Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары


Француз материалистері мен ағартушыларының
педагогикалық көзқарастары
- Француз материалистерінің философиялық
көзқарастарына қысқаша сипаттама.
- Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары.
- Дени Дидроның педагогикалық идеясы.
ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың “ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.
Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді.
Материалистер-философтардың табиғатқа көзқарастары дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. “ХҮІІІ ғасырдағы ұлы ойшылдары” және олардан бұрынғылар да қоғам дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХҮІІІ ғ. барлық ағартушылар сияқты олардың айтуынша, “дүниені көзқарас билейді” деген болатынды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес.
Франциядағы ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары, ағартушылары әзірледі.
ХҮІІІ ғасырдың ортасында Францияда орын ала бастаған капиталистік даму үрдісі елде ертеден қалыптасқан феодалдық қатынастармен қайшылыққа кездесті.
Француз қоғамы бұл кезеңде үш топқа бөлінді:
Бірінші және екінші топтағылар діниелері және дворяндар - бүкіл жерді биледі және өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін пайдаланып, бұқара халықты, шаруаларды, қолөнершілерді аяусыз қанады, олар үшінші топты құрады, үшінші топ өз құрамы жағынан әртүрлі болды, шаруалардан басқа купецтер, фабриканттар, банкирлер кірді.
Бұқара халықтың феодализмге қарсы қозғалысы 1789 жылғы төңкеріспен аяқталған болса, бұл қозғалысты буржуазия тағы басқарды.
Фрнацуз буржуазиясының идеялогиясы өзінің анық көрінісін ағартушы-философтардың еңбектерінде тапты. Олар барлық феодалдық құрылысқа қарсы күресті.
Француз ағартушыларының өзінің философиялық және саяси көзқарастары жөнінен ерекше көрнекіліктері Вольтер, Руссо, материалист-философтар Гельвеций және Дидро болды. Барлық ағартушылар феодалдық өкіметтің деспатизмі мен зұлымдығына, діни фонатизмге қарсы шықты. Француз ағартушыларының көзқарастары төңкерісті идеялогиялық жағынан дайындауда ерекше роль атқарды.
Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары
(1715-1771)
Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын “Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.
Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.
Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.
Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.
Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.
Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.
Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.
Гельвецийдің ілімі тарихи прогрессивті сипатта болды және утопистік социализмнің идеялық қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Дени Дидроның педагогикалық идеялары
(1713-1784)
Дени Дидро - ХҮІІІ ғ. француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды.
Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол “дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.
Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің “Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.
Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.
Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.
Дидроның баланың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оның даралық ерекшелігін дамыту туралы ұсыныстары жағымды бағалауға тұрарлық. Тек ғана таңдаулылар емес, барлық адамдар табиғаттан қолайлы нышандармен жаратылған деп дұрыс түсіндіреді.
Мұғалімге ерекше мән бере отырып, ол өз сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым, әділ және басқа да жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.
ХҮІІІ ғ. француз материалистерінің педагогикалық көзқарастары олардың философиялық тұжырымдарымен бөлінбейтін буржуазиялық халық ағарту саласындағы талаптарын 1789 жылы революция қарсаңында бейнелейді. Француз материалистерінің тәрбие ілімі 1789-1794 жылдары буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғ. социал-утопистердің (Сен-Симон, Фкрбе, Оуэн) педагогикалық идеяларына ерекше ықпал етті.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы
Жан-Жак Руссо - көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.
1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.
Руссо бірнеше еңбектер жазды: “Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), “Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), “Жаңа Элоиза” (1761), “Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман “Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.
Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады.
Руссо, Плехановтың айтуынша, “тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды.
Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды.
Руссо адамдарды табиғат аясына шақырды. Ол сол кездегі өркениетке жеккөрушілікпен қарады, себебі оның игілігін пайдаланып отырған байлар, ауқатты адамдар екендігін жақсы түсінді. Ол адамдарды табиғатқа жақын болуға, қарапайым ауыл шаруашылығымен және қолөнермен айналысуға шақырды. Бұл жерде Руссоның шектеушілігі аңғарылды, мәдениеттің, техниканың прогрессивтік мәнін түсінбеді.
“Эмиль, және тәрбие туралы” деп аталатын педагогикалық романында Руссо феодалдық қоғамның шырмауынан еркін жаңа адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында, атап айтқанда чиновниктер мен діниелері - жеккөрушілікпен қарады. 1762 жылы париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге қамауға шешім шығарды.
Руссо Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр болды. Бірақ онда да осындай жағдайға душар болды. Оның “Эмиль, және Тәрбие туралы”, “Қоғамдық шарт” еңбектерін өртеп жіберді. Швейцариядан кетуге мәжбүр болған Руссо іздеушілерден жасырынуға тура келді. Тек ғана 1770 жылы Парижге қайта оралуға мүмкіншілік алды. Ауру, қайыршылықтың күнін кешіп, 1778 жылы Париждің қасында қайтыс болды.
- Ескі тәрбие жүйесін сынау.
Тұтас алғанда феодалдық қоғамды және оның тәрбие жүйесін Руссо тәрбиеленушілерді дұрыс дамытуға кедергі келтіретін, зиян екендігін атап өтті. Ол бұл жүйе шәкірттерді пайдалы білімдермен және ептіліктермен қаруландыра алмайды, олардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерінің дамуына көмектесе алмайды, керісінше, балалардың жеке басын басып-жаншудың құрғақ жаттау мен басқа да тәсілдері арқылы олардың дамуын тежеп отырады деп тұжырымдады. Бұл жүйе баланы тәрбиелейді, цирктегі аттар сияқты үйретеді деп қатты сынға алды.
Руссо бұл жүйені сынай отырып, феодалдық тәрбие жүйесіне қатты соққы берді. Жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия табын жаңа адамды тәрбиелеу туралы феодалдық қоғамға қарсы күресінде ерекше роль атқарды.
Руссо әрбір балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап көрсетті. “Табиғи тәрбие” Руссоның теориясы бойынша, тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшеліктерін ескеру негізінде өзінің негізгі міндеті балада нышандары мен қабілеттіктерінің дұрыс дамуы үшін жағдай жасау және оны бұзылған ортаның ықпалынан сақтау болып табылады.
Руссо тәрбиені психологиялық негіздеуге ерекше мән берді. Ол баланың жас кезең ерекшеліктерін терең түсінді.
“Табиғи тәрбие” беру теориясы бойынша, баланы ерікті іс-әрекетте, еңбекте, жеке тәжірибенің негізінде, табиғатты және қоршаған өмірді тану жолымен, жаттығулар мен барлық сезім органдарының үрдісінде тәрбиелеу қажет. Осыдан келіп, мынадай талаптар қойылды: тәрбие үрдісінде неғұрлым аз сөйлеу мен аз моральдық үгіттеу және солғұрлым көп бақылау, жаттығу және тәжірибе.
Тәрбиенің нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі шарттарға Руссо төмендегілерді жатқызды:
- тәрбиенің тәрбиеленушіге сүйіспеншілігі, оның шығармашылық белсенділігін және еркіндікке және өз бетімен әрекетке ұмтылуды мадақтау;
- тәрбиенің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болу мүмкіндігі.
Руссо “табиғи және еркін тәрбиеге” ерекше мән берді. Руссоның айтуы бойынша, балалар табиғи, табиғатқа сәйкес тәрбиеленуі тиіс. Оның себебі тәрбие жұмысында баланың табиғатына сәйкес оның жас ерекшелігін ескеру. Оның түсіндіруінше тәрбие үш түрлі қайнар көзден нәр алады дейді: табиғаттан, қоршаған адамдардан және қоршаған заттардан.
Руссо табиғи тәрбиелік тікелей байланысты еркін тәрбиені қатар қойды. Адамның табиғи құқының біріншісі - еркіндік, сондықтан да ол еркін тәрбиеге ерекше мән берді.
3. Жас кезеңдері туралы.
Тәрбиеленушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жан-Жак Руссо балалардың жас ерекшеліктерін төмендегідей кезеңдерге бөлді:
Бірінші кезең - туғаннан бастап, екі жасқа дейінгі кезең; екінші кезең - екі жастан он екі жасқа дейін; үшінші кезең - он екі жастан он бес жасқа дейін; төртінші кезең - он бес жастан ересектік жасқа дейін.
Бірінші кезеңде, Руссо баланың дене тәрбиесіне ерекше мән берді. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, баланы қоршаған заттармен таныстыру қажеттігіне тоқталды. Мейлі бала заттарды ұстап қарасын, ойыншықтарды мейлі қаратсын, сындырсын деген болатын-ды Руссо. Осылай ол көруді, сипай сезумен байланыстырудың алғашқы дағдыларын меңгереді және кеңістікті елестете алады.
Екінші кезеңде, Руссоның айтуынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Әсіресе, көру, сипай сезу органдарын дамыту, демек балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, салыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек.
Руссо былай деп жазды: “Мейлі ол жүгірсін, секірсін, мейлі ол ойнасын, әрекет етсін, әруақытта да үздіксіз қозғалыста болады”.
Үшінші кезең, Руссоның сипаттауынша, ақыл-ой және еңбек тәрбиесінің кезеңі болып табылады. 12 жасқа келгенде бала дене жағынан жеткілікті жетілген және еңбекке қабілетті, өзінің сыртқы сезім органдарының көмегімен қоршаған дүниедегі негізгі заттар мен құбылыстарды тез бағдарлай және қабылдай алады. Ал жағырафиядан, астрономиядан және табиғаттанудан білімдерді түсіну және меңгеру қабілеттілігін толық іске асырады. Руссоның айтуынша, бала дамуының бұл кезеңінде ақыл-ой тәрбиесі осы үш пән бойынша білімдерді меңгерумен шектелуі тиіс.
Үшінші кезеңді Руссо еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Еңбек тәрбиесінің негізгі құралы, Руссоның айтуынша, тәрбиеленушінің еңбек үрдісіне тікелей қатынасы болып табылады.
Төртінші кезеңді Руссо адамгершілік тәрбиесінің кезеңі деп атады. Бұл дегеніміз; бұл кезеңде тәрбиеленуші адамгершілік ұғымдарды қабылдауға қабілетті болып табылады. Руссо тәрбиенің алдына үш міндеттерді қояды: 1) жақсы сезімдерді тәрбиелеу, немесе, басқаша айтқанда, “жүрек тәрбиесі”; 2) жағымды пікірлерді тәрбиелеу; 3) жағымды ерікті тәрбиелеу. Осы міндеттерді шешу, Руссоның пікірінше, моральдық тұжырымдаулармен және ақыл айтумен ғана емес, басқа жолдармен: жағымды үлгілермен, жағымды істерді орындаумен және ұлы адамдардың ғұмырнамасын оқып-үйрету арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
20 жаста Эмиль дене жағынан мықты дамыған, өз бетімен жұмыс істей алатын, ол өзін қоршаған ортаны өзінің сыртқы сезім органдары арқылы танып білді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz