Электрондық почта: түрлері мен қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Электрондық пошта. World Wide Web жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Microsoft Outlook Express ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пошта қайта сілтеулерінің қарапайым жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пошта маршрутизациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Серверлерге қатынау хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Электрондық пошта профайлы дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Электрондық пошта. World Wide Web жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 5
Microsoft Outlook Express ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .19
Пошта қайта сілтеулерінің қарапайым жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .21
Пошта маршрутизациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Серверлерге қатынау хаттамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Электрондық пошта профайлы дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе
Internet - əлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің қолданушылары саны санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде. Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген мағынаны білдіреді (International - халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын мəселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен байланыс жасай алады.
Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бірігуін айтамыз. Барлық компьютерлік желіле рін қолданудағы негізгі мақсат - олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.Интернетке қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер қажет.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық жəне ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компь ютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы жəне т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтықтағы компьютерлерде сақталғ ан мəліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық жəне бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Əдетте Интернет серверлері түрлі ти пті, яғни бір бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол - жүйелік хаттама деп аталатын TSPIP (Transmission Contr ol ProtocolInternet Protocol - Тасымалдауды басқару хаттамасы) атаулы жіберу тілі. Яғни TSPIP- Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі - сервердегі бір тақырыпқа арналған мəліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру жəне қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жəне жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.
Желіге тұрақты қосулы жəне мəліметтердің жинақталған қоры сақталған компьютерлер Сервер делінеді. Əр сервердің өзіне сəйкес адресі болады.
Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) - технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

Электрондық пошта. World Wide Web жүйесі
Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б. WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web - Бүкіләлемдік тор), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web - бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.
Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін - мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады. Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді. Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.
Компьютерлік желі кемегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде ақпарттарды таратуға болады. Ақпараттардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта (Е-mail) деп аталады.
Электрондық пошта (Е-таіl) -- бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас. Сіз абоненттерге хатты олардың мекен-жайына жібересіз, ал олар өз кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.
Электронды хат құрылымында хат тақырыбы мен мазмұны ерекшеленеді. Тақырыпта хат кімге жазылғандығы, кімнен жіберілгендігі және не жөнінде екендігі жазылады. кімге және кімнен деген өрістерінде хатты қабылдаушы мен жіберушінің сәйкес электрондық пошта мекен-жайы көрсетіледі. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электрондық адрес деп аталады, жәшік құпия сөзбен (парольмен) қорғалады. Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады: Пайдаланушының аты @сервер__аты. Пайдаланушының атын - серверді пайдаланушы пошталық жәшігіне өзі ат береді және оның өзінің ережелері бар. Сервер аты пошталық жәшік орналасқан сервер аты, оны пошталық қызмет көрсету компаниялары анықтайды. Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін пошталық бағдарламалар қажет. Ол бағдарламалардың ең көп тарағаны Outlоок Ехsрrеss. Пайдаланушыға қатысы бар барлық пошталық хабарлар төрт: Входящие, Исходящие, Отправленные, Удаленные қапшықтарында сақталады.
Телеконференция - сөз, мәтін және бейне түріндегі ақпаратты тасымалдау мен өндеу негізінде өзгертудің жұмысын ыңғайлы ұйымдастыру мақсатында колданылатын есептеу желісінің арнайы жинақталған қызмет көрсету жиыны.
Телеконференция қандай да бір тақырыпты талқылауға арналады және олардың әрқайсысына Интернет серверінен жеке пошта жәшігі бөлініп қойылады. Тақырып таңдауда конференцияның пошта жәшігіне кіруіне мүмкіндік алу үшін, алдымен қызықтыратын тақырыпқа сәйкес конференцияға кызмет көрсету орнына жазылу тіркелу керек. Оған телеконференцияға қатысушының электронды адресіне барлық қатысушылардың хабарламалары түсе бастайды және Конференция деп аталатын бума құрылады. Конференция схема бойынша жасалады: тақырып, нөмірленген жауап хабарламалар тізбегі. Телеконференция тақырып бойынша берілген кейбір мәтіндерден басталады. Осыдан кейін қатысушылардың әрқайсысы пікірлерін білдіреді және өз репликаларын толықтыра алады. Барлық репликалар келіп түсуіне карай реттеліп орналасады және бірден барлық телеконференция қатысушыларына жіберіледі.
Е-үкімет
Электрондық үкімет (е-үкімет) - халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл - қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы - www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді бір терезе принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.
Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс. www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.
IР-телефония (Skype бағдарламасы)
IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы Skype (http:www.skype.com.) болып табылады. Skype бағдарламасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді және ең көбі бір минут уақыт алады. Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, Skype мүлде тегін: өздеріне Skype орнатып алған абоненттермен қалағаныңызша сөйлесе беруге болады.
Skype бағдарламасын пайдалану алу үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс:
· Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі;
· 400 MHz процессор;
· 128 MB оперативті жады;
· дискіде 15 MB бос орын;
· дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура);
· 33.6 Kbs-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы.
Веб-камера бар болса, Skype бағдарламасын бейнеқоңыраулар үшін пайдалануға болады. Skype бағдарламасындағы бейнебайланыс жетесі әңгімеле-сушілерге бір-бірін көріп отыруға мүмкіндік береді.
Skype бағдарламасының танымалдығы және оның Internet шектерінен шығуы бағдарламамен жұмыс істеуді барынша қарапайым етуге бағытталған құрылғылардың пайда болуына алып келді.
Қазірдің өзінде арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады Skype бағдарла-масымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім - неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады.
Skype желісіне қосылу үшін мына әрекеттерді орындау керек.
Сіздің компьютеріңізге Skype орнатылғаннан кейін жұмыс үстелінде бағдарламаның белгішесі пайда болады.

Microsoft Outlook Express
Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады.
Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Корреспонденцияны пайдаланушы өз жұмыс орнында пошта дайындау программасымен не кәдімгі мәтіндік редактормен дайындайды. Содан кейін пайдаланушы пошта жөнелту программасын шақырту керек, сол арқылы жөнелткіштік пошталық серверіне хабар жіберіледі. Ол өз кезегінде оны адресаттың пошталық серверіне жіберіледі, онда арнайы программа поштаны сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады.
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек.
Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі.
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:
- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
- жеткізу агенті - мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді.
Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет компьютерге жазғанда немесе кейінен қажет болғанда қосымша жүргізуге болады.
Поштаны орнатып оның жұмыс істеуі үшін:
- ақпараттық құралдар - модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге қосылу қажет.
- Компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол үшін компьютерде ТСРІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек.
Электрондық пошта (ЭП) компьютері арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат түрлі басқа мәліметтер жіберумен оларды қабылдау программасы.Мәліметті сервер арқылы тез таратып қабылдауға болады.Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.
Электрондық пошта құру барысында алдымен қай пошталық серверді пайдаланасыз соны анықтап алыңыз. Осы сервердің біреуін ашып, алдымен пошта жәшігін дайындап алуыңыз қажет, ол үшін пошталық серверді өзіңіз құратын пошта атын және жасырын сөзді енгізіп тіркеу батырмасын шертіңіз.
Серверде пошта жәшігін құрып болған соң, Microsoft Outlook Express программасын баптауыңыз керек. Бұл программа арқылы поштаны қабылдап және жөнелтіп аласыз.
Электрондық поштаның адресі желілік компьютердің адресіне ұқсас болып келеді.
Мысалы: umutker@hotbox.ru, psk_2004@mail.ru

Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдау
Электронды пошта хабарламалары бірдей пішімге ие, сондықтан, егер әрбір элементтің не үшін қажет екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша көмегімен электронды хабарламалар жөнелтіп, қабылдай алу сіз үшін қиындық туғызбасы анық.

Электронды хабарламалардың негізгі элементтері:
Кімге: қабылдап алушының электрондық мекен жайы.
Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келсе өзге қабылдап алушының электронды мекен жайы көрсетілетін өріс.
Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы - хаттың көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгеннен адресат білмейді.
Тақырып: қабылдап алушының компьютердегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе
Біріктіру:тіркемелер(Сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар мен құжаттар сияқты файлдарды тіркей аласыз).
Хат өрісі: сіз хабарламаны әзірлейтін кеңістік.
Өз хабарламаңызды қабылдап алып, қарап шығу үшін:
:: Microsoft Outlook Express бағдарламасы терезесінде Келетін(Входящий) тармағын шертіңіз
:: Пошта жеткізу батырмасын шертіп, келетін хаттарға арналған терезеде сіздің хатыңыз пайда болуы тиіс. Ол бірден емес, бірнеше минут өткеннен кейін де келуі мүмкін, бірақ көптеген жағдайларда өз хаттарыңызды Сізге қайта жөнелту үшін санаулы секундтар ғана жұмсалады.
:: Қабылдап алған хатты шертіп, оны қарап шығыңыз. Егер хатты екі рет шертсе, ол жаңа терезеде ашылады.
Өз абонентіңіздің электронды пошта мекен жайын мекен жайлық кітапқа жазу үшін:
:: Құралдар үстеліндегі мекен жайлық кітап батырмасын басып немесе Құралдар - мекен жайлық кітап командасын орындап мекен жайлық кітапты ашыңыз;
:: Мекен жай жасау батырмасын басыңыз:
:: Соған сәйкес өрісте адресатыңыздың атын, тегін және әкесінің атын енгізіңіз;
:: Көрініс өрісінде адресатқа қалай жүгінетініңзі жазып қойыңыз
:: Электронды пошта мекен жайы өрісінде соған сәйкес электронды пошта мекен жайын енгізіңіз
:: Үстеу, содан кейін жарайды батырмасын басыңыз;
:: Мекен жайлық кітапты жабыңыз;
Абонентіңіздің жауап хатты қабылдап алу үшін:
:: Біраз уақыттан кейін Поштаны үстеу батырмасын басып, Келетін қалтасындағы қабылдап алынған хабарламаны қарап шығыңыз.
Хабарламаға жауап қайтару және оны қайта жөндеу
Электронды хабарламаны қабылдап алғаннан кейін Сіз оны жауап қайтаруыңызға, не сол хабарламаны басқа адамға қайта жөнелтуіңізге болады.
Қабылдап алған хатты оқығаннан кейін Microsoft Outlook Express бағдарламасы терезесінде жауап қайтару батырмасын басуыңызға болады. Сонда Сіздің абонентіңіздің мекен жайы өздігінен Кімге өрісіне орналасады, ал Тақырып өрісінде сіз қабылдап алған хаттың тақырыбы Re деген белгімен көрініс табады. Сіз өзіңізге ұсынылған тақырыпты қалдыруыңызға да,өзгертуіңізге де болады. Хабарламаны жазып болғаныңыздан кейін Жөнелту батырмасын басыңыз.
Өзіңізге келген хабарламаны өзге адамға жөнелту үшін Қайта жөнелту батырмасын басыңыз. Тақырып өрісінде Сізге келген хаттың тақырыбы Fw-деген белгімен қойылады,ал хабарламаларға арналған өрісте жөнелту күні туралы деректер, қабылдап алушының мекен-жайы және т.б., сонымен қатар хабарламаның өзі көрініс табады. Егер хатта біріктірілген файлдар бар болса, олар қайта жөнелтілетін хабарламаға өздігінен тіркеледі. Кімге өрісінде өзіңізге қажетті электронды мекен жайды енгізіңіз. Жөнелту батырмасы басылғаннан кейін хат Сіз көрсеткен мекен жайға қайта жөнелтіледі.
Хаттарға файлдарды тіркеу
Хатқа бұрыннан бар файлды, ол не сызбалық кескін, дыбыс мәтіндік құжат, мұрағат болсын, қоса салу қажет болған жағдайда Outlook Express бағдарламасында Тіркеу әмірін пайдалана аламыз. Осы жетенің көмегімен Сіз өз хатыңызға қажетті файлды тіркей аласыз.
Тіркеу батырмасын басқаннан кейін файлдарды таңдауға арналған сұхбат терезесі ашылады. Сіз өзіңізге қажетті файлды тауып, оны бөлектеп алып, Тіркеу әмірінің батырмасын басуыңыз керек. Осы файлдың атауы Біріктіру жолында көрініс табады.
Тіркеу жетесі кез келген пішімді файлдарды жөнелтуді қамтамасыз ете алады.Әдетте әрбір пошта жәшігінде тіркелген файлдар көлемі бойынша белгілі бір шектеулер бар.
Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері
Электронды пошта - жылдам байланыс жасау құралы деген, ол қалай болса жасалсын деген сөз емес. Электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар.
E-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде хатты өңдеп үлгермесеңіз:Рахмет, хатыңызды алдым, Сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын деп жазыңыз.
Хабарламаңызға әрдайым тақырып деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы - тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз;ал ең дұрысы - жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастау.
Өз хабарламаңыздың көлемін осы хат алмасудың мазмұны мен мақсатында сәйкестендіріп отыруға тырысыңыз. Егер Сіз жылдам сұрату жіберіп отырсаңыз, оны қысқа да нұсқа етіңіз. Мүмкіндігінше хат тақырыбынан ауытқымауға тырысыңыз. Ал егер талқыланып отырған мәселелер шеңберін кеңейту немесе басқа тақырыпқа көшу қажет болса, бұл жағдайда көбінесе хабарламаны жаңа тақырыбы бар жаңа хат ретінде жөнелткен дұрыс болар. Бұл Сіздің хатыңызды алушыларға түрлі тақырыптарды бөлек-бөлек қарастыруға мүмкіндік береді.
Тұтас хабарлама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
Электронды почта
Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Компьютерінде хат
Электрондық почта ( E- mail)
Компьютерлік телекоммуникациялар. интернет жұмысына жалпы сипаттама
Қазактан поштасынын тарихы
Почталық байланыс
Жергілікті желі туралы түсінік
Пәндер