Жылқы және түйені азықтандыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі - мал шаруашылығының маңызы зор. Мал шаруашылығын өндірістік бағытта өркендетуде жемшөп дайындау өте жауапты және маңызы зор мәселе. Мал азығының берік қорын, жасамайынша, мал шаруашылығынан мол өнім алу мүмкін емес.

Ежелден төрт түлік малмен көзін ашқан малсақ халқымыз оларды жылдың төрт маусымында бағып өсірудің сан-алуан сыры-қырынан бастап, әр түліктің өзіндік ерекшеліктері мен қадір-қасиетін жақсы білген. «Жердің көркі - тал, елдің көркі - мал» деуі де сондықтан болар.

Мәселен, қазіргі кезде елдің әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатымен аграрлық - өнеркәсіптік комплексінің барлық салаларының тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар белгіледі.

«Олардың мәнісі ауылды әлеуметтік - экономикалық кепілді түрде өндіру үшін жағдайлар жасауда болып отыр».

Халқымыз «Сиырдың сүті - тілінде» деп тегін айтпаған. Дұрыс азықтандырылмайынша малдан сапалы өнім алу да мүмкін емесі баршаға мәлім.

Азықтандырудың да өз заңдылықтары бар. Ғылыми тілмен айтсақ мал организмдерінде өтетін үздіксіз зат алмасу процесі - тіршіліктің негізгі тірегі болып табылады.

Зат алмасу процестерін қамтамасыз ету үшін организмге сыртқы ортадан су, қоректік заттар, оттегі еркін жетіп тұруы шарт. Сонда ғана мал мен құс өсіп-өніп, көбейіп, мол өнім береді. Сондықтан да азықтардың қоректік жұғымдылығын олардың организмдерді қандай дәрежеде қажетті заттармен қамтамасыз ете алатынын білу керек.

Азық қоректік заттарын малдан алынатын қажетті өнім заттарына жоғары дәрежеде, аз шығынмен айналдыру, яғни конверсиялау үшін осы сапаның көрсеткіштерге жете ұңіліп, азықтандыру барысындағы метаморфазалық өзгерушілік заңдылықтарын айқындап, өзімізне қажетті бағытта жүргізілуін алдын ала болжауымыз керек.

Мал бағып өсіру - егіншіліктен бұрын шыққан кәсіп. Осыған қарап мал атаулары да ерте пайда болған дей аламыз. Ертедегі тайпалар мал мен егіншілікті бір-бірімен ұштастырғанымен, олар көшпелі мал өсіруші елге айналды. Сондықтан мұндай көшпелі елдердің ең негізгі байлығы баққан түліктерінің беретін өсімдері мен түрлі өнімдері болды.

Жылқы, түйе түліктері ерте заманда-ақ қолға үйретілгендіктен, бұл малдың атаулары да сол кезде пайда болған.

Ғасырлар бойы мал шаруашылығында қолданылып келген атаулардың көбі қазақ тілінің негізгі сөздік қорына айналды.

Түліктердің шыққан тектеріне, тұқымдарына, төлдеріне, адамның өмір тіршіліктеріне керекті күш-көліктеріне, малдың өнімді-өнімсіздіктеріне, дене бітімдеріне, ең-таңбаларына, сымбаттылығына мінез-қылықтарына және олардың еті мен сүтіне, жүні мен майына, терісіне байланысты айтылатын көптеген атаулар қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамының ішіндегі елеулі де күрделі саласы болып табылады. Тіліміздің сөздік қорын молайтатын осындай толып жатқан атауларды жинап, бір жүйеге келтіру кейінгі жастар үшін өте қажет болып саналады.

Қазақ тілі мал атауларына, оған байланысты пайда болған сөздерге өте бай. Сондықтан олардың сырын, мағыналарын жан-жақты ашып білу қажет, сол арқылы әдеби тілімізде құнды сөз байлықтарын молайту керек. Мұндай сөздердің мәнін кейінгі ұрпақтардың түсіне білуі де өте игілікті іс.

Жылқыны азықтандыру

Мал азығының құрамы

Жылқының денесі тканьдардан құралады, ал сол тканьдардың бәрі де организмге сіңірілген азықтың қоректі заттарынан құралады. Мәселен биенің организмін алсақ, ол денесіне сінген бұл қоректі заттарды сүт толтыруға, буаз кезінде ішіндегі кұлынның денесін қалыптастыруға жұмсайды. Жылқының денесіндегі тұрақты температураны сақтайтын жылылық та осы қоректі заттардан алынады, жұмыс кезінде аттың оған жұмсайтын куаты да осы заттардан шығады.

Азық жеткіліксіз болса, бұл қажеттердің бәрі организмнің тканьдарындағы химиялық заттарды, ең алдымен майды және етті шығын ету есебінен өтеледі, сөйтіп жылқы арықтайды. Мол азықпен тамақтандырғанда жылқы семіреді, салмағы артады, оның денесінде запас май жыйналады.

Құрамына қарай азықтың қоректілігі әртүрлі болады. Мәселен, көкшөптің, сұлының, арпаның қоректілігі күшті болады. Бұл азықпен асыралатын жылқы өзінің жақсықондылығын сақтайды, ал оған дейін арық болса, тез оңалады. Сабанның, мекеннің қоректілігі кем болады. Мұндай азықпен жылқы жұмысты дұрыс атқара алмайтындығы былай тұрсын, тіпті жай тұрып арықтайды.

Азықтың қоректілігінің әртүрлілігі оның химиялық құрамының әртүрлі болуынан.

Мал азығы құрғақ заттан және судан құралады.

Жас көк шөпте, азықтық қызылшада, сәбізде, сүрленген шөпте су көп болады. Бұл азықтар сулы деп аталады, 100 килограмм, сулы азықта 80-95 килограмм су болады. Пішенде, сабанда, мекенде, сұлыда, арпада, күнжарада, кебекте, жүгеріде, тарыда су анағұрлым кем. Қолмен ұстап қарағанда олар мүлде құрғақ, сусыз сияқты. Алайда - зертханада зерттеп қарағанда, бұл азықтың әрбір -100 килограммында 13-20 килограмм су бар екені анықталды.

Азықтың құрғақ бөлегі органикалық және анорганикалық заттан құралады. Отқа жандырғанда органикалық зат қана жанады, ал анорганикалық зат күл болып қалады. Әрбір 100 килограмм құрғақ азықта 5-10 килограмм күл болады, қалғаны - органикалық заттарға жатады.

Азықтың құрамдық бөлімдерін толығырақ сыпаттайық. Азықтың органикалық бөлімі протеиндерден, көмірсутектерінен, майдан және витаминдерден кұралады.

Протеиндер белоктерге және амиодтерге бөлінеді. Организм үшін белоктың неғұрлым зор маңызы бар, бірде - бір жануар онсыз өмір сүре алмайды. Белоктың құрылысы әртүрлі болады. Пісіргенде қатты болып ұйыйтын жұмыртқаның ағы - суда ірітілген белок (оған болмашы басқа кейбір заттар қосылады) . Азықтағы белоктың (өсімдік белогі) формасы біраз басқаша. Өсімдік белогін таза түрінде біз сирек кездестіреміз. Мысал ретінде, крахмалды жуып тастағаннан кейін картоптан алынатын уызды (клейковина) көрсетуге болады. Мал азығында белоктардың өлшемі әртүрлі болады: әрбір 100 килограмм азықта жылқы сіңіретін белок 1 килограммнан 33 килограммға дейін.

Бір килограмм азықта жылқы сіңіретін белоктардың саны мынадай (грам есебімен) :

Сабанда . . .
10
Сабанда . . .: Ірі пішенде . . .
10: 20
Сабанда . . .: Орташа пішенде . . .
10: 30
Сабанда . . .: Өте жақсы пішенде . . .
10: 50
Сабанда . . .: Гүлі құйылмаған беде пішенінде . . .
10: 80
Сабанда . . .: Гүлденбеген беде пішенінде . . .
10: 100
Сабанда . . .: Мал азық қызылшада . . .
10: 3
Сабанда . . .: Сүрлеген шөпте . . .
10: 10
Сабанда . . .: Картопта . . .
10: 10
Сабанда . . .: Бұршақ дәнді шөпте (беде, жоңышқа, шытыр, сыйыр жоңышқа) . . .
10: 20
Сабанда . . .: Жайылым шөбінде… . . .
10: 20
Сабанда . . .: Орташа жүгеріде . . .
10: 70
Сабанда . . .: Орташа сұлыда . . .
10: 80
Сабанда . . .: Тарыда . . .
10: 80
Сабанда . . .: Кебекте . . .
10: 110
Сабанда . . .: Күнбағыс күнжарасында . . .
10: 330
Сабанда . . .: Мақта шитінің күнжарасында . . .
10: 330
Сабанда . . .: Сыйырдың сүтінде . . .
10: 40
Сабанда . . .: Биенің сүтінде . . .
10: 16

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден көрініп отырғанындай, белок күнжара, кебек, сұлы, тары, жүгері сияқты азықтарда неғұрлым көп болады. Беде пішенінде де белок көп, ал сабан, ірі пішен сияқты азықтарда белок өте аз. Сулы азықтарда да, оның ішінде шөпте белок аз. Бірақ, сулы азықта судық көп болатынын ескеру қажет, сондықтан, құрғақ затқа шаққанда, сулы азықтарда белок аз болмайды. Мәселен, шөптің әрбір килограмм құрғақ затыңда 80 грамм белок, ал малға азықтық қызылшаның әрбір килограмм құрғақ затында 75 грам белок болады, басқаларында да сондай.

Жылқының тканьдарының негізгі бөлегі, мәселен, еті түгелінен дерлік белоктардан құралады. Сондықтан өсетін жас жылқы үшін белогі көп азықтың ерекше маңызы бар. Ішіндегі құлыны қалыптасқан кезде буаз биенің организміне белок көп керек болады. Құлының емізетін биелер өздерінің сүтіне көп белок береді. Сондықтан буаз және құлынын емізетін биелерді азықтандырғанда оларға берілетін азықта белоктың көп болуына мықтап көңіл бөлу қажет.

Көмірсутегі азықтың маңызды қоректі бөлегі. Олар тез сіңетін (қант, крахмал және басқа кейбір заттар) және тез сіңбейтін (клетчатка) тектерге бөлінеді. Мәселен, қант суда тез ериді, ал крахмал суда ерімейді, бірақ, жылқының асқазанында ол қантқа айналады, организм оны бойына сіңіреді. Өсімдік азықта тез сіңетін көмірсутегі белоктен көп болады. Мұны, әрбір килограмм азықта жылқы сіңіретін көмірсутегінің санын көрсететін мынадай мәліметтерден байқауға болады (грамм есебімен) :

Сабанда . . .
120-170
Сабанда . . .: Ірі пішенде . . .
120-170: 200
Сабанда . . .: Орташа пішенде . . .
120-170: 210-240
Сабанда . . .: Өте жақсы пішенде . . .
120-170: 250
Сабанда . . .: Беде пішенде . . .
120-170: 230
Сабанда . . .: Сәбізде . . .
120-170: 85
Сабанда . . .: Мал азық қызылшада . . .
120-170: 85
Сабанда . . .: Сүрлеген шөпте . . .
120-170: 80
Сабанда . . .: Картопта . . .
120-170: 200
Сабанда . . .: Жайылым шөбінде… . . .
120-170: 100-200
Сабанда . . .: Орташа жүгеріде . . .
120-170: 600
Сабанда . . .: Орташа сұлыда . . .
120-170: 400
Сабанда . . .: Тарыда . . .
120-170: 110
Сабанда . . .: Кебекте . . .
120-170: 320
Сабанда . . .: Күнбағыс күнжарасында . . .
120-170: 160
Сабанда . . .: Мақта шитінің күнжарасында . . .
120-170: 200
Сабанда . . .: Биенің сүтінде . . .
120-170: 60

Жылқының организмінде көмірсутегі қантқа айналып, көбінесе жүргенде жұмсалатын қуатты шығарады. Егерде организмге көмірсутегі заттары көп түссе, онын бір бөлегі майға айналып, запасқа қалып отырады.

Клетчатка. Азықтың едәуір бөлегі тез сіңбейтін клетчатка көмірсутегінен құралады. Камыста, сабанда, кеш жиналған пішенде клетчаткалар өте көп - азықтың әрбір килограммында 300-400 граммнан келеді. Сапасы орташа пішеннің әрбір килограммында 250-300 грамм клетчатка болады. Жақсы пішенде клетчаткалар аз - 200 грамм. Сулы азықтар мен жемде клетчатка аз. Мәселен көкшөптің әрбір килограммында небәрі 80 грамм, сұлының әрбір килограммында 100 грамм клетчатка бар, басқаларында да сондай.

Күйісті малдардың (сыйыр, қой, ешкі, түйе) асқорытатын органдарында азық үлкен қарнында ұзақ уақыт калып, онда ашиды және қорытылады. Жылқының жеген азығы тез арада қарнынан ішекке өтеді де, нашар сіңеді. Бидай сабанындағы клетчатканы сыйыр 50 пайызға, жылқы небәрі 18 пайыз сіңіреді. Клетчатканың көп болуы жылқының азықтағы басқа заттарды қорытып сіңіруін кемітеді. Сондықтан клетчаткасы көп азық жылқыға қолайсыз келеді.

Шөп қураған сайын ондағы клетчатка арта береді. Мәселен, таулық аудандардың дәнді шөптерінде клетчаткалардың мөлшері құрғақ заттың әрбір килограммына мынадайдан келеді: гүлденгенге дейін 220 грамм, гүлденген кезінде 320 грамм, дәні құйылған кезде 340 грамм.

Май мал азығында сонша көп болмайды. Майлы және техникалық дақылдардың дәнінде май көп болады. Қүнбағыс, зығыр, кендір және мақта майы - өсімдік майы болып табылады.

Өсімдік майының қоректілігі белоктер мен көмірсутегі қоректілігінен екі есе артық. Сүрлеген шөп, қызылша, сәбіз сияқты сулы азықтарда май жоқтың қасы. Жайылым шөбінің әрбір килограммында әдетте бір граммнан 8 граммға дейін жылқы сіңіретін май болады. Дәнді азықта май көбірек, атап көрсеткенде килограммына - 20 граммнан 60 граммға дейін. Күнжарада май онан да көп - 40-100 грамм.

Витаминдер мал азығында өте аз болады. Бірақ бұған қарамастан төлдің дұрыс өсуі, заттардың ауысуы және малдың денсаулығының жақсы болуы үшін витаминдердің аса зор маңызы бар. Витаминдердің оннан астам әртүрі бар, олардың әрқайсысы организмге ерекше әсер етеді. Әдетте витаминдерді әріптермен белгілейді. "Оның ішінде неғұрлым маңызды витаминдер - А, Д, Е және В витаминдері.

А витамин төлдің дұрыс өсіп, үлкеюі үшін керек. Үлкен малда А витамин жеткіліксіз болса, онда оның көзі, нерв жүйесі, төлдеу органдары ауруға ұшырайды. А витамин көк азықта жеткілікті болады.

Д витамин малдың сүйегінің дұрыс қалыптасуы үшін қажет. Д витамин болмаса, мал рахит болып ауырады - сүйектері қисаяды. Д витамин сүтте және балық майында болады. Өсімдік азықта Д витамин жоқтың қасы, бірақ өсімдіктерде басқа кейбір заттар бар, малдың денесінде бұл витамин сол заттардан пайда болады. Малдың күн көзінде болуы Д витаминнің пайда болуының басты шарттарының бірі.

Е витамин малдың өсіп-өнуінің витамині деп атайды, өйткені ол малдың төлшіл, ұрықты болуын қамтамасыз етуге кажет. Бұл витамин көк шөпте, пішенде, күнжарада және басқа азықтарда болады.

В витамин малдың денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз ететін бірсыпыра витаминдерден құралады. Бұл витаминдер жеткіліксіз болса, малдың нерв тамырларының қызметі бұзылғаны байқалады, азықты сіңіруі нашарлайды, жас төлдің өсуі кемиді. В витамин көк шөпте, пішенде, жемде көп болады.

Күл. Отқа жанып кететін органикалық заттардан тыс мал азығында минералдық заттар болады, отқа жанғанда бұл заттар күлге айналады. Күлдің құрамдық бөлімдері - кальций тұзы (бор), ас тұзы, фосфорлы тұздар және басқа заттар. Өсімдік күлінде болатын заттардың көбі жылқының организміне оның өз қызметін дұрыс атқару үшін керек болады. Бұл заттардың ең маңыздылары жылқының сүйегінің құрылысы үшін де қажет. Мал азығында минералдық тұздар жеткіліксіз болса, төл нашар өседі, биелердің құлын тастауы мүмкін, жылқы нашар оңалады. Азықтағы тұздың кемісін толтыру үшін, қолдан минералдық азық (тұз, бор, сүйек ұны, өсімдік күлі және басқалары) беріледі.

Мал азығының сіңуі

Жылқы жеген азықтың қоректі заттарын организм түгелінен сіңірмейді - олардың бір бөлегі бойға сіңбей, тезегімен шығып қалады. Азықтың сіңімділігі неғұрлым жоғары болса, малдың организмі ондағы қоректі заттарды соғұрлым бойға көп сіңіреді. Жылқының, сыйыр малының және басқа малдардың әртүрлі азықты сіңіруін зерттеу жөнінде көп тәжірибе жасалды. Сонда жылқының организмі азықтағы қоректі заттарды орта есеппен мынадай мөлшерде сіңіретіні анықталды (пайыз есебімен) .

1-кесте

Азықтың құрамдық бөліктері
Сулы азықтарда
Жем азықтарда
Көлемді азықтарда
Азықтың құрамдық бөліктері: Белоктар . . .
Сулы азықтарда: 60
Жем азықтарда: 70
Көлемді азықтарда: 60
Азықтың құрамдық бөліктері: Тез сіңетін көмірсутектегі . . .
Сулы азықтарда: 70
Жем азықтарда: 80
Көлемді азықтарда: 65
Азықтың құрамдық бөліктері: Тез сіңбейтін көмірсутектегі (клечатка) . . .
Сулы азықтарда: 40
Жем азықтарда: 50
Көлемді азықтарда: 40
Азықтың құрамдық бөліктері: Май және майға ұқсас заттар . . .
Сулы азықтарда: 30
Жем азықтарда: 80
Көлемді азықтарда: 40

Бұл мәліметтерден көрініп отырғанындай, жылқының организмі әртүрлі азықтарды әртүрлі сіңіреді. Егер, азықтың жеке түрлерінде қоректі заттардың саны алуан түрлі болатынын ескерсек, әртүрлі азықтардың не себепті бірдей қоректі болмайтынын түсінеміз.

Азықтардың жалпы қоректілігі

Азықтың жалпы қоректілігі азық өлшемдерімен көрсетіледі.

Азық өлшеміне орташа сапалы бір килограмм сұлы алынады да, әрбір азықтың қоректілігі бір килограмм сұлының қоректілігімен салыстырылады.

Қоректілігі жағынан бір килограмм сұлының орнына мынадай мөлшерде басқа азықтар беру керек болады:

Жақсы пішен . . .
2 кг
Жақсы пішен . . .: Орташа пішенде . . .
2 кг: 2 кг 500 г
Жақсы пішен . . .: Сабанда . . .
2 кг: 3 кг 300 г
Жақсы пішен . . .: Көк шөп . . .
2 кг: 5 кг
Жақсы пішен . . .: Мал азық қызылша . . .
2 кг: 9 кг
Жақсы пішен . . .: Арпа . . .
2 кг: 800 г
Жақсы пішен . . .: Кебек . . .
2 кг: 1 кг 200 г
Жақсы пішен . . .: Күнжара . . .
2 кг: 900 г

Азықтарды мұндай салыстырғанда, тек әртүрлі азықтардың жалпы қоректілігіне баға беруге іс жүзінде қолайлы болуы үшін салыстырылатынын ескеру қажет. Мәселен, жылқыға күніне 8 килограмм жақсы пішен және 4 килограмм сұлы берілсе, ол жұмысты дұрыс атқарады және жүдемейді. Бұл азықтың жалпы қореқтілігі - 8 азық өлшемі (4 килограмм сұлы - 4 азық өлшемі, 8 килограм пішен - 4 азық өлшемі) . Егер, қореқтілігіне сәйкес бір азықтың орнына екінші азық беру жылқының организмі үшін бірдей болса, онда 8 килограмм пішеннің және 4 килограмм сұлының орнына 26, 4 килограмм сабан, немесе 7 килограмм 200 грамм күнжара, не болмаса 72 килограмм мал азық қызылша беруге болар еді. Бірақ, іс жүзінде бұл мүмкін емес: үнемі сабан, күнжара немесе үнемі қызылша берілген жылқы жұмыс істей алмайтыны былай тұрсын, тіпті тіршілік те ете алмайды.

Азық өлшемдерімен көрсетілген жалпы қоректілік бойынша тек өздерінің сапасы жағынан бір-біріне жақын азықтарды ғана салыстырып, бірінің орнына екіншісін беруге болады. Мәселен 8 килограмм жақсы пішен орнына 10 килограмм орташа пішен, 4 килограмм сұлы орнына 3 килограмм 200 грамм арпа беруге болады, Атқа күніне 4 килограмм сұлы және 8 килограмм жақсы пішен немесе 3 килограмм 200 грамм арпа және 10 килограмм орташа пішен берілсе, ол мұның екеуінде де бірдей жұмыс атқара алады. Бірақ мұнда да айырмашылық бар: жылқының азықтандырудағы немесе ғасырлар бойғы тәжірибенің көрсеткеніндей, арық атты сұлыдан гөрі арпамен асырағанда ғана тез оңалтуға болады.

Бұл айтылғандардан айқын көрініп отырғанындай, малға керекті азықтарды тек жалпы қоректілігіне қарай емес, онымен бірге басқа ерекшеліктерді де ескере отырып белгілеу қажет.

Әртүрлі азықтарды және олардың қоректілігіне баға беру әдістерін барлық жағынан зерттеу ісінде ғылымның алдында орындалуы тиіс әлі де көп жұмыстар тұр.

Төменде азықтың қоректілігіне берілген негізгі баға келтіріледі. Бұл баға азық өлшемдері және сіңірілетін белоктың саны бойынша көрсетіліп отыр.

2-кесте

Азықтардың аттары
1 кг азықта бар
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?

Азық

өлшемі

(кг есебімен)

Сіңірілетін белок (грамм есебімен)
Азықтардың аттары: Орташа шабындық пішен . . .
1 кг азықта бар: 0, 4
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 30
2, 5
Азықтардың аттары: Суарылатын шабындықтың көлемді пішені . . .
1 кг азықта бар: 0, 4
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 20
2, 5
Азықтардың аттары: Суарылатын шабындықтың ұсақ пішені . . .
1 кг азықта бар: 0, 5
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 40
2, 0
Азықтардың аттары: Далалық пішен . . .
1 кг азықта бар: 0, 5
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 40
2, 0
Азықтардың аттары: Ерте (гүлденгенге дейін) жиналған пішен . . .
1 кг азықта бар: 0, 6
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 50
1, 7
Азықтардың аттары: Беде пішені . . .
1 кг азықта бар: 0, 5
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 80
2, 0
Азықтардың аттары: Қара бидай сабаны . . .
1 кг азықта бар: 0, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 4
5, 0
Азықтардың аттары: Сұлы сабаны . . .
1 кг азықта бар: 0, 3
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 10
3, 3
Азықтардың аттары: Тары сабаны . . .
1 кг азықта бар: 0, 4
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 12
2, 5
Азықтардың аттары: Бидай сабаны . . .
1 кг азықта бар: 0, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 4
5, 0
Азықтардың аттары: Арпа сабаны . . .
1 кг азықта бар: 0, 4
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 9
2, 5
Азықтардың аттары: Жайылымның орташа шөбі . . .
1 кг азықта бар: 0, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 20
5, 0
Азықтардың аттары: Малға азықтық қызылша
1 кг азықта бар: 0, 1
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 3
10, 0
Азықтардың аттары: Сәбіз . . .
1 кг азықта бар: 0, 3
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 4
10, 0
Азықтардың аттары: Сүрленген шөп . . .
1 кг азықта бар: 0, 1
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 10
10, 0
Азықтардың аттары: Орташа сұлы . . .
1 кг азықта бар: 1, 0
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 80
1, 0
Азықтардың аттары: Орташа арпа . . .
1 кг азықта бар: 1, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 70
0, 84
Азықтардың аттары: Орташа қара бидай . . .
1 кг азықта бар: 1, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 90
0, 84
Азықтардың аттары: Орташа жүгері . . .
1 кг азықта бар: 1, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 70
0, 84
Азықтардың аттары: Тары . . .
1 кг азықта бар: 1, 0
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 80
1, 0
Азықтардың аттары: Сұлы ұны . . .
1 кг азықта бар: 1, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 100
0, 84
Азықтардың аттары: Кебек . . .
1 кг азықта бар: 0, 8
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 110
1, 25
Азықтардың аттары: Күнбағыс күнжарасы . . .
1 кг азықта бар: 1, 1
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 330
0, 91
Азықтардың аттары: Мақта шитінің күнжарасы . . .
1 кг азықта бар: 1, 2
1 азық өлшеміне жеткізу үшін неше килограмм азық беру керек?: 330
0, 94

Жылқының негізгі азықтары және оларды берер алдында әзірлеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтары
Түйені күту және азықтандыру
Түйе өсіру шаралалы
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру
Түйе - жайылым малы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Мал өсіру әдістері
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz