ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік - экономикалық дамуы өскелең, ұрпақтың интеллектуалдық, білімділік, жеке тұлғаны қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде Елбасы Н. Ә. назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, халық болашаққа өтетін құндылықтар туралы «Біз өзіміздің заманаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны ақырындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін оның білуге және ұғынуға тиіспіз».

Жеке тұлғаның ақыл ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру, адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби, біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие бере отырып жан - жақты қалыптасқан саналы азамат қалыптастыру бүгінде біздің басты бағытымыз.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте - бірте іс - әрекетке ұласып ол жүзеге асты. Я. А. Каменский «Ұлы дидактика», деген еңбегінде тұлға дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.

Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, қарама-қайшы процесс. Ол өзіне организмнің өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиды. Жеке адамның дамуы бұл оның рухани өсуінің жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым - қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.

Жеке адамның, әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысты болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.

Адам баласы материалдықжәне рухани өмірдіңортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырғанқоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тәнақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез- құлықтң қасиеттіңболуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаныңерекшелігі дегеніміз- ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, дараланады.

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Педагогика баланың дамуын өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Даму процестерін қозғаушы күштері-ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы, баланың дамуы процесінде алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлеу білуіне, сөздік қорына байланысты. Баланың дамуы мен тәрбиесі жайлы теориялық және практикалық негіздемесін анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: жеке тұлғаның қалыптастыруға қажетті негізгі және қазіргі заман талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды анықтау.

Зерттеу мақсатына орай мынадай міндеттер қойылды:

  • Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы және тәрбиесінің өзара байланысының негізгі ұғымдарын ашу.
  • Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
  • Жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті мұғалім және ортаның идеялық ой - жүйесін анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында психологиялық әдістердегі жеке тұлғаға қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу әдістері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады

1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ.

1. 1 Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретінде.

Тәрбие - жек тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде. Сонымен, тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл- орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс- әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиалық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т. б) . Олар баланың қабілеттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте (сәби кезіндежәне мектепке дейінгі жасында), кейбір жағдайлардакешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрінісбере бастайды.

Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды жетілу мен қалыптасу процесі арқылы сипатталады, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық жетілу мен қалыптасуы процесі арқылы сипаталады, содан кейін оның сүйектері, бұлшық еттері, сонымен, қатар ішкі мүшелері мен жүйелері дамиды. Адамның биологиялық жетілуі мен өзгеруі процесі оның дамуы мен мінез-құқығының жас шамасы кезеңдерінде пайда болады. Табиғи ерекшеліктердің ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелік-білім беру орындарында болсын, қоғамдықтәрбиелік-білім беру орындарында болсын, оларға дер кезінде сауатты диагнозтика беру болыпр табылады. Қазіргі уақытта баланың қызмет-әрекеттің қандай түріне бейімділігі бар екенінанықтайтын алуан түрлі әдістер бар. Олардың ішінде тест әдістері кеңінен қолданылады.

Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қаблеттілігінанықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсілдерін айқындау керек. Қызметтің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан ары жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жанастыруға жағдай жасау қажет.

«Жеке тұлға»деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады.

М. Маркстың айтуынша, адамның қасиеті жеке индивидкетән емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрлі орталық қатынастар әсерінен, яғни, адамдар мен және түрлі қоғамдық институттармен қарым-қатынасы арқасында қалыптасады.

Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгі “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан- жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты.

Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т. б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Тәрбие-жеке тұғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтірілді. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешшуі шарты болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның тәбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталонының болуын талап етеді. Тәбие менбілім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың бегілі бір жиынтығын қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайыұйымдастырылған білім-тәрбиесіз өмірге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.

Тәрбиенің оның мақсаттылығынбасқа бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды».

Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу-ының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек. Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы тәрбие мен білім беруі тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады деді (Э. Мейман. А. Ф. Лазурский, Ж. Пиаже ) . Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүреді» (Л. С. Выготский) . Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге асырылады(яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский ) . Л. С. Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың «дамуының ең жақын болашағына» сүйену керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады». Сондықтан, тәрбиенің ең тәсілі - табиғи бейімділіктердің жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай қызметін арнайы ұйымдастыру.

«Баланың дамуының ең жақын аймағың туралы сөз ете отырып, Л. С. Выготский оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға әзірлігінің дәрежесін айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды (ол осы кезеңдегі өз дамуының деңгейіне жетті), ары қарай оған мұғалімнің көмегін қажет ететін қиынырақ тапсырма беру керек, яғни, жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама- қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуына дем береді».

Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.

Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.

Жеке тұлғаның қалыпасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенің белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан- ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т. б. ), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие.

Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол-психологиялық процесс.

1. 2 Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі.

Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді.

Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.

Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.

Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.

Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т. б. ) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасындағы (VIII-XI сынып) балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасап қана қоймай, олар үлкендермен араласып қатынас жасауды қажет етеді. Өйткені жоғары сыныптарда өтетін әдебиет, тарих пәндерінен балалардың білімі тереңдеп, ой-өрісі кеңиді. Олар өндірістік практика кездерінде жеке адамдармен, ұжымдармен кездесіп, қатынас жасайды. Бұл жастағы балалардың үлкендермен достық қатынасының тууына білім және өмір саласында сөз етілетін мәселелер себепші болады. Балалардың үлкендермен әңгімелесуі әр түрлі мазмұнда болады: біріншіден, әңгіме ғылым мен техника, өнер мен әдебиет саласындағы жаңалықдар туралы; екіншіден, адамдар арасыңдағы қарым-қатынас, жолдастардың сапа қасиеттері мен қылықтары жайлы; үшіншіден, өздерінің өмірге көзқарастарын әсіресе, мамандықты таңдап алуда ойларын ортаға салып, халық шаруашылығының әр алуан салаларында еңбек етіп жүрген кісілерден көмек және ақыл-кеңес алады. Осындай өзара қатынастардың нәтижесінде балалар өнегелі еңбек озаттарына еліктейді, үлгі алады, солардай болсам екен деп арман етеді.

Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (марқабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т. б. ) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Салауатты өмір салты жайлы
Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz