Абай шығармашылығының рухани болмысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ
Тақырыбы: Абай философиясындағы адам мәселесі

Орындаған: Құрбанбекова А
Тобы: ФӨТҚ 05-20
Қабылдаған:



Мазмұны

Кіріспе ___________________________________ ____________________3
Негізгі бөлім
1. Абай Құнанбайұлының өмірбаяны__________________________ ______6
1.1.Абай шығармашылығының рухани болмысы______________________8
1.2. Ақынның қоғамдық құрылымға көзқарасы_______________________13
1.3.Абай философиясы________________________ ___________________14
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні.
Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жанғырып, жаңа өріс алып тұр
(М. Әуезов)
Кіріспе: Кеменгер дана Абайдың жол бастауы
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: Барлық заттың өлшемі-адам деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: Атаңның баласы болма, адамның баласы бол атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, мені мен менікінің айрылғанын, өлді деп ат қойыпты өнкей білмес Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде мен деген не, менікі деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. "Мен" дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. "Менікі" деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ - данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз...Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым).
Бұл өлеңде Абай адам болу қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер - білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажет
етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты,- дейді
Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам - иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап - ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе деп ой түйіндейді
Бұл пікірді мақұлдауымыз қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта философия адам мәні, оның болмыстық мақсаты сынды мәселелерді айналып өте алмайтыны ежелден мәлім. Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық - адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тәнінің дамуы мен өркендеуі, өсу негізінде қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, адамзат болашағына зор сенім негізінде қалыптасқан. Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді жұмылдыруды талап етеді.

1.Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас", -- дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 -- 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

1.1. Абай шығармашылығының рухани болмысы
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".
Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".
"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Рухани құндылықтардың қалыптасу ерекшелігі
Шәкәрім поэтикасы
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Пәндер