Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы орыс


ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ
AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТPЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
“Биологиялық қауіпсіздік” кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малдардың кеуекті энцефалопатиясы
Дайындаған: Жұмахан Н
Тобы: ВМ-505
Тексерген: Алиев А
Алматы, 2021ж
Жоспар:
1. Жалпы сипаттама
2. Індеттік деректер
3. Диагностика
4. Аурудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы
1. Жалпы сипаттама
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы /орыс. Губкообразная энцефалопатия крупного рогатого скота, ағыл. Bovine spongiform encephalitis/- орталық нерв жүйесінің дистрофиялық өзгерістерге ұшырап, малдың өлімімен аяқталатын созылмалы өтетін ауру.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясынемесе "сиырдың құтыруы" кеміктәріздес жатады.
Ол жәй үдемелі түрде және өлімменерекшеленетін, басқа да жабайы және үйжануарларында ешкі мен қойдың скрепи, мысықтың, су күзенінің энцефалопатиясы, қашырдың, бұғының, маралдың созылмалы ауруы, адамныңКуру ауруы; Крейцтцфельд-Якоб ауруы, Герстманн-Штрейсслер-Шейнкер және семьяның фатальдіинсомния синдромы тәріздес созылмалы түрдеөтетін приондар тобына жататын індет.
Қазіргі уақытта ірі қара малдың скрепи ауруымен ауырғанқойлардың ұшаларын өңдеп, ет сүйек ұнынаайналдырып ірі қара малды пайда болған деп есептеледі.
Электронды микроскопиялық зерттеулербойынша приондар ұзындығы 10-20 нм және ені100-200 нм іріленген таяқша тәріздес құрылымдарболып табылады. Приондар барлық және жоғары температурағажәне басқа да физико химиялық факторлердіңәсеріне өте төзімді.
Ірі қара малдың инкубациялық кезеңі 2 жылдан 8 жылға дейін созылады.
Тарихи деректер. Ауру бірінші рет 1985 жылы Ұлыбританияда тіркелген. Сосын бұл ауру ағылшындардың ғана емес, бүкіл Европаның проблемалары болды және АҚШ-қа, Канадаға, Данияға, Германияға, Италияға, Францияға, Португалияға, Исландияға, Нидерландыға, Люксембургке таралды. Қазіргі кезде дүние жүзінің 30-дан астам елдерде кездеседі. (В. А. Кузьмин және т. б. 2005)
Қоздырушысы. Прион - патогенді қасиеттері бар ми ұлпаларының клеткалық ақуызы. Бұл ақуыз белгісіз әсерлердің арқасында ауырту қасиеттеріне ие болады да, өзіне тән қоздырғыштарды тудырады. Адамдар мен жануарлардың иммундық жүйесі бұл ақуызбен күресе алмайды, өйткені бұл олардың организмінен шыққан туыс болып келеді.
Төзімділігі. Қоздырушы жылуға, ультракүлгін сәулесіне, ионизир- лейтін радиацияға және дезинфектанттарға өте төзімді. Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырушысымен жұқтырылған ми ұлпасына 10 % - тік формалин ерітіндісімен көп уақыт әсер еткенде, тек оның уыттылығы кішкене ғана төмендегені болды. Автоклавта температурасы 134 - 138 С - та 18 минут бойы уыттылығын сақтаған. Қоздырушының қалған уыттылығы температура 134 С - та 1 сағат бойы сақталады. Осы температуралық режим ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырушысын өлтіру үшін қолданады. Евроодақ ветеринарлық ғылымының комитеті барлық күйістілердің ақуыздық қалдығын (ірі қара мал мен қойлар) 133 С - та 20 минут бойы өңдеуді ұсынады.
2. Індеттік деректер.
Бұл ауруға ІҚМ, қойлар, антилопалар бейімді. Ауру зоопарктегі жабайы жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі - ньяла, үлкен қода, араб фиксы, пума, гепард және т. б. жануарлардың рационына ет- сүйек ұнтағымен және ауру сиырдың етімен азықтандырғанда ауырғаны белгілі болды. 73 үй мысықтарының ауырғаны белгілі. Аурудың төрт түрі бар. Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жануарлар және жасырын түрде тасымалдайтын жануарлар.
Дерттенуі. Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырушысымен жұғу қаупі бас миының ұлпаларын, артқы мидың кейбір бөліктерін, көздің қарашығын, нерв жүйесін, тимусты, көкбауырды және т. б. мүшелерді ұстағанда пайда болады. Негізінде прионмен дайындалған ет-сүйек ұнтағын жұптұяқты жануарларды азықтандырғанда жұқтырылу пайда болады. Сумен, жыныс жолымен, зақымдалған тері және кілегейлі қабықтар арқылы да жұғады. Прионды барлық мүшелерден табуға болады, бірақ көбінесе ол орталық нерв жүйесін зақымдайды. Нейрондар мен мидың күлгің затын зақымдайды, дегенеративті өзгерістер шақырады, әр түрлі формадағы, көлемдегі вакуольдер (бос) түзейді. Микроскоппен қарағанда ми кемік сияқты болады, сондықтан оны “кеміктәріздес энцефалопатия” деп атаған.
Клиникалық белгілері. жасырын кезеңі 2 жылдан 8 жылға дейін. Кузьмин деген ғалым жасырын кезеңі кейде 20 жылға дейін болады деген мәлімет бар. (В. А. Кузьмин және т. б. 2005) . Ауру нервтік белгілермен байқалады - қорқыныш, мойынның және иық бөлігінің дірілдеуі, тісін сықырлатады, сүрініп қала береді, өнімділігі тез төмендейді. Ауру жануар жүріп келе жатқанда жолындағы қоршауды, адамды, жануарды және т. б. көрмей қалады. Содан кейін ауру қиындап, мал арықтап, өліп қалады.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексе арықтаған. Мүшелерде ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясына тән өзгерістер табылмайды. Гистохимиялық зерттеулер кезінде мидың кеміктәріздес зақымдарын қарайды.
3. Диагностика
Індеттік деректеріне, клиникалық және міндеттітүрде гистохимиялық зерттеулерге қарап қояды. Зерттеуге патматериал болып: сопақша миды, мишықты және мойын бөлігінің жұлыныңжібереді. Электронды - микроскопиялық, иммунды- гистохимиялық әдістері және иммуноферменттіанализ қолданады.
Ауруға диагноз қоюда , ірі қара малдың таралуының негізгі факторыболып, скрепимен ауырған қойлардан дайындалғанет-сүйек ұнын мал азығына қолдану, сондай-ақклиникалық белгілері есепке алынады.
Зертханада ірі қара малдың диагноз қою гистологиялықжәне иммунологиялық (иммунохимиялық, иммуноферменттік және иммуноблотинг) әдістермен зерттеулер нәтижесінде қойылады. Сонымен қатар, электронды микроскопиялық әдісзерттеу нәтижелерін дәлелдеу үшін қолданылады.
Ірі қара малдың диагноз қоюда нейрондардың қабынусызвакуолденген түрлері байқалса оң нәтиже алындыдеп есептеледі.
Ірі қара малдың листериоздан, құтырудан, Ауески ауруынан, жұқпалы түрінен, зілді қызбадан, сондай-ақфосфорорганикалық, хлорорганикалық, сынапорганикалық қосындыларымен, цинкфосфидімен, күшәламен, ас тұзымен ұлануданажырату қажет.
Ажыратып балау. Құтырықтан, Ауескиауруынан, листериоздан, жұқпалы ринотрахеиттен, уланудан ажырату керек. Емі зерттелмеген. Болжамы әрқашан сәтсіз, өліммен аяқталады. Аурудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары: Аурудың алдын алудың негізі, ірі қара малғаөлекселерді немесе күйістелердің қалдықтарынөңдеп дайындалған ет-сүйек ұныменазықтандыруға тиым салу болып табылады. Ірі қарамалдың кеміктөріздес энцефалопатиясына күдіктімалдар өлтіріледі де өлексесі өртеледі. «Ветеринария туралы» Заңының27 бабының 1 тармағына сәйкес ауру жұққан маланықталған жағдайда, оны жойып, шаруашылыққакарантин қойылады. Сонан кейін шаруашьшықтағықалған барлық малды сойып ұшаларын және ішкіқұрылыстарымен бірге өртейді. Миын, қойылғандиагнозды гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық және вестерн блотингәдістерімен дәлелдеуге қолданады. Ауру малдардыанықтау үшін сояр алдында жасы 6 айдан асқанбарлық ірі қара малды, жасына қарамастан қой менешкіні жүйелі түрде тексеруден өткізеді. Инкубациялық кезеңі ұзақ және дәл уақытындаауру малдарды анықтайтын серологиялық немесебасқа да әдістердің солмауына байланысты аурудыңкеңінен таралу қауыпі ұлғаяды. Осығанбайланысты келесі шараларды жүргізу қажет:
1 ірі қара малдын кеміктөріздес энцефалопатиясына күдік болған жағдайларды міндетті түрде ауданның, каланың мемлекеттік аға ветеринариялық инспекторіне баяндауы тиіс;
2 ветеринариялық қызметкерлер ірі қара малдың кеміктәріздес эцефалопатиясына клиникалық белгілерін анықтай алу керек;
3 диагностикалық қызметтің Еуропалық комиссияның ғылыми ветеринаирялық комитеті дайындаған стандартталған тестерін қолдана отырып және ірі қара малдын кеміктәріздес энцефалопатиясын клиникалық белгілері ұқсас басқада аурулардан ажырата алатынын қамтамасыз ету;
4 аурудың негізгі берілу тетігі алиментарлық жол болғандықтан, ауру жұққан мал анықталған жерде, инфекцияның жемшөп арқылы берілуін тоқтату.
Сондықтан күйісті малдарды, жануарлардан алынған белокты азықтармен азықтандыруға тиым салынады. Мұндай шаралар зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды мал азығымен ауру қоздырушысының берілуінен қорғайды. Егер, күйісті малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерін, басқа жануарлардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерінен, өңдеу кезінде ажырату мүмкін болмаған жағдайда, Еуропалық одақ мемлекеттері қабылдағандай, жануарларды сүтқоректілер белогымен азықтандыруға тиым салу қажет. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясымен ластанбаған күйісті малдардың бас-сирақ, ішек- қарын өнімдері, ет-сүйек ұнын өндіру кезінде ірі қара малдын кеміктәріздес энцефалопатиясының қоздырғышымен, өнімдерді өндіру, тасымалдау, сақтау барысында ластанбаудын шараларын қарастыру қажет. Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығына байланысты, қоздырушының ірі қара мал арасында клиникалақ белгелері байқалмай ақ айналыста болуы мүмкін. Сондықтан, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы тіркелмеген елдерде, инфекция байқалмай қалып және басқа малдарға пато- генмен ластанған мал азығы арқылы берілуі мүмкін. Осыған байланысты бұл мемлекеттерде келесідей шарттарды сақтау қажет:
1 тәуекелдік факторының маңыздылығымен, яғни скрепидің барлығымен және таралуымен, жою әдістерімен немесе күйісті малдардың бас - сирақ, ішек - қарын өнімдерін өңдеу әдістерімен, күйісті малдардың белоктарының шығу тегін және оларды мал азығы рационына қосуын шектеу;
2 ет-сүйек ұнын өндіруде қолданылатын күйісті малдардың бас-сирақ, ішек- қарын өнімдерін өңдеу технологиясын катаң сақтауға.
Шекара мен көліктегі ветеринариялық қызмет импортталатын еттерге қатаң бақылау жүргізуді жүзеге асырулары тиіс. Күйісті малдардын ұшаларын, басымен, талағымен, тимусымен бірге әкелуге тиым салу.
Адам және күйісті малдарға ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының жұғу қауіпін азайту мақсатына әсер ететін, ағзаларға байланысты келесі мал өнімдерін пайдаланау тиіс: - ми, жұлын, көз, көмекей бездері, тимус, талақ, ішек, егер олар жасы 6 айдан үлкен малдардан алынған, сондай-ақ осы ағзалардан дайындалғанбелокты өнімдер болса және етті бөлшектеген кезде жүйке және сөл бездері ұлпаларының алынып тасталуынын кажеттілігі; - Женевада (1996 жылы сәуірде) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы келесідей нұсқаулар қабылдады:
1 барлық мемлекеттер ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы жұққан малды союды және қауіпсіз жоюды қамтамасыз етуге, өнімдерінің адамдар тамағынын тізбегіне кірмеуін және азық өнім-дерін өңдеу барысында қоздырғышты инактивациялауына толығымен көз жеткізудің қажетгілігі;
2 Парижде Халықаралык Эпизоотиялық Бюрода қабылданған нұсқамаларға сәйкес, ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының шығуын тіркеуге және ұзақ мерзімді бақылауға қоюды;
3 ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының бірді-екілі жағдайы байқалған мемлекеттер аурудың қоздырушының ластанған малдың ұлпаларының адам және малдарға азық дайындау өндірістеріне түспеуіне;
4) ұсақ күйісті малдардын ұлпаларынан мал азығын дайындауға тиым салуға. Ауру жануарларды оқшаулап, диеталық азықпен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етеді және симтоматикалық емдеу жүргізеді.
Ауыз қуыстарын 2 % сірке қышқылы қосылған таза сумен немесе 1:1000 перманганат калиймен, 1:5000 фурациллин ерітіндісімен жуады. 3ақымданған желіндерді, тұяқ арасын, бақайларын дезинфекциялық маймен немесе эмульсиялармен өндейді. Асқынған жағдайда хирургиялық өндеу жүргізеді. Мал қораларын, қолданылған құрал саймандарын, көліктерді, сонымен қатар эпизоотиялық аумақтардың ошағын 5 күнде 1 рет дезинфекциялайды, ал ауру және ауруға күдікті малдар тұрған кораларын (кұрал-саймандар, тұратын орындары) күнделікті дезинфекцияланады. Дезинфекциялау үшін 2 % натрий тұзы ыстық ерітіндісін пайдаланады. Ауру ошағында жұмыс істейтін жұмысшылардың киімдерін пароформалинді камерада залалсыздандырады. Қи биотермиялық әдіспен залалсыздандырылады. Жануарлар өлекселерін биотермиялық шұңқырларда залалсыздандырады. Лажсыз сойылған ауру және ауруға күдікті жануарлардан алынған ет жене ет өнімдері қаннатылғаннан кейін шектеусіз қолданылады. Аурудан таза емес шаруашылық субъектілерінен алынған сүт 76 °С температурада 15-20 секунд пастеризацияланады. Егер сүт зауыттары, сепараторлар немесе сүт қабылдайтын пункттер ортадан жүретін сүт тазалағыш пастеризациялық қондырғылармен жабдықталмаған жағдайда оларға келген сүт міндетті түрде 85 °С температурада 30 минут пастеризацнялану немесе 5 минут қайнатылу қажет.
4. Аурудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары
Аурудың алдын алудың негізі, ірі қара малға өлекселерді немесе күйістелердің қалдықтарын өңдеп дайындалған ет-сүйек ұнымен азықтандыруға тиым салу болып табылады.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына күдікті малдар өлтіріледі де өлексесі өртеледі.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының1 тармағына сәйкес ауру жұққан мал анықталған жағдайда, оны жойып, шаруашылыққа карантин қойылады. Сонан кейін шаруашылықтағы қалған барлық малды сойып ұшаларын және ішкі құрылыстарымен бірге өртейді.
Миын, қойылған диагнозды гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялықжәне вестерн блотинг әдістерімен дәлелдеугеқолданады.
Ауру малдарды анықтау үшін сояр алдындажасы 6 айдан асқан барлық ірі қара малды, жасынақарамастан қой мен ешкіні жүйелі түрде тексеруденөткізеді.
Инкубациялық кезеңі ұзақ және дәл уақытындаауру малдарды анықтайтын серологиялық немесебасқа да әдістердің болмауына байланыстыаурудың кеңінен таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты келесі шараларды жүргізу қажет:
1) ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына күдік болған жағдайларды міндетті түрде ауданның, қаланың мемлекеттік аға ветеринариялық инспекторіне баяндауы тиіс;
2) ветеринариялық қызметкерлер ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына клиникалық белгілерін анықтай алу керек;
3) диагностикалық қызметтің Еуропалық комиссияның ғылыми ветеринариялық комитеті дайындаған стандартталған тестерін қолдана отырып және ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясын клиникалық белгілері ұқсас басқа да аурулардан ажырата алатынын қамтамасыз ету;
4) аурудың негізгі берілу тетігі алиментарлық жол болғандықтан, ауру жұққан мал анықталған жерде, инфекцияның жемшөм арқылы берілуін тоқтату. Сондықтан күйісті малдарды, жануарлардан алынған белокты азықтармен азықтандыруға тиым салынады. Мұндай шаралар зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды; мал азығымен ауру қоздырушысының берілуінен қорғайды. Егер, күйісті малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерін, басқа жануарлардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерінен, өңдеу кезінде ажырату мүмкін болмаған жағдайда, Еуропалық одақ мемлекеттері қабылдағандай, жануарларды сүтқоректілер белогымен азықтандыруға тиым салу қажет.
Ірі қара малдың ластанбаған күйістімалдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдері, ет-сүйек ұнын өндіру кезінде ірі қара малдыңкеміктәріздес , өнімдерді өндіру, тасымалдау, сақтау барысында ластанбаудың шараларынқарастыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz