Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Реферат

Тақырыбы: Шығармашылық білім беру саласы

Орындаған: Бектасова Балнұр
ТП-18-2к1
Қабылдаған:Қабылбекова З

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
Мүсіндеу
Жапсыру
Сурет салу
Музыка
4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
Мүсіндеу
Жапсыру
Сурет салу
Музыка
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу білім беру процесі:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (одан әрі-Стандарт) (2018 ж. 31 қазандағы ҚР БҒМ № 604 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі-Бағдарлама) );
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына бағытталып, Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеумет білім беру салаларына негізделеді.
Шығармашылық білім беру саласында балалар шығармалары арқылы көркемдік қабілеттіліктерін қалыптастыру бірлігі, балалардың бейнелеу және музыкалық іс-әрекеттерінің алуан түрлілігінің өзара әрекеттестігі, баланың дүниеге эстетикалық көзқарасы және оның өнер құралдарымен дамуы ұсынылған.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
сурет салу;
мүсіндеу;
аппликация;
музыка.

3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама

Мақсаты: Қазақстанның және өзге де елдердің қылқалам шеберлерінің өнер туындысына сезіммен қарайтын бейнелеу өнері саласының қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.
Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- сурет салу;
- музыка арқылы
ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:
- дербес шығармашылық: бейнелеу, музыкалық, театрландырылған іс-әрекеті;
- тәрбиешімен бірлескен шығармашылық;
- ән-күймен және қылқалам шеберлерінің өнер туындыларымен таныстыру;
- саяхаттар, зерттеулер, балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Мүсіндеу
Мақсаты: балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Мүсіндеуде техникалық дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру.
2. Шығармашылық іс-әрекет процесіне, көркем шығармалары мен қазақ халқының және өзге де халықтардың шығармашылығына эмоционалдық қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.
Мазмұны:
Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.
Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету.
Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру.
Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету.
Кейбір заттарды: көкөністер мен жемістерді, азық-түліктер (бауырсақтар, печеньелер, кәмпиттер, шұжықтар), ыдыс-аяқтар (кесе, шыны аяқтар, табақтар, тәрелкелер), ойыншықтар (доп, көжек), жануарлар (кірпі, тышқан, мысық), ертегі кейіпкерлері (Бауырсақ, Мысықтар ойнайды) бейнелеуге үйрету.
Жануарларды мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін көрсету.
Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіруге үйрету.
Жыл соңында мүсіндеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- илеу, қосу, үзу, форманың иектерін саусақтарының ұштарымен созу тәсілдерін қолдана отырып, 1-3 бөліктен тұратын, бірдей немесе әртүрлі формадағы заттарды мүсіндей білуі тиіс.

Жапсыру
Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру біліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету.
2. Жапсыру техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
Мазмұны:
Балаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге үйрету.
Ересектер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесу.
Заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру заңдылықтарын (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау) көрсету.
Әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың Қойдың ізі, Құс тұмсық, Құс қанаты ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйрету.
Қылқаламға желімді ұқыпты жағу, клеенканың үстіндегі дайын пішіндерге жағу және желімнің қалдықтарын сүрту үшін сулықпен қолдана білуін дамыту.
Қағаздың ерекшеліктерін нақтылау: жыртылады, бүктеледі, умаждалады.
Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қағаз бетіне дайын пішіндерден заттардың бейнесін құрастыруды және оларды жапсыруды;
- желіммен қолдануды білуі тиіс.

Сурет салу
Мақсаты: сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ұлттық ойыншықтармен және сәндік қолданбалы өнер туындыларымен, заттар мен өнер туындыларының эстетикалық сипаттарымен таныстыру.
2. Пішінін, түсі мен бөліктердің орналасуын жеткізе отырып қарапайым заттарды, қоршаған болмыстағы құбылыстар мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.
Мазмұны:
Қоршаған ортаның, қазақтың және басқа да халықтардың өнер туындыларының, тұрмыстық заттары мен ұлттық ойыншықтардың әсемдігіне эмоционалдық пікірін дамыту.
Түрлі бағыттарда түзу сызықтар (ленталар, жолдар) жүргізу және оларды қиыстыру (шарбақтар мен сатылар) іскерліктерін дамыту.
Балаларды ертегі кейіпкерлерін, қарапайым табиғат құбылыстарын, жануарларды, ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды, кейбір азық-түлік өнімдерді, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге тұжырымдау.
Дөңгелек пішінді заттарды (ауа шарлары, аспанда қалқып жүрген бұлттар) салуға үйрету.
Төртбұрыш пішінді заттарды (орамалдар, дастарқан, кілем, текемет, сырмақ, жалаушалар, сулықтар) бейнелеуге үйрету, оларды дөңгелек пішіндермен (арба, вагон, машина) үйлестіру.
Жануарлардың бейнесін салудың қарапайым түрлерін (екі-үш бөлім) көрсету.
Техникалық дағдылары мен біліктерін дамыту (қарындашпен, бояумен бір бағытта бояу). Заттар мен құбылыстардың бейнелерін беру барысында түрлі бағыттағы қол буыны қимылдарын дамыту.
Қазақ ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету: Қойдың ізі, Құс тұмсық, Құс қанаты және дымковтық әшекейлеулер Нүктелер, Жапырақтар, Қиылысатын жолақшалар.
Кез-келген ою-өрнекті пішіндерін, элементтерінің бірізділігін, олардың арақашықтығын ескеріп, кеңістікте орналастырудың заңдылығын көрсету.
Балаларды дәстүрден тыс сурет салу үлгілеріне үйрету (саусақпен, алақанмен, мөртаңбалармен, таяқшамен, сорғышпен және т.б.).
Балаларды қарындаш пен қылқаламды дұрыс ұстауға, бояумен (гуашьпен) ұқыпты қолдануға үйрету, негізгі түстермен және олардың реңктерімен таныстыруды жалғастыру.
Жыл соңында сурет салу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- негізгі түстерді: (қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ) танып білуді;
- қарындашпен, қылқаламмен, бояумен жұмыс істеуді;
- түзу, доғал, көлбеу, ұзын, қысқа, қиылысатын жолақшаларды қолдана отырып қарапайым заттар мен құбылыстарды бейнелей білуі тиіс.

Музыка
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қарапайым табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар мен ойыншықтардың дауыстарын естуге үйрету.
2. Би қимылдары мен музыкалық ойын әрекеттерін орындауға ынталандыру.
Мазмұны:
Музыка тыңдау
Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу.
Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.
Ән айту
Таза дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды (қатты-жай) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауда қолдану.
Табиғи дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.
Музыканың түрлі бөлімдерін (басы, қайырмасы т.б.) атамай, ажырата білуін дамыту .
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың музыкаларымен қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.
Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу біліктерін дамыту.
Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- музыкалық және сылдырмақ ойыншықтарды, балалар аспаптарын (сылдырмақ, қоңырау, дауылпаз бен металлофон) тануды;
- музыканы соңына дейін тыңдауды;
- өзіне таныс әндерді тануды;
- бір-бірінен қалмай және озбай ән салуды;
- би жаттығуларын (шапалақ, тепкілеу, отыру, айналу) жасауды білуі тиіс.

4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
Мақсаты: эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.
Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- сурет салу;
- музыка арқылы
ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесі:
- шығармашылық дербес іс-әрекеттері (бейнелеу, музыкалық, театрландырылған);
- тәрбиешімен бірлескен шығармашылық;
- ән-күймен және қылқалам шеберлерінің өнер туындыларымен таныстыру;
- саяхаттар, зерттеулер, балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Мүсіндеу
Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылығын қалыптастыру негізінде көркемдік талғамын жетілдіру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка тыңдау
Театр бала өмірінде
Қазақ композиторларының балаларға арналған шығармаларының педагогикалық маңызы мен тәрбиелік мәні
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау
Пәндер