Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы цифрлы технологияларды пайдаланудың мемлекеттік қызметтегі тиімділігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В04211-Құқықтану білім беру бағдарламасы

Ақтөбе, 2021 жыл
.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
. Қазақстандағы цифрландыру процесінің заманауи үрдістері ... ... ... .
11
1.2. Ақпараттарды құқықтық қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
13
1.3. Ақпараттарды құқықтық қорғаудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
2. ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2.1. Үкіметті басқарудың электронды әдісінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ..
20
2.2. Электронды үкімет порталы және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ...
22
2.3. Электронды цифрлық қолтаңба және сертификат ... ... ... ... ... ... . ... ...
30
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ӨНДІРІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
3.1. Электронды сот өндірісінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
34
3.2. Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ...
45
3.3. Электронды сот өндірісінің халыққа тиімділігін арттыру ... ... ... ... ...
47
3.4. Аудио-бейне жазбалардың қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
51
3.5. Сот Кабинеті мобильдік қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
54
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
66
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
68
КІРІСПЕ
Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы туралы айрықша атап өткен болатын. Осы орайда 2017 жылдың 12 желтоқсанында Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған еді [1].
Қазіргі таңда IT саласы дүниежүзінде үлкен сұранысқа ие болуда. Расымен де бүгінгі күн санап қарыштап дамыған заманда ақпараттық технологияларды қолға алып, дамытпасақ, еліміздің өркениетті отыз елдің қатарына енуі жай арман болып қалар ма екен. Себебі, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары өркениетті елдердің барлығы дерлік сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуы мен халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке Цифрлық Қазақстан жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын...,-делінген тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты жолдауында [2].
Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі күні электрондық жүйеге көшу аса маңызды болып отыр. Бұл ретте мемлекет пен қарапайым халық арасында байланыс орнатуды жеңілдету үшін электронды үкімет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды форматқа көшіру жұмыстарын дамыту шаралары жалғасуда. Бүгінге дейін жұртшылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іске асып та үлгерді.
Қазақстандағы цифрландыру - Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс.
Қазақстандағы цифрландыру бағыттары келесідей:
ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту;
Қазақстандықтарға Интернет және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кеңжолақты қолжетімдік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту;
онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді;
электронды коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау;
отандық ІТ секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын арттыру.
Жалпы алып қарасақ, Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру.
Сондай-ақ, Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2050 Стратегиясы, 100 нақты қадам Ұлт жоспары мен Нұрлы жол сияқты маңызы зор құжаттарда тасқа жазған таңбадай көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асыруға басымдық беретін қосымша күш деуге болады. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру, сәйкестендіру жұмыстары осыдан сәл ертерек нәтижелі бастау алғанын айтып өткен жөн. Осы уақыт ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Қазақстан халқының басым бөлігі цифрлы сауатты. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасай алады. Бұрындары кезекте тұрып, уақытта сарп етіп, арнайы мекемеге бару керек болса, қазір Қазақстан халқы төлемді де, оның ішінде салық, айыппұл төлеу, коммуналды қызметтерді жасау секілді, тағы да басқа түлі операцияны орындай алады. Қазақстан Республикасы бойынша орта білім беру мекемелерінде интерактивті тақта орнату, компьютермен жабдықтау қолға алынды.
Сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ақпараттық технологияны кеңінен енгізу - уақыт талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев судьялар қауымдастығының VІ съезінде соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын электронды инновациялық жүйені енгізуді жәнесот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын [3].
Бүгінде республика соттарында сот төрелігін іске асыру процесін анағұрлым жетілдіруде, сот қызметіне интернет арқылы қол жеткізуде және сот процесінің анықтығын қамтамасыз етуде ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда.
Бұл бағытта электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының соттары электронды технологияға көшірілді. Мәселен, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының барлық соттары аудио және бейне жазу құрылғыларымен толық жабдықталған. Кез-келген сот отырысы аудио және бейне таспаға түсіріліп, бірден тараптардың қолына ұсынылады. Бейнетаспаны монтаждау мен өзге әрекеттер жасауға жол берілмейді. Өйткені сот процесі басталған уақытта бейнежазу құрылғысы іске қосылып, сот процесінің басталған және аяқталған уақыты толық көрініп тұрады. Бұл сот процестерінің белгіленген уақытта кешіктірілмей басталуына ықпал етіп, сот істерінің созбалаңға салынуына тыйым болады.
Мұндай заманауи озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот мәжілісінің хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімді бола түсуіне жәрдемдесуде. Қағаз бетіне түсірілетін хаттамалар жаңа инновациялық бағытпен халыққа тиімділік беретін CD дискілермен алмастырылды.
Сандық электронды қолы бар ел азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақыттаинтернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады.
Сот құжаттарымен танысу жүйесі ашықтық пен жылдамдықты қамтитын электронды сот құжаттарымен танысуға арналған. Яғни, сотқа талап арыз өткізген азамат қолма-қол құжаттың тіркелгендігін растайтын түбіртекті алады. Соңынан ұялы телефоны арқылы логин мен құпия сөз көрсетілген электронды хабарлама алып, сол ақпараттарды енгізу жолымен шығарылған сот актісімен танысу мүмкіндігіне ие болады [4].
Сот жүйесінің конституциялық дербестігі мен тәуелсіздігін нығайтуда, сот билігінің беделін жоғарылатуда, әділ сот төрелігін жүзеге асыруда басты мәселе - соттарды материалдық-техникалық және заманау ақпараттық технологияны соттарға кеңірек енгізумен маңызды.
Бұл ретте сот процедураларының ашықтығы мен айқындығы, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігі, бұқара халықтың сотқа қолжетімділігі электронды инновациялық жүйені енгізумен арта түспек. Бүгінгі Сот кабинеті және Сот құжаттарымен танысу сервис бұқара халықтың кең қолданысында болып, адвокаттардың, судьялар мен сот мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің жетілуіне, олардың өздерінің конституциялық құқықтарын еркін пайдаланып, құқықтарының сақталауы, қорғалуына септігін тигізеді. Ұлттық сот өндірісін дамытудың маңызды бағыттары 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында және Ұлт жоспары 100 нақты қадамда айқындалған [5]. Сондықтан міндеттелген тапсырмалардың уақытылы орындалуы, судьялар мен сот мамандарының біліктілігін үдемелі көтерілуіне, жаңа технологияны игеру арқылы сот қызметкерлерінің одан әрі мамандануына ықпалын тигізеді.
Дипломдық жұмыc тақырыбының қойылымы: ҚР цифрлы технологияларды пайдаланудың мемлекеттік қызметтегі тиімділігі.
Оcыған байланыcты дипломдық жұмыc келеci мәcелелердi зерттеуден тұрады:
Қазақстандағы цифрландыру процесінің заманауи үрдістері;
ақпараттарды құқықтық қорғаудың қажеттілігі;
электронды цифрлық қолтаңба және сертификат қызметтері;
электронды үкімет порталының функциялары;
цифрлы технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру
үшін қолдану;
Үкіметті басқарудың электронды әдісінің тиімділігі
электронды үкімет порталы және оның қызметтері
электронды цифрлық қолтаңба және сертификат
электронды сот өндірісінің дамуын зерделеу;
электронды сот өндірісінің Қазақстанда даму тарихына тоқталу;
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінде электронды сот өндірісінің дамуына байланысты салыстырмалы анализ жасау;
электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздерін анықтау;
электронды сот өндірісінің халыққа тиімділігін арттыру
аудио-бейне жазбалардың қолданылуын зерттеу.
Диплом жұмыcының өзектiлiгi: ҚР цифрлы технологияларды пайдалану арқылы мемелекеттік қызметте тиімділігін арттыру.
Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында деген қанатты сөзді тарих белгілі банкир Нотан Ротшильдтің аузына салды. Осыдан екі ғасыр бұрын айтылған сөз өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, күн өткен сайын өміршеңдігін айғақтай түсуде. Бүгінгі әлемнің әр қадамы ақпаратпен байланысты екенін ескерсек, оның болашағы да цифрлық ақпаратқа тәуелді болары сөзсіз. Сондықтан да, цифрлық технологиялар Елбасы айтқан төртінші өнеркәсіптік революцияның өзегіне айналды. Мемлекет басшының Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер Жолдауының жүзеге асуының маңызды факторы - цифрлық технология. Біздің санамызда цифрлық технология ұғымы күнделікті пайдаланылатын компьютер немесе ұялы байланыспен шектеліп қалмауы тиіс. Инновациялық технологияның мүмкіндігі - шексіз. Соны қоғамның барлық саласына енгізетін, азаматтардың санасына жеткізетін уақыт келді.
Елбасы Цифрлық Қазақстан бағдарламасын айтқанда мемлекет пен бизнес өзара әрекеттесе отырып, кәсіпкерлердің цифрлық технологияларды енгізуіне қолайлы жағдай жасау керектігін тілге тиек еткен-тін. Мемлекет басшысының тапсырмасы бүгінде жүзеге асырылып жатыр. Деректер бойынша, аймақтың білім беру саласының 48%-ы, денсаулық сақтау саласының 68%-ы цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалануда. Мәселен, біздің облыстың денсаулық сақтау саласындағы автоматты дистанционды ақпараттық жүйе - инновациялық жобалардың бірі. Облыс орталығындағы ауруханалар мен емханалар кешенді медициналық ақпараттық жүйеге қосылған. DamuMed арнайы мобильді қосымшасының қолданушылары облыс бойынша - 60 мың. Ол арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға, зертханалық талдауларды қадағалауға, SOS батырмасын басу арқылы шұғыл көмек шақыруға болады. Сонымен қатар, емделушілердің электронды картасы жүргізіліп, дәрі-дәрмек жазбалары, зертхана нәтижелері электронды түрде беріледі. Оқушылардың үлгерім журналы электронды күнделікке айналғалы көп бола қойған жоқ. Бұл e-Learning - елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған, бүгінгі күні жемісін берген жоба [6]. Ресми деректерге сүйенсек, осы қанатқақты жоба аясында электронды күнделік жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны қазір 174 мыңнан асқан, сондай-ақ, 1,4 млн. оқушы мен 854 мыңнан астам ата-ана қолданады. Енді цифрлық технологияларды дамыту үшін ІТ мамандарын тарту және оларды даярлайтын оқу орындарының базасын нығайтуды қолға алу қажет. Бұл мәселенің шешімі Елбасы өзінің Президенттің бес әлеуметтік басымдығы үндеуінде айтқан оқу гранттарының санын 20 мыңға арттыру тапсырмасында жатыр. Елбасымыз: ... Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады, - деп нақты көрсетті. Осы арқылы төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыратын, цифрлық Қазақстанды алға қарай ілгерілететін техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға басымдық берді [7]. Цифрлық теxнологияларды қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етудің бір құралы ретінде айта кеткен абзал. Маңызды шешімдер қабылданғанда халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Ашық диалог немесе кері байланыс арқылы түрлі деңгейдегі шенеуніктерге сұрақ қойып, жауабын ала аламыз.
Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған. Оның жарқын мысалы - eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Осы жүйе арқылы жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жасай аламыз. Құжат рәсімдеу, коммуналдық төлемдер, салық, айыппұл төлеу, сақтандыру және басқа да шаруаларды үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік бар. Мұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді. Бастысы - санамыз соны қабылдап, тиімділігін зерделеп, пайдасын алуға бейімделу. Цифрлық теxнологияларды енгізу саласындағы шаралар ары қарай жалғасып, аймақтарды толығымен қамтуы керек. Сол арқылы жұмыстың сапасы артып, сыбайлас жемқорлық тиылады. Еліміз Елбасы айқандаған Цифрлық дәуірге қадамды нық басып келеді.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың арасынан өзінің лайықты орнын алып қана қоймай әлемдік аренада бейбітшілікті қолдайтын ел екенін дәлелдеді. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз дамудың қазақстандық жолын қалыптастырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында 30-дамыған елдер қатарына кіру - айқындалған жаңа міндет бар. Бұл белесті бағындыру жолында елімізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған: шетелдік инвесторларды тартатын пайдалы қазбалар, Қазақстанның азаматтарының, жеке және заңды тұлғалардың, бизнес қауымдастығынының құқықтарын қорғайтын жетілдірілген заңнама да бар. Бүкіл әлемдік экономикалық форумның жаһандық қабілеттілік индексі бойынша базалық көрсеткіштерге ең әуелі соттардың тәуелсіздігі, халықтың сенімі және меншік құқығын қорғау институттары кіреді. Осы халықтың сот жүйесіне қатысты сенімін арттыруда елімізде бірқатар тың өзгерістер орын алды.Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында электронды сот төрелігін дамыту ісіне үлкен мән берілуде. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді.
Мемлекет басшысы жариялаған 100 нақты қадам Ұлт Жоспарының 20-қадамын орындау мақсатында республиканың барлық сот залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен, соның ішінде, бейнебайланыс құрылғыларымен 100 пайызға жабдықталды.
Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің бейнежазбаны тоқтата тұруына немесе аудио-бейне тіркеу материалдарын редакциялауына жол жоқ. Сот процестеріне аудиобейне тіркеу жүйесін енгізу нәтижесінде азаматтар мен ұйымдардың уақыты мен бюджет қаржысы үнемделіп, сот процесіне қатысушылардың тәртібі күшейді.
Бейнебайланыс жүйесі сот төрелігін қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, қазіргі таңда еліміздегі соттар басқа өңірдегі адамнан қашықтан куә ретінде жауап алу мүмкіндігін ұтымды пайдалануда. Жауап алынатын адамның жергілікті сотқа келіп, сол жерде бейнебайланыс арқылы тиісті сотпен байланысқа шықса болғаны. Мұндай куәлік ету заңды болып табылады және сот тарапынан толық көлемде ескеріледі. Бұған қоса, бейнебайланыс жүйесі бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу абақтысында отырған сотталған немесе тергеуде жүрген адамдарды тасымалдамай-ақ жауап алу үшін қолданылады.
Электронды сот төрелігі соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сот ісі жүйесін автоматтандыруды жеделдетеді. Соттарда электронды технологияларды қолдану - процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, сонымен қатар, сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді.
2014 жылы Сот кабинеті сервисі іске қосылды. Осы сервистің көмегімен электронды цифрлық қолтаңбаға ие азаматтар қазіргі таңда үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуде.
Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдап, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады. Әрбір сотқа жүгінген азамат Сот кабинеті арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
Электронды сот төрелігі бағытындағы келесі жаңашылдықтардың бірі - сот бұйрығын шығару туралы арыздардың электронды түрде қаралуы. Сот бұйрығы дегеніміз - борышкерден ақшаны өндіріп алу және жылжымалы мүлікті талап ету туралы арыз негізінде борышкер мен өндіріп алушыны сотқа шақырмай-ақ және сот талқылауын өткізбей-ақ шығарылатын сот актісі.
Жоғарғы Сот ұсынатын электронды қызмет түрлері бұлармен шектелмейді. Халық үшін тиімді жобалардың қатарында сот практикасының қорытулары мен сот актілері дерекқорын, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын пайдалануға мүмкіндік беретін Талдау форумын, сотқа талап арыз, апелляциялық, кассациялық өтінішхат беру кезінде мемлекеттік баж салығын төлеуге арналған Электронды үкіметтің төлем шлюзі, Төрелік сот органдарының ақпараттық-талдамалық жүйесін, Сотқа шақырту қағазы, Сот құжаттарымен танысу, Хабарлама бойынша сот құжаттарын көру сервистерін атап өтуге болады. Жұртшылықтың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Диплом жұмыcының мақcаты мен мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтердің жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету;
орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау;
IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау;
Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
Елбасымыз еліміздің сот жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мақсатында көптеген көшелі міндеттерді алға қойып, жаңа жүйе енгізіп жатқаны да белгілі. Соның ішінде 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы негізінде халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жетімділігін арттыру, сот жүйесінің ашықтығын қаматамсыз ету басты назарға алынған болатын. Сондықтан еліміздің сот жүйесінің электрондық жүйеге көшуі бұл мақсаттарды жеделдете түсті.
Жалпы елімізде цифрлы технологияға, электронды ақпаратқа ең алғаш қадам басқан Жоғарғы Сот болатын. Қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IТ-технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастады. Осыған орай, жедел ақпарат алмасудың технологиясы дамыған шақта сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылып, ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігі сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың толықтай игілігін көріп отыр. Нәтижесінде халықтың ақпаратқа қолжетімділігі артып, салаға сенім де қалыптасуда. Қазіргі таңда сот отырыстарында бейнеконференциялық байланыс арқылы азаматтар қай қалада болсын уақытын үнемдеп, тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие. Осыған орай істер жедел қаралып, қауіпсіздік тетіктері қамтамасыз етіліп, бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу абақтысында отырған адамдарды тасымалдамай-ақ жауап алу жеңілдегенін мысал ретінде айта кетуге болады. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматына үйден шықпай-ақ Сот кабинеті электронды ақпараттық сервисі арқылы елдің кез келген сотына талап арыз беріп, кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл саланың электронды жүйеге, ақпараттық технологияға бет бұру арқылы игілігін көріп отырған көп ісінің бірі ғана.
Елбасының Цифрлы Қазақстан бағдарламасын іске асыру аясында Жоғарғы Сот тарапынан бүгіндері жүзеге асырылып жатқан мұндай бастамалар, соттардың халықпен өзара іс-қимылындағы барлық мәселені кеңінен қамти отырып, республикамызда электронды сот төрелігін мейлінше дамытуға, төрешілдік кедергілерді болдырмауға, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, ел тұрғындары игілігі үшін сот жүйесінің қолжетімді әрі барынша ашық болуына жағдай туғызып отыр. Заманауи жетістіктер сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландыруда және автоматтандыруда. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы және осыған байланысты қоғам сұранысының артуы оны сот жүйесінің қызметінде пайдалануды ұдайы жетілдіруді қажет етеді. Сот процесінің дыбыс-бейне жазбаға тіркелуі соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, іске қатысушылардың да мәжілісте өздерін барынша заңға сай ұстап, сотты сыйлауына ықпал етіп отыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Осы орайда алдағы уақытта да сот төрелігін жаңғырту болашақ сот жүйесінің даму бағыттарының бірі болмақ.
Диплом жұмыcының құндылығы:
цифрлық технологияларды пайдаланудағы тиiмдiлiгi;
мемлекеттік қызметтегі цифрлық технологияны еркін, ашық түрде
қолдану тиімділігі.

Диплом жұмыcының құрылымы:
Диплом жұмыcы кiрicпеден, негiзгi бөлiмнен және қорытындыдан тұрады. Негiзгi бөлiм үш тарауға бөлiнедi. Cоңынан қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қоcымша берiледi.
Бiрiншi тарауда қазiргi қоғам талабына cай Қазақстан Республикасындағы цифрландыру процесі мен заманауи үрдістері қараcтырылады.
Екiншi тарауда электронды цифрлық қолтаңба және сертификатына, электронды үкімет порталына қыcқаша cипаттама берiледi.
Үшiншi тарауда Қазақстан Республикасындағы Электронды сот өндірісі, даму тарихы, қызметі, халыққа тиімділігі қарастырылды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІ
1.1. Қазақстандағы цифрландыру процесінің заманауи үрдістері
Бүгінгі күні Интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25%-ға дейінгі қарқынмен өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы мұндай қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық деректердің 90%-ы бар-жоғы соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды жүзеге асырады, 7 бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық. Бірақ, сонымен бірге Үкімет пен корпорация жыл сайын кең таралған жаңа құбылыс - кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл жасауға жарты триллионға жуық АҚШ долларын жұмсайды.
Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын - болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде.
Бұл өзгерістер соңғы жылдары түрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновациялардың енгізілуімен туындады. Өндіріс және қосымша құнды алу тәсілдері түбегейлі өзгеруде, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар пайда болуда. Өнеркәсіптік заттар интернеті икемді және ақылды өндірістің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өндірістік салалардың болашағын қалыптастырады, өнімділіктің революциялық өсуін қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект қаржы қызметтері мен медицина сияқты консервативтік салаларда да енгізілуде. 3D басып шығару технологиясы бүгінгі күннің өзінде авиация, логистика, биомедицина және автомобиль өнеркәсібі секілді салалардың трансформациялануына ықпал етеді.
Блокчейннің жаһандық ақша жүйесін трансформациялауға барлық алғышарттары бар. Үлкен деректер және байланыстың жаппай қолжетімділігі жаһандық ауқымда қарқынды түрде таратылатын факторлардың бірі болып табылады, олардың негізінде бірлесіп тұтыну экономикасы құрылады. Физикалық активтер болмаған жағдайда бірлесіп тұтыну сегментінің көшбасшылары капиталдандыру мөлшері бойынша теңгерімінде көптеген миллиард физикалық активтері бар дәстүрлі компаниялардың құнынан асып түседі. Бұл өзгерістер түбегейлі болып табылады және бұрынғыдай ондаған жылдар бойы емес, санаулы жылдар ішінде, тіпті санаулы айлар ішінде болады. Бірақ бұл тек бастамасы ғана, ал әлем өзгерістердің негізгі бөлігін әлі де бастан кешеді. Өзгерістердің қарқыны өсуде, алайда осы өзгерістердің бір бөлігі болу әлі де кеш емес.
Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етеді. Сонымен қатар әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Дания ұлттық экономикаларды цифрландыру бойынша алдыңғы қатардағы елдер болып табылады. Қытай өзінің интернет плюс бағдарламасында цифрлық индустрияны дәстүрлімен біріктіреді, Канада Торонтода АКТ-хабын жасады, Сингапур драйвері АКТ болып табылатын ақылды экономиканы қалыптастырады, Оңтүстік Корея Креативті экономика бағдарламасында адами капиталды, кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ саласындағы жетістіктерді таратуға бағдарланады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға баса назар аударуда.
2017 жылғы бекітілген Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бес негізгі бағыты бар:
Экономика салаларын цифрландыру - озық технологиялар және мүмкіндіктерді пайдалана отырып, капиталдандырудың өсуі мен еңбек өтімділігін арттыратын ҚР экономикасының әртүрлі салаларын қайта құру.
Цифрлық мемлекетке өту - халық пен бизнестің сұранысын алдын ала болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.
Цифрлық Жібек жолын іске асыру - деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын бүкіл аумақты дамыту.
Адами капиталды дамыту - креативтік қоғам құруды және жаңа нақтылықтар - білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
Инновациялық экожүйені құру - бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.
Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері Bigdata (Үлкен деректер) - деректер қорымен жұмыс істеу үшін дәстүрлі тәсілде жиі пайдаланылмайтын үлкен көлемді ақпаратты сақтау, ұйымдастыру және зерттеу әдістері. Көбінесе құжаттар мен бейнетаспалардың ретсіз жиынтықта орналасқанынан туындайтын қиыншылықты өңдеу арқылы толықтай жүзеге асырады және бәсекелестердің қызметін талдауға, өз клиенттері туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді.
Осылайша, бұл қызмет көрсету деңгейін жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға, қызметтер немесе өнім сапасын арттыруға, сатуды ұлғайтуға әкеледі.
Blockchain технологиясы IT саласының ғана емес, қаржы саласының да даму белгісі болып табылады. Қаржы өкілдері Blockchain технологиясының болашағы үлкен екеніне сенеді.
Blockchain технологиясы. Ақпарат белгілі бір ережелер бойынша дәйекті түрде құрылған және көбінесе түрлі компьютерлерге таратылады. Осылайша, әртүрлі компьютерлер арасында ақпаратты бірнеше рет қайталаудың және бөлудің арқасында бірнеше маңызды артықшылықтарға қолжеткізеді, атап айтқанда:
технологияның сенімділігі, өйткені деректер пайдаланушылар
арасында бірнеше рет қайталанған;
орталықсыздандыру, өйткені бірыңғай басқару орталығы жоқ;
ашықтық - әрбір пайдаланушының жаңартылған деректер көшірмесі
бар, өйткені ақпаратты қасақана бұрмалау әрекеті жедел анықталатын болады.
Бұл технология түрлі зерттеулер мен тестілеулер кезеңінен өтіп жатқандықтан, әлі қолданысқа кеңінен енгізілмеді. Алайда адам өмірінің маңызды салаларында көп кездестіруге болады. Қазіргі уақытта Blockchain белсенді түрде банк жүйелерінде кеңінен қолданылуда. Бұл технология негізі банктің ғана емес, оның салымшыларының да қаржылық құралдарын қорғайды. Мұндай технологияны қолдану операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кез келген ұйым үшін Blockchain технологиясының үш артықшылығы бар: қауіпсіздік, қашықтық және қорғалғандық.
Ақпараттарды құқықтық қорғау
Қоғамның қазіргі таңдағы дамуы ақпараттық процесстер мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне азаматтардың қызметін қамтамасыз етудің қажетті атрибутына айналғандығымен ерекшеленеді. Өзінің маңыздылығы бойынша ақпараттық ресурстар табиғи, қаржы, еңбек жəне өзге ресурстармен қатар мемлекеттің жəне қоғамның маңызды потенциалын құраушы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ақпарат еркіндігін жариялай тұра (20-баптың 2-бөлігі) осы еркіндіктің шексіз емес екендігін көрсетіп отыр: 20-баптың 2-бөлігінде Əркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тəсілмен еркін ақпарат алуға жəне таратуға құқығы бар деп көрсетілген, оған қоса, Конституцияның 18-бабының 1-бөлігінде Адамның жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің жəне отбасының құпиясының қорғалуына құқығы бар делінген [8].
Мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ақпарат алу саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты пайдалануды, оны конституциялық құрылыстың мызғымастығын, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.
Ақпаратты құқықтық қорғау - құқықтық негізде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ететін арнайы заңдар, нормативтік актілер, ережелер, рәсімдер мен іс-шаралар. Ресурс ретінде ақпаратты құқықтық қорғау халықаралық, мемлекеттік деңгейде танылған және мемлекетаралық шарттармен, конвенциялармен, декларациялармен анықталады және патенттермен, авторлық құқықпен, оларды қорғауға арналған лицензиялармен іске асырылады. Мемлекеттік деңгейде құқықтық қорғау арнайы ережелермен реттеледі. Біздің елде мұндай ережелер (актілер, нормалар) Конституция, Қазақстан Республикасының заңдары, тиісті кодекстерде баяндалған азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық болып табылады. Қазіргі заманда ақпаратқа қатысты орын алып жатқан жағдайлар ақпаратты қорғау жөніндегі заңнаманы, оның құрамы мен мазмұнын, оның Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық актілерінің барлық жүйесімен арақатынасын қалыптастыруға кешенді көзқарастың қажеттілігін талап етіп, айқындайды.
Ақпараттандыру мен ақпаратты қорғау жөніндегі ҚР заңдары:
1996 жылғы 10 маусымдағы Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы [9].
2003 жылғы 7 қаңтарғы Электронды құжат және электронды
цифрлық қолтаңба туралы [10].
2015 жылғы 16 қарашадағы Ақпаратқа қолжеткізу туралы және
басқа да Қазақстан Республикасының Заңдары [11].
