Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Білім беруді жалғастыру факультеті

Тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын оқытуда оқушылардың қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау әдістері

Орындаған: Советханов Ә.М.
Топ: МФЗ-001
Тексерген: Желдыбаева Б.С..

Семей, 2021

Жоспар :
І. Теориялық бөлім:
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері.
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс тәсілдері.
ІІ.Практикалық бөлім.
Жылулық құбылыстар тарауындағы Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару тақырыбына қалыптастырушы бағалау үлгісі.
Кері байланыс беру түрлері мен маңызы.
Қорытынды.

Теориялық бөлім.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.
Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
Қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда төменде берілген қалыптастырушы бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн.
І. Қорытындылау үшін немесе сұрақтар үшін үлестірмелер тарату
1 бетінде: Өтілген материал (тарау, тақырып) негізгі идеясын атаңыз және қорытындылаңыз.
2 бетінде: Өтілген материалдардан сізге не түсініксіз болғанын анықтаңыз және сұрағыңызды ойластырыңыз.
Мұғалім екі жағында тапсырма жазылған үлестірмелерді жиі пайдалануына болады.
ІІ. Қолмен белгі беру
Түсінемін және түсіндіріп бере аламын (Бас бармағын жоғары көтеру арқылы)
Мен әлі түсіне алмай отырмын (Бас бармағын жанына қарату арқылы)
Мен әлі сенімді емеспін (Қолын бұлғау арқылы)
ІІІ. Тест түрлері
Мини тест (Бір дұрыс жауабы болады)
Элективті тест (Оқушылар А,В,С,Д карточкаларын көтеру арқылы)
Формативті тест (шағын топта отырып талқылау арқылы жауап беру)
Тұжырымдар беру (иә, жоқ деп бір сөзбен жауап беру)
Сонымен қатар тесттерді оқушылардың өздеріне де құрғызуға болады.
ІV. Формативті сұрау және пәндік тіл қалыптастыру
Таныстырылым, бейнефильм, диаграмма, кесте, сурет, рольдік және іскерлік ойын, мәтінді талдау, ақпараттық графика әдісі, т.б. жұмыстардан кейін мұғалім Неге? Не себепті? Не үшін? деген сияқты сұрақтар бере отырып, оқушыға көмекші сөз тіркесін ұсынып отыруы тиіс.
Мысалы: Тақырыптың негізгі идеясы (принципі, үрдісі) болып ... ... .табылады. Себебі ... ... ... Менің ойымша ... ... ... ... ... .. Зерттеулер нәтижесінде мен ... ... ... ... ... ... ... қорытындыға келдім.
Физика пәнінде жұптық, топтық жұмыстар мен белсенді оқыту әдістері табиғат құбылыcтары мен заңдылықтарды cабақ барысында оқушылармен зерделеу, зерттеу жұмыcтарын жүргізуге, әрі қызығушылығын оятып, болашаққа болжам жаcауына, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына т.б. мүмкіндіктер береді.
Тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Өзін-өзі бағалау - өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Қалыптастырушы бағалау техникасы
Критериалды бағалаудың құрылымы
Қалыптастырушы бағалауды өткізудің тәртібі
Қазақстан білім беру мазмұнын жаңартудың алғы шарттарымен танысып, білу. Жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын түсіну
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері
Критериалды бағалау технологиясы
Пәндер