Қазақ прозасының зерттелуі


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. ГOCТ 7. 0 - 99. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі Ақпараттық - библиография, кітапханалық іс. Teрминдeр мeн aнықтaмaлap.
2. ГOCТ 7. 1 - 2003. Баспаханaлық жұмыс және кітапханалық, ақпараттық стандарттар жүйесі. Кітапханалық жазба. Библиографиялық сипаттама. Дұрыс құрылысы мен жалпы талап.
3. ГОСТ 7. 5 - 98. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Журналдар, жинақтар, ақпараттық баспа. Жарияланған мақалалардың рәсімделуі.
4. ГOCT 7. 9 - 95. Кітапхaнaлық және бaспa ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Рефераттар мен аннотация. Жалпы талап.
5. ГОСТ 7. 32 - 2001. Кітапханалық және баспа ісі, ақпараттық стандарттар жүйесі. Ғылыми жұмыс бойынша есеп. Құрылысы мен дұрыс рәсімделуі.
И 1 ИУС № 6-2005 22. 06. 2005
И П ИУС № 5-2002 01. 05. 2002
6. СТРК ИСО 690-2-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Библиографиялық сілтемелер. Электрондық құжаттар және олардың бөлімдері.
7. СТРК ИСО 5127-2007. Ақпараттар мен құжаттар. Сөздік.
8. СМЖ ОҚМУ ПР 7. 04 - 2015. ОҚУ САБАҚТАРЫ - сабақ мазмұны мен өтудің жалпы талаптары мен ұйымдастырылуы.
АНЫҚТАМАЛАР
ӘДЕБИ МҰРА - бұрынғы уақыттарда жасалған әдеби шығармалар жиыны. Әдеби мұра белгілі бір шығармашылық иесіне, яки белгілі бір дәуір әдебиетіне қатысты болуы ықтимал.
ӘДЕБИ ПРОЦЕСС - бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
БЕЙНЕЛІЛІК - әдеби шығармада өмір құбылыстарының көркем образдар жүйесіне айналуы.
ИДЕЯ - әдеби шығармада бейнеленген мәселелер арқылы алға тартылатын ой-пікірлер.
ОБРАЗ - көркем бейне, әдебиеттегі суреттілік, болмысты өнерде көркемдік тұрғыда сөзбен сурттеп жазу.
КӨРКЕМДІК ТӘСІЛ - өз туындысында көздеген мақсатына орай, әдеби шығармашылық иесінің іріктей пайдаланған бейнелеу құралдарының жүйесі.
СУРЕТКЕРЛІК - өнерде, әдебиетте өмір көріністерін шындық аясында суретке айналдыра бейнелеу шеберлігі.
ПРОТОТИП - көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде бар түп тұлғасы.
ПРОЗА (лат. prōsa ) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман)
РОМАН (11-12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) - күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.
МОТИВ (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет.
ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМА - халықтың бастан өткерген тарихи оқиғаларын немесе тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерін бейнелейтін көлемді поэзиялық туынды.
КІРІСПЕ
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т. б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М. Сервантес, Д. Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Жұмыстың өзектілігі. Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан - коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т. б. әңгімелері, М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т. б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының алға қойған негізгі мақсаты қазақ прозасындағы көркемдік ерекшеліктер мен даму бағыттарын айқындау, қазақ прозасындағы алғашқы шығармалар мен кейінгі шығармаларды салыстыра зерттеу, қазіргі заман прозасына да шолу мен талдаулар жасау.
Зерттеу әдістері. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысында тілдік деректерді жинақтау, топтастыру, жүйелеу, ғылыми тұжырымдар мен пікірлерді салыстыру тұрғысынан сипаттау, компоненттік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы. Ұсынылып отырған зерттеу қорытындылары мен тұжырымдарын, қазіргі қазақ әдебиеті пәні бойынша оқытылатын теориялық және тәжірибелік дәрістер мен арнайы курстар және арнайы семинарларда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бір тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚТЫҢ КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Қазақ прозасының типологиялық мәселелері
Қазақ əдебиетінде проза жанрының қалыптасып, дамуындағы ұлттық поэтикалық дəстүрдің рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Көркем сөз қолданысында өлең сөз жүйесіне бірнеше ғасырлар бойы басымдық беріп келген əдебиетіміз проза жанрының қалыптасуына алғышарттар жасады. Сондай-ақ əдебиеттегі жаңа форманың жетілуіне сыртқы əсер, басқа елдердегі реалистік проза дəстүрінің де орнын ескеруіміз қажет. Сырттан келетін əдеби ықпалдарды сөз еткенде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап ұлттық сөз өнеріндегі шығыстық дəстүр анағұрлым бəсең тартып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап қана көзге шалынатын болды.
«Қазақ əдебиетін зерттеушілер ұлттық проза жанрларының түп негіздерін халық ауыз əдебиетінің мұралары: лиро-эпикалық дастандардан, қиссалар мен аңыздардан, жыраулар шығармашылығының басты жанры - толғаулардан, шежірелерден т. б. іздейді» [1, 12] . Мұндай əдістеме қазақ əдебиеттануында əбден орнығып, ол арқылы бірнеше ғылыми жетістіктерге қол жеткізе алдық. Халық мұраларының прозалық үлгілерін қарастырып, оның өзіндік көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін ашқан С. Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» (1984), қазақ романының жанрлық тамырларын зерттеуде ежелгі мифтер мен фольклордан бастап жазба əдебиетіне дейін қарастыру жүйесін əкелген Ш. Елеукеновтің «От фольклора до романа-эпопеи» (1987) сияқты монографиялық еңбектері біршама көкейкесті мəселелерді шешіп, ең маңыздысы, бұл тараптағы болашақ ізденіс бағдарларын айқындап берді.
Б. Шалабаевтың «Қазақ прозасының тарихында» (1968) да ұлттық проза жанрларын фольклорлық мұралармен байланыстыруды кездестіреміз. ХХ ғасыр басындағы адам санасы мен өмірдің күрделенген қайшылықтарына дендеу үшін қазақ əдебиетінің жанрлық репертуарында роман басымдыққа ие болғаны аян. Ш. Елеукенов «Неліктен роман? Неге өлең емес? Неге эпикалық поэма емес? Неге мысал емес?» деген сұрақ қоя отырып, «бүтін бір дəуірдің идеясын бойына сыйғыза алатын, ол дəуірдегі қаһармандық пен күнделікті өмір ағысын, комедиясы мен трагедиясын, саясаты мен философиясын, сол дəуір адамының жан дүниесінің қозғалысы, аңсары мен əрекетін бейнелеуде» романдық форманың үстемдігі қазақ əдебиетінің жаңа, жоғарғы сатысы деп табады» [2; 98] . Жəне қазақ романының пайда болуына басқа əдебиеттерде де кезесетін мынадай нақты жағдайлар себеп болды дейді: «1) Өмірдің өзінде де түбегейлі өзгерістер қажет екенін сезіну пайда болды. 2) Ол қажеттіліктерді таныту үшін əдебиет өз дəуірінің тақырыптарына қарай ұмтылды. 3) Дəуір ұсынған тақырыптарды бейнелеу үшін дəуір мəселелерін тұтастай қамтитын, яғни саясатты да, философияны да, моральды да, психологияны да, қысқасы, адамның немен өмір сүретінін, немен тыныстайтынын түгел біріктіре алатын жаңа баяндау формалары керек еді. 4) Құндылықтарды қайта бағалауда өзінің айрықша мүмкіндігін дəлелдеген жаңа дəуірге лайықты эпос жанры, яғни роман, қажет болды» [1; 108, 109] .
Қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды - “Бақытсыз Жамал”. “Бақытсыз Жамал” романы туралы алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов: “Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты”, - деді. Негізгі сюжет желісі басты кейіпкер Жамал тағдырымен сабақтас өрбіп отырады. Шығарма оның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықтағы негізгі белестерін қамтиды. Әкесі Сәрсенбайдың мойнына бұршақ салып, құдайдан жалбарынып сұрап алған баласы. Шешесі Шолпан әкесінің бір перзентке зар болып жүріп үйленген екінші әйелі. Қиын-қыстау кезеңде қызы үшін шырылдап отқа түсетін осы байғұс ана.
С. Көбеев 1878-1956 ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің бірі. Қаламгер жазушылық және ұстаздық қызметпен қатар айналысқан. Негізінде жазушылық қызметіне ұстаздық еңбегіне қажетті тәрбие құралы ретінде қараған. “Қалың мал” романына дейін жарық көрген “Үлгілі тәржіма”, “Үлгілі бала” кітаптары осы мақсаттан туындаған шығармалар еді. Бұл кітаптардың балалар әдебиетіне қосар үлесі мол. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі. Бүгінгі күндері дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі көркем дүниелері бар. Қазақ прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған, әр түрлі идеялық көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулин «Жер қазғандар», «Тар жол тайғақ кешу» романы, Б. Майлиннің «Раушан коммунист», «Қадыр түнгі керемет», М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім» шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқыны, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің ұлттық қорына қосылатын классикалық алтын үлгілер болып саналады.
Ұлттық топырақта пайда болған əрбір жаңа жанрдың сол ұлт өнерінің даму логикасынан шығарып барып əлемдік көркемдік өріспен сабақтастыру - ең өнікті, əрі дұрыс жол. Ш. Елеукенов еңбегінде қазақ əдебиетіндегі жанрлық-стильдік құрылымдар өзгерісіндегі сыртқы əсерлер, басқа əдебиеттердің орны жоққа шығарылмайды. Əсіресе ғалымның ұлт əдебиетіндегі өмір құбылыстарын бейнелеу ұстанымдары мен дəстүрлі жанрлардың ауқымының кеңеюінде əдеби аударманың рөлін өте орынды бағалайды. Расында да, əдебиетімізде сонет, элегия, мысал, романтикалық поэма, шағын эпистолярлық роман сияқты жанрлық формалардың көрініс беруі - қазақ суреткерлерінің ұлттық таным мен талғамды ескере отырып жасаған талантты аудармаларының нəтижесі. Абайдың төл шығармаларымен қатар, аудармалары романдық сюжет, романға тəн психологиялық жəне əлеуметтік талдау қалыптастырудағы орны орасан.
Орыс классикалық мұраларынан бұрын əжептəуір мөлшерде аударылған шығыс поэзиясының туындылары болғанымен, олардың жаңа ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде жанрлық құрылымдар түзудегі ізі бірте-бірте көмескілене бергені де ғалымдар назарынан сырт қалған емес. Мұны ұлттық əдебиеттің еуропалануы деп тануға əсте болмайды. Қайта қазақ əдебиетінің өзіндік заңдылықтарына сəйкес жаңа мазмұндық-формалық ізденістерге бой ұрғаны деп қабылдаған жөн. Жаңа фазаға көтерілген көркемдік таным мен көркемдік ойлау осыны қажетсінді.
Қазақ əдебиеттануында жан-жақты қарастырыла бастаған бұл мəселені идеологиялық талап-шарттардан тыс, еліміз тəуелсіздік алған жылдары зерттеген А. Исмақова еңбегі толымды болып шығуы заңды. Өйткені бұрынғы зерттеулерде ашық талдауға болмаған қазақ романының қарлығашы - «Бақытсыз Жамал» мен Шəкəрімнің өзгеше қырын танытқан «Əділ-Мəриясынсыз», М. Жұмабаевтың классикалық əңгіме жанрының бүкіл шарттары сақталған, прозаның күрделі формаларының қалыптасып кетуіне алабөтен серпін берген «Шолпанның күнасынсыз», Ж. Аймауытовтың əңгімелері, повесі, ұлттық прозаның жаңа эстетикалық сапасы - «Қартқожасы» мен «Ақбілегінсіз» біздегі проза жанрларының даму тенденциясын толық айқындап шығу мүмкін емес еді. Сонымен қатар аталған еңбекте ауыз əдебиеті жанрларының роман құрылымын түзуге қандай компоненттер бере алғандығы, əр жанрдың қандай мазмұндық-түрлік үлес қосқандығы туралы нақты мақсатты көзделген.
Тағы бір айта кетерлігі - қазақ кəсіби прозасы мен романының қалыптасуына орыстың реалистік прозасы, ол арқылы келген батыстық əдебиеттің жоққа шығаруға болмайтын ықпалының қаншалықты деңгейде болғандығына көңіл аударылуы. Зерттеушінің бағамдауынша, «орыстың реалистік романы қазақ ауыз əдебиетінің эпикалық мұраларына дем берушілік роль ғана атқарды. Егер əдебиеттерде жанр дəстүрінің «тектік» жəне «түрлік» негіздерін жинақтау үдерісі жүріп жатпағанда роман бұлай тез орнығып қаламас еді» [3, 117] .
Бұл салада осыншалық ауқымды істер атқарылғанына қарамастан, ұлттық проза жанрларының қалыптасуында басқа да қосымша факторлардың бар екендігі мəселені əрі қарай үдете түсуге жетелейді.
Адамзат архаикалық-ұжымдық, фольклорлық-поэтикалық ойлаудан авторлық ойға, жеке сана көріністеріне дейінгі динамикалық даму жолында бірнеше сатылардан өтуі арқылы көркемдік танымның ең күрделі формаларына қол жеткізе алды. Əлемдік əдебиеттің тарихи даму жолында өзіндік орын алатын қазақ əдебиеті де рухани өркендеудің адам баласы жүріп өткен белестерін бағындыра отырып, көркемдік дамудың биік сатысына көтерілді. Барша əдебиеттерге тəн ортақ заңдылықтар сырын игере алу мен өзіндік ұлттық ерекшелігін нығайту арқылы көркемдік-идеялық жаңа сапа танытудың жарқын мысалы - ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. ХХ ғасырда қазақ əдебиетінің эстетикалық құрылымы мен жанрлық жүйелеріне шешуші өзгерістер келді. Əсіресе қуатты қарқын таныта бастаған проза батыл түрде жаңа тəжірибелер жасай берді. Бұл ұлттық прозадағы көркемдік əдістердің күрделенуінен, жаңа əдеби ағымдардың орын тебуінен де айқындалады.
Əдебиеттің жедел дамуының ерекшелігі мұнда ұлт пен халық адамзат мыңжылдықтар бойы жинап-терген, бойына сіңірген немесе ғасырлар бойғы ізденіс пен көркемдік кемелдікке ұмтылысы нəтижесінде жасаған мəдени-рухани айналымға кіріп, бірден араласып кетеді. Осы жерде ұлттық əдебиет өзінің жүріп өткен жолы мен өз тарихында жасалған рухани құндылықтарға қайтадан қайырылып, оларға баға беруге, əлдебір тұтастық ретіндегі адам баласының қол жеткізген қазіргі əлемнің жағдайымен өзінің сəйкесетін, сəйкеспейтін тұстарын салыстыра бажайлауға мүмкіндік алады. Дамудың жаңа сапалық кезеңіне бірден көтерілгенде ұлттық сана ерекше өзгеріске түседі. Оның алдынан əлемнің барша халықтары жинаған қазыналар ашылады. Тек қана руханият саласында ғана емес, ғылым мен техника саласындағы жаңалықтар, материалдық құндылықтар, моральдық-этикалық нормалар, сан түрлі қоғамдық-саяси модельдер т. б. тарихымен бетпе-бет келді.
Қандай да бір ұлттың əдебиеті дүниені көркемдік таным арқылы қабылдау тарихының ұзақ жолында басқа елдердің үздік тəжірибелерін бойына сіңіру арқылы ол халықтар жүріп өткен мəдени-рухани сатылардың ерекшеліктерін қажетінше қабылдайды. Мұнда аударма-шығармалардың атқаратын рөлі де орасан. Олай дейтін себебіміз, ХIХ ғасырдағы аудармалармен бірге бізге əлем классиктерінің ағартушылық-гуманистік, демократияшыл көзқарастарымен қоса, адамзаттың антикалық, ортағасырлық, реннесанстық, жаңа дəуірлік таным-бағыттары келді. Бұл тұрғыда Шығыс, Батыс, орыс мəдениеті жəне философиясымен байланысы анағұрлым кең түрде көрінетін Шəкəрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны айрықша ілгерішіл құбылыс болды. Шəкəрім Батыс пен Шығыстың дүниетаным негіздерін терең меңгере отырып, ұлттық ерекшеліктерге сай шығыстық, батыстық көркемдік таным формаларын поэтикалық интерпретациялау арқылы қазақ əдебиетіне орнықтыруға күш салды. Ол Гомерді оқуы арқылы ежелгі грек, римдік жəдігерлермен, Байронды зерттеу арқылы романтизм дəуірінің эстетикасын, Абай ықпалымен Гетені тану арқылы жаңа дəуірдің көркемдік ұстанымдарын, А. Пушкин, Л. Толстой сынды əлемге мəшһүр болып үлгерген замандастарының гуманистік идеяларын жаңа сапада қалыптаса бастаған жазба əдебиетінің көркемдік қабаттарына сіңіруге тырысты. Қысқасын айтқанда, «Шəкəрімнің көркемдік əлемі - аса қуатты ұлттық негіз бен батыстық, шығыстық мəдениеттердің тоғысындағы күрделі поэтикалық құрылым. Суреткердің көркемдік-философиялық таным қырларын немістің классикалық философиясы, Батыстағы ортағасырлық жəне Қайта өрлеу əдебиеті, ағартушылары мен романтиктері еңбектері негізінде ақын болып қалыптасқан Гете поэзиясымен үндестіктерді саралай бастауымыз да соның айғағы» [4, 37] .
Ойшыл суреткер Шәкәрімнің шет елдің озық рухани мұраларын мақсатты түрде зерттеп-игеруі, олардағы соны тəжірибелерді ұлттың көркем ой дамуына сəйкестендіре пайдалануға деген ұмтылысы бірнеше аудармалар жасауға мұрындық болып, ХIХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің жедел дамуына тың серпіндер берді. Шығыстың «Лəйлі-Мəжнүн», Қожа Хафиздің жырларымен қатар, Л. Толстойдың «Ассирия патшасы Асархадон», «Үш сауал» т. б. əңгімелерін, А. Пушкиннің «Дубровскийі» мен «Боранын», американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» романын аудару арқылы ұлттық əдебиеттің рухани байланыс көкжиегін кеңітті. Суреткердің аудармаларын əдеби-эстетикалық құбылыс ретінде ашып көрсетуге қатысты біршама зерттеулер жазылғандықтан, олардағы тұжырым-пікірлердің ғылыми маңызына тоқталмаймыз. Біздің айтпағымыз, Шəкəрімнің өзге елдердің прозалық шығармаларын аударуға ден қоюы қазақ сөз өнерінің басқа сатысына аяқ басуына, көркемдік таным аясының кеңеюіне аса маңызды бетбұрыс болғандығы. Прозалық шығармаларды аударудың тəжірибесі толық қалыптаспаған кезеңде Ы. Алтынсарин мен Ш. Құдайбердіұлының мұндай қадамдарға баруы, біріншіден, ұлттың тарихи дамуы барысында қалыптасқан жағдайлар мен күрделі құбылыстарды бейнелеуде лайықты пішін іздеуінен. Екіншіден, ұлттық əдебиет өзінің ішкі заңдылықтары негізінде прозаға дейінгі жанрлық түрленудің қажетті сатыларынан өтіп, проза жанрын игеруге дайын жаңа деңгейіне көтерілді. Сондықтан да Шəкəрім аудармаларының тым-тым еркіндігін де əрқилы түсіндіріп келеміз. Б. Əбдіғазиұлы: «Шəкəрімнің аудармашылық өнері өзгеге ұқсай бермейтін, классикалық тəржіма аясынан асып кетіп жататынын», -айтса [5, 121], Ө. Күмісбаев: « . . . Ш. Құдайбердиев жазған «Дубровский əңгімесі» Пушкин повесінің аудармасы емес, оның қайта қазақша өлеңмен жырланған формасы, қазақ ортасына лайықталған нұсқасы. Пушкин прозасының өлеңмен берілген түрі, повестің дастанға айналуы», - деген ойын алға тартады. Əрине, Шəкəрім Л. Толстойдан кейбір қысқа əңгімелерді болмаса, А. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» сынды күрделі прозалық үлгілерін қара сөзбен аударған жоқ. Бұл шығармалардың кең насихатталуына қазақ ортасында прозаның əлі қарқынды үрдіс алмағандығы жалпыға түсінікті болса керек. Екінші жағынан алып қарағанда, өзінің прозалық төл шығармаларын жазу алдындағы күрделі дайындық кезеңі болғанына дау жоқ. Өйткені оның аудармалары жарық көрген уақытынан əлдеқайда бұрын жазылды. Шəкəрімнің қара сөзбен жазылған тарихи-философиялық трактаттары мен мақалаларынан басқа «Бəйшешек бақшасы» атты қысқа əңгімелер топтамасы, «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» т. б. əңгімелері, «Əділ-Мəрия» романы дəстүрлі Шығыс пен əдеби алмасулар нығайып келе жатқан Еуропа эстетикасының ұлтттық топырақта, ұлттық танымға сай синтезделуінен туған өзгеше сипаттағы дүниелер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz