Құндылық аспекттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Білім алуды жалғастыру факультеті

Реферат

Тақырыбы: Физиктің қызметіндегі когнитивті және құндылық аспекттердің үзіксіздігі

Орындаған: Советханов Ә.М.
Тобы: МФЗ-001
Тексерген: Желдыбаева Б.С.

Семей, 2020

Жоспар

Когнитивтілік аспекттері.
Құндылық аспекттері.
Когнитивті және құндылық аспекттердің үзіксіздігі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Когнитивтілік аспекттер. Оның зерттеу объектісі - адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі жасанды интелект ретінде танылатын инженерлік пәндердің негізінде қалыптасқан. 1960 - 1970 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер адам ойлауының әмбебап заңымен пара - пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес,жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелер мен формулаларға құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған білім қоры болуы қажет. Когнитивті ғылымдар аясында білімге негізделген тілдер жасалынды. Жасанды интеллектіде ақпаратты симфолдап беретін семиотикалық парадигма қалыптасты (А. Ньюэлл мен Г. Саймонның теориясы). Жасанды интеллект зертханасының диреекторы П. Уинстон есептеу машинасын табиғи тілді түсінуге күштеу, ол да интеллект жасағанмен бірдей деп көрсетті. Осындай фонда, когнитивтік ғылымдар жасаған адамның ойлау қабілетінің моделіне қарайлау негізінде когнитивтік лингвистика қалыптасты. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды таратып түсіндіру (репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам санасына қалай ұйымдастырылған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сұрақтарға жауап табуға ұмтылады. Когнитивті психологияның көрсетуінше, айналадағы заттар мен құбылыстарды категоризациялау мен классификациялау адам миының маңызды қабілетінен саналады. Категоризациялаудың нәтижелері адамның когнитивті аппаратының негізін құрайды, ұзақ уқытқа арналған жадыда сақталатын менталды концептілер болып табылады. Адамның интеллектуалды процесіне қатысты мәселелер, белгілі бір образдарды мен мәтіндерді тану бұрыннан қалыптасқан білімдер негізінде анықталады. Когнитология пәнаралық қана емес, синтетикалық та ғылымдар қатарына жатады, адамның когнитивті процестерін зерттей отырып, метематика, философия, лингвистика, психология, ақпарат теориясы ғылымдарын біріктіреді.

2. Құндылық аспекттері. Құндылық мəселесінің əртүрлі аспектілерін отандық ғалымдар зерттеген болатын. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін, И.Д. Багаева, З.И. Васильева, Д.Ə. Нұрғалиева, жастардың құндылық бағдарын əлеуметтік тұрғыдан В.Я. Ядов, Б.Ф. Ломов қарастырған. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағдар жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағдар тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Құндылық бағдарларының негізгі мазмұны - адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, əрекет, мінез принциптері. Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше тек қана жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер негізінде тұрақталады. Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып,кім боламын?, қандай болу керек? деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды құндылықтардың туындауына себеп болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкттік карталардың жұмыс істеу қауіпсіздігі
Қазақстан статистикасына 85 жыл
Саяси әлеуметтанудың ғылымы және оның пәндік ерекшеліктері
Медицина қызметкерінің мәденилігі
Қарым-катынае мәдениеті адамзат мәдениетінің негізгі сатысы
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымдары
Жалпыланған түрдегі технологиялық операцияларды жобалау мәселелері
Білім беруде ұжымдық танымдық қызметті қолдану
Жоғары буында ағылшын тілін оқытуда біліктілік-бағыттаушы амал
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін анықтаудағы мұғалімнің қызметі
Пәндер