Дербес деректер құпия ақпарат санатына жатады. Тұлғаның жеке өмірі туралы ақпаратты (сот шешімі болмаса) оның келісімінсіз жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді. Дербес деректер азаматтарға мүліктік және моральдық зиян келтіру мақсатында пайдаланылмайды. Өз өкілеттіктеріне сәйкес азаматтар туралы ақпаратты иеленетін, пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Ақпаратқа қолжеткізу туралы, 2003 жылғы 7 қаңтардағы Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы Заңдары).
Коммерциялық ақпарат - коммерциялық құпияны құрайтын төмендегі ақпараттар жиынтығы:
оның үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты нақты немесе әлеуетті коммерциялық құндылығы бар;
оған заңды негізде еркін қолжетімдік жоқ;
ақпарат иесі оның құпиялылығын қорғау шараларын қолданады.
Ақпаратты қорғау - пайдаланушыға ақпарат беру тәртібін белгілеу (орнын, уақытын, жауапты лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ пайдаланушылардың ақпаратқа қолжеткізу шарттарын қамтамасыз ететін қажетті рәсімдерді көрсету).
Коммерциялық құпия - рұқсаты шектеулі құпия ақпараттың бір түрі.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат - жалпы мағынада коммерциялық сипаттағы деректер.
Зияткерлік меншік - бірінші кезекте, шығармашылық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ нақты тізбесі заңнамамен белгіленетін, оларға теңестірілген кейбір өзге де объектілерге жеке, мүліктік сипаттағы айрықша құқықтардың жиынтығы.
Зияткерлік меншік объектілерін қорғау мен пайдалануға байланысты қатынастар азаматтық құқықты реттеу болып табылады. Зияткерлік меншік объектілерінің елеулі ерекшеліктерінің ортақтығын және құқық көздерінің қалыптасқан жүйесін ескере отырып, оларды 4 дербес институтқа бөлуге болады:
1-сурет. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар институты
2-сурет. Патенттік құқық институты
3-сурет. Азаматтық айналымға қатысушыларды және олар өндіретін өнімдерді дараландыру құралдарының институты
4-сурет. Дәстүрлі емес зияткерлік меншік объектілерін қорғау институты
ҚР Конституциясы зияткерлік меншікті қорғау құқығына кепілдік береді. Қазіргі жағдайда ғылыми қызмет нәтижелеріне зияткерлік меншікті құқықтық қорғауды күшейту - өте өзекті мәселе. Айрықша құқықты бұзушыдан оның кінәсі болған жағдайда залалдарды өндіріп алу және оған басқа да жауапкершілік шараларын қолдану жүргізіледі (1996 жылғы 10 маусымдағы Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңдары).
Ақпараттарды құқықтық қорғаудың қажеттілігі
Қазақстанның информатика мен телекоммуникациялардың әлемдік жүйесіне қосылуы қазірдің өзінде мемлекеттік басқаруда, бизнесте, өнеркәсіптік объектілерді басқару жүйелерінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің дүркінді өсуіне әкелді, азаматтардың дербес деректерін өңдейтін операторлармен АКТ қызметтерін көрсету салаларын кеңейтті.
Соңғы жылдары мемлекеттік ақпараттық жүйелерге, сонымен қатар, банк және өнеркәсіп секторларына да бағытталған ақпараттық қауіпсіздікке төнген қатерлердің күрт өсуі орын алуда. ЕМС компаниясының "Global Data Protection Index" талдамалық есебінің деректері бойынша 2012 жылдан бастап дүние жүзі бойынша жоғалтылған деректер көлемдері 400%-ға өсті. Жоғалған деректердің жалпы көлемі шамамен 2,36 терабайтты құрады. Барлық әлем бойынша жоспардан тыс тоқтап қалулар және деректерді жоғалту жыл сайын ұйымдарға 1,45 млрд. АҚШ доллардан астам сомаға келеді. Халықаралық электр байланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес 2017 жылы Қазақстан 193 мемлекеттің ішінен 83 орынға ие болды, яғни, рейтингтің төмен деңгейінде орналасты. Осы индекс құқықтық ортаның даму деңгейін, техникалық алғышарттарды, ұйымдастырушылық шараларды, құзыреттердің дамуы мен мемлекет ішіндегі және сыртындағы кооперацияны ескереді.
Кеңжолақты қолжетімділік желілерінің дамуымен, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы түрлендірулермен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің "онлайн" ортаға көшумен және өнеркәсіпте, энергетикада, банк қызметінде және АКТ-қызметтер саласында технологиялық процестерді автоматтандырумен қатар ақпараттық кеңістік пен байланыс инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ойластырылған және бірізді саясатын жүргізу қажет.
АКТ қолдану саласында Қазақстан экономикасын цифрландыру процестерінің тиімділігіне әсер ететін қауіпсіздіктің негізгі проблемалары мен қатерлері, оларды еңсеру шаралары "Қазақстанның киберқалқаны" киберқауіпсіздік тұжырымдамасында көрсетілді және ақпараттың тұтастығын, құпиялылығын, қолжетімділігін және оны өңдеу кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіруді қамтамасыз етудің сенімді технологияларын қолдануды көздейді.
Қазақстан Республикасы экономикасын цифрландыру жөніндегі іс-шараларды тиімді іске асыру ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірлігін, тұрақтылығын және қауіпсіздігін, деректердің сақталуын және негізінде АКТ қолдануға негізделген шешімдер жатқан процестерге азаматтардың сенімін қамтамасыз ету кезінде ғана қамтамасыз етілетін болады.
Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы. Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бар ма? Қандай ақпараттар ақпараттық қауіпсіздік бойынша қудаланады?
Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған. Ақпараттық қауіпсіздік -- мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.
ҚР Конституциясы әр адамға қажетті ақпаратты алуға және оны заңмен тыйым салынбаған, кез келген жолмен жариялауға кепілдік береді;
ҚР Азаматтық Кодексі барлық ақпараттық кеңістіктен жабық ақпаратты ерекше белгілейді, ол - заңмен қорғалатын құпиялар;
Мемлекеттік құпиялар туралы ҚР Заңы тағы бір жабық ақпараттық кеңістіктің бөлігін белгілейді, ол - мемелекеттік құпиялар [12].
Мұражай және мұрағаттық қызмет жөніндегі ҚР Заңы қол жетімді мұрағаттық ақпаратты және құпиялы ақпаратты белгілейді;
БАҚ туралы ҚР Заңы (20 бап) журналистің құқықтық мәртебесін белгілейді, ал негізгі кәсіптік құқығы ретінде - ақпаратты іздеу, сұрау, алу және тарату болып табылады;
БАҚ туралы ҚР Заңы (18 бабы) ақпаратты сұраудың жалпы кестесін анықтайды;
БАҚ туралы ҚР Заңы ақпаратқа қол жеткізу мен алуды жеңілдететін, журналистерді аккредитациялау институтын енгізеді [13].
Заңмен қорғалатын құпиялар:
Арнайы ақпарат. Отбасы және жеке өмірдің құпиясы;
Хат жазу, телефон, телеграф және т.б. хабарламалардың құпиясы;
Бала асырап алу құпиясы;
Медициналық құпия;
Коммерциялық және қызметтік құпия;
Банктік құпия;
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік ақпарат;
Тергеу және алдын ала тергеудің құпиялары;
Адвокаттық және нотариаттық құпия;
Мемлекеттік құпиялар:
Әскери саладағы кейбір мәліметтер;
Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер;
Сыртқы саяси және сыртқыэкономикалық саладағы кейбір
мәліметтер;
Жедел іздестіру және қарауыл қызметі саласындағы кейбір
мәліметтер;
Мұрағаттық ақпарат
Ашық пайдалантын, мемелекеттік мұражайда болатын,
мұрағаттық ақпарат.
Белгіленген категориядағы жеке және заңды тұлғалар үшін анықталған құжаттарды пайдаланудың шектелуі.
Меншік құқығы сақталатын және тек меншік иесінің келісімімен ғана анықталатын мұрағаттық ақпаратты пайдалану ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 172-бабына сәйкес Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету нормасы көрсетілген [14]:
Құжаттарды ұрлау, мемлекеттiк құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сол сияқты өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда - екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН ҚОЛДАНУ
2.1. Үкіметті басқарудың электронды әдісінің тиімділігі
Цифрлы Қазақстан бағдарламамен мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру бойынша өршіл мақсаттар қойылды. Осы мақсаттарды іске асыру үшін бейінделген заңнама, бизнесті, білім мен ғылымды қолдау шаралары, бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдету, мемлекетпен өзара әрекеттесу кезінде транзакциялық шығындарды қысқарту түрінде қолдау инфрақұрылымы жасалынатын болады. Сонымен қатар, мемлекет еңбек өнімділігіне уақытты барынша босату мен экономикалық белсенді мінез-құлықты ынталандыру үшін өз азаматтарының қызмет алудағы қажеттіліктерін болжап қояды.
Мемлекет ақпараттандырудың алдыңғы кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тікелей немесе жанама түрде араласатын мемлекеттік органдардың базалық инфрақұрылымы мен ақпараттық жүйелері түрінде Қазақстан Республикасының Электрондық Үкіметін құрды.
2017 жылдың шілдесінде 740-тан астам қызмет пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz