Нашар еститін балалардың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Кейс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі.

Орындаған: Бектасова Балнұр
ТП-18-2к1
Қабылдаған:Қабылбекова З

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
:: Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
:: Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
:: Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайлар қызметінің тәртібі
ІІІ. Қосымша тапсырмалар
Есту қабілеті бұзылыстары бар балаларға арналған ойындар
Тест тапсырмалары
Сәйкестендіру
Глоссарий
Ресбус

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Есту - дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік - есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан қалыптасуында шешуші орын алады.
Ерте саңырау болғандарға туа біткен және сөйлеу тілі қалып- тасқанға дейін саңырау болғандар жататы. Бұл балаларда кейде жартылай есту қабілеті сақталады да, олар өте қатты дыбыстарды естиді. Жүре келе саңырау болғандарға сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін есту қабілетін жоғалтқандар жатады. Бұлар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы түсінеді. Естудің бұзылу себептері: туа біткен және жүре пайда болғандар Туа біткен естудің бұзылуы
Естімейтін балалалардың тұлғасын әлеуметтік мәселе ретінде зерттеу алғаш рет Л.С. Выготскиймен қойылды, оларды түрлі әлеуметтік мәнді қызметке қоса арқылы еститін қоғамға тұлғаны қосу жүзеге асырылады.
Есту қызметінің бұзылуы естімейтін тұлғаның дамуына өзінің әсерін тигізеді, әлеуметтік ортада өмір сүруге ерекше жағдай туғызады, тілдесу ортасын азайтып, әлеуметтік байланыстар көлемін шектейді. Есту қызметінің кемшілігі бар адам субъективті өзіне және қоршаған ортасына қатынасы туады.

ІІ. Негізгі бөлім

:: Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 - 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту, толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білім беруді қамтамасыз етеді.
Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері, және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.
Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады.

:: Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуін дамыту жұмысының сапасы.
Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды.
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады.
Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк қорының жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы.
Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған.
Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін.
Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді, бала ұғымдарды бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көп жағдайда қоршаған орта туралы жаңсақ пікір қалыптасады.
Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттері ерекшеленіп тұрады.
Сөздік қорының аздығы, баланың сөзді бұрмалау сипаты, естуді қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында өзіндік ерекшелігі болады.
Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық (естудің физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi (қарым-қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға әкеліп соқтырады).
Осының салдарынан пайда болған көріністер функционалдық сипат береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні, қабылдауы, көзқарасы).
Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді.
Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей қалған және нашар еститін балаларды тұлғалық жанжақты қалыптастыруға бағытталған. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.

:: Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайлар қызметінің тәртібі
Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайға төмендегідей:
1) қатты дауыс әсер етпейтін;
2) қатты дауыс әсер ететін;
3) құлақ қалқаны алдында сөйлеу тілі дауысының қаттылығы әсер ететін;
4) сөйлеу тілі аумағында есту қабілетінен 90 децибелден аса орташа айырылған құлақ қалқаны жанында жоғары дауыс қаттылығымен дыбысталған кейбір сөйлеу тілі дыбыстарын (а, о, у, р) ажырататын;
5) сөйлеу тілі аумағындағы (жиілігі 500-ден 4000 Герцке дейін) 40-тан 80 децибелге дейін және одан жоғарыны құрайтын есту қабілетінен орташа мөлшерде айырылған естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар;
6) кохлеарлы импланты бар;
7) сөйлеу тілі аумағында есту қабілетінен 40-тан 80 децибелге дейін орташа айрылған, сөйлеу тілін (құлақ қалқанынан 3 метрге дейінгі қашықтықтағы қалыпты сөйлеу тілі қаттылығының сөздерін, фразаларын) ажырататын;
8) сөйлеу тілі аумағында есту қабілетінен 80-нен 90 децибелге дейін айырылған (диагностикалық (сынама) оқыту рұқсат етіледі);
9) есту (аудиториялық) нейропатиясымен және есту қабілетінен 40-тан
80 децибелге дейін айырылған кезде сөйлеу тілін қабылдау бұзылыстары бар балалар қабылданады.
Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайға диагностикалық (сынама) түзете-дамыта тәрбиелеу мен оқытуға төмендегідей:
1) сөйлеу тілі аумағында есту қабілетінен 80-нен 90 децибелге дейін айрылған;
2) есту қабілетінен 40-тан 80 децибелге дейін жеңіл дәрежеде айрылған кезде сөйлеу тілі бұзылыстарымен азап шегетін (сенсорлық компонентпен сенсоневралды саңыраулық) балалар қабылданады.
Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайда топтар Санитариялық қағидаларға сәйкес:
1) естімейтіндер - 8 баладан артық емес;
2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған - 10 баладан артық емес толықтыруды құрайды.
Арнайы бөбекжайлардағы есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған топтар осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген толымдылықпен жас ерекшелігін және сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, жинақталады.
Оқу-тәрбие процесі № 499 Қаулыға сәйкес баланы психологиялық-медициналық-педагогик алық және клиникалық зерделеу деректерімен шартталған сараланған және жеке тәсіл қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеу тілінің, зейінінің, жұмысқа қабілеттілігінің, олардың даму динамикасының ерекшеліктерін зерделеу оқушының даму перспективасын анықтау мен түзету жұмысының тәсілдерін таңдау үшін жүргізіледі. Төртінші дәрежелі саңыраулығы бар балалардың ерекшеліктері есту қабілетінен айырылу дәрежесіне байланысты ескеріледі:
1) төменгі жиіліктерге есту сезімталдығы сақталған кезде жоғарғы жиіліктерге есту қабілетінен айырылуы; 250 Герц жиілікке есту қабілетінің төмендеуі 35 децибелден аспайды; 1000 Герцтен жоғары барлық жиілікте сөйлеу диапазонында есту қабілетінің 20 децибелге дейін одан әрі төмендеуі және есту қабілетінен кемінде 80 децибелге айырылуы кезінде;
2) төменгі жиіліктерге есту қабілетінің айтарлықтай төмендеуі кезінде жоғарғы жиіліктерге есту қабілетінен айырылуы; 250 Герцке дейінгі жиілікте есту қабілетінің төмендеуі 45-55 децибелді; жоғарғы жиіліктер аумағында есту қабілетінің төмендеуі 80-нен аса децибелді құрайды;
3) 65-тен 85 децибелге дейінгі барлық жиіліктерде есту қабілетінен біркелкі айырылуы; сөйлеу тілі бөлек былдыр сөздермен ұсынылған;
4) 90 децибелден жоғары кенеттен біркелкі (есту қабілетінің төмендеуі) есту қабілетінен айырылуы, аталған топтың балаларында сөйлеу тілі жоқ.
Арнайы бөбекжайларда есту қабілетінде бұзылыстары бар балалардың даму ақауларын түзетуді естіп қабылдауын дамыту бойынша топтық, шағын топтық және жеке түзету оқу қызметі нысанында дефектолог (сурдопедагог) жүзеге асырады.
Зерде, тірек-қозғалыс аппаратында немесе көру қабілетінде бұзылыстары бар естімейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашар еститін балалардың бейнелік есте сақтауының даму ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері туралы
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Пәндер