ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қанибаева Ө.Т.
Хасенова А.А.
Ислямов Э.Ж.
Салимова А.С.

Мектептегі информатика курсының Python тілінде программалау бөлімі бойынша электронды көмекші құрал дайындау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011100 - Информатика мамандығы



Орал 2021

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қорғауға жіберілді
Информатика кафедрасының
меңгерушісі___________А.А.Хамзина

5В011100 - Информатика мамандығы бойынша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектептегі информатика курсының Python тілінде программалау бөлімі бойынша электронды көмекші құрал дайындау

Орындаған: Қанибаева Ө.Т.
Хасенова А.А.
Ислямов Э.Ж.
Салимова А.С.

Ғылыми жетекшісі аға оқытушы: Мухамбетова Ғ.Г.



Орал 2021

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 1 1(ЖОО атауы)
Факультет Физика-математика 1
Кафедра Информатика 1
Мамандық 1 5В011100 Информатика 1
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
А.А.Хамзина 1
11 12021 ж
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА
Студент Қанибаева Өскенгүл Төлеубайқызы 1
(аты-жөні)
" " 1 №1 1бұйрықпен бекітілген жұмыс тақырыбы
Мектептегі информатика курсының Python тілінде программалау бөлімі бойынша электронды көмекші құрал дайындау
Дерек көздері: 7-9 - сыныптарының Информатика пәнінен оқу әдістемелік құралы, интернет көздері, компьютерлік бағдарламалар, электрондық оқулықтар
Сұрақтар тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны
а) Информатика пәнін электрондық көмекші құралды қолданып оқытудың практикалық тиімділігі
ә) 7-9 - сыныптарының информатика пәні бойынша электрондық көмекші құралдың жасақталуы және оның оқу үдерісінде қолданылуы
1)Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Бриггс, Джейсон Python для детей. Самоучитель по программированию, Джейсон Бриггс. - 2013.
2. Бэрри, Пол Изучаем программирование на Python , Пол Бэрри. - Эксмо, 2016.
3. Васильев, А. Python на примерах. Практический курс по программированию , А.Н. Васильев. - М.: Наука и техника, 2016
Графикалық, кестелік материалдар тізімі (кесте, диаграмма, сызба, т.б.)

Диплом жұмысының күнтізбелік кестесі
Бөлім, тақырып атауы

Қызмет сипаты
Есеп беру уақыты
Ғылыми жетекші
7-9 - сыныптарының информатика пәні бойынша электрондық көмекші құрал дайындаудың теориялық негіздері
Мәлімет жинақтау
15.01.2021
Мухамбетова Ғ.Г.
Жоба дайындау үшін компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктерін қарастыру
Компьютерде жоба құру
17.03.2021
Мухамбетова Ғ.Г.
Электрондық жұмыс дәптерін құрастыру
Бағдарламаны тәжірибеден өткізу
05.05.2021
Мухамбетова Ғ.Г.
Жұмысты тапсыру мерзімі " "1 1

Жетекшісі 1 1 Мухамбетова Ғ.Г

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
БӨЛІМ 1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Электронды оқыту құралдары және олардың жалпы құрылымы 5
1.2 Электронды көмекші құралдарды пайдалану мақсаты 7
1.3 Электронды көмекші құралға қойылатын талаптар 8
БӨЛІМ 2. PYTHON ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ 12
2.1 Python бағдарламалау тілі және шығу тарихы 12
2.2 Python тілінің мүмкіндіктері 14
2.3 Python тілінің басқа тілдерге әсері 16
2.4 Python тілінің түрлері және деректер құрылымы 17
БӨЛІМ 3. МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ PYTHON ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ БӨЛІМІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ДАЙЫНДАУ 21
3.1 Macromedia Flash ортасы, негізгі түсініктері 21
3.2 Python Starter электронды оқу кұралымен жұмыс 35
3.3 Оқулық сипаттамасы 36
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМША 1. БАҒДАРЛАМА КОДЫ 58

КІРІСПЕ

Әрбір жаңа буын өткенге қарағанда, әлдеқайда дамыған деп нық сеніммен айта алмыз. Дамуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі-қоғамды ақпараттандыру болып табылады.
Қазіргі таңда , қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге бейімделу білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістермен қатар жүреді. Соңғы жылдағы жағымды өзгерістердің бірі - мектепгі білім беру үдерісіне , Python бағдарламалау тілін информатика пәніне қосуы болды. Қазірде, Python бағдарламалау тілі өте актуалды және сұранысқа ие бағдарламалар көшін бастап тұр. Сондықтан да біз оқушыларға көмекші құрал ретінде Python Starter бағдарламамызды ұсынамыз.
Білім берудің заманауи техникаларының дамуына сәйкес оқыту жүйесінде мұғалімсіз оқыту, яғни тақырыпты компьютердегі электронды көмекші құралдардың көмегімен өткізуге болады.
Электронды көмекші құрал- күн сайын дамытылып отыратын ,ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір білім беруші өз тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, одан әрі дамыта алады.
Оқыту үдерісінде қолданылатын электрондық ресурстар, мектептегі білім беру жүйесінің тиімділігін көтеріп қана қоймай, оқушының ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін жақсартады.
Білім беру жүйесінде ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық заманауи технологияларды пайдалану, жаңа қоғамның дамуындағы негізгі тенденция болып табылады. Заманға сай мамандардың кәсіби ортасында жүргізілетін өзгерістерді талқылау, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:
* біріншіден, жаңа қоғам - ақпараттық мәдениеттің ең жоғары деңгейін
меңгерген және ақпараттық ортада оң шешім қабылдауға қабілетті мамандарды қажет етеді;
* екіншіден, айтылған шарттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күні қоғамның әлеуметтік міндеттерін толық орындауға қабілетсіз болып отырған, білім беру орталарында оқушыны дайындау жүйесіне жаңа өзгеріс енгізу қажет.
Бұл проблеманы шешуде,арнайы және орта мектептерде оқушыларды дайындау процесінде оқытуды жекелендіруге және білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенді етуге, кәсібилікке жақындатуға септігін тигізетін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу қажеттігін зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр.
Электронды көмекші құралдың практикалық жасаған жұмыстарының маңыздылықтары түлектік жұмысымызың маңыздылығы болып табылады.
Көмекші құрал ең алдымен, теориялық материалдан тұрады. Оның ішінде Pyhton тілінің негізгі ұғымдары туралы ақпарат, сонымен қатар, алынған теориялық материалды бекітуге және бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмалар қамтылған. Әрбір сабақ теориялық және практикалық тапсырмаларды,сондай-ақ олардың орындау мысалдарын да қамтиды. Теориялық бөлімде, тілдің синтаксисі, негізгі элементтер мен сипатталған құрылымдар және оларды қайда қолданылу аясы баяндалған. Бағдарламаның практикалық бөлімінде оқушыларға зерттелген теориялық материалды бекіту үшін өз бетінше орындау үшін тапсырмалар беріледі. Бағдарламаның мазмұны екі модульге бөлінген. Бірінші модуль-бағдарламалау тілінің негіздері, деректер типтері, базалық алгоритмдік құрылымдар (ұстану, тармақтау, циклдар), құрылымдық бағдарламалау оқытылады. Бірінші модуль қарапайым деректер түрлерімен жұмыс істеуге негізделген, тек модульдің соңында құрылымдалған түрлермен танысу болады (массивтер зерттеледі). Екінші модуль толығымен функциялар мен бағдарламаны зерттеуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы:
жоғары деңгейдегі әмбебап бағдарламалау тілін меңгеру компоненттердің бірі болып табылатын терең информатика курсын меңгерудің пәндік нәтижелеріне қойылатын ҚЖО ҒЖС талаптары;
IT-технологиялар саласында саналы түрде мамандық таңдауға білім алушының дайындығын қалыптастыру;
білім алушылардың өзін-өзі дамытуға және үздіксіз білім алуға деген дайындығын қалыптастыру, ол СОО ҒЭҚ сәйкес заманауи білім берудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады;
жаңа білім беру ортасын қалыптастыруға қойылатын талаптар, оның құрамдас бөліктерінің бірі қашықтықтан оқыту болып табылады;
Зерттеудің проблемасы қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі болып табылады: бір жағынан , Python тілін қолданудың өте маңыздылығымен, екінші жағынан, жоғарғы мектептің информатика курсында Python тілінде бағдарламалауды үйренуге бағытталған әдістемелік әзірлемелердің жетіспеушілігімен байланысты.
Зерттеудің объектісі - Flash электрондық көмекші құралдарын пайдалану арқылы жұмыс жасаудың негізі болып табылады.
Дипломдық жобаның мақсаты: Компьютерлік жаңа технологиялардың жетістігі мол, графикалық мүмкіндігі жоғары анимациялық қозғалыстарды көркем бейнелей алатын Масrоmеdіа Flash қолданбалы программасын, Action Script объектілі-бағыттаған тілін оқытуға арналған лабораториялық сабақ үлгілерін және соңы негізге ала отырып электронды көмекші құрал жасау.
Дипломдық жобаның мақсаты келесі міндеттердің тууына себепші болды:
oo Негізгі оқу орындарында электронды оқулық бойынша оқыту кезіндегі жаңа технологияларды пайдалану дәрежесін талдап шығу.
oo Жалпы білім беретін оқу орындарына арналған электронды оқулық бойынша тереңдетіп оқыту курсының мақсаты мен міндеттеріне байланысты Flash программасының оқытудың мазмұны мен тақырыптарын анықтау.
oo Программалаудың құралдары мен тәсілдерін пайдалану мүмкіндіктері бар болатындай тапсырмалар жасау және қолдану әдістемесін сипаттау.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жоғары мектепте Python тілінде терең деңгейлі бағдарламалауды үйренуге арналған оқу материалдары жасалды. Олар информатикадан жалпы білім беруге арналған оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеуге негіз бола алады.

1. ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Электронды оқыту құралдары және олардың жалпы құрылымы

XXI ғасыр - ең озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңартылған технологияларды тиімді пайдалану- бұл заман талабы. Бұл технологиялар білім беру жүйесінің қай саласында қолданылса да, олар көптеген сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы, мақсатқа қол жеткізу үшін ең алдымен ғылым мен техниканың озық заман ағымына сай модельдерін пайдалану, дүниежүзілік ақпараттық кеңістікте сан түрлі деңгейдегі ақпаратты жасау керек. Білім беру жүйесінің негізі кірпіші мектеп болғандықтан, ең адымен, мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану ерекше маңызға ие болып табылады.
Сөздіктердегі, "технология" дегеніміз - адамдардың өзара байланысты жүйелерді, операциялар мен процедураларды жіктеу арқылы күрделі процесті жүзеге асыратын әдіс. Сондай-ақ, процедура дегеніміз - белгілі бір технологияның мәнін білдіретін негізгі процессті (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын әрекеттер жиынтығы, ал операция-осы процедура шеңберіндегі мәселелерді практикалық шешу әдісі.
Қазірде заман талабына сай білім беруді дамытудың қарқынды процесі жүріп жатыр. Электрондық оқулық білім сапасын арттыру мен жақсартуда үлкен маңызға ие болуда.
Оқу процесіне ақпараттық технологияларды енгізу студенттердің өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмыс өрісінің кеңеюі оның оқу үрдісіндегі үлесінің артуына алып келеді.
Педагогикалық - әдістемелік дайындық процесінде оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, электрондық курстар, слайд-дәрістер, арнайы дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады. Оқу бағдарламасы келесі аспектілерге сай болуы керек:
- психологиялық - бұл бағдарлама оқу процесінде оған деген қызығушылықты қалай арттырады немесе төмендетеді, машина жасауда қиын және күрделі дәстүрлі емес талаптар, оқушылар үшін қиындықтар туғызады ма деген сұрақтар қарастырылады;
- педагогикалық бағдарлама педагогика курсының жалпы бағытын қаншалықты түсіндіре алады және оқушылардың педагогикалық қызметке деген оң көзқарасын көрсетеді;
- әдістемелік-материалды меңгеру үшін бағдарлама дұрыс таңдалды ма, оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешілді ме, сондай-ақ, материалдың әдіснамалық тұрғыдан дұрыс берілуі қарастырылады;
-компьютерді және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сабақтар дұрыс жоспарланған ба, оқушыға өз бетінше жұмыс істеуге жеткілікті уақыт бөлінеді ме және т. б.
Бұл заттарды ашу көп еңбекті, ерекше жұмысты, дағдылар мен уақытты қажет етеді.
- Электронды көмекші құралы -бағдарламалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез-келген электрондық ақпарат тасығышта орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарияланған цифрлық, графикалық, сандық, аудио, бейне және басқа да ақпараттың жиынтығы;
- Электронды көмекші құралы -оқытуды автоматтандыруға және білімді бақылауға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сай келетін, сондай-ақ, оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және сараланған оқу жұмысын қамтамасыз ететін электрондық оқу құралы;
- Электронды көмекші құралы құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген оқу құралы түріне мемлекеттік мекеме беретін белгілі бір дәрежеге ие электрондық оқу құралы;
Электронды көмекші құралы - құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сондай-ақ, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге арналған нұсқаулар, пракикумға, курстық және дипломдық жұмыстар дайындауға, әдістемелік нұсқаулары бар берілген оқу құралы түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу құралы.
Электронды оқулықтардың негізгі түрлері - оқу процессінде олардың мәні мен орнын анықтайтындай функционалды белгісі бойынша таратылған мәтіндік оқу құралы болып табылады.
1. Оқу - әдістемелік материалдар оқу іс әрекетінің барлық түрін қамтамасыз ету керек.
2. Бағдарламалық - әдістемелік электронды оқулық: оқу жоспары және оқу бағдарламасы.
3. Оқу - әдістемелік электронды оқулық: әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар.
4. Дайындаушы электронды оқулықтар: мультимедиалық оқулықтар, электронды мәтіндік оқулықтар, электронды нұсқа түріндегі лекциялар , электронды оқу құралы .
5. Қосымша электронды оқулықтар: практикум, құжаттардың және материалдардың және сөздіктердің жиынтығы.
6. Бақылаушы электронды оқулық: тестілейтін бағдарлама, бақылау сұрақтарының және тапсырмаларының бланктері.
Электронды оқыту құралдарын жасау және пайдалану екі бағыт бойынша дамиды:
а) Әртүрлі оқыту пәндері бойынша автоматтандырылған оқыту жүйелері құрылады. Автоматтандырылған оқыту құралдарының негізіне оқытушының құрушыларға берген әдістемелік материалдары жатады. Материалды құрушы материалдарды мәліметтер қорына енгізіп, арнайы тіл немесе инструментальдық құралдар арқылы алгоритм жасап, авторлық жүйелерді құрады.
ә) Адамзат жұмысының әртүрлі саласын ақпараттандырумен маңызды. Бұл бағытта компьютерлік оқыту программалары, программалар пакеті, көп еңбек етуді қажет ететін есептеулерді тиімділеу, математикалық модельдерді жеңілдету үшін автоматтандыру жүйелерінің элементтері дамыған.
Қазіргі заманғы электронды көмекші құрал оқушыға жеткілікті ыңғайлы. Ол оқушыға өз бетімен теорияны оқуға, эксперименттік зерттеулер жүргізуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және өзін-өзі тексеруге мүмкіндік береді.
Электронды көмекші құралның компонентері:
a) интеллектуалды оқыту жүйелері;
ә) оқушының білім деңгейін, дағдысын және іскерлігін бақылауға және бағалауға арналған программалық құралдар;
б) электронды оқулықтар;
в) мамандық бойынша автоматтандыру құралдары (өндірістік жүйелер немесе оларды оқыту аналогтары) ;
г) қашықтықтан зертханалық жұмыстарды оқытуға арналған программалық құралдар;
ғ) ақпараттық-іздеу анықтамалық жүйелері;
д) электронды жаттықтырушы құрал;
ж) сервистік программалық құралдар;
з) математикалық және иммитациялық модельдеуге арналған программалық құралдар.
Ортақ қолдануға арналған сервистік программалық құралдар көп ойлауды қажет ететін есептеулерде, эксперименттік бақылаулардың берілгендерін өңдеуді автоматтандыру үшін қолданылады. Олар зертханалық, практикалық сабақтарда, студенттік өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қолданылады.
Электронды көмекші құрал іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға арналған. Мұндай құралдар өте қиын және төтенше жағдайларда оқытуда тиімді. Нақты құралдарды жаттығу үшін қолдану көптеген жағдайда қолайсыз . Сонымен қатар, электронды жаттықтырушыны іскерлік пен дағдыны қалыптастыру үшін қолданады.
Математикалық модельдеуге арналған құралдар эксперименттік және теориялық зерттеулер ауқымын кеңейтуге, физикалық экспериментті жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай құралдар қымбат зертханалық құрылғыларды алуды шектеуге көмектеседі, сондай-ақ, зертханаларда жұмыс істеу қаупі азаяды.
Ақпараттық іздеу - анықтамалық жүйелері қолданушыға әртүрлі ақпаратты енгізуге, сақтауға және беруге арналған. Оларға әртүрлі белгілері бойынша ақпаратты тез табуға көмектесетін иерархиялық ұйымдастырылған гиппертекстік және гипермедиялық программалар және әртүрлі мәлімет қорлары жатады.
Автоматтандырылған оқыту жүйелеріне, әдетте аз көлемді, студентке теориялық материалдармен танысуды, жаттығуды және білім деңгейін тексеруді ұйымдастыратын оқыту программалары жатады.
Электронды оқыту құралдарын студенттер зертханалық сабақтарда және өз бетімен оқуда немесе нәтижелік бақылау жүргізгенде қолданады. Негізінен, оқушының білім деңгейін бақылауға және тестілеуге арналған программалық оқыту құралдары, сондай - ақ өзінде сол секілді құралдары бар электронды көмекші құрал кең тараған. Олар оқытушыны көп нұсқалы практикалық тапсырмалар жасаудан, бақылаудан және орындауын тексеруден босатады. Осындай жағдайда білімді жиі тексеру оқуға ынталандыруды арттырады. Электронды көмекші құрал пайдалану оқыту және білімді жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осындай тәсілдің артықшылықтары:
а) оқытудың жоғарғы нәтижелілігі;
ә) түрлі білім беру мекемелері үшін икемділігі мен бейімделгіштігі;
б) жүйенің жеңіл өзгертілуі және толықтырылуы.
Электронды көмекші құралмен жұмыс негізгі үш деңгейде жүзеге асады. Оларға оқу, оқыту, тексеру жəне де бақылау жатады.
Электрондық көмекші құралдар оқушылардың өз бетінше жұмысын , және де олардың жоғары деңгейлі танымдық белсенділігін арттырады. Олардың терең сапалы әрі тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге, оқу процестерінің алға қойған мақсаттарынан бастап, қол жеткізген нəтижесіне дейінгі аралықты қамтиды. Білім алушыларға алып ақпараттық білім кеңістігіне жол сілтейді . Ақпараттық білім беру - танымды ойлаудың және ақпараттық анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік және басқа да əдістерін дайындап береді. Электрондық құралдар алуан ақпараттар жиынтығын, оқушыларға білім берудің пайда болу орталықтары туралы нақты мəлімет бере алады.
Электрондық құралдар толық курстың жеке бір бөлігін құрайтын , белгілі ақпараттық және жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы - яғни, модульден тұрады. Ол оқушының толық және жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Гипермəтінде, елестететін мəтінді пайдалану сапалы жоғары бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап бере алады және оқыған материалды қабылдауды жеңілдетеді.
Электрондық құралдың əрбір шағын модулінде қосымша берілген материалдарды толық меңгеруі үшін, оқушылардың өз бетінше жеке шығармашылық жұмыстармен айналысуы үшін өткен оқу материалдарына сəйкес тапсырмалар және де жаттығулар жүйесі беріледі.
Берілген тапсырмаларды тексеру шағын модульдің аяқтағаннан кейін , ал тест арқылы тексеру негізгі модульді өткеннен соң ғана жүргізіледі. Оқушылардың дидактикалық , əдістемелік даярлықтарына арналып дайындалған тапсырмалар олардың жоғары белсенділігін қалыптастырады.
Электронды көмекші құралдың басты ерекшелігі -- жоғары деңгейдегі икемділігі мен мобильдігі. Онда көптеген, бейнефильмдер жіне иллюстрациялық көріністері қамтылған. Электронды құралдар күннен-күнге, болып жатқан жаңалықтардың қажеттілігіне қарай өңделіп ,толықтырылып отырады. Сондай-ақ , көмекші құрал үйренушіге тест сұрақтарын қойып, жауабына сәйкес нақты бағасын алуға көмектеседі. Тіпті, қажет болған жағдайда, білім алушы өтілген мəтінге қайтадан оралып, түсінбей қалған бөлімін қайта қарап, тақырып соңындағы білімін тексеру тестін немесе кестені толтыра алады. Міне, осы кезеңде білім алушының жеке бас психологиясына электронды құралына назар аударады. Сынып алдында жіберген қатесін кері тауып, оны түзеуге тырыспаса, кейін электрондық көмекші құралдың көмегімен ол қажетіне қарай қайта оралып, дұрыс жауабына келе алады.
Электронды көмекші құрал қазіргі заман талабына сай білім алушылардың қызығушылығын одан әрі оятып, түсінбей қалған бөлімін кері қарауға, алған материалдарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде, инновациялық технологияның соңғы жетістіктерін көре отырып, қазіргі талапқа сай осындай мамандар дайындалады;
* білім алушылар ғылыми техниканың жетістіктерін өз саласында пайдалану əдістерін қалыптастырады;
* оқу процессі жеделдейді;
* оқушының шығармашылық бастамасы дамиды;
* электрондық оқулық аралық білім беруге жол ашады. Бұл ауыл мен шағын комплектілігі мектептерде қолданылуы мүмкін;
* білім сапасы жоғарылайды;
* экономиялық жағынан тиімді боп келеді.
Үшінші басында көптеген елдерде орын алып жатқан ғаламдық, мемлекеттік жаңа дәуірде, қоғамдық өмірлік негізін ақпараттық ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттар кезеңіне қадам бастық. Білім саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланбай, мемлекеттердің ғаламдастыру жəне тұрақты өркениеттік даму жолымен алға басуы мүмкін емес.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы керек жəне оның осы қасиеттерді қанағаттандыруы қажет : жүйелік, жинақтылық, көркемділік, жылдамдылық.
Бұл электрондық көмекші құралдың ең тиімді жері, ара қашықтықтан оқытуға, оқушының өздігінен оқып- үйренуіне жұмыс қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Электронды құралдың тағы бір ерекшелігі- дарынды балалармен жүйелі жəне де тұрақты жұмыс жасау мүмкіндік беретіндігінде:
* өзіндік жек жұмыстану: тестілік жүйесі;
* бақылау жұмыстары: толықтыруды қажет ететін тестілер;
* Бір немесе бірнеше жауаптары бар тестілер ;
* таңдамалы тесті ;
* диктант ретінде құрастырылған тесті ;
* сәйкестілік тесті .
Электрондық көмекші құрал жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді. Яғни, мəтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық жəне басқарылатын анимацияларды пайдалануға, дыбысты қосарлап қамтуға оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай жасалынған. Электрондық орта білім алушылардың экспериментке бейімділігін және құрылымдық ойлау қабілетін қалыптастыра алады. Мұның бəрі білім алуда шығармашылық сипат алуға бейімдейді.
Осы кезеңге дейінгі білім беру үдерісінде тек мұғалімнің айтқандары немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан та, қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл электронды көмекші құралдарды қолданбай-ақ алдыға жылжу мүмкін емес. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біз жалпы орта мектепте оқытылатын бағдарлама бойынша электрондық көмекші құралды сабақта пайдаланамыз. Əр сабаққа арналған бейнедәріс электрондық құралда қамтылуы міндетті. Бұл электрондық көмекші құрал әсіресе, жоғары сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді. Себебі, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе логика, алгоритм, интернетке шығу, сайт құру.
Ағарту ісінің ақпараттары ең алғаш - батыс елдерде ертеде басталған. Ал, біздің еліміз енді ғана қосылды. Бұл үрдіс көп жағдайда бірқалыпты емес. Егер, алдынғы шепті оқу орындары осы жолға түсіп үлгерсе, басқалары бұл қадамды əлі жасаған да емес.
Оқу мекемелерінде- ғаламдық ақпараттық ортаға қосылудың бастапқы қадамы жасалып басталды. Яғни ,қажет құрал-жабдықтар сатып алынды, коммуникациялық та мүмкіндіктер жеткілікті. Алдымызда жауапты кезең тұр -- ол локалды білім беру жүйесін жасау жəне де оларды глобалды ақпараттық кеңістікке енгізу. Осындай білім беру жүйелерін жасау оқыту процесінің тиімділігін жоғары артырар еді. Осы тəріздес білім жүйелерінің негізгі ретінде электронды көмекші құралдары бола алады. Оның ішінде, білім орталарында оқыту тəжірибелерін жалпылауға жəне де оны оқу орындарының ақпараттық жүйесінде нығайтуға көмектесетін электронды оқу басылымдары.

1.2 Электронды көмекші құралдарды пайдалану мақсаты

Жаңа технологиялардың көмегімен, тілді үйрену барысында педагогикалық қалыптасқан тыңдау, жазу, сөйлеу ,түсіну дағдыларын қалыптастыруға болады. Енді, психологиялық жағына тоқталсақ, қазіргі кезде әрбір оқушының үйлерінде компьютер, бейнелер және көптеген ойындары бар теледидар болғандықтан, олар қоршаған ортаны, қоғамды осылай қабылдап үйренеді. Жаңа заманауи технологиялардың негізгі мүмкіндіктері- оқушыларға оқу бағдарламаларын оқыту. Тілді оқытуда да шығармашылық белсенділікті дамытуға, табысты қолданылатынын түсіндіруге, пәнге қызығушылықты арттыруға, сөйлеу және тыңдау дағдыларын қалыптастыру үшін жақсы жағдайлар жасауға, нәтижесінде сапалы білім алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Информатика сабақтарында, жаңа технологияларды қолданудың басты мақсаттары мыналар:
* лингвистика жағынан білім көлемін ұлғайту;
* бағдарламаны жайлы білімді толықтыру ;
* бағдарламаны үйренуге деген қызығушылық- ынтаны арттыру;
* ойлау қабілетін дамытып, басқа тілдердегі мәтіндерді түсіне білу, сонымен қатар, ақпаратты үйлесімді бере білу;
* информатика пәнін өз бетінше үйренуге қабілеттілікті және әзірлікті дамыту болып табылады.
Компьютерлік білім беруде қолдану информатика сабағында, оқу материалын, ресурстарын дайындау тәсілдерін өзгертті. Жаңа технологиялар әдістемелік, психологиялық және педагогикалық, және де дидактикалық принциптердің толық кешенін іске асыруға көмектеседі. Танымдық процесті шығармашыл және де қызықты етеді. Әрбір оқушы үшін жеке тиімділікті ескеруге мүмкіндік береді. Тәжірибеде жаңартылған технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа формасын ашады. Нәтижесінде, жаңа білім есігі ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытады, білімді жеке өз бетінше толықтыра алады, ақпарат ағынын дұрыс іздеуді және бағдарлауды үйренеді. Информатика сабақтарында жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынадай қорытынды жасай аламыз: тұлғаның үйлесімді дамуы қамтамасыз етіледі; оқыту сапасы жақсарады; ақпараттық мәдениетті еркін меңгерген білімді адам болуға көмектеседі.
Білімді қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес оқушы да, мұғалім де жаңа, әрі терең түсінуі керек. Сондықтан да, біз қазіргі ұрпақты білімқұмар, қырағы, өзіндік шығармашылық жұмысымен айналыса алатындай деңгейге жеткізуіміз керек. Қазірде , қоғамның басты бағыттарының бірі - білім беру үдерісін ақпараттандыру болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру процесінде тиімді пайдалану, сөзсіз білім беру сапасын арттыруға оң ықпал етеді.
Оқу процесінде жаңартылған АКТ-ны қолдану, білім беру үдерісіне АКТ-ның жаңа жетістіктерін енгізу, ол әлемдік білім беру кеңістігіне толық енумен тең және халықаралық деңгейге көтерілу қоғам дамуының жоғары тиімді технологияларына негізделген, жаңа бір білім беру стратегиясына көшу болып саналады.
Қазіргі заманғы, технологияларды пайдаланудың кең спектріне ие, әр түрлері күн сайын өзгеріп, дамып отырады. Ең маңыздысы, технологияларды тиімді,әрі жүйелі қолдану қажет. Инновациялық технологияларды пайдалану барысында қол жеткізілген нәтижелер: түрлі техникалық құралдарды пайдалану - сабақтың мәнін толық ашуға көмектеседі; оқушылардың барлығын сабаққа белсенді тарту мүмкін болады; оқушылардың әрбірінің деңгейін анықтауға мүмкін болады; оқушылардың көп бөлігін бағалауға мүмкін болады; білім алушыларды ізденуге және өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Осылайша, білім беру процесіндегі жаңа технологиялардың рөлі айтарлықтай маңызды екенін байқауға болады. Бұл технологиялардың көмегімен, мұғалім аз күш жұмсау арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Ол үшін педагог өзінің білімімен, тәжірбиесімен баланың жүрегінің кілтін таба отырып, инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін жүйелі, әрі шебер түрде қолдана білуі қажет.
Заманауи мектептерде инновациялық озық технологиялармен жабдықталған лингофонды мультимедиялық кабинеттер ашылды. Оқу процесіне осындай инновациялық құралдарды енгізбестен бұрын мектеп мұғалімдері арнайы компьютерлік курстарға жіберіліп, олар жаңа инновациялық технологиялармен танысып, оқу туралы сертификаттар алды.
Айтылған, жаңа инновациялық технологиялардың ішінде ACTIV board интерактивті тақтасы - революциялық күшті құрал екендігі даусыз. Тақтаны қолдана алу үшін сізде компьютерлік білім, және инновациялық жабдықты пайдалану дағдылары жеткілікті болуы қажет. Ең біріншіден, интерактивті тақтамен танысайық.
"Интерактив" сөзі ағылшынның "interact", "Интер"- өзара, "act" - әрекет деген сөзінен шыққан. Интерактивті - бұл біреумен (мұғаліммен немесе сыныптастармен т.б.) әңгімелесу ,сұхбаттасу кезінде бір-бірімен өзара әрекеттесу қабілетін білдіреді. Компьютер, электронды оқулықты қолдана отырып, интерактивті тақтаның көмегімен оқуды білдіреді.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі. Сондай-ақ, мұғалім немесе спикерге арналған екі түрлі құралды біріктіретін интерактивті құрал: ақпараттың кескіні немесе қарапайым маркер тақтасы деп те айтамыз.
" Белсенді экран " бағдарламалық - техникалық кешені дидактикалық пайдалану барысында олардың негізгі жұмысы - кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында жалпы ақпаратты пайдалану. Сондай-ақ, жаңартылған технологиялық құралдардың көмегімен білім алушылардың өз ойларын нақты, әрі қысқаша жеткізе білуін қамтамасыз ету екендігі анықталды. Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға мультимедиялық құралдардың көмегімен сабақтарды қарқынды және де қызықты оқуға мүмкіндік беретін көрнекі ресурс деп атауға болады. Ол оқушылардың қызығушылығын, ынтасын тудырады. Сабақты түсіндірген кезде, мұғалім тақтаның алдында тұрып, CD-ROM немесе DVD және интернет ресурстарына аудио, мәтіндік, видео құжаттарды қолдануына болады. Бұл кезде, мұғалім қосымшаны іске қосып, CD-ROM-ның веб-түйіннің мазмұнын қарап, керекті ақпаратты сақтап, құсбелгі қойып, тінтуірді алмастыратын арнайы қаламмен жазулар жазуы керек және ол әрекеттерді оңай әрі жылдам орындай алады.
Сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану кезінде дидактикалық құралдар бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша негізгі білімді игеру; алынған білімді жүйелеу; өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; оқуға деген жалпы уәжді арттыру; студенттерге оқу материалымен өзіндік жұмыс жасауда әдістемелік көмек көрсету.
Осы технологияны оқу материалын хабарлау және студенттердің ақпаратты игеруін ұйымдастыру арқылы визуалды есте сақтау кезінде қабылдау қабілетін арттыратын нәтижелі әдіс ретінде қарастыруға болады. Оқушылардың көпшілігі естігендерінің 5% - ын және көргендерінің 20% - ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио және бейне ақпараттарды бір уақытта пайдалану жадыны 40-50% дейін арттырады.
Сабақ кезінде уақытты үнемдеу, демо-материалды дайындау үшін интерактивті тақтаны қолданған жөн болады. Сіз интерактивті тақтаның үш режимінде жұмыс істей аласыз.
Ақ тақта режимі - ең оңай режим болып табылады. Ақ тақта режимін пайдаланған кезде,ақ қағаз және тақырыппен жұмыс істеу үшін қажетті орынды белгілеп, және де негізгі қажетті ұғымдарды бөлектеу үшін түрлі-түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артқы жағындағы фон ретінде, сіз мағынасы тақырыпқа сәйкес бейнені пайдалана аласыз. Тақтаның бұл қасиеті сабақ кезінде ыңғайлы. Фон ретінде сіз географиялық картаны, физикалық құралдардың суреттерін ала аласыз, қажет болған жағдайда картаға белгі қойып, оны жаза алуға да мүмкіндігініз бар.
Екінші режим - Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын орындау үшін ыңғайлы, яғни, материалдарды дайындау үшін қажет. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің, Power Point презентациясының құжаттары болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарын қолдана отырып, төрт түрлі мәтіндік тапсырмадан тұратын құжат жасай аласыз. Бұл құжатта тапсырмаларды қайталап, дұрыс жауап нұсқаларын немесе дұрыс әрекеттер тізбегін көрсету қажет. Қайталанатын тапсырмалар сурет тақтасының "тік төртбұрышын" нысандармен жасырады. Қажет болса, оқулықта бұл құжатты Office режиміндегі интерактивті тақтада ашу керек. Бұл режим Microsoft Office-тің барлық мүмкіндіктерін ұсынады. Сондай-ақ, жасалған құжатқа мәтін қосуға болады, яғни экраннан жасалған кескінмен емес, құжатпен тікелей жұмыс жасаңыз. Мұғалім оқушыны тест тапсырмасына жазбаша жауап тақтасына шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптармен салыстыра алады. Тік төртбұрыш нысанын жылжыту немесе алып тастау арқылы және келесі сабақтарды шаблон ретінде пайдалану үшін дайындалған материалды сақтауға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимде жұмыс істеуі. Сабақтарды өткізу кезінде өткен материалды қайталау үшін, сондай-ақ сілтемелер жасау үшін интерактивті тақтаның компонентін пайдалану қажет. Бұл компонент Microsoft Office көмегімен жасалған құжаттарға, графикалық редакторлар немесе бағдарламалау ортасы, интернет беттері арқылы жасалған файлдарға сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде, білім берушіден тек өз пәнін игеріп - білуді ғана емес, сонымен қатар , психологиялық және педагогикалық сауаттылықты, тарихи танымдық пен саяси-әлеуметтік білімді және ақпараттық сауаттылықты талап етеді. Бұл жоғары білімі мен дағдылары бар тәжірбиелі жетекші тұлға болып саналады. Егер, қазіргі білім беруде инновацияларға құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқыту мен тәрбиелеу ісіне бейім келген, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген жан болса.
Электрондық көмекші құралдың мақсаты - оқу үдерісін үздіксіз және толық бақылау. Сондай-ақ, ақпараттық іздеу қабілетін дамыту қажет. Электрондық құралдарды кез-келген білім беру саласында пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар ойлау жүйесін қалыптастыруда шығармашылық жұмысқа ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық жаңа технологияларды дамыту кезеңіндегі электрондық құралдардың ерекшелігі - олардың үлгіге сәйкес болуы және жоғары ұтқырлығы. Оқуды үйренудегі сауаты мен икемділігі болып табылады. Электрондық құралдар қосымша пайдалануға ғана жарамды оқу ресурсы емес,сондай-ақ, зерттеу материалдарын жетілдіретін қажетті құралдар болып табылады. Электрондық құралдарды мынадай мақсаттарда пайдалануға болады: электрондық есеп, электрондық анықтама ,оқулық сияқты иллюстрациялық материал.
Электронды көмекші құралдарды пайдалану негізгі мақсаттары:
а) оқу процесінің түрлерін ,яғни, жинау, іздеу, сақтау, талдау, өңдеу, ақпараттардың берілуін автоматтандыру;
ә) зертханалық эксперименттерді жүргізу;
б) курстық және түлектік жұмыстардың, бақылау тапсырмаларын орындау процесіндегі ақпараттық өңдеу және де есептеулерді автоматтандыру;
в) жобалау және конструкцияларды автоматтандыру;
г) оқу процесіне қатысушылар арасындағы жедел әрекетті және интерактивті диалогты ұйымдастыра білу;
ғ) күрделі және имитациялы обьектілердің жұмысын модельдеу;
д) пәндік виртуалды ортадағы, тренинг көмегімен, болашақ мамандандыруға дайындау;
ж) оқу әрекетінің нәтижелерінің бақылауын автоматтандыру.
Білім беретін электрондық басылым, ақпараттандырудың барлық түрлерінің стратегиясының негізгі бағытының бірі ретінде анықталған.
Электрондық көмекші құралды пайдалану мен құру екі негізгі бағытпен дами алады. Бірінші бағыт- әртүрлі оқу пәндері бойынша автоматтандырылып оқылатын жүйені құрайды және оны практикада қолданады.
Білім беру үдерісінің ашық және де басқа да формалары ретінде қолданылатын қазіргі заманауи АКТ-ның ең негізгі құралдарының бірі - электрондық басылым болып табылады. Білім беретін электрондық басылымды құру, Ресейдегі ақпараттандыру және де білім беру стратегиясының барлық формаларының негізгі бағыттарының бірі ретінде анықталған.
Білім беру саласындағы ақпараттық қызметтің индустриялық дамуы, білім берудің электрондық басылымы мен әдістемелік программамен қамтамасыз етілуі, өндіріске қосатын тұтас салалар мен жеке білім беретін мекемелердің телекоммуникациялық құрылымдарының дамуы және құрылуымен қатар, білім беру сапасының жүйесі білім беруді ақпараттандырудың инфрақұрылымын қалыптастырудың негізін құрайды. Оқыту процесін жетілдіруде электрондық құралдар аймағын жүйелік зерттеудің 30 жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде АҚШ, Канада, Англия, Франция, Жапония, Ресей және басқа да елдерде ақпараттық және коммуникациялық техниканың әртүрлі типтеріне компьютерлік жүйені көп мөлшерде енгізген болатын.
Шетелдерде әдістемелік, программалық-ақпараттық құралдарды құру жоғарғы дәрежелі мамандар мен психологтар, пән мұғалімдері, компьютерлік дизайнерлер және т.б. бірігіп жұмыс істеу қажет болғандығынан өте қымбат. Соған қарамастан, көптеген шетел фирмалары компьютерлік оқу жүйесін құру жобасын қаржыландырады.
Оқу электрондық программалық құралының негізгі ұғымы- ол электрондық басылым. Программалық электрондық кұралдарды құру үшін программалау тілінің бірін қолданады.
Білім беруші педагог өзінің оқу әдістемелік материалдарын деректер қорында жазады және ол арнайы тілдердің көмегімен программалауға мүмкіндік беретін авторлық жүйе деп аталатын автоматтандыруға бағытталған оқыту жүйесінің негізі болып табылады. Ақпараттық технологияны енгізудің екінші бағыты - оқытуда адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттандыру процесімен тығыз байланысы болып табылады. Бұл бағыттың төңірегінде жеке жұмыс жасап ,оқытуға арналған компьютерлік бағдарлама, автоматтандырылған жүйе элементтері, программа кестесі, обьектінің құрамын зерттеу және математикалық модельдер процесі құрылған. Білім беру процесінде мүндай программалық жүйені жиі қолданады.
Орта білім беретін мектептерде электронды көмекші құралдарын қолдану жəне енгізудің жалпы концепцияларын енгізу келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
* білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқытушылар құрамының білім дəрежесін көтеру;
* түрлі үрдістер мен құбылыстарды модельдеу менимитациялау;
* оқушылар менс студенттердің қажетті электронды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жағдайын жеделдету;
* оқушыны ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысу жəне өзін-өзі бақылау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
* оқытуғы білім беру ақпаратын көрініс немесе демонстрацияларымен қамтамасыз ету;
* білім беру процессінің сапасын көтеруге, басқа да мүмкіндіктер беретін ақпаратты дұрыс беру мен игерудің басқа да жүйелерін қолдану;
ақпараттандырудың көмегімен оқу үрдісін жетілдіру сайыс-бағдарламалары мен жарыстарына қатысу, яғни, орта оқу орындарының бəсекелестігін көбейту;
* барлық білім алушыға жеке жұмыс қатынасын қолдану;
* білім алушы оқушылардың диагностиканы дұрыс жасауы мен қателерді түзеп, кері байланыс арқылы қадағалауы.

1.3.Электронды оқу құралына қойылатын талаптар

Электронды оқу құралына қойылатын негізгі талаптар:
- Электронды көмекші құралдың объектісі- ғылыми негізделген фактілер, ережелер және тұжырымдардың , сондай-ақ , оқу курсындағы объектілердің, құбылыстар және үрдістердің қасиеттері мен қатынастарының жиынтығы болып табылатын, сандық , графикалық , аудио , мәтіндік , бейне және де басқа оқыту ақпараты болуы қажет.
- Электронды көмекші құрал анықтамалық және басқарушы ақпараттарды қамтуы керек . Қолданушылардың зейінің өзіне аударатын және оқу мақсаттарына келіспейтін қисынсыз ақпаратты қамтымауы қажет.
- Электронды көмекші құрал түрлі мамандықтар үшін және олардың типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес пайдалануға мүмкіндік беруі керек.
- Электронды көмекші құралда интерфейс түсінікті, көрнекті , бір мәнді және де қолданушының қателік жібермеуі үшін түгел , оның бөлек бөлімдеріндегі функциясының логикасын түсінуге көмектесетін құрал түрінде келтірлуі керек.
- Электронды көмекші құралда имитациялық - компьютерлік модельдер оқылуы керек. Яғни, объектілер мен үрдістер, құбылыстардың құрылымы және параметрлерін өңдеу және өзгерту, сонымен бірге, сыртқы әрекеттердің де имитациясы үшін ыңғайлы материалдармен жабдықталу керек . Компьютерлік модельдермен, өзара - әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі қажет.
- Электронды көмекші құралды қаншалықты жабық, соншалықты ашық ортада да қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. Электронды көмекші құрал жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. Электронды көмекші құрал ашық ортада глобальды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
- Электронды көмекші құрал, ол қосымша программалық құралдарды талап етпейтін, операциялық жүйенің версиясын ескере оьырып, автоматты тұрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік және халықаралық стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу қажет.
- Электронды көмекші құралда тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін электронды көмекші құралдың жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
- Электронды көмекші құралды қолдану процесінде оған қажетті өзгерістер және кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына , статистикалық берілгендерге, санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу қажет.
Электрондық көмекші құралының құрамына :
- мазмұны;
- утилиталар;
- көмекші;
- құжаттама енгізілуі керек.
Титулдық бетте электронды көмекші құралының шығу деректері орналасқан.
Тақырыпта, электрондық оқу құралының құрылымы және барлық мағыналық оқу бірліктерінің атаулары көрсетілуге міндетті.
Мазмұнда, электронды оқу құралының міндеттері мен мақсаттарына қатысты және сол арқылы білімді қорытынды бағалау үшін қажетті бар оқу материалдары мен ресурстары ұсынылуы қажет. Оқу материалы, ресурстары ғылыми технологияларды қолдана отырып , толық және талассыз ұсынылуы қажет.
Утилиталар- пайдаланушыларды тіркеуге, статистикалық мәліметтерді көруге, мазмұнды талдап қарауға және де оқу траекториясын анықтауға , оқу, аралық, ағымдағы, аралық және қорытынды тестілеуді өткізу үшін арналған.
Көмекші электрондық құрал оқушыларның жұмысын басқару және іске қосылған сәттен бастап іске қосу туралы ақпаратты қамтуы керек.
Электрондық көмекші құралының мазмұны үш деңгейлі бөліктерге бөлінуі керек:
1 деңгей- Модульдар;
2 деңгей-Блоктар;
3 деңгей-Сабақ.
Модуль блоктан өсіп келе жатқанда , маңызды байланыстары бар логикалық байланысқан блоктар тізбегінен құралған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулық ұғымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
HTML тілін оқытуға арналған электрондық құралдың құрылымы
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Статистикалық физика.Физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық құру тақырыбын
Ақпараттық оқыту ортасы
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Пәндер