Саяси тілде сөйлеу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
. . .
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Саяси сыпайы лексиканың публицистикалық мәтіндерде қолданылуы (ағылшын және қазақ тілдері негізінде»
5В021000 - «Шетел филологиясы» мамандығы
Орындады: Е. А. Ғалым
Ғылыми жетекші
аға оқытушы:
Қарағанды 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Тілдегі саяси сыпайылық феномені
1. 1 Саяси сыпайы лексика ұғымы мен термині
1. 2 Саяси сыпайы лексиканың тақырыптық топтары
1. 3 Саяси сыпайылықтың тілдік және мәдени ерекшеліктері
2. Саяси сыпайы лексиканың ағылшын және қазақ тілдерінде қолданылу ерекшеліктері
2. 1 Саяси сыпайылық лингвомәдени және аударма мәселесі ретінде
2. 2 Саяси сыпайы бірліктердің аударылу тәсілдері
2. 3 Эвфемизмдер дискурстағы саяси сыпайылық құралы ретінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тіл саясатын жүзеге асыру жолында, оның ішінде қазақ әдеби тілінің қазіргі дамуында, қолданылу өрісінде, функционалдық-коммуникативтік қызметінде көрініс тауып отырған басты әрі маңызды сипаттар қазақ әдеби тілі функционалдық жүйесіне, оның ішінде халыққа кең тараған публицистикалық стиліне тікелей қатысты.
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынанан көрінеді. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі - қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін арттыру болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние - әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.
Тақырыптың өзектілігі . Соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің басты бағыттары мен парадигмаларының түбегейлі өзгеруіне байланысты стильдер жүйесіне деген көзқарастарда да тың пайымдаулар пайда бола бастады. Бұрын стильдердің тармақтарға бөлінуіне экстралингвистикалық және тілдік қарым-қатынастың ерекшеліктері негіз болса, қазіргі кезде стильдердің белгілі бір түрін танып-білу үшін сөйлеушінің ниеті (интенциясы) және бұл үшін жұмсалатын тілдік құралдар ескеріле отырып, тілдің коммуникативтік актідегі, дискурстағы қызметі басшылыққа алынады. Осыған байланысты әдеби тілдегі функционалдық стильдердің сапалық және сандық көрсеткіштерінде де өзгерістер бар.
Функционалдық стильдің жекелеген тармақтарының дамуы тілдің ішкі заңдылықтарымен қатар, тілден тыс факторларға да тікелей байланысты. Яғни қарым-қатынастың жеке-жеке салаларында пайдаланылатын тілдік құралдардың арасындағы жүйелі, тұрақты сипаты мен айырмашылықтарын қоғамда болатын әлеуметтік-саяси, мәдени-қоғамдық өзгерістермен сабақтастықта алып, қадағалап отыру қажет. Өйткені тілдік құралдардың мақсатты стильдік ішкі тармақтарға саралануы коммуникативтік қызмет аяларының дифференциялануымен тығыз байланысты. Ал тілдің коммуникативтік қызметі қоғамдық өзгерістерге тәуелді болады.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы . Тілдің әлеуметтік-қоғамдық қызметі қоғамдық санамен тығыз байланысты. Ал қоғамдық сананың түрлеріне: ғылым, дін, өнер, саясат, құқықтық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет т. б. жатады. Қоғамдық сана дегеніміз - объективті дүниені танып білудің формалары. Сөйлеуші қоғамдық сананың қай саласында тілдік амал-тәсілдердің қай түрін қолдану керектігін біледі. Яғни қарым-қатынастың құқықтық саласы, ғылыми және эстетикалық саласы, бұқаралық ақпарат саласы, тұрмыстық салаларына қарай функционалдық-стильдік белгісі бар амал-тәсілдерді таңдап қолданады. Тілдік құралдардың стильдік-функционалдық белгісіне, реңктеріне қарап, адресат (қабылдаушы) сөздің қай стиль түріне жататынын ажыратады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы . Тілдік құралдар қызмет ету барысында қарым-қатынастың жағдайы мен мақсатына сәйкес, олардың дәстүрлі қолданылу ерекшеліктеріне байланысты бір-бірімен сан алуан қарым-қатынасқа түседі. Соның барысында кейбір тілдік тұлға-бірліктер жиі, кейбіреуі сирек қолданылады. Осының нәтижесінде тілдік әрекеттің әртүрлі саласында тілдік ұйымдасу түрліше сипатқа ие болып келуі мүмкін. Осыдан барып стиль қалыптасады. Әр стильдің өзіне тән белгілері, оның өзіндік табиғаты, әдеби тілмен қатынас-байланысы сияқты мәселелер күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында саналады. Дипломдық жұмыста қазақ тіліндегі саяси сыпайы лексиканың публицистикалық стильде қолданылу барысы сөз болады.
Тілдің қоғамдағы актив қызметі оның жалпыхалықтық сипатынан көрінеді. Сондықтан ағылшын және қазақ тілдеріндегі саяси сыпайы бірліктердің қолданылу ерекшеліктеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсер-ықпалы ғылыми деректерге негізделіп, кешенді түрде қарастырылды.
Тәжірибелік маңызы жұмыстың қорытындылары мен нәтижелерін, тілдік материалдарын қазіргі ағылшын және қазақ тілдерінің тәжірибелік мәселелерін шешуде, лингвомәдениеттану, лексикология, елтану, лингвостилистика салаларынан арнайы курстарда пайдалануға болатындығында болып табылады.
Тіл қоғамдық құблыстың бірі ретінде сол қоғам құрылысын көрсетеді, яғни қоғам өмірінде болған, болып жататын құбылыстардың бәрі тілден көрінеді, тіл көмегі арқылы халық қазынасына айналады. Халық тарихы оның тілінде, яғни тіл фактілері арқылы біз халық тарихын тануға мүмкіндік аламыз.
Қоғам дамыған сайын тіл де дами түседі. Бірақ тілдің даму деңгейі оның барлық салаларына бірдей тән емес. Оның белгілі бір қабаты өзгеріске онша көнбесе, қайсыбір саласы жаңа мағыналық ұғым түсініктер әкелуге бейім тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дамыған, жетілген тілдің басты көрсеткішінің бірі - оның лексикалық жүйесінің қалыптасуы, қалыптануы болып табылады.
Кейінгі жылдары қоғамымызда болып жатқан мәдени, саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты тіліміздегі пән атаулары (терминдер) біраз өзгерістерге ұшырап, қайта қарауды қажет ететін маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан терминология мәселесіне, оның ішінде салалық терминдерге аса көңіл бөлініп, жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілуде. Терминдердің дұрыс жасалуына бірден-бір ат салысушы, тікелей қатысушы баспасөз болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазіргі публицистикалық мәтіндерде аударылып та, аударылмай да жүген саяси сыпайы сөздер мен тіркестердің берілу ерекшеліктері мен жолдарын, баспасөздің оларды жасау, қалыптастыру, тұрақтандырудағы қызметін анықтау зерттеудің мақсаты болса, бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- публицистикалық стильдің қолданыс аясын саралау, оның қоғамдағы орны мен тілді дамытудағы қызметін көрсету, баспасөзде қолданылатын лексиканы топтастыру;
- баспасөздің тілі болып саналатын публицистикалық стильге сипаттама беру, оның өзіндік белгілерін көрсету, басқа стиль түрлерінен мағыналық, құрылымдық, тілдік құралдар мен терминдерді қолдану жағынан ерекшеліктерін анықтау;
- саяси сыпайы сөздердің қолданылу аясын, саяси сыпайы лексиканың жасалуын көрсететін негізгі ақпарат көзі екендігін баспа материалдары негізінде дәлелдеу;
- бұқаралық ақпарат құралдарының саяси сыпайы лексиканы нормалау және көпшілікке тарату құралы ретіндегі қызметін, орнын, рөлін көрсету.
Дипломдық жұмыстың нысаны ағылшын және қазақ тілдерінің публицистикалық мәтіндерінде (газет-журналдар, басқа да ақпарат көздері) қолданылатын саяси сыпайы бірліктер.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері . Қазіргі қазақ тіл біліміндегі функционалдық стильдер, публицистикалық стиль, газет тіліне байланысты Н. Кожина, Н. Арутюнова, М. Балақаев, Р. Сыздық, Ө. Айтбаев, С. Исаев, сонымен қатар терминология мәселелеріне арналған Ә. Қайдар, Ш. Құрманбайұлы, Б. Қалиев т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
Баспасөз тілінің белгілі бір дәуіріндегі ерекшеліктерін зерттеуге арналған Б. Әбілқасымов, С. Исаев еңбектерін және жеке мерзімді басылым тілінің ерекшеліктерінін сипаттайтын Н. Қарашеваның, Б. Момынованың зерттеу жұмыстарын атауға болады.
Кеңес дәуіріндегі қазақ баспасөзі дамыған, тілі жетілген, тиражы көбейген БАҚ-тың негізгі түріне айналды. Бұл салада алғашқы қазақ мерзімді басылымдар тілін зерттеген Б. Әбілқасымовтың, Кеңес дәуірі баспасөз тілінің ерекшеліктерін сипаттайтын С. Исаевтың зерттеулері жарық көрді.
Жаңа сөздер мен терминдер, негізінен, сөздік құрамға күнделікті баспасөз арқылы еніп отырады. Кейінгі кезеңдерде әдеби тілімізге кіріп, белгілі қажеттілікті өтеп жүрген тілдік құбылыстардың көбі алдымен мерзімді баспасөз тілінде қолданылып, кейін қалыптасып, нормаланып барып, әдеби тілге еніп отырады. Мерзімді баспасөз тілі арқылы ауысқан жаңа сөздер, байырғы сөздердің жаңа мағынада қолданылуы да әдеби тілдің дамуындағы қажетті құбылыстар қатарында саналады.
Мерзімді баспасөз - қоғамның өміріндегі орасан маңызды да мағыналы құбылыстардың бірі болып табылады. Әдеби тілдің публицистикалық стилін құрайтын мерзімді баспасөз өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Мерзімді басылымдарға тән негізгі функционалдық қызмет, олардың лексикалық сипатын, өзіндік құрылымы мен көркемдегіш құралдарын анықтау үшін дипломдық жұмысымызда саяси сыпайы лексиканың қолданылу ерекшеліктерін қарастыруды мақсат еттік.
Әдеби тілдің қоғамдық қызметінің кеңеюімен байланысты оның жанрлық-стильдік тармақтары қалыптасып, дами түседі. Әдебиеттің әртүрлі жанрлық түрлерінің тууына лайық олардың өзіндік тіл өрнектері қалыптаса бастайды. Жалпы тілдік тұрғыдан келгенде, әдебиеттің жанрлық түрлерінде ешбір айырмашылық болмағанымен, оның да жұмсалу мақсатына қарай тілдік элементтердің қолданылуында өзіндік ерекшеліктері болып отырады.
Сонымен ХІХ ғасырдың ІІ жартысында негізі қаланған публицистикалық стиль - бүгінде қоғамға аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап баспасөз дамуының жаңа бір кезеңі басталды деуге болады. Қоғамда болып жатқан қоғамдық-саяси ірі-ірі өзгерістердің бәрі баспасөзде көрініс тауып, баспасөз лексикасы көптеген жаңа қолданыс, соны сөздермен толыға түсті.
Тіл - үнемі өзгеріп, дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі тіл арқылы таңбаланып өмірге еніп жатады. Өмірге келіп жатқан жаңа тілдік қолданыстардың айналымға еніп, қалыптасып тұрақталуында баспасөздің атқаратын қызметі ерекше.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тұғырына көтерілуі, тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы қазақ баспасөзінің де жаңа арнаға түсіп, жаңаша дамуына алып келді.
Еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени салаларындағы өзгерістер мен тасқындап еніп жатқан ақпараттар ағыны арқылы баспасөз лексикасы толыға түссе, керісінше сол жаңа қолданыстар мен сөздерді қалыптастыруда, тың ақпараттарды оқырманға жеткізуде баспасөздің де қызметі арта түсті.
Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіп тұруы қажет. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың әрқайсысы өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Функционалдық стильдер жүйесіндегі публицистикалық стиль
1. 1 Публицистикалық стильдің өзіндік белгілері мен түрлері
Еліміз егемендік алған соңғы он бес жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұған жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның жойылуы, тәуелсіздікпен қатар қол жеткен шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа деңгейге көтерілуі, аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды.
Қоғам өмірінің көрсеткіші болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы барлық мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандықтан, журналистер қауымын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп атауға болады.
Жалпы БАҚ- тың ақпаратты жеткізу формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және мерзімді баспасөз . БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп БАҚ арқылы таралатын аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін ұғымын құрайды.
Соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мән берілуде. Онда тіл сырттан келіп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және онда кодталған мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады. Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын ақпараттық кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені онда орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап айтқанда Адам факторымен , кең мағынасында алғанда қоғаммен , тілдік социуммен байланыста қарастыру бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан іргелі ғылым саласының талабынан туындап отыр.
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары. Оларға теледидар арналары, радио, баспасөз (газет-журналдар), Интернеттегі (ғаламтордағы) сандық (электрондық) құралдары, тағы басқа ақпарат тарататын қоғам саласындағы құралдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары өміріндегі тың әрі өткір мәселелерді көтеріп, халықтың ойларын, ұсыныстарын ортаға салатын, әр түрлі көзқарастардың көрініс табатын, нағыз плюрализм мінберіне айналатын болса, масс-медиа жүйесі өз тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндік жасауы тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымды БАҚ-пен тығыз байланыста ұстап, оларды медиа ісіне тарту, шығармашылыққа, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуын және күнделікті тіршілік түйіткілдерінің, әлеуметтік мәселелердің басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын туындатады.
Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызмектері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсінуі тиіс. Идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Соңдай-ақ журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болуы тиіс. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.
Қазіргі кезде бүкіл адамзат электрондық БАҚ-тың әсер ету объектісіне айналып отырғаны мәлім. БАҚ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын әмбебап құрал ретінде медиа-мәтін әлеуметтік-реттеуші қызметін атқарады. Академик Р. Сыздық қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің жетекші орын алатынын, яғни доминанта стиль екенін айта келіп былай дейді: «Сөз жоқ, бұл күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік информация құралдары - баспасөздің, радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенін мойындау қажет» [1, 81] . Әртүрлі БАҚ-та медиа-мәтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мәлім, дегенмен, оның әмбебаптық сипаты, негізінен, өзгеріссіз қалады.
Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар қарқынды дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық теледидар мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды. Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүние жүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар [2] .
Ұлттық қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қоймайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың тынысы мен білімінің жинақтаушысы болып табылады.
Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіп тұруы қажет. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың әрқайсысы өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді.
Әдеби тілдің публицистикалық стилін құрайтын мерзімді баспасөз өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Мерзімді басылымдарға тән негізгі функционалдық қызмет, олардың лексикалық сипаты мен грамматикалық ерекшеліктерін, өзіндік құрылымы мен көркемдегіш құралдарын анықтау әлі де толық зерттелмеген мәселелер қатарында саналады.
Баспасөз тілі қазақ тілі мәдениеті мен лингвостилистикасының ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді. Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөзбен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Газет тіліндегі стилистикалық категориялар ұстанымы публицистикалық стильдің сөздік қорының лексикасын құрайды. Бұрынғы сөздік қордан шыққан сөздер немесе, керісінше, публицистикалық стильдің негізгі сөздігі болған сөздер қайта айналысқа түсіп, өзінің стильдік бояу, стильдік мағына, стильдік мәнін де өзгертеді.
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасының тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы, бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылады. Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттары - нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарау қажет.
Баспасөзде сыпайы, сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан, екіншіден, бізге айтуға ауыз болса да айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау жүйесін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үйлестіріп айту, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктерді ашып айту қажеттілігі туындап отыр.
Баспасөз тілінде адамның жеке танымдық қабілетіне де байланысты, әр сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтары дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты кемшілік екені белгілі [3, 55] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz