Педагогикадағы математикалық әдістер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Реферат
Тақырыбы: Педагогикадағы математикалық әдістер

Орындаған: Досмаганбетова М. С
ҚӘ-18-1 тобының 4-курс студенті
Тексерген: Рзаханова А. А

Қарағанды-2021 жыл
Жоспар

1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
2.1.Педагогикадағы математикалық әдістер тарихы
2.2.Педагогикадағы математикалық әдістер
3.Қортынды

Кіріспе

Педагогикалық құбылыстар мен үдерістерге математикалық статистиканың, ықтималдық теорияның әдістерін қолданудың өз ерекшеліктері бар.Болып жатқан педагогикалық үдерістерді, құбылыстарды кездейсоқ шамалар арқылы өлшеп, өңдеу әдістері зерттелу, даму үстінде.
Педагогикалық үдерістерді сипаттайтын кездейсоқтық шамалар арқылы ықтималдық заңдылықтарды айқындау мүмкіндігінің келешегі зор. Бірақ та статистикалық әдістерді педагогикада, дидактикада қолдану дәрежесі басқа ғылым салаларындағы қолдану деңгейіне әлі де жеткен жоқ. Соңғы кезде математиканың кейбір әдістері педагогикалық зерттеулерде қолданыла басталды.Педагогика ғылым саласы ретінде өте күрделі, құбылмалы, көпмүшелі шамалармен сипатталады.
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру.
Математикалық статистиканың негізінде шешімін тапқан проблемаға педагогикадағы статистикалық болжамдар жатады. Педагогикаға қатысты емес статистикалық болжамдар М. Дж. Кендалл, М. Стьюарт еңбектерінде қарастырылған.
Статистикалық әдісті педагогикада қолдану арнайы кәсіби бағытталған даярлықты қажет етеді. Мәселен, болашақ мұғалімдер Ықтималдық теорияны, Математикалық статистиканы оқып­үйренгенде, мәтіндері педагогикалық құбылыстармен байланыстырылмайды, мысал келтірілмейді.Статистика экономика саласында, әлеуметтік саласында, демография ғылымында кеңінен қолданылады, сондықтан Экономикалық статистика, Әлеуметтік статистика деген пәндер бар, орынды да. Педагогика және психология мамандықтары бойынша Математикалық әдісті психологияда қолдану деген пәні бар. Қолдану деңгейінен гөрі педагогикалық үдерістердің статистикасын, зерттеу пәні ретінде қарастырған заңды. Сондықтан, аты затына сай болу үшін, ұсынылып отырған құралды Педагогикалық зерттеулерде математикалық статистика әдістерін қолдану деп атадық.

Педагогикадағы математикалық әдістер тарихы

Математикалық статистиканың алғашқы ұғымдары ықтималдықтар теориясының негізін салған математиктер (Я.Бернулли, П.Лаплас, С.Пуассон) шығармаларында кездеседі. Математикалық статистикамен алғаш шұғылданған ресей ғалымы Б.Я. Буняковский математикалық статистиканы демография мен қауіпсіздендіру мәселелеріне қолданды. Математикалық статистиканың өркендеуіне 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында ықтималдықтар теориясының классикалық орыс мектебі үлкен үлес қосты (П.Л. Чебышев, А.А. Марков, А.М. Ляпунов, С.Н. Бернштейн). Қазақстанда Қ.Бектаев ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін ақпараттық жолмен ұтымды қолдана білді.
Статистика (status) - қал-жай, күй деген мағынаны білдіреді. Статистика сандық мәліметтерден, оны өңдеумен және таратумен шұғылданатын ғылым саласы.
Математикалық әдістерге қызығушылық жиырмасыншы ғасырдың ортасында күшейді. Бұған себеп, математика мен техникалық ғылымдардың дамуы қатты өріс алған жағдай болды. Әсіресе информациялық теориялар, алгоритмдер теориясы, кибернетика мен жүйелер теориясы дамып, олардың әсері басқа ғылымдарға да тиді.
Бірақ табиғаты әр түрлі нысандардың статистикалық мәліметтерін бірге қарастыруға болмайды. Соның нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық статистика, статистикалық физика, жұлдыздар астрономиясы, т.б. дербес ғылым салалары қалыптасқан.

Педагогикадағы математикалық әдістер

Математикалық статистика -- математиканың бір саласы, бақылау немесе өлшеу арқылы анықталып, сандар түрінде тізілген деректерді жүйеге келтіру, өңдеу және солар бойынша тиісті ғылыми және практикалық қорытындылар шығару жайындағы ғылым. Байқалған құбылыстар, өлшеу жұмыстары немесе арнайы жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері ретінде табылған сандар жиындарының белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын элементтерінің сандары статистикалық деректер деп аталады.
Математикалық статистикалық деректер жиындағы әрбір элементтің жеке қасиеттерін сипаттамайды, олар бір топқа жататын бірнеше элементті бірге қамтиды. Әдетте статистикалық деректер жолдар мен бағаналарға бөлініп, реттеліп жазылады. Олардың негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу әдісі статистикалық әдіс деп аталады. Ол ғылым салаларының барлығында қолданылады. Математикалық статистиканың әдістері аса маңызды параметрлері белгісіз немесе оларды жеткілікті дәлдікпен бақылауға болмайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Әлеуметтік - педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері
Педагогикалық тәжірибенің зерттеу әдісі
Педагогикадағы математикалық әдістер оқу пәні ретінде
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Педагогикалық зерттеулер түрлері
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру
Педагогиканың әдістемелік негіздері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Пәндер