Мұғалімдердің ынтымақтастығы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Білім алуды жалғастыру факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ынтымақтастық пен өзара іс- әрекеттегі жұмыс
Орындаған: Советханов Ә. М. .
Топ: МФЗ-001
Тексерген: Желдібаева Б. С.
Семей, 2020
Жоспар:
- Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары.
- Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы.
- Ата - аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы.
- Мұғалімдердің ынтымақтастығы.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Ынтымақтастық технологиясы - оқушы мен оқытушы арасындағы қарым - қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, оқытушының оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
Ынтымақтастық - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет. Оған керекті жағдайлар:
• мақсаттың бір екенін анық сезіну;
• ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
• мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т. б педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір - біріне көмек беруі.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.
Бұл технологияның негізгі идеясы - әр түрлі оқыту жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлі болады - біреулері оқытушының айтқандарын бірден «қағып алады», өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсіндірулер қажет. Мұндай балалар әдетте бүкіл топ алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3 - 5 адамнан) біріктіріп, оларға ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындауға рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес (көбінесе оларды енжар қылдыратын), бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Мұның үлкен мәні бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенің мәнісін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың бардық мүшелерінің, бірінші кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруге мүдделі болады. Сөйтіп, бірлесе күш жұмсаудың арқасында әрбір оқушы материалды өзіне лайықты деңгейде меңгереді. Бұл - ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты - жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан - жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар: - тәрбие мақсатының реализм идеясы; - тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы; - өзін өзі талдау (анализдеу идеясы) ; - бала күнінің жартысы; - қиын мақсаттық идеясы; - сүйеніш идеясы; - ірі блоктар идеясы; - ата - аналармен ынтымақтастық; - мұғалімдердің ынтымақтастығы; - өзін-өзі сыйлау идеясы; - өзін -өзі басқару (реттеу) тағы басқа.
Экспериментшіл мұғалімдер 50- ден астам жаңа идеяларды мұғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы «Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада» және «Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндаған». Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды. Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты - адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы - мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның «базалық мәдениеті» тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.
2. Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы «Ынтымақтастық педагогикасы» принципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға -бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы - бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады. Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту. Өзін - өзі талдау идеясы. Балаларды өзін - өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е. Н. Ильин оқушыларын өздерінің өімірі, іс - әрекеті жайында ойлануға үйретеді.
3. Ата - аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы шырайлық қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата - аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата - аналар арасында ұрыс- керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата - анаға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата ананың есігін қағуды қою керек. Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықылыасын оқып білім алуға, еңбеу етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым -қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың принципі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz