Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушыларының практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы танымдық қызығушылығын дамыту

МАЗМҰНДАМА

КІРІСПЕ . . . 3

1 ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 8

  1. Практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдыққызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 8
  2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту
  1. Оқушылардың танымдық іс -әрекеттерін практикалық мазмұнды есептер арқылы арттыру . . . 27
  1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. . . 42

2. 1 Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тәжірибесінде практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың жайы . . . 42

2. 2 Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық
мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын

дамытуға әдістемелік ұсыныстар . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 84

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 85

КІРІСПЕ

Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітілген. Олар «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңында міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: « . . . жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» [1, 6 б. ] .

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан басталады. Бұл жайында «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында» бастауыш мектептің қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталатындығы негізделген. Онда: «Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады . . . әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген [2, 7 б. ] .

Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше. Математика пәнінің мазмұны мазмұндық-логикалық есептер мен тапсырмалар жүйесінен тұрады, ол оқушының зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады. Бұл пән оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллектісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгертуді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды [2, 13 б. ] .

Осы мақсатқа қол жеткізуде оқушылардың математикалық дайындығының үлесі мол. Оқушыларды математикадан терең және тиянақты білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін талабы. Ондай талаптардың бірі - оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы - практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

Көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің, математик-әдіскерлердің, дидактардың, психологтардың, математика мұғалімдерінің еңбектері осы мәселені шешуге бағытталған.

Окушылардың таным үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды мәселенің психологиялық негізін Ә. Алдамұратов, С. Б. Бап-Баба, В. В. Давыдов, Қ. Жарықбаев, А. Н. Леонтьев, А. М. Лурье, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Эльконин [3-10], педагогикалық жақтарын С. Б. Бабаев, Л. В. Занков, Ж. Б. Қоянбаев, А. М. Құдиярова, П. И. Пидкасистый, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина [11-17] және т. б. ғалымдар зерттеді. Бұл зерттеулерде танымдық әрекет пен қызығудың табиғаты мен мәні ашылды, оларды қалыптастырып жетілдірудің психологиялық-педагогикалық жағдайлары анықталды, құрамдары мен әдістері сараланды.

Математиканы оқытуда есептердің рөлі мен орнын анықтау және есептерді шешуді оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелері Б. Б. Баймұхановтың, И. Бекбоевтың, Ю. М. Колягиннің, Л. С. Ланың, А. Нұғысованың, С. Сатыбалдиевтің, С. И. Сельдюкованың, А. М. Пышкалоның, В. П. Радченконың, Н. К. Рузиннің [18-27] және тағы басқалардың еңбектерінде орын алған.

Таным әрекетін белсенділендіру мәселесін А. Е. Әбілқасымова, А. С. Акрамова, А. И. Есиков, А. М. Рысбекова, Н. А. Тарасенкова [28-32] зерттесе, оқыту процесінде таным әрекеттерін психологиялық тұрғыдан зерттеуге Б. Д. Жігітбекованың, И. В. Равинның, С. Рахметқызының, Н. Қ. Тоқсанбаеваның [33-36] жұмыстары арналған.

Оқушылардың есептерді шеше алу іскерлігін қалыптастыруға З. П. Матушкинаның [37], математикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыруға Л. А. Лебедеваның [38], математикалық ұғымдарын қалыптастыруға Д. Рахымбектің, А. Б. Ақпаеваның, В. Е. Гергенованың, Р. К. Турсуновтың [39-42] ; зерттеушілік қызметін жетілдіруге М. Ө. Мұсабековтың [43] ; ] зерттеу жұмыстары арналған.

Қоғамның қазіргі даму жағдайында еңбек сапасына талаптың күшеюіне байланысты білім беру саласының дамуына Е. Ө. Медеуов, С. Е. Шәкілікова [54, ] және т. б. елеулі үлес қосты.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық қызығушылығын қалыптастыруға С. А. Жолдасбекованың, З. Т. Көкшееваның; оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға Р. С. Омарованың, қазақ халық ертегілеріне бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға А. Ж. Едігенованың; ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға Д. Н. Исабаеваның зерттеу жұмыстары арналған. Мектепте оқыту үдерісінде әр түрлі пәндерді оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне З. Б. Ешімбетованың, Қ. Қабділрашидтің, В. М. Лыкованың зерттеулері арналған. Ол зерттеулердің математика пәнін оқытуға тікелей қатысы жоқ.

Практикалық мазмұнды есептерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне қатысты А. Нұғысованың, Г. О. Жетпісбаеваның, Ш. С. Нұржанованың, Г. П. Тикинаның зерттеулері бар. А. Нұғысова 5-6 сыныптарда математиканы оқытуды өмірмен байланыстыру мақсатын көздейді, Г. О. Жетпісбаеваның зерттеу жұмысы бастауыш мектеп математика курсына практикалық мазмұнды есептер шығару әдістемесіне арналған, Ш. С. Нұржанова математикалық ұғымдар арқылы мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемасын зерттеген, Г. П. Тикина мәтінді есептер арқылы 4-сынып оқушыларының математика сабағына танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесін зерттеген. Бірақ ол авторлардың зерттеу жұмыстарында бастауыш сатыда оқушылардың танымдық қызығушылығын практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы дамыту проблемасы арнайы қарастырылмаған.

Бастауыш мектептің математика сабағында есептер, оның ішінде практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесінің қаншалықты зерттелгендігін анықтау мақсатында жүргізілген талдау нәтижелері мыналарды көрсетті: жалпы математиканы оқытуда есептердің алатын орны, рөлі және маңыздылығы, оларды шығару әдістемесі және т. б. мәселелер әр түрлі деңгейде қарастырылғанымен, бұл зерттеулерде нақты бастауыш мектептің математика сабағында практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мүмкіндігі арнайы көрініс таппаған.

Сонымен қатар, бастауыш мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын талдау нәтижелері бастауыш мектепте практикалық мазмұнды есептерді қолданып, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту проблемасы әдістемелік тұрғыдан жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмегендігін көрсетті.

Сол сияқты айқындаушы эксперимент оқушылардың білім деңгейінің олардың танымдық қызығушылығын дамытуға қойылған талаптарға сәйкес емес екендігін көрсетті.

Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық мазмұнды есептерді қолданудың қажеттілігі және оның әдістемелік тұрғыдан толыққанды қамтамасыз етілмеуі мен оны оқыту үдерісінде жүзеге асыру мүмкіндігін пайдалану дәрежесінің арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр. Мұндай қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында практикалық мазмұнды есептердің атқаратын қызметі мен оларды тиімді қолдануды жүзеге асырудың бағыттарын анықтау қажет болды. Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі, ғылыми-практикалық мәнділігі, бастауыш мектептегі математиканы оқыту үдерісінің ерекшелігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту (математика сабағында практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы) деп атауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесін жасау және оны практикада жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ететін практикалық мазмұнды есептерді шығару әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектепте математиканы оқытуда практикалық мазмұнды есептерді қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері, оқушылардың танымдық қызығушылықты дамытуға қойылатын талаптар мен оларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары анықталып жүйелі пайдаланылса, онда оқушылардың математикалық білім мен іскерлік сапасы артады, өйткені оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейі жоғарылайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттерді шешу қажет болды:

- практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындап, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға қойылатын талаптарды анықтау;

- практикалық мазмұнды есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттарын көрсету;

- практикалық мазмұнды есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін құру, оларды қолданудың әдістемелік жүйесін жасау және жасалған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, оның нәтижелерін қорыту және бағалау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: дүниетанымдық іс-әрекет туралы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған психологиялық-педагогикалық еңбектер. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын практикалық мазмұнды есептер арқылы дамыту жөніндегі белгілі педагогтардың, психологтардың және әдіскерлердің еңбектері.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды және әдістемелік құралдарды талдау; математика сабағында 1-4 сынып оқушыларының және мұғалімдердің іс-әрекетін бақылау, талдап қорыту; оқушылардың практикалық мазмұнды есептер арқылы танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін, оқушылардың жазу жұмыстарын, сауалнаманың нәтижелерін қорыту; математикада практикалық мазмұнды есептердің қолданылу жағдайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізу; бастауыш мектепте практикалық мазмұнды есептерді қолданып оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту нәтижелерін талдау; эксперимент жұмысын ұйымдастырып жүргізу; олардың нәтижелерін сандық, сапалық талдау және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- бастауыш сыныпта математиканы оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін олардың іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру қажеттілігі негізделді;

- практикалық мазмұнды есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттары анықталды, оларға сәйкес оқулықтардағы есептер жүйесі оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуды қамтамасыз ететіндей жаттығулармен толықтырылды;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық мазмұнды есептерді шығарудың әдістемелік жүйесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік құрал мен әдістемелік ұсыныстар бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісінде қолданылды, соның нәтижесінде оқушылардың математикадан білімінің, іскерлігінің және дағдысының қалыптасу деңгейі жоғарылады;

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде зерттеу жұмысының теориялық негіздері анықталды. Психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер теориялық тұрғыдан тереңінен қарастырылды, сонымен қатар, зерттеу проблемасының оқу-әдістемелік құралдардағы және мектептің нақты тәжірибесіндегі жайы жан-жақты талданды, талдаудың нәтижесінде зерттеудің бастапқы деңгейі анықталып, шешімін табуды қажет ететін мәселелерді жүзеге асыру бағыттары белгіленді. Осыған байланысты зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаттары мен міндеттері, нысаны мен пәні, болжамы анықталды.

Екінші кезеңде практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесін жетілдірудің жолдары көрсетілді. Эксперимент өткізуге қажетті материал жинақталды. Соған сәйкес әдістемелік жүйе құрастырылды, зерттеу жұмысы бойынша эксперимент жұмыстары жүргізілді.

Зерттеудің үшінші кезеңінде - зерттеу барысында алынған эксперименттік материалды қорыту, жүйелеу, сандық және сапалық талдау арқылы қорытынды жасау, рәсімдеу жұмыстары орындалды.

Зерттеу базасы. Зерттеудің негізгі эксперименттік жұмыстары Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 169 мектеп-лицейінде жүргізілді.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. ПРАКТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Психологияда бастауыш мектеп оқушыларының жасы, көбінесе, білімді меңгерудің, зейінділіктің жасы деп саналса, педагогикада - бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, қалыптастыру сияқты өмірлік маңызы бар функцияларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы функцияларды табысты орындау кіші жастағы баланың танымдық қызығушылығының дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Бастауыш сатыдағы оқушылардың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады, олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 32-35кг шамасында болады. Бала организмі мен жүйке жүйесінің дамуы негізінде, оның психикалық қызметінің (қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, сезім т. б. ) дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметінің негізгі механизмі мидың үлкен жарты шарлар қабығының әрекеті болады. Оқушылардың осындай дене, психикалық дамуын, яғни жас ерекшеліктерін есепке алу - оқу жүйесіндегі негізгі принциптерінің бірі. Оқыту ісінде бұл принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу жұмыстарының мазмұны, түрлері мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, әрбір даму кезеңіне сай іс жүзіне асырылады [13, 49 б. ] .

Баланың әрбір даму кезеңіне сай жетекші іс-әрекет болады. Жетекші іс-әрекет бұл өсуші индивидтің мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үдерістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеті. Мұндай іс-әрекет өзінің мақсатымен, мотивімен және орындалу тәсілдерімен сипатталады. Баланың дамуына іс-әрекеттің рөлі өте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекеттің түрлері әр түрлі. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеттің сапаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады. Егер, мектепке дейінгі кезеңде баланың құмартып кірісетін негізгі әрекеті ойын болса, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуының себепкері, негізгі әрекеті - оқу [5, 7, 9] . Бастауыш сынып оқушыларына тән негізгі жетекші әрекеті - оқу әрекеті болғанымен, оқушылардың жан-жақты дамуына таным, өзара қарым-қатынас жасау, ойын, еңбек әрекеттерінің ықпалы да бар.

Оқу үдерісінде осы іс-әрекеттерді (таным, өзара қарым-қатынас жасау, ойын, еңбек) бір-бірімен байланыста, мақсатты ұйымдастыру керек. Себебі дұрыс ұйымдастарылған іс-әрекет дамудың негізі.

Оқыту үдерісі - білімді, іскерліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Ол даму негізі, яғни, өзіне тән негізгі екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмекті және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту - мақсатты, таным үдерісі. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы біртіндеп арта түседі [14, 133 б. ] .

В. И. Крупич оқыту үдерісі үш бөліктен тұратын жүйе болып табылады деген қорытындыға келеді, олар: оқытудың мазмұны, оқыту - мұғалімнің қызметі, оқу - шәкірттің танымдық қызметі және танымдық практикалық әрекеті.

Оқыту үдерісі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық үдерістерін басқарушы, ұйымдастыра білуші (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъект. Оқыту үдерісінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз ететін, бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.

Оқыту мен дамытудың арасындағы тығыз байланыстың үш концепциясын Э. Торндайк, Ж. Пиаже және Л. С. Выготский құрды. Э. Торндайк оқыту мен даму ұғымдарын бірдей деп саяды, Ж. Пиаженің ойынша оқыту дамытудан кейін жүреді, өйткені оқыту баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикалық дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді. Бұл пікірден үшінші концепция туындайды. Л. С. Выготскидің айтуынша, оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді, өйткені баланың психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай жүргізетін болады дей келе, баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Осыған орай, бала дамуының "екі аймағын" қарастырады. "Бірінші аймақ" - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына ("екінші аймаққа") жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Мектеп тәжірибесінде дамыта оқыту да қарастырылады. Дамыта оқытудың негізгі принциптерінде оқыту пайда болады. Мәселені оқыту дегеніміз, меңгерілетін білім және интеллектуалдық дағдының бастапқы кезеңнің қалыптасуы және оқыту үдерісінде өз еркімен тапсырма мен мәселені шешу жүйесі. Мұндай оқыту оқушының ақыл-ойының дамуына оң әсер етеді, жаңа заңдылықтармен, танымдық және практикалық мәселелерді шешу жолдарына бағыттайды.

Мектеп тәжірибесінде оқытудың қандай түрі қарастырылса да, олардың мақсаты бір - ол оқытудың нәтижелігін қамтамасыз ету. Оқытудың нәтижелігін анықтайтын негізгі факторлар - оқу мотивтері. Олар оқушыны оқуға талпындырады, оның тәртібін бағыттайды. Оқытудың тиімділігін анықтайтын факторлардың ішінде оқу мотиві бірінші орында. Оқушының оқуына әр түрлі мотивтер әсер етеді, олардың әрқайсысы басқалармен өзара байланыста әсер етеді.

Дидактикада оқу мотивтері деп - оқушыны оқуға, әрекет етуге және қандайда бір әрекет орындауға итермелейтін нақты себертер мен түрткілерді айтады.

Педагогикада мотив оқу әрекетінің негізгі компоненті, яғни оқушының оқу іс-әрекетін жүзеге асыру барысында басшылыққа алатын қозғаушысы; адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекеттеріне ішкі талаптануы [14, 41 б. ] ; ынталандырманың әсерінең пайда болған іс-әрекеттің жеке баста негізделуі, яғни субъектілік сипаттағы қозғаушы құбылыс; әрекетке итермелейтін субъектінің жеке қызығушылығы, нақты қажеттілігі.

Психологияда мотив - бұл әрекетке немесе мінез-құлыққа саналылықпен талаптану; әрекетке қозғаушы психиялық құбылыс; белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған әрекетке итермелейтін түрткі. Демек мұқтаждық пен ынта мотивацияның негізі болады.

Мотивация оқушылардың оқу нәтижелілігін анықтап, олардың
психологиялық жас ерекшеліктеріне байланысты сипатталы. Нақты сыныпта, нақты оқушыда оқу мотивациясын дамыту үшін, ең алдымен оқушының жасына сай мотивацияны дамытудың міндеттерін анықтау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу
Математикадан логикалық есептер жинағы
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz