Ауызша аударма



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педагогика факультеті
Ағылшын тілі және ОӘ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Аударма теориясы
Мамандығы: 5В020700 "Аударма ісі"

Жазбаша аударманың сапасын бағалау критерийлері

Орындаушы: Бекибаева Л.Е.

АПК-81 тобы

Жетекші: Боргуль Н.М.

Көкшетау 2020

Жазбаша аударманың сапасын бағалау критерийлері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Жазбаша аударманың теориялық негіздері
1.1 Жазбаша аударманың мәні, жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Жазбаша аударманы бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Жазбаша аударманы бағалау принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. Жазбаша аударманың сапасын бағалау критерийлерін талдау
2.1 Аударманы бағалау критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Сапалы жазбаша аударманың басты критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Техникалық аударма сапасын бағалау критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Сала бойынша жазбаша аудару критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жер шарын мекендеген мыңдаған халықтардың түрлі тілде сөйлеу факті, сонымен қатар, күн өткен сайын өсіп келе жатқан мәдениетаралық коммуникация аударма ісін күнделікті қажеттілікке айналдырып отыр. Аударма әрі көне, әрі жаңа өнер. Аударманы өнер деп атаудың өзі де оның мәдени әлеуетінен хабардар еткендей. Ал сол аударма барысында орын алатын мәдениеттер сұхбаты өркениеттілік болмыс-бітімнің өзіндік ерекшелігін сомдайды. Ендеше, аударманы зерделеу - оны өз еншісіне айналдырған тілтанудың, әдебиеттанудың ғана жеке ісі емес, мәдениеттану сынды әмбебап әрі пәнаралық ғылымның да ортақ ісі болмақ.
Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем-әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. "Прозадағы аудармашы - құл, ал поэзиядағы аудармашы - қосавтор" деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады.
Аударма - құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған көрінісі болады, өйткені біз фактінің бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық "адалдықтың" шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.
Аударманың анықтамаларынан аудармашы тұлғасын да жалпы түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы - ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған, екіжақты Янус секілді, екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.
Жазбаша аударма мен ілеспе аударма жасау аудармашыға эмоциялық тұрғыдан екі түрлі әсер етеді. Мәтін аудармашыға белгісіз жағдайларда жазылғандықтан, оның аудармашыға эмоциялық тұрғыдан түсіретін салмағы онша көп болмайды. Ілеспе аударма жасау барысында аудармашыға жиынның атмосферасы тікелей әсер етеді. Ілеспе аудармашы шешеннің қалыбына кіреді: сол болып сөйлейді, пікірді сол болып дәлелдеп, сол болып дауласады.
Жазбаша мәтін мен ақпаратты қабылдау кезеңдерінің ерекшеліктері бар. Жазбаша аудармада бұл кезең кем дегенде екі фазадан тұрады.
1) аудармаға дейінгі қабылдау: мәтінді бірінші (екінші...) рет оқу барысында, аудармашы шығармаға терең бойлап, оны сезінуге тырысатын фаза;
2) аудармалық қабылдау: аудару сәтінде нақты сөздерді, сөйлемдерді қабылдайтын фаза.
Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын тағылар...) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі өзі сол қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық ізденістер шекарасында - мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар.
Аударма ауызша аударма және жазбаша аударма болып екі түрде жүзеге асады. Ағылшын және көптеген басқа еуропалық тілдерде мұндай аударма түрлері екі түрлі сөзбен беріледі. Ағылшынша жазбаша аударатын аудармашыны - translator, ауызша аударатын тәржімешіні - interpreter дейді. Алайда ауызша және жазбаша аударманың түпнегізі ортақ, өйткені бұл аударма түрлерін бір-бірімен байланыстыратын қарым-қатынастық мақсат бар.
Іс жүзінде ауызша және жазбаша аударманы бірдей меңгерген немесе аударманың бір түрімен ғана айналысатын аудармашылар да кездеседі. Ол жазбаша аударма (көркем, техникалық және т.б.) немесе ауызша (ілеспе, ізбе-із) аударма болуы мүмкін.
Сонымен, аударма - мәдени құбылыс. Мәдениетті кең философиялық тұрғыдан адами болмыс нәтижесі деп анықтаймыз. Адами болмыс дегеніміз не? Ол - уақытқа тәуелді шексіз көп түрөзгерістерді басынан кешірген пенденің өзін-өзі қалыптастыру процесі. Адами болмыс қашанда мүмкіншілікті болмыс, ықтималдылық процесс.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жазбаша аударманың сапасын бағалау критерийлерін зерттеу.
Жұмысқа қойлған мақсатқа сәйкес, мынадай міндеттер көзделді:
- Жазбаша аударманың теориялық негіздерін зерттеу;
- Жазбаша аударманың сапасын бағалау критерийлерін талдау;
- Сапалы жазбаша аударманың басты критерийлерін зерттеу;
- Техникалық аударма сапасын бағалау критерийлерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Жазбаша аударманың теориялық негіздері

1.1 Жазбаша аударманың мәні, жасалуы

Жазбаша аударма - бір тілде, жүйеде және басқа тіл құралдарымен жасалған хабарламаны (ақпаратты) жазбаша беру. Жазбаша аударма әдетте түпнұсқаның жазбаша мәтінінен жасалады. Ауызша үйлесімсіздіктен, аударылатын ақпаратты ұсыну мерзімін кейінге қалдыруға байланысты одан әрі ойластыру және редакциялау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Жазбаша аударма әдетте мәтіннен бір тілге, ауызша сөйлеуден сирек жасалады (туыс емес тілде қабылданатын сөйлеуді конспектілеу және ана тіліндегіден төмен жазу дағдысы жағдайында).
Егер жазбаша аударма ана тілінен біртүрлі емес тілге жасалса, онда интерференциялық қателердің көп саны болуы мүмкін және ол үлкен күш-жігерді талап етеді; егер қарама - қарсы бағытта-аударманың сөйлеуді қабылдау қателері мүмкіндігінен барабар болмау қаупі туындайды. Ауызша сөйлеудің жазбаша аудармасы жиі алдын ала сипатқа ие: ауызша аудармашы, мысалы., содан кейін тыңдаушыларға Ауызша аударма беру үшін қысқа жазба жазбаларын жасайды (егер аударылатын сөз ұзақ болса; немесе ол содан кейін оларды өңдеу үшін жазба жасайды).
Мәтінді көптеген әлем тілдерінен аудару бір ортақ ерекшелікке ие болады. Мысалы, ағылшын және неміс тілдерінің орыс тіліне қарағанда сыйымды болуына орай, олардың орыс тіліне жазбаша аудармасы түпнұсқалық мәтінге қарағанда біршама ұзындау болып көрінеді.
Дәл сол себептен біздің компанияда жазбаша аударма бойынша жұмыстардың көлемін екі рет бағалау қабылданған. Алдымен, аударуға дейін - алдын-ала және ақырғы емес түрде. Және аударудан кейін - ақырғы рет және тұжырымды түрде.
Аударма мен түпнұсқалық мәтіннің бір бетінің есебі MS Word статистикасы бойынша бос жерлерімен 1800 белгі есебінен жүргізіледі.
Жазбаша аудармашының қолында түпнұсқа мәтін тұтастай болады, бұл оның жұмысын жеңілдететін фактор. Аудармаға кірісуден бұрын түпнұсқаның мазмұнымен танысып алу, тұтас мәтіннің құрылымын зерттеу, талдау, мүмкіндігі бар. Ілеспе аудармада сөйленетін сөз сол жерде туындайды және айтылған сәтте жоғалып кетеді, бұл ретте аудармашы өзінің есте сақтау қабілетіне ғана сене алады, сөйленетін сөзді зерттеп, талдау мүмкіндігі жоқ.
Үйде оқыту методикасына байланысты мынадай өлең жолдарын пайдалануға болады:
Му heart in the Highlands)) атты туған жер туралы өленді мәнерлеп оқу.

My hearts in the Highlands, my heart is not here;
My hearts in the highlands a-chasing the deer
A chasing the wild deer and fall,wing the roe;
My hearts in the Highlands wherever
I go-Farewell to the Highlands, farewell to the North,
The birthplace of valour, the country of worth;
Wherever I wander, wherever I rove;
The hills of the Highlands forever I love.
Осыдан кейін үйге берілген өлең жолдарын мынадай жолдармен түсіндіру керек. Осы өлең не жайлы? не туралы? қай жазушының өлеңі деген сұрақтар қою керек. Сыныптағы оқушылардың бірі не жайлы екендігін, енді біреулері кейбір жолдарына түсінгендерін айтты. Өлеңнің мазмұны ақынның туған өлкесімен оның табиғаты жайлы екендігіне тоқталу керек. Одан соң туған жерлері, ауылы жайлы шығармашылық жұмыстар жасау үшін сыеынты үш топқа бөлу керек.
Бірінші топ ауыл, екінші топ село, үшінші топ village.
Мағынаны тану бөлімінде осы үш топ үш тілде топтастыру әдісі бойынша жұмыс жасады.
1-топ. Ауыл 2-топ. Село 3-Ton.
Village
Оқушылардың ағылшын орыс тілінде еркін, таза сөйлеуімен қатар өз ана тілінде ойын көркем шеберлікпен жеткізуін қалыптастыру мақсатында Ауыл - алтын бесік тақырыбында әр топ өз тілінде суретке қарап мәтін құрастырады.

1-топ Менің ауылым
Ала бұлттар араласып шыққан күн келбеті, туған ауылымды әсем етіп, жаныма толғаныс беріп тұр. Ауылды екі бөліп аққан өзен айналасы көгеріп, қорада мал төлдеп, құстар дыбысы араласқан дауыс еміс-еміс естіліп тұр. Әр үйдің өз тіршілігі басталып, қызу іске кіріскен. Міне менің ауылымның келбеті.
2-топ У нас в селе.
У нас в селе весело. Весною я с ребятами хожу на рыбалку. Воздух чистый, вода прозрачная. С утра хожу на занятия. А еще я помогаю по хозяйству родителям. Я по вечерам пасу коз. У нас в селе скучать некогда.
3-топ Му wonderful village
I can see in this picture my village. My village is large and clean. My house is situated in the center. The weather is fine. Flowers come out, birds come back from warm countries and rivers become free of ice. My village is a very important for farmers. When the weather is fine people work in the fields and everybody is very busy.
Келесі жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, оқушының жеке даралығын айқындап бұрынғы алған білімін қолдануға мүмкіндік жасап келесі тапсырмаларды ұсындым. Бірінші топ өз ана тілінде өлең шығарды.
Ауылым алтын кең далам
Таусылмас шексіз бақытым
Алысқа кетсем сағынам
Жері байтақ, қазынам.
Мөлдір су, таза ауа, раушан гүлдер,
Табиғатын әсемдеткен көк шалғындар
Күн шуағы нұрын төккен ауылыма,
Жайнай бер мәңгі ауылым,туған өлкем.

Екінші топ Мое село тақырыбында эссе жазды.
Я живу в селе. В нашем селе есть школа. Школа в селе новая. Она большая, светлая.В ней работает много хороших учителей. Я люблю это место на земле. Это мое село.
3 топ 5 жолды өлең құрастырды.
1 Village
2 Clean, wonderful
3 Swimming,fishing,interesting
4 I like my village.
5 Birthplace

1.2 Жазбаша аударманы бағалау

Жазбаша аударманы бағалау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
аударманың барабарлығы (мазмұнды жағы);
аударымды ұсыну нысаны.
Аударманың барабарлығы
Төменде ауызша аудармамен шуғылданушы Брайан Харрис [1, 23-24-бб.] ұсынған ауызша және жазбаша аудармалардың айырмашылықтарын беріп отырмыз:
Жазбаша аударма
Ауызша аударма
1. Жазбаша аударманың нысаны болып табылатын мәтін сәл де болса ерте құрастырылады.
1. Ауызша аударылатын мәтін әдетте сол уақытта пайда болады (жазылған мәтіннен ауызша аударған жағдайлардан басқа кездерде).
2. Айтылатын ой үнемі дамып жетіліп отыратындықтан, оның жалғасын болжау көп жағдайда мүмкін емес.
2. Мәтін түпнұсқасы аяқталған шығарма ретінде ешбір өзгеріске ұшырамайды.
3. Аудармашы түпнұсқаны бірнеше рет қарай алады, бұл жағдайда есте сақтау қабілетінің қажеті шамалы.
3. Ауызша айтылған ой тыңдаушыға аудармашының есте сақтау қабілеті арқылы ғана жеткізіледі.
4. Мәтін толығымен жазылған сөздерден тұрады. Аудармашы оның қалай құрылғанын білмейді.
4. Айтылған ой сөзден, сонымен қатар, қол қимылдарын, мимиканы, басқа да әрекеттерді қамтиды. Аудармашы оның қалыптасуының куәгері болады.
Баламалылық деп аудару баламалы және қажет болған жағдайларда прагматикалық бейімделу жүзеге асырылды деп түсініледі.
Жазбаша аударманың баламалылығы коммуникативтік тапсырманың орындалғанын білдіреді, бұл ретте түпнұсқаға формальды сәйкестік дәрежесі мәтіннің сөзбе-сөз жолынан аудару тілінің сөйлеу нормаларын сақтауға мүмкіндік бермеген жағдайда жеткілікті еркін аудармаға дейін түрленуі мүмкін. Терминология дұрыс және біркелкі қолданылады.
Прагматикалық бейімделу аударма түсініктемесін енгізуді немесе түпнұсқаның реципиенттеріне белгілі, бірақ аударманың реципиенттеріне белгісіз мәтін элементтеріне қатысты трансформацияларды (төмендеу, қосу, жақын сәйкестік, сипаттама аудармасы, соның ішінде түсініктеме түрінде) қолдануды көздейді. Әдетте, бұл фондық білімнің айырмашылығымен байланысты, мысалы, түпнұсқа мәтінінде шындық, жеке есім, аллюзия қолданылады.
Аударманың барабарлығын бағалау кезіндегі негізгі терминдер: нақты қате, ақпаратты жоғалту, стилистикалық қателіктер.
Нақты қате (ФО белгісі) деп түпнұсқаның мағынасын бұрмалау немесе аудармада түпнұсқаның фрагменттері мен прецизиондық ақпараттың (аттар, сандық ақпарат) негізсіз болмауы түсініледі. Нақты қателіктердің себептері: қате түсінік беру, "аудармашының жалған достарын" дұрыс беру, Өлшем бірліктеріндегі және оларды СИ жүйесіне ауыстыру кезіндегі қателер, мәтіннің өзге түсіндірілуіне әкелетін жеке атауларды беру, әріптік аударма болып табылады.
Толық мәтінді алу
Ақпаратты жоғалту деп (ПИ белгісі) түпнұсқа мәтінінің мазмұнынан мағынасының толық бұрмалануына әкеп соқпайтын елеусіз ауытқу түсініледі. Қажетті прагматикалық бейімделудің болмауы да ақпаратты жоғалтуға жатады.
Стилистикалық қателіктер (СТ белгісі) деп аударма тілінің нормаларын сақтамаған кезде түпнұсқаның мағынасын толық беру (узустың бұзылуы) түсініледі. Ағылшын тіліне аудару кезінде стилистикалық қателіктер деп ой білдірудің және лексикалық-грамматикалық қателер, орфографиядағы қателіктер, коммуникативтік тапсырманы ескере отырып, оның дұрыс түсінуіне әсер етпейтін, мәтіннің когеренттілігі мен когезиясының (мәтіннің формальды-мағыналық прогрессиясы) бұзылуы түсініледі. Орыс тіліне аударғанда стилистикалық қателіктерге синонимдік нұсқаларды келтіру жатады (студент өзі таңдай алмайды және оны оқытушыға ұсынады).
Аударманы ұсыну нысаны
Жазбаша ауыстыру кезінде ұсыну нысаны деп оны ресімдеу түсініледі.
Жазбаша аударманы ресімдеу түпнұсқа мәтіннің құрылымын (тақырыптарды, бастырмаларды, абзацтарды) сақтауды көздейді. Мәтіннің келесі фрагменттерін ресімдеуге ерекше назар аудару қажет:
- тақырыптар (соңында нүктесіз, ағылшын тілінде үлкен әріппен сөйлеу бөліктері);
- сандық ақпарат (Араб цифрларын пайдалану кезінде сандарды жазу дәстүріндегі үздікке байланысты);
- кестелер, графиктер, суреттер, библиографиялық тізімдер, сілтемелер, соның ішінде аударма түсініктемесі (стандарттардың үздігіне байланысты) - кестедегі бейнелердегі мәтіндік элементтер аударылуы тиіс.
Ерекше нұсқаулар болмаған жағдайда аударма мәтінін басып шығару бастапқы мәтінді ресімдеуге сәйкес болуы тиіс. Аударма мәтінінде бастапқы мәтінді ресімдеу элементтерін сақтау техникалық мүмкін болмаған немесе мәлімделген жағымсыз болған жағдайда, сондай-ақ бастапқы мәтін аудармашыға бейресми мәтін түрінде түскен жағдайда, аударманы "Microsoft Word" мәтіндік редакторының форматында келесі ережелерді сақтай отырып жүзеге асыру ұсынылады.:
- аударма мәтінінің қаріпі-Times New Roman немесе Arial;
- кегль-12;
- оң жақ жол 25 мм, сол жақ, жоғарғы, төменгі жол 15 мм;
- мазмұн қолмен емес, "Microsoft Word" мәтіндік редакторының тиісті функциясының көмегімен автоматты түрде құрастырылады.

1.3 Жазбаша аударманы бағалау принциптері

Жазбаша аударманы бағалау кезінде әрбір нақты қате бағаны 1 баллға төмендетеді, ақпаратты жоғалту 0,5 баллға. Аударманы қабылдауды қиындататын стилистикалық қателіктердің саны көп болған кезде жалпы баға 1 баллға төмендейді. Мәтінді ресімдеуде бұзушылықтар үшін жалпы баға 0,5 балға төмендейді.
Өте жақсы бағасы
Түпнұсқаның мәтінінің еркін қысқартуларынсыз толық аудармада нақты қателер болмайды. Терминология дұрыс және біркелкі қолданылады.
Аударма жүйелі-тілдік нормалар мен аударма тілінің стиліне жауап береді.
Бастапқы мәтіннің мәдени және функционалдық параметрлері адекватты берілген.
Аударманы ұсыну нысанында кейбір қателіктерге жол беріледі.
Жақсы бағасы
Мәтіннің басқа фрагменттеріндегі ақпарат пен стилистикалық қателіктердің жоғалуы болмаған жағдайда, түпнұсқа мәтінінің еркін қысқартуларынсыз толық аударма бір нақты қатеге жол беріледі.
Терминологияны пайдалануда елеулі қателіктер бар.
Аударма жүйелі-тілдік нормалар мен аударма тілінің стиліне жеткілікті дәрежеде жауап береді.
Бастапқы мәтіннің мәдени және функционалдық параметрлері негізінен барабар берілген.
Коммуникативтік тапсырма іске асырылды, бірақ оңтайлы емес.
Аударманы ұсыну нысанында кейбір бұзушылықтарға жол беріледі.
Қанағаттанарлық бағасы
Аударма нақты қателерді қамтиды.
Мәтіннің төмен коммуникативтік және нашар "оқылуы" оны рецептормен түсінуді қиындатады.
Терминологиялық аппаратты ауыстыру кезінде бірізділік принципі сақталмаған.
Аудармада жүйелі-тілдік нормалар мен аударма тілінің стилі бұзылған.
Коммуникативтік тапсырманы іске асыру мәселелері дұрыс шешілмеген.
Аударманы ұсыну нысанында бұзушылықтар бар.
Бағасы қанағаттанарлықсыз
Аударма көптеген нақты қателер бар.
Аударманың толықтығы, оның баламалығы мен баламалылығы бұзылған.
Аудармада жүйелі-тілдік нормалар мен аударма тілінің стилі өрескел бұзылған.
Коммуникативтік тапсырма орындалмады.
Ауыстыру түріндегі өрескел бұзушылықтар.
Жазбаша аударма мен ілеспе аударма жасау аудармашыға эмоциялық тұрғыдан екі түрлі әсер етеді. Мәтін аудармашыға белгісіз жағдайларда жазылғандықтан, оның аудармашыға эмоциялық тұрғыдан түсіретін салмағы онша көп болмайды. Ілеспе аударма жасау барысында аудармашыға жиынның атмосферасы тікелей әсер етеді. Ілеспе аудармашы шешеннің қалыбына кіреді: сол болып сөйлейді, пікірді сол болып дәлелдеп, сол болып дауласады.
Жазбаша мәтін мен ақпаратты қабылдау кезеңдерінің ерекшеліктері бар. Жазбаша аудармада бұл кезең кем дегенде екі фазадан тұрады.
1) аудармаға дейінгі қабылдау: мәтінді бірінші (екінші...) рет оқу барысында, аудармашы шығармаға терең бойлап, оны сезінуге тырысатын фаза;
2) аудармалық қабылдау: аудару сәтінде нақты сөздерді, сөйлемдерді қабылдайтын фаза. Ал ілеспе аударма жасаған кезде:
1) тұтас сөйлемде берілетін мағына әлі белгісіз болады;
2) аударма фразаның жекелеген бөліктерін қабылдау арқылы жасалатын кездің өзінде сөз сөйленетін тілдегі мәтінді түсіну міндетті;
3) аудармашы сөйлемді түсінгеннен кейін ғана ойша аударылған сөздерді тиісінше түзетулер жасай отырып, тұтас фразаға жинақтайды.
Жазбаша аударма қалыпты жұмыс жағдайында атқарылатындықтан, мәтін біртұтас болып, ал ілеспе аударма мәтіні аударманы сөйлемдердің айтылуына қарай бөлік-бөлік (сегментті) сипатта жасау арқылы туындайды.
Жазбаша аудармашы, ресми құжаттарды аударуға байланысты шұғыл жағдайларды қоспағанда, аударма жасау қарқынын өзі айқындайды. Ілеспе аудармашы қызметінің қарқыны аудармашыға байланысты емес, ол сырттағы хабарлама жасайтын шешеннің сөз сөйлеу қарқынына байлаулы болады.
Осындай қиындықтарға қарамастан, аударманың екі түрінде де аударма сапасына қойылатын басты критерий түпнұсқаға баламалылық болып қалады.
Аудармадағы баламалылық - осы саламен бірге жасасып келе жатқан мәселе. Жазбаша аударма мен ілеспе аудармағы түпнұсқаға баламалылықты салыстыра отырып, тұжырым жасау ілеспе аударманы дамыту үшін аса маңызды. Өйткені, қай тілден аударсақ та баламалылық - аударма сапасының басты көрсеткіші. Басқа ел зерттеушілері (В.Н. Комиссаров, Ю. Найда, т.б.) мен біздің ел ғалымдарының (Э. Сүлейменова, А. Алдашева) бұл терминді түсіндіруінде сәл алшақтық болғанымен, қайшылық жоқ. Соларға сүйене отырып, ілеспе аударма мен жазбаша аудармадағы түпнұсқаға баламалылықты аударманы тыңдаған адамның:
1) түпнұсқаны тыңдаған адам алатын ақпаратты алуы;
2) сөйлеген адамның өзі айтып тұрған мәселеге көзқарасы туралы түпнұсқа мәтінді тыңдаған адам алатын әсерді алуы;
3) сөйлеген адамның жеке тұлғасы туралы түпнұсқа мәтінді тыңдаған адам алатын әсерді алуы деген өлшемдермен бағалауға болады деген ойдамыз.
Бұл өлшемдер түпнұсқа мен аударма баламалы болуы үшін аудармадағы семантикалық дәлдіктің және стильдік дәлдіктің сақталуын көздейді. Дәлдікті сақтау өте қиын талап, бірақ дәлдік сақталмаған жағдайда аударманың баламалылығы да сақталмайды. Стильдік дәлдікті сақтау - ілеспе аудармашының асқан шеберлігін танытатын факт, ілеспе аудармашы неғұрлым тәжірибелі болса, оның стильдік кемшілігі де соғұрлым аз байқалады, тіпті болмауы мүмкін. Бұл ретте Р. Харвег жақсы стиль автордың ойлары мен сезімдерін белгілі бір сөздік нысанда бере алу десе, Ә. Қайдаров ауызекі тіл жүйесінде көтеріңкі поэтикалық стильге тән патетикалық, пафостық элементтерді оңды-солды қолдана беруге болмайтынын [9, 19-б] атап көрсеткен. Ізденіс барысында қазақ тілінде сөйлеушілердің сөздерінде мұндай элементтердің жиі кездесетініне көз жеткізілді.
Бұл жерде аудармадағы түпнұсқаға баламалылық проблемасы тек ілеспе аудармаға тән деген ой тумауы керек. Жазбаша аударма да адамның ойлау қызметінің жемісі болғандықтан, бір тілден екінші тілге жазбаша аудару процесі барысында мағыналық та, стильдік те дәлсіздіктерге жол берілетін, баламалылыққа қол жеткізілмейтін жайттар кездеседі.
Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.
Мысалы:
"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen"
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры
кеткен соң үреді
Business before pleasure
Еңбек түбі-бейнет,
Бейнет түбі-зейнет.
East or West, home is best
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Great boast, small roast
Сөзге көп-іске жоқ.
No sweet with out some sweat
Жылай-жылай жер қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Біріккен Ұлттар Ұйымында аудармашының зияткерлік әлеуеті төмен болуының салдары халықаралық қатынастардың шиеленісуіне әкеп соғуы мүмкіндігі ескеріле отырып, түпнұсқаға баламалылықты сақтау мәселесіне ерекше мән беріледі, ондағы аудармашылардан өз ана тіліне ғана аударма жасау талап етілуінің негізінде осындай себеп жатыр.
Қазақ тілінде сөйлем құрылымы тұрақты, ал орыс тілінің сөйлем құрылымы әлдеқайда икемділеу, оны сөз сөйлеушінің коммуникативтік ұстанымына қарай бірнеше нұсқада құру мүмкіндігі бар. Жүргізілген тәжірибе орыс тілінің осы икемділігін ілеспе аударма жасауда пайдалануға болатынына көз жеткізді.
Аударылған ақпараттың сыртқа шығуы - санадағы тұжырымдалған пайымдаудың, хабардың тіл арқылы арқылы айтылуы. Демек, ілеспе аударма жасау мәселесін тілдік коммуникация құбылысынан бөліп қарауға болмайды. Ілеспе аударма жасау барысында хабардың сыртқа шығуы уақыттың шектеулілігімен, айтылған ақпараттың қайтарымсыздығымен қиындай түседі.
Роман, герман және славян тілдерінде ілеспе аударма жасау үшін осы тілдік топтарға лайықталған ережелер түзілген. Бұл ережелер ілеспе аудармашылар үшін бағыт-бағдар беруші көмекші құрал ретінде қабылдануымен қатар ілеспе аудармашылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптардың негізін құрайды. Аудармашының өзі аударатын мәтінді қалай қабылдайтыны, аударма жасау стратегиясын қалай құратыны, жаңа мәтінді қалай құрайтыны - осының бәрі оның аудармашылық құзыретін көрсетеді.
Аудармашылық құзырет компоненттерінің ішінде аударма жасалатын тілдің идиомдық, фразеологиялық ерекшеліктерін білу, екі түрлі мәдениеттің элементтерін меңгеру талабының маңызы зор. Ілеспе аударма жасау барысында кездесетін мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін аударудың біз қолданатын амалдары Ө. Айтбаевтың, М.М. Копыленконың, Г. Сағидолданың еңбектерінде айтылатын пікірлермен белгілі бір дәрежеде ұштасады. Халықаралық дәрежедегі ілеспе аудармашы әрі ғалым Л. Виссон мақал-мәтелдер - аудармашылардың соры [12, С. 153] десе де, ілеспе аудармашы шеберлігінің танылатын тұсының бірі - осы екенін атап көрсетеді.
Шешендер өз сөзінің экспрессивтік бояуын қанықтырып, тыңдарманға әсерін көбейте түсу үшін фразеологизмдерді көп пайдаланады. Қазақ тілінде айтылған сөзге мағыналық жағынан сәйкес келетін фразеологизмдер орыс тілінде де бар болғанымен, ол аударма жасау барысында еске түспей қалуы әбден мүмкін. Мұндай кездерде ілеспе аудармашының тәжірибесіне қарай калька аударма, жолма-жол аударма, мағыналық аударма жасалады.
Коммуникациялық қатынаста жетістікке жету сөз сөйлеушінің бойында үш айқындаушы өлшемдеменің болуына: қисынды сөйлей білуіне, психологиялық тұрғыдан дайындығына, сауаттты сөйлеуіне тікелей байланысты. Осы ретте сөзі ілеспе аударма жасалатын адам өз сөзінің тұжырымдамалық сипатта болуы, тақырып бойынша пікірін қысқа да нақты айту сияқты талаптарды білуі шарт. Бұдан шешеннің өз жауапкершілік өлшемін сезінуі оның сөйлеу мәдениетін игеруінен көрініс табады деген қорытынды жасауға болады.
Сапалы аударма жасау үшін аудармашы бірқатар трансформациялау амалдарының көмегіне жүгінеді. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасау барысында бір минутта сөйленетін сөздің аударуға болатын өлшемі айқындалуы шарт. Бұл мәселеде шетелдік ғалымдардың бір тобы ол өлшемнің минутына айтылатын сөз санымен алынуын жөн санаса, екінші бір тобы минутына айтылатын буын санымен алғанды дұрыс көреді.
Біз жазбаша аударма жасау үшін өлшемді минутына айтылатын сөз санымен емес, буын санымен алған дұрыс деген ойдамыз. Бұған басты себеп - тіліміз агглютинативті тіл болғандықтан қазақ тіліндегі сөздің буын саны орыс тіліндегі сөздерге қарағанда көбірек. Орыс тіліндегі түпнұсқа сөйлемге қарағанда аударма мәтін ұзынырақ болып шығатынын жазбаша аудармашылар тәжірибесінен де көруге болады. Мұның әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасағанда мәні зор. Себебі сөйлем неғұрлым ұзақ болған сайын ілеспе аудармашының баяндамашыдан қалып қою қаупі ұлғая түседі.
Қазақ тілінен орыс тіліне аударманы сапалы жасау үшін шет елдерде аударма жасауда қалыптасқан амалдарды бейімдеп пайдалану керек. Оларға қоса біз өз тәжірибемізде: сөйлемнің синтаксистік құрылымын жеңілдету, қысқарған сөздерді (аббревиатураларды) пайдалану, сөйлемді құбылту және басқа да амалдарды қолданып жүрміз. Бұлардың негізінде басқа да амалдар ойластыруға, жеңілдетудің өзге де жолдарын табуға болады деген ойдамыз.

2. Жазбаша аударманың сапасын бағалау критерийлерін талдау

2.1 Аударманы бағалау критерийлері

Аудармашы А. Адодуров төмендегідей аудармаларды сыни бағалау міндеттерін айқындады: "Аударма жалпы бағалауда ол маңызды болып саналады:
1) түпнұсқамен толық сәйкес келеді;
2) нақты және грамматикалық қатесіз және
3) тілдік нормаларды бұзбаған, оны оқу бос уақытты тудырмауы және түпнұсқа қай тілде жазылған деп айту қиын болар еді" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауызша аударманың түсінігі
Аударманың түсінігі мен түрлері
ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі
Аударма түрлері
Аударманың түрлері. Аударма мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
Аударма жасаудың техникасы
Аударма түрлері. Мәтінді аудару барысында аударма түрлерін
Ауызша аударма тарихы
Аударманың түрлері
Аударма-түсінігі,түрлері,маңызы
Пәндер