Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері


Ф. 4-52
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық-құқықтық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
«5В030100 - Құқықтану» мамандығы
Ақтөбе 2021
Ф. 4-53
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық-құқықтық негіздері»
5В030100 - «Құқықтану» мамандығы
Aқтөбе 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ САЯСЫТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . .
3
6
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
. . .
49
54
КІРІСПЕ
Димплом жұмысының тақырыбының өзектілігі «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады».
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы - Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді [1] .
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Жемқорлық мемлекеттік құрылымды іштей бұзып, еліміздің дамуына, халқымыздың игілігіне барын салуға дайын азаматтардың прогрессивті бастамаларын жоққа шығарады.
Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын іс емес. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі болатыны айқын. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.
Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңарту жолындағы әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады. Себебі, мен оған жағдай жасайтын шарттарды тиісті түрде анықтай отырып, оны шектеу мен төмендету бойынша нақты шараларды қолдану қажет деп есептеймін. Бұл орайда, жемқорлықпен күресте әлемдік тәжірибені зерттеудің біз үшін маңызы зор. Оған қоса, жемқорлықпен күрес кең халықаралық құқықтық базаға ие.
Жемқорлықпен күресті жүзеге асыруға орай көптеген құжаттар қабылданған. Дегенмен, жемқорлықпен күрес саласының негізін қалаушы заң азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18. 11. 2015 жылғы Заңы болып табылады. Аталған заң жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін, жемқорлықпен қатысты құқық бұзушылықтардың түрлерін және жауапкершіліктің пайда болу шарттарын анықтайды. Сондай-ақ, демократиялық бастаулардың, мемлекеттік бастаулардың өрістеуіне, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауға, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін ұлғайтуға, білікті мамандардың мемлекеттік қызметке түсуіне ынталандыруға, мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалардың жемқорлыққа жол бермеуіне жағдай жасауға бағытталған [2] .
Жемқорлықты жою - еліміздің фундаменталды құндылығы - тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гулденуіне жағдай жасай аламыз.
Қазіргі таңда бұл мәселеге еліміздегі мемлекеттік органдар өте үлкен көңіл бөледі. Елімізде жемқорлықпен күреске нақты қадамдар қолға алынуда. Барлық деңгейдегі депутаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бизнес қауымдастығының, жастар ұйымдарының, ғылыми орта мен БАҚ қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылған. Аталған шаралар жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Алайда жемқорлықпен күрес әлі өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Диплом жұмыстың мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты
- шетелдік озық тәжірибенің негізінде құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру. Ел Конституциясы баршаның заң мен сот алдындағы теңдігіне кепілдік береді. Бұл заңға баршаның теңдей бағынуынан және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті теңдей көтеруінен көрінуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық үшін жазалау әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық дәрежесіне қарамастан бұлтартпай орындалуы тиіс.
- сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;
- кәсіпорын қызметкерлерін қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай ақ кәсіпорын қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Зерттеу объектісі. Диплом жұмысының негізгі зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы саясатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қалыптасуы мен дамуындағы құқықтық жағдайының негізгі теориялық мәселелері жатады.
Зерттеу пәні мен әдiсi. Отандық және шетелдік заңи - нормативті қайнар көздер, құқық қорғау органдарының архивтік құжаттары, статистикалық деректемелер, анықтамалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған құқық қорғау органдарының жұмыс қорытындысын көрсететін деректер, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2019 жылдардағы еліміздің әр түрлі аймақтарында қаралған қылмыстық істер бойынша жарияланған материалдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен оның аумақтық органдарының мәліметтері және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің шолулары мен хабарламалары құрайды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.
Зерттеу гипотезасын қалыптастыру. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы нормативтік сілтемелер, анықтама, қысқартылған атаулар, кіріспеден, екі бөлімнен, , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ САЯСЫТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
- Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлық адамзаттың ұйымдасқан қоғам пайда болғаннан бері оның құрамдас бір бөлігі болып келетіні ежелден анық. Билік басындағы адамдардың өз құзырын асыра пайдалануына жол бермеу жолдарын қарастыру ежелгі Грекия мен Рим заманындағы зерттеушілер, ғалымдар еңбектерінде маңызды орын алған тақырып. Бүгінгі күні мемлекеттің дамуын тежейтін ішкі факторлардың ішінде сыбайлас жемқорлық, онымен күрес жолы ең күрделі және мемлекеттің халық алдында, халықаралық деңгейде беделін түсіретін құбылыс болып отыр. Жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның халықаралық құқық саласында бірауыздан мойындалған анықтамасы жоқ екенін, онымен күрес салдары, тәжірибесі әр мемлекетте әртүрлі болғандығын көрсетіп отыр. [3] .
Негізінде қылмысқа анықтама берудің екі жолы бар: формальді және материалдық. Бұл екі түрі қылмыс ұғымының мәнін ашуға көмектеседі. Бұл жерде материалдық жолы арқылы қылмыстың түсінігін алу өте тиімді жол болып табылады. Қылмыстың белгілеріне: қоғамға қауіптілік, заңға қайшылық, айыптылығы, жазаланатындығы жатады. Кейбір авторлар қылмыстың белгілеріне моральға қарсылықты да жатқызады.
Ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мерзімдік дағдарыстың негізгі себебі болуда. Сонымен қатар нарық реформасының басталуы мен оған халықтың «бой үйрету» үдерісінің ұзаққа созылуы, заңсыз баюды, рейдерлік әрекеттер мен басқа да жаңа заман қылмыстарын туындатты. Алайда, «нарыққа өту халықтың әлеуметтік таңдауына қайшы келмейді. Нарық бүкіл қоғамның ізгілік жағдайымен біріккен кезде ғана адамдар қажеттілігін қанағаттандыру мен олардың игіліктерінің әділетті бөлінуінің, құқықтардың сақталуы мен демократияның нығаюын қамтамасыз ете алады» деп көрсетті ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев. [4] .
1991-1995 жылдар аралығындағы рэкет проблемасы, одан кейінгі сыбайлас жемқорлық, басқа да түрлі қылмыстар елдің еңсесін түсіріп қана қоймай, бюджет қазынасына қаншама қаржының түспей қалуына әкеліп соқты. Бұл мемлекет дамуына кедергі келтірген жағдайдың бір жағы болса, екінші кезекте орталықтандырылған жоспарлау жүйесінен құтылу мен экономикалық прогрестерді жаңа бағытқа қою мәселерін шешу Президент мойнына жүктелгені белгілі. Мемлекеттің басқа мемлекеттер арасында абырой жинап, бекемді беделге ие болуы үшін ішкі саясат проблемаларымен қоса сыртқы саясат проблемасын жүргізу, халықтың әлеуметтік жағдайын шешу, қоғамдағы қалыптасқан қылмыстық ахуалды төмендету мәселелері 1991-1997 жылдар аралығында шешілуі кезек күттірместен тұрған өткір мәселелер еді.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж. ) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық - бұл жеке адамның немесебір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы». [5] .
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң кешігіп қабылданса да мемлекеттегі бой бермей кеткен сыбайлас жемқорлықпен күресте бірталай нәтижеге жеткізгені ақиқат. Аталған заңның қолданылу аясына қатысты бірыңғай деңгейде болуы немесе осы заң қармағына шабақтардың ғана түсіп қалмай, ірі лауазым иелерін де қамтуы халықтың бұл күреске деген ықыласын өсіріп қана қоймай, көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік беретіндігін ескеру керек.
Жаңа заманғы Қазақстан инновациялық қызметтің өрісін ғана кеңейтіп қоймай, нанотехнология дәуіріне қадам басты. Бұл сәйкесінше, қатынастарды құқықпен қамтамасыз ету қызметі де күрделенеді деген сөз. Бұдан шығатын қорытынды, мемлекет үлкен көлемдегі құқықтық және экономикалық құралдарға ие және осы құралдар арқылы инновация аясына әсер етеді, оларды іске қосады, ол оны ынталандыруы немесе инновациялық белсенділікті сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы арқылы тежеуі ықтимал.
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтаралуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады». [5] .
Ел Үкіметі мен парламент депутаттары бірігіп жаңа жоспарға сәйкес:
- 2015 жылдан бастап шағын және орта бизнеске жасалатын барлық жоспарлы тексеруді алып тастау, сондай-ақ, жоспардан тыс бақылау қажеттілігін объективті көрсететін кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін енгізу;
- 2015 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жою ресімдерін жеңілдету;
- 2016 жылдан бастап хабардар ету тәртібіне және өзін-өзі реттеуге көшіру жолымен берілетін рұқсаттар санын 50%-ға қысқарту; - мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын заңнамалық жолмен қысқарту. Үкіметтік емес ұйымдарды, сараптамалық қауымдастықты іске тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, шарпысуларды аластау бойынша заңнамаға жүйелі негізде талдау жүргізетін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына немесе құқықтық мәдениетті тұлғаның ой - пікіріне қарсылық білдіру - қылмыстың жасалуының ізгілікке қарсы бейқұқықтық негізі. Жұмыссыздықты жою немесе Қазақстан азаматтарының жұмыспен қамтылуы - қылмыстың өрістеуіне немесе деңгейінің төмендеуіне тікелей әсері бар құбылыс. Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мақсатында мынандай шаралар қажет деп санаймыз: - мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру үдерісінде айна-қатесіз ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету; - мінсіз беделге ие партия мүшелерін мемлекеттік аппараттағы жауапты қызметтерге ұсыну үшін кадрлық резерв жасақтау; - нәтижелі жұмысы үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін дамыта отырып, мемлекеттік қызметшілердің, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді қамтамасыз ету;
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарыдан жүргізіліп жатқан шаралар қоғамның қолдауынсыз тек ішінара нәтижелерге ғана жеткізбек. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды бағыты тиімдісі Үкіметтік және қоғамдық бақылау болып табылады. Бұл үшін мемлекет барлық әлеуетін, бірінші кезекте, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес пен құқық қорғау органдарын пайдалануы қажет.
Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен қызметі үшін жасырын түрде қосымша төлем талап еткен. Біздіңше осы құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы белгілері деп қарастыруға болады.
Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс антик қоғамы құлдыраған дәуірде кең өріс ала бастады. Осы кезде рим құқығында «corrumpire»деген термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті талан-таражға салудың 40 тәсілін көрсеткен.
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті.
Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем» елдері саяси дербес ел болып дамыған кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық жолына түскен еді. «Үшінші әлем» елдерінде «төменнен жоғары жаққа қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер ашық түрде пара алып, алған парасымен қарамағындағы қызметкерлермен жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда байқалады) . «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың кейбір елдерінде) клептократиялық тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы кезде бұрынғы социалистік елдерде сыбайлас жемқорлық аса үлкен қарқынмен дамыды. [6]
Қорыта келе айтатынымыз, ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың даму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды.
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.
1. 2 Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстылықтың туындау себептері
Тұрмыстың ауырлығы, жұмыссыздық адамдарды қылмыс әлемінің беделділері мен наркобарондардың заңға қайшы әрекеттерін жүзеге асырудың құралы болуға итермелеуде. Мемлекеттегі қалыптасқан ауыр қылмыстық ахуалды жөнге келтіру үшін мемлекет жасалған қылмысқа жаза тағайындау, қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, қылмыстық атқару заңдарын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды күшейтумен қатар, қылмыстың деңгейіне тікелей әсері бар әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту мақсатындағы шараларға басым көңіл бөлуі керек. «Қылмыстық сыбайластықтың құрылу мақсаты - ауыр немесе аса ауыр қылмысты істеумен үнемі шұғылдану және оны күн көріс көзіне айналдыру» -деп Қазақстандық қылмыстық құқықтың ірі маманы А. Н. Ағыбаевтың оқулықтарында жеткілікті көрсетілген. [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz