арқылы (вируспен инфекцияланған) залалданады. Ауру жылдың кез-келген мезгілінде, жиірек көктем мен күзде шығады. Грипп жылқылардың көп шоғырланған жерлерінде өте тез таралады. Бұған қолайсыз ауа жағдайы, малдардың қораларда тығыз орналасуы мен əдеттен тыс қалжырауы себебін тигізеді. Аурушаңдық əжəптəуір болады. Қейбір шаруашылықтарда ауру бүкіл жылқы басын, басқа біреулерінде-10-50 процент малды қамтыйды.

Жылқы тұмауының қоздырушысының шоғырлануы мен репродукциясы. Ауруға бейімділік. Гриппке тек жылқы, көбінесе ересек жылқы шалдығады. Аурудың шығуы мен жұғуы. Індет көбіне ауру жылқы арқылы тарайды. Ол ауру мал сау малмен жанасқан кезде, сондай-ақ микроб тамған азық, суат жəне қора-жай арқылы жұғады. Індеттің жіті өтетін кезінде үлкен концентрацияда вирус кеңірдектің бөліндісінде, өкпеде, мұрынның кілегейінде, өңеште сақталады да, осы мүшелердің торшаларында шоғырланады. Гипертермия кезінде вирусты қанда да табуға болады. Организмнен қоздырушы тыныс алғанда ауа арқылы, иұрыннан бөлінетін сұйықпен, нəжіспен кейде зəрімен бөлініп шығады. Вирус сезімтал клеткаларға еніп, адсорбциясы гемагглютинин көмегімен мукопротеиндік клетка рецепторлары арқылы жүреді. Транскрипция жəне репликация ядрода өтеді. Транскрипция РНҚ - тəуелді РНҚ полимераза көмегімен үзілмелі РНҚ геномында РНҚ теріс жіптері пайда болады. Репликация кезінде тұмау вирусының үзілмелі геномдары түзіледі, олардың арасында генетикалық өзара əсерлер байқалады да, вирустың өзгергіштік себебі осыған байланысты. Вирус - денешіктерінің жиналуы цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді, ал клеткадан шығуы бүршіктену жолымен өтеді.

2. Сынамаларды алу тәсiлдерi

Зертханалық зерттеулердi жүргiзу үшiн патологиялық материалдан сынамалар алынады: өлген жануарлардың өкпесінен кесінді (бөлшектерін) алады және вирусты бөлiп алу үшiн ауру алғаш басталған кезінде ауру жылқылардың танауынан жағынды алады.

Серологиялық зерттеулер үшiн аурудың алғашқы басталған кезеңiндегi және 2-3 апта өткен соң алынған жұп қан сарысулары пайдалынады.

Танау қуысынан жағындыны физиологиялық ерiтiндімен ылғалданған тампонмен алады. Ылғанданған тампонмен танау жолдарын жақсылап сүртедi де оларды пробиркаға салады.

Зертханада тампонды жақсылап сығады. Пробика ішiндегі сұйқтықты 15 минут 4000 айн. /мин центрифугада айналдырады. Тұнба бетiндегi сұйықты стерильді пробиркаларға құяды, оған 500 ӘБ/мл-ден антибиотиктер (пенициллин немесе стрептомицин) қосады және +4 0 С температурада бiр сағат бойы ұстайды, одан кейiн тауық эмбриондарына жұқтырады.

Жылқыдан қан capыcyын алу және дайындау әдісі.

Жылқылардан қанды стерильді жағдайда мойының күре тамырынан стерильді инемен жоғарғы 2/3 бөлiгiнен физиологиялық ерiтiндi құйылған құтыға алады. Алынған қанды бөлме температурасында 2-3 caғат ұстайды, сосын инемен пробирка қабырғасын жиектейдi және температурасы 10 0 С-тан жоғары емес салқын бөлмеге қояды, 12 сағаттан кейiн қан сарысуды стерильді пробиркаларға пипеткамен сорып алады, оған 1:2 қатынастағы мертиолятты қосады. Қолданатын қан сарысуын +56 0 С температурасында 30 минyт су моншасында жылытады.

Зерттеуәдiстемелерi

Тұмау вирусын тауық эмбриондарында бөліп алу .
Жұқтыруға 9-10 күндiк тауық эмбриондары пайданылады. Вирустық материалдың бiр сынамасына зерттеу үшiн кемiнде 6 тауық эмбрионы қажет.
Жұқтыру алдында тауық эмбриондарын овоскоппен тексеріп алады, қарындашпен ауа қуысын белгiлейдi. Қабықты тесiп оған сынамалы материалды енгізу алдында эмбрионның жатқан жерін, қан тамырларын анықтап алады. Қабықтын жұмыр жағын (ауа қуысы) жақсылап спиртпен өндейді және отқа күйдiредi, сосын тесік арқылы инемен 2-3 мм тереңдікке зерттелетiн материалды 0, 2 мл көлемінде себеді.
Эмбриондарды жұқтырғаннан кейiн қабық тесіктерін парафинмен бекiтiп, термостатқа 72 сағатқа 37 0 С температураға қояды. Инкубациялау барысында тәулiгiне бiр рет овоскоппен тексерiп отырады, өлген эмбриондарды ашқанша +4 0 С температурада тоңазытқышта сақтайды. Инкубациялаудың үшiншi күнiнде өлген және тірi қалған эмбриондарды алдын-ала 8 caғат бойы +4°С температурада суытылғаннан кейiн ашады.

Ашар алдында ауа қуысының үстiндегi қабықты залалсыздандырады. Кейiн жұмырытқа шекаралас тұcынан қабықты қайшымен қиады, пинцетпен мұқият қабық асты жарғағын бөлiп алады да мембрананың жыртылған жерлерiн кабыққа қарай қайырып хорионаллантоисты жарады. Тауықтың бір эмбрионынан 6-9 мл эмбриональды сұйық алынады. Алынған эмбриональды сұйқтын үлгiлерi стерильді eкeнiн бақылау үшiн 0, 1 дан 0, 2 мл мөлшер алып ЕПА және ЕПС себiндi жасайды. Себiндiнi 5 тәулiк бойы тepмостатта ұстайды. Сонымен қатap алынған эмбриональды сұйықты гемагглютиндiк белсендiлiкке тексередi. Гемагглютинация болған жағдайда және бактериалдық ластанғаны байқалмаса алынған сұйықтын ұлгiлерiн гемагглютинация реакциясына қолданады. Егер бөлiнген вирустың гемагглютинагендік титрi төмен болса, тағы да тауық эмбриондарына 2-3 пассаж жасайды. 2-3 егулерден кейiн бөлiнетiн вирустың гемагглютиногендік белсендiлiгi болмаса зерттелетiн материалдың зерттеуін тоқтатады.
Тауық эритроциттерiнiң 1%-ды қоспасын дайындау .
Эритроциттердiң 1%-ды қоспасын дайындау үшiн 6 айдан aсқан әтештердi қолданaды. Әтештерден қанды қанат астындағы тамырдан алады, пипеткамен қанды кepeктi мөлшерде физиологиялык ерiтiндiсi және 2, 5% лимон қышқыл натрий ерiтiндiсi бар құтыға құяды. Алынған қанды үш рет физиологиялық ерiтiндiмен шаяды, центрифугада 10 минут бойы 1500 айн. /мин. эритроциттердi тұнбалайды. Шайылған эритроциттер тұнбасынан 1%-ды қоспа дайындайды, оны 4°С-та 4 тәулiк сақтауға болады.
Гемагглютинация реакциясын қою (ГАР)
Гемагглютинация реакциясы, гемагглютинацияны тежеу реакциясын қоюдағы жалғасы болып есептеледі.
Алдымен вирустық материалдың eкi еселенген қатынасын дайындайды 1:2 ден 1:10240-ке дейiн. Ол үшiн қатардағы ұяшықтарға 0, 25 мл мөлшерде физиологиялық ерiтiндiні құяды. Кейiн бiрiншi ұяшыққа 0, 25 мл құрамында вирусы бар материалды енгiзедi, үш рет пипеткiлейдi және 0, 25 мл екiншi ұяшыққа көшiредi және т. с. с. керекті қатынасқа дейiн. Соңғы ұяшықтан 0, 25

мл қоспаны залалсыздандырғыш ерiтiндiге төгіп тастайды. Әр ұяшыққа 0, 25 мл 1%-ды эритроциттер қоспасын қосады. Эритроциттердiң тез арада болатын агглютинациясына бақылау қою керек (0, 25 мл физиологиялық ерiтiндiге 0, 25 мл 1%-ды эритроциттер қоспасын қосады) . Плексеглазды тақтайшаны сiлкидi де бөлме температурасында қалдырады, реакция нәтижесiн 30 минуттан кейiн есептейдi.

Гемагглютинация реакциясы эритроциттердiң шөгуіне қарай бағаланады, егер "шатыр" тәрізді тұнба пайда болса онда нәтижені оң дейді. Егер тepic реакция болса, бақылаудағы сияқты эритроциттер өз салмағының әcepiнен ұяшықтың түбiнде шетi тeгic «түйме» тәрізді тұнба түзейдi. Вирустың титрi болып ең жоғары қатынасы саналады, онда эритроциттердiң агглютинациясы байқалады ол 1 ГАБ-ге сәйкес келедi. Бөлiнген вирустың гемагглютиндiк титрi анықталғаннан кейiн гемагглютинация тежеу реакциясын қоюға көшедi. Ол өзiне тән антиденелердiң вирустың гемагглютиндiк белсендiлiгiн бейтараптауға негiзделген.
Гемагглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) қоюға дайындық.
Гемагглютиндi тежеу реакциясын қою үшiн бөлiнген вирустың жұмыстық мөлшерiн дайындайды, оның 0, 25 мл-де вирустың 4 ГАБ болады. Осы мақсатпен 4 caнғa бөлiнген санды шығарғанша алынған вирусты физиологиялық ерiтiндiмен араластырады. Мысалы, егер гемагглютинация титрi 1:1280 болса, жұмыстық қатынасы 1280:4=320 болады, яғни 1:320 қатынастағы вирустың 0, 25 мл-де 4 ГАБ (гемагглютиндеу бірлігі) болады. Оны дайындау үшiн 31 мл физиологиялық ерiтiндiсіне 1 мл бөлініп алынған вирусты қосады. Негiзгi тәжiрибенi қояр алдында 4 ГAБ-нiң дұрыс таңдалғанын тексередi. Ол үшiн 5 ұяшықтың біріншісіне 4 ГАБ ден 0, 25 мл құяды, яғни таңдалынған вирус қатынасын құяды, кейiн екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi ұяшықтарға физиологиялық ерiтiндiден 0, 25 мл-ден құяды. Пипеткалағаннан кейiн екiншi ұяшықтан 0, 25 мл үшiншiге ауыстырып құяды, үшiншiден араластырғаннан кейiн - 0, 25 мл төртiншiге, солай бесiншiге, бесiншiден 0, 25 мл залалсыздандырғыш ерiтiндiге төгіп тастайды. Сонымен 2-шi ұяшықта вирустың 2 ГАБ қалады, 3-1 ГАБ, 4-0, 5 ГАБ, 5-0, 25 ГАБ қалады. Осыдан кейiн әр ұяшыққа 0, 25 мл 1%-ды эритроциттер қоспасын қосады, тақтайшаны сiлкидi де 30 минут бөлме температурасында қалдырады. (4 АЕ) 1-шi, 2-шi, 3-шi ұяшықтарда толық агглютинацияны көрсетеді, ол жартылай немесе тiптi жоқ болуы да мүмкiн, ал 5-шi ұяшықта агглютинация болмау керек. Егер 4-шi ұяшықта толық агглютинация болса, ал 5-де жартылай немесе болмаса - онда таңдалынған вирус мөлшерiнде 4 ГАБ-емес одан көп (8 ГАБ) дегеннiң белгiсi. Ондай жағдайда мөлшердi азайту керек, яғни келесi қатынаста 0, 2 мл алу керек және жұмыстық мөлшерiн қайтадан тексеру керек. Ең маңыздысы 1 ГАБ болатын 3-шi ұяшықта толық агглютинацияның болуы. Егерде онда агглютинация толық болмаса, ол вирустың жұмыстық мөлшерiн 0, 25 мл 4 ГАБ-ден төмен болғаны, яғни оны жоғарлату және қайта тексеру керек.

Гемагглютинацияны тежеу реакциясын қою (ГАТР)

  • ГАТР-да қан сарысуын қолданар алдында, оны 1:10 қатынастағы дистилденген сумен сұйылтады (яғни 0, 5 мл қан сарысуы - 4, 5 мл дистилляцияланған су) . Бiрінші қатардағы ұяшықтарға екiншiсiнен бастап 0, 25 мл физиологиялық ерiтiндiнi құяды. Сосын бiрiншi мен екiншiге 1:1О қатынастағы белгiлi дайын қан сарысуынан 0, 25 мл қосады. Екiншi ұяшықта пипеткалайды және одан 0, 25 мл үшiншi ұяшыққа құяды, т. с. с. 1:2560 қатынасқа дейiн жеткiзедi, соңғы ұяшықтан 0, 25 мл-дi залалсыздадырылған ерітіндіге алып тастайды. Одан кейiн барлық ұяшықтарға зерттелетiн вирустың жұмыстық қатынасынан (4 ГАБ) 0, 25 мл-ден құяды. Тақтайшаны сiлкидi де бөлме температурасында 30 минутқа қалдырады. Қан сарысуы вируспен 30 минут байланысқаннан кейiн әр ұяшыққа 1%-ды эритроциттер қоспасынан 0, 5 мл-ден қосады. Гемагглютинацияны тежеу реакциясын дәл есептеу үшiн бақылау қояды:қан сарысуын бақылау, ол тауық эритроциттерiнде гемагглютиндердiң жоқтығын анықтау үшiн (1:1О қатынастағы қан сары суынан 0, 25 мл, физиологиялық ерiтiндiден 0, 25 мл және 1%-тi эритроциттер қоспасынан 0, 5 мл) ;
  • вирустың тандалынған мөлшерiн бақылау (0, 25 мл вирустын жұмыстық мөлшерiне (4 ГАБ), физиологиялық epiтiндiдeн 0, 25 мл және 1%-тi тауық эритроциттер қоспасынан 0, 25 мл) ;
  • стандартты диагностикумдердi бақылау (антиген 0, 25+0, 25 мл сәйкес қан сарысуы + 1 %-тi эритроциттер қоспасынан 0, 5 мл) ;

- тез арадағы агглютинацияға эритроциттердi бақылау (0, 25 мл физиологиялық epiтіндіден және 1 %-тi эритроциттер қоспасынан
0, 25 мл) .
Қан сарысуының титрi деп гемагглютинацияны толық тежелуiн көрсеткен соңғы қатынасын айтады. Егер жиынтықтағы белсенді диагностикалық қан сарысуы зерттелетін вирустың далалық штаммының гемагглютиндік белсендiлiгiн толық немесе 1:20-1:80 титрге дейiн тежесе, демек «түйме» түзелсе реакцияны оң деп есептейді, яғни қоздырушы анықталды деп саналады,
Вирусты бөліп алуға және анықтауға 3-10 күн қажет.
Ретроспективтікбалау
Аурудан сауыққан жануарлардың қан сарысуында жылқы тұмауының вирусына тән антиденелер анықталды.
Гемагглютинацияны тежеу реакциясында қос қан сарысуын зерттеу балаудың өте бағалы және сезiмтал тәсiлi болып есептеледі, ол кейiн болған аурудың себебiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Қос қан сарысуларын аурудың клиникалық белгiлерi байқалғаннан кейiн 10-14-ші күнi зерттейдi және бiрiншi рет қан сарысуын алғаннан кейiн 21-шi күнiзерттейдi.
3 . Патогенезі .

Вирус жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына тусіп, өсіпөнетін эпителиальді клеткаларға енеді де катаральді қабынулар мен қызбаны туындатады деп жорамалданады.

4. Клиникалық белгілері.

Жасырын кезеңі 1-6 күн. Ауырған малдардың дене температурасы 39-40°С дейін көтеріледі, қан тамырының соғуы мен тыныс алуы жиілейді, қысқа мерзімді енжарлық болады. Қызба кезеңдерінің ұзақтығы əртүрлі. Бірде температураның жоғарылауы 1-2 күн, тағы бірде 2-7 күн төмендемей тұрып алады. Көп күндік қызба тіпті қай уақытта болмасын ремитирлеуші типте болады.

5. Жылқы тұмауында өлекседегі патолого - анатомиялық өзгерістері

Ішкі органдардың көптеген жері пішіні нүкте тəрізді болып қанталаған. Ірің-су аралас жалқаяғы бар бронхопневмония асқынса, өкпе іріңдеп қабынады, одан ірің ошақтары табылады. Ішектің кілегейлі қабығы қабынған, көптеген жағдайда ол қанталап кеткен.

6 . Диагностика

Жылқыда грипп клиникалық белгілеріне карай анықталады, осыған орай аурудың өршуі белгілі бір маусымға байланысты екені, оның барысы ескеріледі. Жылқы гриппен көбіне жылдың жауын-шашынды кезеңдерінде жаппай ауырады. Ауру індет ретінде өтеді. Оны дəл анықтау үшін инфлюэнц, жұқпалы тұмау ауруларын, жұқпалы плевропневмонияның жеңіл түрін ажырата білу керек. Алдын ала балаудың əдістері:

Эпизоотологиялық. Індет ауру жəне ауырып жазылған малдар арқылы таралады, бұл індет тыныс жолдары жолымен жұғады. Тұмаумен барлық жастағылар ауырады, көбінесе 2- жасқа дейнгі малдар сезімтал келеді, жəне де есектер де тұмаумен ауырады.

Клиникалық зерттеу. Жоғарғы температура (39-40°С) 4-6 күн тұрады. Ентігу пайда болып, құрғақ жөтел, содан соң ауырсына бастайды, мұрыннан сұйық ағып, коньюнктивит, лимфа түйіндерін басқан кезде ауырсынады. Малдардың өлімі 1-5% дейінжетеді.

Патологиялық анатомиялық өзгерістер. Респираторлы мүшелерде өзгерістер көрінеді. Мұрын, кеңірдек, бронхылардың кілегей қабықтары -ісінген, гиперемияланған, өкпеде - қабыну ошақтары пайда болғаны байқалады.

Зертханалық балау. Зерттелетін материалдар - бөлінділер, мұрын кілегей қабықтарының жағындысы, бронхиалді бөлінді, өкпе кесінділері. Вирустың индикациясы: Тауық эмбриондарында-амнион жəне аллантоис қуыстарына материалды жұқтыру. Алғашқы клетка өсіндісінде. Өсіндідегі вирусты ГАР жəне ГадР-да анықтайды. Вирустың серологиялық вдентификациясы: ГАТР, КБР, ИФР, БР - арқылы жүргізіледі. Ретроспективті балау қою үшін жылқылардың жұп қан сарысуын зерттейді. Антигемагглютиндеуші, вирус бейтараптаушы жəне комплемент байланыстырушы антиденелер РТГА, КБР, БР арқылы анықталады.

Ажыратып балау. Жылқының тұмауын ринопневмониядан, артерииттен, контагиозды плевропневмониядан ажырату керек.

7. Жылқы тұмауының емі, иммунитеті жəне арнамалы дауалау

Емі. Ауру белгілерімен жылқының жалпы күйіне қарай тек сол белгілерді жоятын дəрілер ғана қолданылады. Ауру асқынса, антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары жүрек қызметін жақсартатын жəне сергіткіш дəрілермен қоса пайдаланылады. Аурудан арылу жəне одан сақтану шаралары. Грипп жіті індет аурулардың қатарына жатады. Оған қарсы қолданылатын шаралар жүқпалы тұмауға қарсы қолданылатын шаралармен бірдей. Тұмау вирусының бір түрімен ауырып жазылған малдарда вирустың екінші түріне қарсы иммунитет болмайды. Иммунитет табиғи ауырып жазылған малдарда бір жылдан аса сақталады. Құлындарға иммунды биелерден енжар иммунитет беріледі. Арнамалы дауалау үшін поливалентгі, белсенділігі жойылған вакциналар қолданылады. Иммунитеттің мерзімі - 1 жыл.

8. Инфекция қоздырушыларының зардапты əсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оба тектес қоздырғышы
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Вирустардың жіктелі принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінін биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың гентикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Вирустар жайлы
Вирустардың жіктелуі. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
ДНҚ және РНҚ вирустар
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz