Ықшамсабақ мақсаттары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Білім алуды жалғастыру факультеті

Реферат

Тақырыбы: Физиканы оқытуда ықшам сабақ өткізу жолдары

Орындаған: Советханов Ә. М.

Тобы: МФЗ-001

Тексерген: Желдыбаева Б. С.

Семей, 2021

Жоспар

  1. Ықшам сабақ дегеніміз не ?
  2. Ықшамсабақ мақсаттары.
  3. Ықшам сабақ формалары
  4. Физиканы оқытуда ықшам сабақ өткізу жолдары
  5. Қорытынды.
  6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Ықшамсабақ дегеніміз не? Ықшамсабақ - мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларға қолдау көрсету әдісі. Мұғалімдер әдетте бес-алты адамнан тұратын шағын топтарда сабақ немесе сабақтың бір бөлігін өткізу үшін бірге жұмыс істейді. Топтағы әр мұғалім кезек-кезегімен мұғалім рөлін атқарып, «сабақ» өткізеді. Басқа мұғалімдер оқушы рөлін ойнайды. Мұғалімдер сабақтарды видеоға жазып алып, өзін-өзі бағамдауды таңдауы мүмкін немесе шағын топта қадағалаушыны немесе қадағалаушыларды тағайындап, олар ықшамсабақтан кейін бірден кері байланыс ұсынады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары аясында бұл тәсіл мұғалімдерге тәжірибесін жетілдіруге қолдау көрсету үшін пайдаланылады. Мұғалімдер тек сабақ өткізуші рөлін ғана емес, қадағалаушының да рөлін орындап көреді. Өзара кері байланыс ұсынуға мүмкіндік алады. Осылайша мұғалімдер өз сабағына рефлексия жасайды және әріптесіне кері байланыс ұсына алады. Бірлескен ортада жаңа тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдерді қадағалай отырып, оларға кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл әдіс курстың маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Сабақтың бір бөлігінің жоспарын құрып, шағын топта көрсетеді. Сабақты талдау барысында, олар тәжірибеде кездесуі мүмкін мәселелерді толығымен түсінеді, есте сақтайды және жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу кезінде осыны назарға алады. Ықшамсабақты мектеп тәжірибесінде де өткізуге болады. Бұл мектеп басшыларына жаңартылған білім беру бағдарламаларын және жаңа педагогикалық тәсілдерді енгізуде мұғалімдерге қолдау көрсетуге көмектеседі.

Ықшамсабақ АҚШ-да 1960 жылдары педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілі ретінде пайда болған. Стэнфорд университетінің бірқатар зерттеушілер тобы Дуайт Аллен мен Кевин Райанның басшылығымен әзірлеген екен.

Ықшамсабақ үш мақсатқа қол жеткізуге бағытталады:

  • тыңдаушыларды оқыту тәжірибесімен таныстыру және олардың өзіне деген сенімін арттыру;
  • оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сынап көрудің ықпалын зерттеу;
  • біліктілік арттыру курсының бөлігі ретінде тәжірибелі мұғалімдерді жетілдіруге қолдау көрсету.

Ықшамсабақтың артықшылықтары неде? Мұғалімдердің тәжірибесі жетіледі, проблемаларды шешу қабілеті артады, кері байланыс ұсынуды үйренеді, рефлексия жасау дағдысы қалыптасады, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды және көшбасшылық қасиеттерінің ашылуына мүмкіндік болады.

Ықшамсабақ ұйымдастыру алдын-ала дайындықты қажет етеді. Біріншіден, ықшамсабаққа арнап оқу материалдарын әзірлеп, қажетті оқу ортасын қалыптастыру қажет, екіншіден, нақты оқу мақсатымен байланысты тапсырманы орындау, үшіншіден, күтілетін нәтижені іс-әрекет пен эмоцияға емес, нақты танымдық аспектіге бағыттау, төртіншіден, оқу мақсатына сәйкес әдіс-тәсілдерін анықтау, бесіншіден, мұғалімдердің білімі мен оқыту дағдыларын бағамдау және қалыптастырушы бағалауды жүргізу.

Ықшамсабақ өткізу барысында әрқайсысына пән мұғалімі болып оқытуға, оқушы рөлін орындауға және бақылаушы болуға кезек беріледі. Ықшамсабақ өткізуге 10 минут, кері байланысқа 5 минут беріледі. Барлығы 15 минут; 4 ықшамсабақты өткізу уақыты 1 сағат жеткілікті болады. 15 минут ықшамсабақ ұйымдастырушының жалпы кері байланысына беріледі. Ықшамсабақты пән бірлестігі немесе арнайы мұғалімдердің тобымен ұйымдастыруға болады.

Осы қадамдарды ескере отырып мұғалімдер өзара тәжірибе жетілдіруде білім беру ұйымдарында ықшамсабақ ұйымдастыра алады.

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Педагогикалық психологияға сынап қарайтын мұғалімдердің өздері де психологиялық дайындық тәсілдерінің құндылығын сөзсіз мойындайды. Ықшамсабақ осындай тәсілдердің бірі болып табылады.

Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг болып табылады. Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Оның авторы Дуайт Аллен және Кевин Райан бастаған Стэнфорд университетінің зерттеушілер тобы болды. Жалпы есеппен жаңа әдісті енгізуге он жылдан аз уақыт жұмсалды, 1968 жылы ықшамсабақ үдерісі мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының 53%-ында қолданыс тапты.

Ықшамсабақ мұғалімдерді дайындауға арналған дәстүрлі тәсілдердің кемшіліктеріне жауап ретінде пайда болды. Дәстүрлі дайындық педагогикалық психология бойынша курстарды өту, тәжірибелі әріптестерінің жұмысын бақылау және игерген білім мен дағдыларды сыныпта қолдануды қамтыды. Дайындықтың бұл түрлерінің әрқайсысына елеулі кемшіліктер тән:

Теориялық курстар көп жағдайдат тәжірибеден алшақ болады, оның негізінде білім пассивті түрде меңгеріледі.

Бақылаушы өзінің назарын неге аударған жөн екенін түсіну үшін, ол айтарлықтай тәжірибелі болған жағдайда ғана басқа мұғалімнің оқытуын бақылау тиімді болмақ. Оның үстіне, бақылаушы мұғалімнің емес, оқушының рөлінде болады.

Мұғалім меңгерген білімін пайдалана отырып, әуелі қателіктер мен сынамалар жолымен жүруіне тура келеді, бұл оқушылармен «эксперимент жасау» деген сөз, ал оның зияны оқушыларға тиюі мүмкін.

Ықшамсабақ мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық жұмысын байланыстырушы, өзіндік зертхана(тәжірибе алаңы) болуы тиіс. Ұшқыштар, жүргізушілер және басқа да кәсіп өкілдері дайындық кезінде жаттығу құрылғыларында тәжірибе жасап үйренетіні сияқты, мұғалімдердің де өз «жаттығу құрылғысы» болуы қажет

Жоғарыда атап өткендей, ықшамсабақтың әдістемелік негізі оперантты оқыту және «мінез-құлықты түрлендіру» сияқты бихевиористік және необихевиористік қағидаттарболып табылады. 5-10 минутқа созылатын әрбір ықшамсабақ оқытудың жеке бір дағдысын меңгеруге бағытталады. Мұндай дағдылар ынталандыру тәсілдерін түрлендіру (қозғалыс, ым-шара, үнсіздікті сақтау, әртүрлі сенсорлық арналарды, әртүрлі қарым-қатынас стильдерін пайдалану және т. б. ), сабақтың басында өзіне мақсат қою, сабақты аяқтау, тыныштықты және вербалды емес құралдарды пайдалану, оқушыларды ынталандыру, сұрақтар қою, мысалдар келтіру және т. б. болуы мүмкін. Ықшамсабақта басты назар нені оқытуға емес, қалай оқытылатынына бағытталады деуге болады. Сабаққа арнайы дайындалған оқушылар (әдетте 4-8 оқушы) қатысады, олар ықшамсабақтан кейін мұғалімге ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді - өздерінің ойынша нақты бір дағдыны мұғалімнің қалай іске асырғанын бағалайды. Одан кейін мұғалім жетекшімен бірге ықшам сабақтың бейнежазбасын қарап, оқушылардың бағалауын талдайды және сынама жасап жаттыққан дағдыны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылайды. Орта есеппен жарты сағаттай уақытқа созылатын талқылаудан кейін, мұғалім ықшам сабақты қайталайды, бірақ бұл жолы сабақты басқа оқушылармен өткізеді. Бұдан соң, бірінші және екінші ықшамсабақтың бейнежазбалары мен оқушылардың бергенбағаларын салыстырып, қол жеткен жетістіктер туралы қорытынды жасайды. Әдетте ықшамсабақ өткізуге дейін сынама жасайтын дағды бойынша мұғалімдерді алдын-ала үйретіп, дайындайды. Мұндай оқыту осы дағдыны модельдеу көмегімен жүргізіледі - мысалы, оны анағұрлым тәжірибелі мұғалім көрсетеді немесе қажетті бейнежазба ұсынылады. Шебер жұмысты осылай бақылау нақты дағдыны қалыптастыруды айтарлықтай жақсартады, мұғалім жіберген қателерін өзінің тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде қабылдай бастайды. Жекелеген дағдыларды меңгеру межесіне қарай, ықшамсабақ тапсырмасы қиындай түседі, сабақтың ұзақтығы да артуы мүмкін (20 минутқа дейін) . Осылайша, ықшамсабақтың көмегімен жекелеген дағдыларды меңгеру оқыту стратегияларын меңгеруге ауысады.

Д. Аллен мен К. Райан ықшамсабақтағы оқушылардың рөліне ерікті мектеп оқушыларын шақырған (көбінесе сағатына бірнеше доллар сыйақы беру арқылы) . Оқушылар шынайы сыныпқа сәйкес іріктеледі (үлгерім деңгейі, мінез-құлықыәртүрлі, т. б. ) . Олардың жасы ықшамсабақ өткізетін мұғалімдердің сыныбына сәйкес таңдалды. Авторлардың пікірінше, ақшалай сыйақы мен бәсеке (тиісті талаптарды орындамағандарды басқа оқушылармен алмастырды) сабаққа белсенді қатысу және қажетті тәртіпті орнату үшін жеткілікті ынталандырушы құралдардың бірі болды. Ықшамсабаққа қатысар алдында оқушыларға толық нұсқау беріледі, оларды негізінен ауызша немесе жазбаша түрде кері байланыс беруге үйретті (мысалы, арнайы бағалау үлгі-парағы қалай толтыру керектігі) . Басқа мамандар оқушылардың рөлін мұғалімдер де орындай алады деп есептейді. Сабақта нағыз оқушылардың немесе олардың рөлінде болатын басқа адамдардың болуы алға қойылған міндеттерге және ықшамсабақ жүргізілетін жағдайларға тәуелді.

Ықшамсабақ арнайы маманның (Т. Грегори нұсқасы) немесе жетекші, анағұрлым тәжірибелі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі (Д. Аллен мен К. Райан нұқасы) . Екі жағдайда да олар қажетті аудио- және бейнежазба жасайды.

Ықшам сабақтың мысалы ретінде Томас Грегори ұсынған нұсқаны қарастырайық . Бағдарлама тоғыз тапсырманы орындауды көздейді, олардың әрқайсысына бір немесе бірнеше сабақ арналуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ықшамсабақтың келесідей нұсқалары таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Ықшамсабақ (microteaching) мұғалімдерді белсенді психологиялық дайындау әдісі
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Конструкторлық - технологиялық дағдылар
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Стратегиялық мақсаттар ұйымдастыру
Имам Харамайнның көзқарасындағы ислами шариғат мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz