Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 1. Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеті, өзекті мәселелері. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай - тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары

Дәріс жоспары:

1. Пәннің мақсат, міндеті

2. Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға колдау шаралары

3. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Аграрлық қатынастардың шиеленісуі

4. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты

ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

XIX-XX ғасырлар шегіндегі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық қатынастары. XX ғасыр басында Қазақ өлкесі алты облыстан екі генерал губернаторлықтан тұрды:

- Түркістан генерал губернаторлығы (Сырдария облысы мен Жетісу облыстары) . орталығы Ташкент қаласы.

- Дала генерал губернаторлығы (Ақмола облысы, Семей облысы, Орал облысы, Торғай облысы) . Орталығы Омбы қаласы.

XX ғасырда Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Ресей империясының ішкі аймағынан көшіп келушілер есебінен Қазақстан халқы күрт өскенімен қазақтардың үлес салмағы кеміп кетті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуіне байланысты артты.

Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.

Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алынды.

Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. 1916 жылғы көтерілістің ірі орталытарының бірі Торғай облысы болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды.

Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды. Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Алексеенко И. В. Население дореволюционного Казахстана. А., 1981.
  2. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960.
  3. Қойгелдиев М. Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.
  4. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С. Ф., Жакишева С. А., Романов Ю. И. А., 1996.
  5. Нұрпейісов К. Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.
  6. Сулейменов Б. С., Басин В. Я. Казахстан в составе России в XVIII-XX вв. А., 1981.

Қосымша әдебиеттер

  1. Галузо П. Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1917 гг. А., 1965.
  2. История Казахстана: белые пятна. -Алма-Ата, 1991.
  3. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. -Алматы, 1994.

Тақырып 2. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар

Дәріс жоспары:

1. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының басталуы, қазақ зиялыларының қалыптасуы, құрамы, білімі

2. Қазақ саяси элитасының(Ә. Н. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Тынышбаев, А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтың және т. б. ) қоғамдық - саяси қызметі

3. Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Ұлт-азаттық қозғалыстардың басталуы, барысы, негізгі кезеңдері

4. 1917 ж. ақпан, қазан төңкерісі жылдарындағы саяси партиялардың қызметі

5. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, эволюциясы. . ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә. Н. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуі 1905 жылғы қазан-қараша айларында өрледі. Оларды дала өлкесінде Омбы қаласындағы 19 қазанда өткен митингі мен басқа да оқиғалар бастап берді, оны ұйымдастырушылардың бірі ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханов (1870-1937) болатын.

Ә. Бөкейханов « барлық митингілер мен петициялардың және үкіметке қарсы үгіттердің ұйытқысы, даладағы . . . қазақтардың барлық діни-саяси қозғалысының көшбасшысы және жетекшісі» болды. Бұл күндерде Оралда Б. Қаратаев пен Ж. Сейдалин, Қарқаралыда А. Байтұрсынов, Бекметовтер және Ж. Ақбаев және т. б. ерекше белсенділік көрсетті.

Ж. Ақбаев саяси «бостандықты манифест бойынша патша өз еркімен беріп отырған жоқ, одан күшпен тартып алынды» деп атап көрсетті және халықты отаршылдық әкімшілікке бағынбай, қайта оған қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғаларының басшылары қуғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жұмыстан босатылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды, қалғандары қашып кетті, ал Ж. Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді.

1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы шықты. Қазақ даласында патша жарлығына әртүрлі қозғалыс қалыптасты:

1. Феодалдық басшы топтардың көпшілігі және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдап іске асыруға көмектесті.

2. Ұлт-азаттық қозғалыс топ басшылары (Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

3. Либералдық демократиялық зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т. б. ) қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу, ұлттық автономия құру талаптарын ұсынды.

1917 жылы экономикалық дағдарыс пен күйзелістіңшарықтау шегіне жетуі, майдандардағы орыс әскерлерінің жеңілістері, жұмысшы қозғалысының күшеюі, ұлт-аймақтардағы ұлттық-азаттық жолындағы өтерілістің орын алуы ақпан төңкерісінің алғы шартын қалыптастырды.

1917 жылы 27 ақпанда Ресей буржуазиялық - демократиялық төңкерісінің нәтижесінде патша тақтан құлады. Бұл Ресей халықтарымен, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестердің көп жылдық нәтижесі жеңіспен аяқталды. Елде қос өкімет орнады:

І. Уақытша үкімет бағыты - реформистік жолмен капитализмді дамыту .

ІІ. Жұмысшы, шаруа, солдат депутаттары Кеңесінің бағыты-социализм құру.

1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитетінің құрамына қазақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Ә. Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды.

Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері “Алаш” партиясын қолдап, автономия идеясын жақтады. Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ.

ХХ ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды. Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік- А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ғұмар Қарашев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Сәбит Дөнентаев, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлерді топтастыра алды. Дегенмен де, негізгі идеялық-теориялық салмақты А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қойгелдиев М. Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.
  2. Малтусынов С. Н. Аграрный вопрос в Казахстане и государственная дума России 1906-1917 гг. А., 2006.
  3. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С. Ф., Жакишева С. А., Романов Ю. И. А., 1996.
  4. Нұрпейісов К. Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. -Алматы, 1992.
  2. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. -Алматы, 1994.

Тақырып 3. Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары мен қиыншылықтары

Дәріс жоспары:

1. Алашорда және Түркістан автономиясы үкімет орындарының құрылуының тарихи маңызы.

2. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан

3. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы - ұлттық мемлекет құру идея

4. Тұтас Түркістан идеясы және оның жеңіліс табуы

Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде Ресейдің шет аймақтарында мұсылман қозғалысы қаулап дамыды, ол бірқатар ислам партияларының құрылуына алып келді. 1917 жылы қыркүйекте мұсылмандар ұйымының съезі тұңғыш мұсылман партиясының - Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін «Ресей Республикасы мен Федерациялық байланыстағы автономиялы ел» деп жариялайтын тұғырнама қабылдады.

Түркістан, Орал және Торғай облыстары мұсылмандарының делегаттары қатысқан, сол тұста өткен съезд «Мұсылмандар одағының партиясының» құрылғанын жариялады. Ол Ресей Республикасы құрамындағы аймақтың автономия идеясын ұсынды. Съезд «Түркістан Федерациялық Республикасы» парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар сонымен бірге Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпы ұлттық мүдделерін де білдірді. Революцияның дамуына, саяси тайталастың өрістеуіне қарай күштердің ұлттық негізде топтасуы жүріп жатты.

1918 жылы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезі өтті. Съезд РКФСР-дің ажырағысыз бөлігі ретінде Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Кеңестік Шығыстағы тұңғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым болған оның құрамына Сырдария және Жетісу облыстары да енді.

Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға әзірлікке кірісті. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар интервенция және азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.

Азамат соғысы - мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматының өзара соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. Большевиктерге қарсы «ақтар» деп аталған күштер бірігіп азамат соғысын бастады.

Азамат соғысы барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Бір жағынан, Кеңестер алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тартқысы келді, екінші жағынан, контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі алаш зиялыларының өздерін Кеңес өкіметі қосынына әкеп қосты. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі А. Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі зор болды.

1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды.

1920 жылғы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды. 1920 жылғы тамыздың 26-сында Кеңес Үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет шығарды.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қойгелдиев М. Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.
  2. Малтусынов С. Н. Аграрный вопрос в Казахстане и государственная дума России 1906-1917 гг. А., 2006.
  3. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С. Ф., Жакишева С. А., Романов Ю. И. А., 1996.
  4. Нұрпейісов К. Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. -Алматы, 1992.
  2. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. -Алматы, 1994.

Тақырып 4. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары

Дәріс жоспары:

1. ЖЭС-тің басталуы ашаршалықпен күрес. Жер-су реформасы

2. Қазақстанды индустрияландыру идеясы және оның отарлық мазмұны

3. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, әдістері, дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар

4. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Мәдениет пен ағарту саласындағы қайшылықтар, келеңсіздіктер

Азамат соғысы жылдарында демографиялық ахуал келеңсіз өзгерістерге ұшырады. Мал саны күрт азайып кетті. Көптеген адамдар мекендерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр болды. Қатыгездік пен зорлықтың күшеюі ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Солай бола тұра, Азамат соғысы жағдайында Қазақстан еңбекшілері күйзеліске, ашаршылыққа қарсы одан әрі жанқиярлықпен күресе берді.

Қазақстандағы «Әскери коммунизм» саясаты (1918-1920 ж., наурыз) . Кеңес республикасының экономикасы майдан мұқтаждарына жұмыс істеді. 1919 жылы қаңтарда астық дайындау мен бөлу монополиясына азық салғырты қосылды. Өлкенің адам және материалдық байлықтарын барынша игеру экономикалық әдіске жатпайтын күштеу әдістерімен (реквизициялау, наряд арқылы) жүргізілді. Әскери коммунизм саясаты жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды біріңғай мемлекеттік бюджетке қосып, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді. Билік иелері 1921 жылғы наурызда азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери коммунизмнен Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беруге және алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді.

Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі Жер-су реформасы болды . Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚазАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган - Жер комитеті құрылды.

Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады. Бұған наразылық білдірген Т. Рысқұлов және басқа ұлт зиялылары БК(б) П Орталық Комитеті қарамағына шақырылып алынды, ал С. Садуақасов, С. Сейфулин, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев ұлтшыл деп айыпталды. Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғынға ұшырады.

Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Аса ірі бай шаруалары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет шығарды.

Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды жанталаса жүргізді. Ұжымдастыру қозғалысындағы бұрмалаушылықтар үшін айрықша жауапкершілік Қазақстанда «Кіші Қазанды» жүзеге асыру теориясы авторының мойнында жатыр.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XV съезі (1927 ж 2-19 желтоқсан) шақырылды, ол ауылшаруашылығын мейлінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жарақталған социалистік ірі ауылшаруашылық өндірісіне көшу жағдайында қарар қабылдады.

Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру “тәрбиелеу мақсатымен” тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқытуды күшейту тәсілдері - кең тараған түрге айналды. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар - кулак құйыршықтарының қатарына жатқызылды.

1929 ж. ғана республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Кей жерлерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз кәмпескелеу меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. 1927 жылы Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастады. Бұл темір жол құрылысы елімізідің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.

20 жылдардың аяғы 30-жылдарда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай бүкіл елдегі сияқты тұрақты емес еді. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі жағына қарай көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ зиялылары зардап шекті. Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов және “Алаш” партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер мен ғалымдар тобын (П. Т. Будасси, С. Б. Голдгор, С. А. Баграков, М. Тынышбаев т. б. ) сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді.

1937-1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы - Кеңес үкіметінің өзінің қарсыластарын ғана емес, Коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б) П Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл апаттан құтыла алмады.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қозыбаев М. Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы, 1992
  2. Койгелдиев М. К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. Алматы, 2009
  3. Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) . - Алматы, 1991
  4. Қозыбақова Ф. А. Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің аграрлық саясаты және оның салдары (1920-1930 жж. ) . учебное пособие. - Алматы, 2011 5, 4 п. л
  5. Мұхатова О. Х. Қазақстанда ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу мәселелері. (1940-1980 жж) // Отан №2/99 53-59 б.

Қосымша әдебиеттер

  1. Алаш қозғалысы: Құжаттар мен материалдар жинағы: сәуір 1920-1928 жж. /Бас ред. : Қойгелдиев М. Қ. ; Жауапты құраст. :Грибанова Е. М., Жағыпаров Н. Р. - Алматы: Ел-шежіре, 2007. - 304 б.
  2. Қонаев Д. А. Ақиқаттан атауға болмайды - Алматы, 1994.
  3. Рысбекова С. Социальная модернизация традиционного общества в Казахстане (1920-1936 гг. ) // Издательство «Арыс», - Алматы, 2013. 370 с.

Тақырып 5. Қазақстандықтардың фашистік агрессорларға қарсы майдандағы және тылдағы ерліктері. Соғыс жылдарындағы ғылым, білім және мәдениет

Дәріс жоспары:

1. Фашистік агрессорларға қарсы соғыстың басталуы және Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу.

2. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар. Жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дәстүрлі жалғасы.

3. Соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігі соғыстың қорытындылары мен сабақтары

4. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

Ұлы Отан соғысында Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы - ортақ Отанын қорғауды қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

Гитлер тұтқиылдан шабуыл жасау арқылы КСРО-ның негізгі қарулы күштерін аса қысқа мерзімде күйретеміз, сөйтіп соғысты 1941 жылдың күзіне қарай аяқтаймыз деп есеп құрды. КСРО-ға қарсы агрессияның “Барбаросса” деп аталған жоспары соғыс басталмастан бұрын дайындалды. Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты міндеттерінің бірі Кеңес мемлекетін өздерінің басқаруына ыңғайлы болу үшін бөлшектеу. Бұл жоспарды жасаған кезде фашистік Германияның билеушілері КСРО-ны “көп ұлтты жасанды тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай, этностық конгломерат” деп есептеді. Фашистер басып алынатын Кеңес аумағында Остланд (Белорусь пен Балтық жағалауы) Украина, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ-Орал рейхкомиссариатын құруды жоспарлады. “Ғылыми зерттеу институты” деп аталған “Арбайтегемайншафт Түркістан” атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы “Үлкен Түркістан” картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстан бір бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық және саяси мақсат көздеуден туындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
Мұстафа Шоқай өмірі туралы
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік - саяси дамуы
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы
Мұстафа Шоқай (1889-1941)
Мұстафа Шоқай жайлы
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты
Қасіретті жылдар. Қазақстан - лагерьлер өлкесі
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақстанның қазіргі тарихнамасындағы 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңа көзқарастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz