Жер ресурсы
Кіріспе
Жер- адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар қалыптасқан, қойнауы мен биосференың саналуан байлығымен сипатталатын және еңбектіқолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы деген екен.
Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 361,1 млн.км2 немесе 70,8%-тін алып жатқан Әлем Мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149,1 млн.км2 немесе 29,2%-ті құрайды. Соңғысының 13 бөлігі таулы жерлер, 20%-тін шөл және 30%-тін орман алып жатыр. Жердің тек 10%-і ғана ауылшаруашылық алаптарға жатады. Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен - климатпен, су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады.
2003 жылы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12-бабы 7- тармағына сəйкес, жер - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі . Жер ерекше белгілерге ие. Н.А. Сыроедовтың пікірі бойынша, жердің қайта қалыптасушылық, орны толмастық жəне шектеушілік сияқты белгілермен сипатталады.
1. Жер ресурсы
Адам қоғамының барлық өмірінде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер адам баласының барлық мұқтаждықтары үшін керек бірден-бір арсенал. Жер - табиғаттың берген сыйы ретінде, адам қоғамының пайда болуына дейін болған. Жер өзінің еңбектің жалпы заты қызметін атқару үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі жəне өндірістік процесін жүзеге асыруы қажет. Жер ең негізгі табиғат байлығы - ол барлық тіршілік көзі жəне өмір сүру ортасы. Оны адамдар өздеріне керек қоректі заттардың 88%-ын егістік жерлерден, 10% ормандар мен жайылымдардан, 2% теңіз бен мұхит суларынан алады. Дүниежүзіндегі жер ресурсының жалпы көлемі 149 млн. км. шаршы кв. немесе құрлықтың 86,5% қамтиды. Соның ішінде Қазақстан жер қорының үлесі 272,5 млн. га құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз əлемде жер көлемі бойынша 9 орынды иеленеді. Мемлекеттік шекараның ұзындығы - 13392,6 км-ді құрайды, соның ішінде Ресеймен - 7591,0 км, Өзбекістанмен - 2351,4 км, Қырғызстанмен - 1241,6 км, Қытай Халық Республикасымен - 1782,8 км, Түркменістанмен - 425,8 км-ді қамтиды.
Республиканың əкімшілік аумақтық құрылымына 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қалалар, 160 əкімшілік аудандар, 86 қала, 174 поселкі, 7660 ауылдық жерлер кіреді. Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін арттырған жағдайда, табиғи объектілерді қорғау ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы глобалдық жəне ішкі мемлекеттік өзара келісілген шараларды қалыптастыру қажет. Көптеген зерттеушілер осыған байланысты жердің ерекше маңыздылығын атап өткен. Б.Ж. Əбдірайымов, жер дегеніміз - мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі жəне жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тəуелді деп жазған болатын.
А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша, жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілерімен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды жəне барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады.
2. Жердің өндірістік қабілеті мен тұтынушылық бағалығы
Материалдық өмірдің өзге объектілерінен жер өзінің табиғи түрде пайда болуымен ерекшеленеді. Өйткені жер адам еңбегінің жемісі болып табылмайды. Жер бұл-экологиялық функцияны жүзеге асыратын қоршаған ортаның ең басты компонентінің бірі болып есептеледі. Сондықтан адам өмірі жəне мекен етуі үшін жердің маңызы зор. Сонымен, жердің келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи жəне жасанды (экономикалық) болуы мүмкін. Табиғи құнарлық - ұзақ мерзім ішінде құнарлану процесінің нəтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен жəне өсімдіктер əлемі үшін қол жетімдікпен анықталады. Табиғи құнарлық мелиорация жəне агротехника арқылы адамның топырақтың химиялық, биологиялық жəне физикалық қасиетіне əсер етуі арқылы жасандыға ауысады.
Екіншіден, жер - табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған.
Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Өндіріс құралдарынан айырмашылығы оның еш нəрсемен айырбасталмайтындығы.
Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға болмайды.
Бесіншіден, жер беті шектеулі. Жерді өзге өндіріс құралы сияқты сандық жағынан ұлғайтуға болмайды.
3. Жерді қорғау мәселесі
Жердің жеке меншік институтының енгізілуі оны қорғау мəселесіне де ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені жерді өз меншігіне немесе уақытша пайдалануға алған тұлға оны заң талаптарына сай пайдалануы тиіс. Ал кей-кезде бұл талаптар орындалмай, оның салдары жердің қасиетінің бұзылып, ластануына жəне оны одан əрі мақсатты пайдаланылуына мүмкіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz