Адыраспан
1. Адыраспан . дәрілік өсімдік
2. Емдік қасиеттері
3.Өсімдіктің медицинада қолданылуы.
2. Емдік қасиеттері
3.Өсімдіктің медицинада қолданылуы.
АДЫРАСПАН-ДӘРІЛІК ӨСІМДІК
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы
аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін
кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша
байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің , оны танып білудің
маңызы зор.Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы
шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-
Әл Фараби,Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни,Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының
дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер
жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен Қазіргі кезде шөппен
емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол
үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел
халық нақылы “ Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады,” “Сенің денеңнің
қуаты-өсімдіктің шырынында” деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің
дәрігері Шин НонШындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара
бермейміз.
Емдік шөптер-үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін
арам шөптер.Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды
пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл
шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр”. “Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден
іздейік” “Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек...”Біздің тұрып жатқан
жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай
өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден-жолжелкен, қалақай, жусан,
жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия,
адыраспан. Мәдени өсімдіктерден-капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз,
жүгері т.б. Соның ішіне адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам.Халық емінде
адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің
қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан
тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде
емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі
ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш
өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды
бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу
алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге
дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май бар,
оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар
тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік
деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір – ақ түрі өседі. Ол –
кәдімгі адыраспа.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына
жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м – ге дейін
жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.
Сабағының ұзындығы 30-80 см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген,
кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті
өсімдік.
Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы
бекітілген.
Тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см
аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш
жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр ,
ұзындығы 3 – 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді,
шілде – тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі
бұтақтарында 150 – ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп
өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.
Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында
басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.
Өсімдікті дайындау. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және
тамыры пайдаланылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан
жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкеге
және ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл.
Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа өтіп
тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп , сосын
тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.
Өсімдіктің химиялық құрамы. Адыраспанның тұқымында 3,5 – 6 % алкалойд, 60%
гармалин , 30% гармин және аз мөлшерде гармалол , пеганин (вазицин) мен
дезоксивазицинон . Шөбінің құрамында 1,5-3% алкалоид, 60%пеганин және
вазицинон бар.Және де аз мөлшерде :пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин,
пеганол табылды.
Көп мөлшерде алкалоидты заттар бар, хиназалин мен индол. Тамырында 1,7 –
3,3 %, сабағында – 0,23- 3,57%, жапырағында- 1,07- 4,96%, гүлінде – 2,82%,
жемісінде 1,08%, тұқымында2,38- 4,59%.
Жас өсімдіктің тамырында алкалоидт зат 2 есе көп болады. Өсімдік өскен
сайын жер асты бөліміндегі апкалоидты заттың мөлшері азаяды. Алкалоидты
затты таза күйінде алу үшін бұл жағдайды ескеру керек.
Тұқымында болғыш зат және 14, 25 % майлы май болады.
Сақталу жолы: шикізатты салмағы 20 кг- нан аспайтын қапқа салады. Сақтау
мерзімі 2 жыл.
Өсімдіктің фармакологиялық құрамы. Адыраспан дәрісі ( препарат) қабыну
ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz