Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Практикалық сабақтың тақырыбы №1
Тұрақты даму түсінігі. Экологияның қазіргі құрылымы: аутэкология, демэкология, синэкология
Пәннің оқыту нәтижелері: студенттерді қазіргі өркениеттің мәселелерін түсіндіре алады; тірі заттардың, түрлі экожүйелердің, жалпы биосфера және оның тұрақтылығының негізгі заңдылықтарын зерттей алады; табиғатты пайдалану қарқындылығының жағдайында адамның шаруашылық қызметінің экологиялық салдары туралы білімін пайдалана алады;
Жоспары:
Тұрақты даму түсінігі.
Экологияның қазіргі құрылымы: аутэкология, демэкология, синэкология
Практикалық сабақтың мазмұны: Тұрақты даму ұғымының мағынасы болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Тұрақты даму - мемлекеттің қоршаған ортаға зиян келтірусіз әлеуметтік-экономикалық дамуы. Адамзат қоғамының табиғат пен қарым-қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырады. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы, Әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену және т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т. Ал экологияның тұрақтануы, экологияның дамуы, экологияның қалпына келтірілуінің барлығы ол экономиканың дамуымен, саясаттың дамуымен байланысты екенін естен шығарып алдық. Алайда, Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары мәз емес екені мәлім. Ол жағдайлар, тұтастай қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян. Нарықтық экономикадағы табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы, олардың ысырабының молаюы орын алуда. Ішкі өнімнің өсуі қалдықтардың көбеюіне соқтырып, олар қоршаған ортаны ластауда. Қазіргі есеп бойынша, ел аумағының 75 пайызға жуыға экологиялық тұрақсыздыққа тап болып отыр. Табиғаттың жұтаңдануынан жарамсыз жерлер көбейіп жатыр. Ластанулар мен қалдықтардан бөлінетін улы заттар табиғи отраға әсер етіп, халықтың денсаулығына зиян келтіруде. Осы жағдайлар Президент Тұжырымдамасында экология дамуын тұрақтандырудың қажет екенін дәлелдеуге негіз болған.
Бірқатар уақытқа дейін, Ле-Шателье принципіне сәйкес, адамның қоршаған ортаға әсері биосферадағы өтіп жатқан процестер нәтижесінде жұмсартылып келді. Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, жердің энергетикалық балансы өзгереді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама-қайшылыққа түсіп, биосфера-адамзат жүйесі барған сайын тепе-теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе-теңдігі бұзылады. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дүниесінің бұзылуына себепші болады. Мәселені табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру нәтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, әлемде теңдесі жоқ қиын мәселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тәртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық қоғам - табиғат жүйесіндегі тұрақты даму - әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік-экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігінде соғұрлым жағары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы әрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рөлге ие болады және оның негізін Экология және тұрақты даму пәні құрайды.
Экологияның қазіргі құрылымы: аутэкология, демэкология, синэкология. Аутэкология (грек. autos - өзі, жеке-дара және oikos - тұрғын үй, мекен жай) - экология ғылымының бір саласы. Аутэкология бір түрге жататын жеке-дара организмдердің (саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, ұсақ жәндіктердің, жануарлардың) немесе олардың таралымының тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасын, әр түрлі сыртқы факторларға төзімділігін, сол ортаға физиологиялық және морфологиялық жағынан бейімделушілігін зерттейді. Сондай-ақ аутэкологияда өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері мен жануарлардың мінез-құлқы, олардың жеке түр саны және биомассасының өзгеруі де бақыланады.
Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді. Аутэкологияның міндеті - түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен температураларға, топырақтың сортаңдануына (өсімдік үшін), т.б.) физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімдіктерін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа міндет пайда болды. Бұл міндет бойынша аутэкология орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттейді. Аутэкология алғашқы рет экологияның жеке бөлімі ретінде ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910 ж.) қабылданды. IV Халықаралық экологиялық конгресте (Ұлыбритания, 1994 ж.) аутэкология тақырыбына арналған бірнеше баяндамалар жасалды.
Демэкология - Популяциялар экологиясы - бір түрді дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды (популяциялар, ішкі популяциялық таптар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларыды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын) зерттейтін экология бөлімі.
Популяция (лат. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz