Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
:
№1 Лекция тақырыбы: "Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми теориялық негіздері курсының объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
Лекция мақсаты мен міндеті: магистранттарды жоғары оқу орындарында дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында туындайтын оқу-танымдық міндеттерді кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын білім, білік және дағдылар жүйесімен қаруландыру.
oo Жоғары оқу орындарында қалыптасқан дәстүрлі әдістемелік тұжырымдамаларды оқып үйрену;
oo Магистранттарды жоғары оқу орындарындағы оқытудың қазіргі заманғы технологияларымен таныстыру;
- дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысын ұйымдастыра білулері, студенттерді белсенді оқу-танымдық қызметке жұмылдыра алулары, студенттермен жүргізілетін оқу әдістемелік жұмыстарды жобалай білулері, студенттердің іс-әрекетін бақылап, есепке ала және бақылай алулары, сондай-ақ озат педагогикалық тәжірибені талдай және жинақтай білулері керек.
Лекция мазмұны: Курстың негізгі міндеті Магистранттың кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Курс магистранты Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың қазіргі заманғы технологиялары жағдайында дұрыс бағдар ұстануға, оларды еркін бейімделген тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу мақсатында шығармашылықпен қолдана білуге үйретуі тиіс Жоғары оқу орындарындағы дербес әдістемелік пәндердің теориялық негіздерін оқып үйрену; жоғары оқу орнындағы оқыту барысы.
Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны
Бұл курс магистрантқа қазіргі заманғы әдістемелік ғылымның теориялық қағидаларын тереңірек түсініп, меігеруге көмектеседі. .
Курстың пәні: 6М013-"Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес магистранттың дербес әдістемелік пәндерді оқытудың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курсты оқып-үйрену әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиетті, оқу бағдарламаларын, оқу құралдары мен оқулықтарды теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық эксперимент, озат педагогикалық тәжірибені бақылау, оқып-үйрену және жалпылау, әңгіме, анкета, тест және т.б.
Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми теориялық негіздері оқу пәні және ғылым ретінде өзіндік қалыптасу және даму жолынан өтті. Оның даму кезеңдері Қазақстан Республикасында жоғары кәсіптік білім беру жүйесін реформалаумен, осыған орай бакалавриат және магистратура арқылы мамандар дайындаудың екі деңгейлі жүйесіне көшумен тығыз байланысты. Бұл пәннің қазіргі заманғы даму тенденцияларына студенттерді қазақ тілі, математика және т.б. пәндердің әдістемелерін оқыту барысында дамыта түсуге бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың енгізілуін жатқызуға болады.
Пәнді оқығаннан кейін білім алушының меңгеретін:
Білімі: Курсты оқып - үйрену магистранттың белгілі бір деңгейде өзінің болашақ мамандығының мазмұны мен мән-мағынасын тереңірек сезінуіне, магистратурада оқу барысында өз бетімен оқу және ғылыми қызметпен шұғылдануға белсенді және саналы түрде араласуына ықпал жасайды.
Дербес әдістемелік пәндердің дамуына тарихи шолу. Дербес әдістемелік пәндер бакалавриаттағы оқу пәні ретінде. Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың мақсаты мен міндеттері. Дербес әдістемелік пәндердің базалық білім мазмұнына сипаттама.
Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың әдістері, құралдары және оларды оқытуды ұйымдастыру формалары. Студенттерді дербес әдістемелік пәндерді оқытуға дайындау. Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың сабақтастық және пәнаралық байланыстар.
Қазақстан Республикасы жоғары кәсіптік білімнің 6В013 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттарын және дербесәдістемелік пәндердің оқу бағдарламаларын талдау.
Кредиттік технология бойынша студенттердің білімдерін бағалау. Бақылау түрлері және дербес әдістемелік пәндерді оқыту нәтижелерін диагностикалау. Дербес әдістемелік пәндерден студенттердің білім, білік жіне дағдыларына қойылатын бағдарламалық талаптар. Дербес әдістемелік пәндерден өткізілетін аудиториялық сабақтардың мазмұны (бағдарлама, оқулықтар, кешендер).
Білігі: Магистранттарды алған білімдерін және біліктерін студенттермен практикалық жұмыстар жүргізу барысында шығармашылықпен пайдалана білуге үйрету.
- әдістемелік ғылымның, сондай-ақ дербес әдістемелік пәндерді оқытудың теориясы мен технологиясының әдіснамалық негіздерін, студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын бағдарламалық талаптарды, дебес әдістемелік пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың жалпы әдіс-тәсілдерін білулері тиіс
Бүгінгі таңда-адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны жаңаша қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя біліуінде. Осыған орай білім берудің дербес пәндердің жұйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбие мен білім беру жүйесі арқылы қоғам сұранысын өтей алатын магистр-педагогтардың жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Магистрлердің білім негізі мен танымдық білігі дербес пәндерді меңгеру барысында қалыптасады. Дербес пәндер қағидалары, әдістері, құралдары мен формалары өзара байланыста болып, педагогикалық шеберлікті талап етеді. Дербес пәндерден сабақ беру теориясы мен технологиясын меңгеру осы талаптарды орындауды көздейді. Педагогикалық технология, теория туралы түсінік қалыптастыру, дербес әдістемелік пәндерді оқыту теориясы және технологиясымен таныстыру.
Пәннің қысқаша мазмұны: Бағдарлама 45 сағат көлемінде 1 курстың 2 семестріне шақталған (аптасына 3 кредит сағат).
Курстың негізгі мақсаты: жоғары оқу орнындағы дербес әдістемелік пәндерді оқыту технологиясы бойынша магистранттардың теориялық білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Педагогикалық технология түсініктемесін қалыптастыру, дербес әдістемелік пәндерді оқыту теориясы және технологиясымен таныстыру.
2. Дербес әдістемелік пәндер бағдарламаларының мазмұнымен, бастауыш мектептің оқу үлгісінде оқытудың өрелі (прогрессивті) технологиясымен таныстыру.
3. Дербес әдістемелік пәндерден сабақ беру тәжірибесінде теориялық білімдерді пайдалану біліктілігін қалыптастыру.
4. Дербес әдістемелік пәндерден сабақ беруге шығармашылықтық жеке тұлғалық қасиетін дамыту.
Курстың соңында магистрант мыналарды білуге міндетті:
Курстың мазмұны. Математиканы оқыту теориясы мен технологиясы бағадарламасының мазмұны. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы бағадарламасының мазмұны. Дене тәрбиесі теориясы мен технологиясы бағадарламасының мазмұны. Бастауыш мектептегі музыкалық тәрбие теориясы мен технологиясы бағдарламасының мазмұны. Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің теориясы мен технологиясы бағдарламасының мазмұны. Бастауыш мектептегі еңбек тәрбиесінің теориясы мен технологиясы бағдарламасының мазмұны.
Педагогикалық технология ұғымы педагогика ғылымында әр түрлі түсіндіріледі. В.П.Беспалько, В.С.Ильин, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, В.Н.Бордовская мен А.А.Реан, Г.М.Құсайынов сынды ғалымдардың берген анықтамалары бар. .
Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымының әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі бола алады.
Дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды. Мұнда педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, жеке пәнге қарасты танымдық әрекет әдістері, жеке ерекшеліктері бар сабақтың мазмұны қарастырылады.
Дербес пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы магистранттардың ғылыми және педагогикалық іс-әрекетіне қажет теориялық және практикалық даярлығын тереңдетеді. Жоғары оқу орнында дербес пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы магистранттардың кәсіби маман ретінде икемделуіне және халықаралық еңбек рыногының талаптарына бейімделуіне, жаңа білімдерді шығармашылықпен игеру дағдыларын қажет ететін өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастырады. Дербес пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы магистратураны бітірушілердің шынайы ғылыми кәсіби біліктілігінің қалыптасуына сеп болатын білімдермен қамтамасыз етуде көп көмегін тигізеді. Сонымен бірге, кәсіби қарым - қатынас мәдениетін игерген азаматтық ұстанымы бар, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шеше алатын, жоғары оқу орнында білім беру ісін жүргізе алатын, зерттеу және басқару іс-әрекетін нәтижелі жүзеге асыра алатын жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті мамандар даярлауда өз үлесін қосады.
Жоғары оқу орнында дербес әдістемелерді оқыту теориясы мен технологиясы педагогикалық технологияның құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Бастауыш мектепте дербес пәндерді оқыту әдістемесінің бағдарламасының мазмұны негізінен дәстүрлі педагогикалық технологияға сүйенеді. Сонымен бірге, бастауыш мектептің оқыту үрдісінде ойын технологиясы, топтық технология, білім берудегі тұлғаға бағытталған технология, дамыта және бағдарламалап оқыту технологиясы, компьютерлік (ақпараттық) технологиялар үйлесе қолданылады. Бастауыш мектептің оқу пәндері үлгісінде оқытудың жетілдірілген технологияларын пайдалану барысында оқушылардың оқу материалына қызығушылығын дамытуға, сабақта өткенді және бұрын өткен тақырыптарды қайталауға септігін тигізетін үй тапсырмасын беру әдістерін, ұжымдық оқу іс-әрекетін, сана-сезіміне әсер ету тәсілдерін, іскерлік ойындарды, ойындық оқу іс-әрекетін, ауызша сұрау және жазбаша бақылау әдістерін де кеңінен қолдануға болады.
3. Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Дәстүрлі оқыту технологиясы оқытуды ұйымдастырудың сыныпты-сабақтық жүйесі болып табылады. XVII ғасырда дидактиканың негізгі қағидаларын Я.А.Коменский қалыптастырғаннан бері, дүние жүзі мектептерінің көпшілігінде осы жүйе қолданылып келеді.
Оқытудың сынып-сабақтық жүйесінің белгілері: оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер.
Дәстүрлі технологияның қағидаларын Я.А.Коменский құрастырған педагогика қағидалары құрайды: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теория мен практиканың байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі топқа жатқызуға болады:
1. Иллюстративті - түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар) - мұғалім түсіндіреді, оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
Репродуктивтік әдіс: мүғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуде оқушы тәжірибесін ескере отырып тапсырма құрастырдаы. Оқып үйренуші оқу материалын белсенді еске түсіреді (сұраққа жауап береді, есептер шығарады) білім көшірмелерін қалыптастырады.
Дәстүрлі сыныпты-сабақты технология ерекшелігі мынада: оқу жылына тұрақты құрамы бар, жас шамасы мен дайындық деңгейі бір оқушылар сыныпты құрайды;
Дәстүрлі сабақ беру әдістемесінің ерекшелігі. Дәстүрлі технологияда сабақ беру әдістемесі авторитарлы педагогикалық талаптардан тұрады. Оқудың бала ішкі дүниетанымымен байланысы өте нашар, жеке тұлғалық қабілеттерінің ашылуына, шығармашылық тұрғыдан көрінуіне жағдай жасалынбайды.
Дәстүрлі оқытуда оқушының еңбектену сұранысының әлсіздігі, дербес қызметінің болмауы. Оқушының оқу әрекетінде өздігінен мақсат қою жоқ, оқыту мақсатын мұғалім қояды; әрекетті жоспарлау оқушының қалауынсыз жүргізіледі, баланың әрекетін талдау мен бағалау оқушының өзімен орындалмайды, оны мұғалім жасайды. Мұндай жағдайда оқу үрдісі таяқ астымен жүргізілген еңбекке айналады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері; кіріспе лекция
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі: Дәстүрлі сабақ беру әдістемесінің ерекшелігі
МӨЖ және ОМӨЖ тапсырмалары: . Негізгі дербес әдістемелік категориялық категориялар мен ұғымдар
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб. пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр Академия, 2001.-272 с.
.Қосымша әдебиеттер
1. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М.; 1989.
2. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса:Учебное пособие.-Алматы, 2002.
2 Лекция тақырыбы: Дербес әдістемелік пәндердің дамуына тарихи шолу
Лекция мақсаты мен міндеті: Дербес әдістемелік пәндердің дамуына тарихи шолу жасау.
Лекция мазмұны:
Курстың объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері және әдіснамасы, оның басқа пәндермен (жоғары мектеп педагогикасымен, психологиямен, т.б. байланысы).

Қазақстан Республикасы жоғары кәсіптік білімнің 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттарын және дербесәдістемелік пәндердің оқу бағдарламаларын талдау.

Курстың объектісі: жоғары оқу орнындағы оқыту барысы.
Курстың пәні: 7М013 - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес магистранттың дербес әдістемелік пәндерді оқытудың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.

Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
1. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі пәні - мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды қалыптастыру жүйесі болып табылады.
Пәннің мақсаты: магистранттарды кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту барысында туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын білім және біліктермен қаруландыру.
Пәннің міндеті: оқушылардың математикалық білімдерді меңгеру процесі мен оның нәтижелерін зерттеу. Әдістемелік дайындық пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білім, білік, дағдыларды біріктіреді. Әдістемелік курсты оқып-үйрену барысында жалпы теориялық мәселелерді пәннің ерекшелігін ескере отырып, нақтылау жүзеге асырылады.
Магистранттардың дайындығын ескере отырып, әдістемелік курсты Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде атты тақырыптан бастаған орынды. Тақырыпты оқып-үйрену барысында әдістемелік ғылымның объектісін, пәнін, міндеттері мен әдістерін меңгеру болып табылады. Сонымен бірге басқа ғылым салаларымен философия, логика, математика, педагогика, психологиямен байлаынысы анықталуы тиіс.
2. Математиканың бастауыш курсы оқу пәні ретінде және оқытуды ұйымдастыру тақырыбы бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне, құралдарына, ұйымдастыру формаларына шолу жасауға арналады. Ол бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады. Оны оқып-үйренудің нәтижесі - магистранттың математиканың бастауыш курысының мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін меңгеркге қажетті біліммен, әрекет тәсілімен, жалпы ережелерімен қаруландыру. Бастауыш сыныптарда матемтиканы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық), мазмұнының (теріс емес бүтін сандардың арифметикасы, шамалар, алгебралық және геометриялық материал, тексті есептер), әдістерінің, ұйымдастыру формаларының (жеке, топпен, ұжыммен), құралдарының (оқу-әдістемелік топтама, құралдар, үлгілер, аспаптар, оқытудың техникалық құралдары) жалпы сипаттамасы. Балаларды бастауыш сыныптарда матемтаиканы оқуға дайындау және оның мектеп математикасы курсындағы алатын орыны. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастық пен бағыттылық. Бастауыш математикалық білім мазмұнына сипаттма. Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып соңындағы математикалық білім, білік, дағдысына қойылатын бағалар межесі.

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері; ақпаратты лекция
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайдардың үлестірілуі:
1. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі - ғылым ретінде
2. Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын пайдалану.
МӨЖ және ОБМӨЖ тапсырмалары: Математиканың бастауыш курсы оқу пәні ретінде және оны оқытуды ұйымдастыру
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Педагогика. Дәріс курсы.-Алматы: Нұрлы әлем, 2003.-368 бет
2. Щуркова Е.Н. Педагогическая технология.-М.:Педагогическое общество России, 2002.-224 с.
Қосымша әдебиеттер
1. Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқытудың әдістемесі. Педагогикалық колледждің оқушыларына және мұғалімдерге арналған оқу құралы. 1,2 бөлімдер.- Алматы,1995.
2. Оспанов Т.Қ. Математика. Жоғары педагогикалық оқу орындарының бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеті студенттері мен педагогикалық колледж оқушыларына арналған оқу құралы. - Алматы, 2000.
№3 Лекция тақырыбы: Дербес әдістемелік пәндердің базалық білім мазмұнына сипаттама
Лекция мақсаты мен міндеті: Оқыту әдістемесіне сипаттама беру.
1. Оқыту әдістемесі туралы түсінік және оның классификациясы.
2. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны.
3. Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерінің ерекшелігі.
4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мазмұны.
Лекция мазмұны: Магистрант мақсаты: іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеріп, оқушылардың сабақ үстіндегі оқу-танымдық білімін арттыруды ұйымдастыру болса, міндеті: дидактикадағы оқыту әдістеріне түсінік беру, оқыту әдістемесінің салыстырмалы тиімділігін көрсету, оқыту әдістерінің мазмұнын ашу, оқыту әдістерін таңдау факторларын көрсету.
1. Әдіс - (гректің metodos) деген сөзінен алынған зерттеу немесе таным жолы, яғни, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық теория-танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл. Оқыту әдістері - оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми практикалық тиімділігі болады. Оқыту әдiстерi - оқушылардың бiлiмдi меқгеруiне, олардың дамуы мен тәрбиесiне бағытталған, оқытушы мен оқушы арасында бiрлесiп жүргiзiлетiн iс-әрекеттiң қарым-қатынас құралы. Педагогикада оқыту әдiстерiнiң ең кең тараған үш тобы бар:
1) ауызша әдiстер - әңгiме-кеңес, кiтаппен жұмыс;
2) көрнекiлiк әдiс - демонстрация;
3) тәжiрибелiк әдiс - лабораториялық, тәжiрибелiк жұмыстар.
Оқытушы шеберлiгiне, тәжiрибесiне байланысты оқыту әдiстерiнiң бұл үш тобын оқу жүйесiнде тұтас пайдалана алады.
Топтық сабақтарда мұғалім мен оқушы және оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптасады. Оқытудың ұжымдық тәсілінің ұтымды жағы: оқушы өмірге қажетті дағдыларды меңгереді, әрекетті қарым-қатынас қалыптасады, тыңдау, басқа адамның көзқарасына тұру, қақтығыстарды шешу, ортақ мақсатқа жетуде бірлесе әрекеттесу біліктілігі шыңдалады, академиялық білім үлгерімі жақсарады, өз-өзін сыйлау қасиеті тәрбиеленеді, сыныптағы достық қарым-қатынас бекиді, мектепке деген қатынас өзгереді, бәселесудің жағымсыз жақтары жойылады, өзара көмек көрсетудің құндылығын түсінеді. Оқытудың топтық тәсілінің түрлері: жұптастарды оқыту, бірге отырған топ, кіші команда, бүкіл сыныпқа тапсырма.
Ж.Қараев технологиясының тиімді жақтары:
-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының қабілеті анықталады;
- талпынысы, ұмтылысы байқалады;
- күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады;
- оқушылар деңгейлік тапсырманы орындап болған соң, жинаған ұпайы бойынша әр баланың деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- әр сабақты қорытуға,жинақтауға немесе бағалауға арналған кесте әр бала деңгейді орындаған болса белгіленіп, жинаған ұпай санын өздері жазып, сол бойынша бағаланады.

1. Оқыту әдістемесі туралы түсінік және оның классификациясы
МӨЖ және ОБМӨЖ тапсырмалары: Оқытудың ұжымдық және топтық тәсілдерінің ерекшелігі

3. Левина М.М. Технологии профессионального педагогического образования: Учеб.пособие для студ.высш.пед.учеб. заведений.- М.:Изд.центр Академия,2001.-272 с.

2. Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия.-Алматы, 1999.
3. Н.Д.Хмель Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: Учебное пособие.-Алматы, 2002.
4. Лекция тақырыбы: Дербес әдістемелік пәндердің дамуына тарихи шолу

Қазақстан Республикасы жоғары кәсіптік білімнің 6В013 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік стандарттарын және дербесәдістемелік пәндердің оқу бағдарламаларын талдау.

Курстың пәні: 7М013-"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес магистранттың дербес әдістемелік пәндерді оқытудың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.

5. Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Лекция мақсаты мен міндеті:. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнын меңгерту.
Лекция мазмұны:
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні - мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды қалыптастыру жүйесі болып табылады.
Пәннің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін (Әліппені, Ана тілін, грамматиканы ) оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Пәннің міндеті - бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру; сауат ашу әдістемесін меңгерту; оқуға үйрету әдістемесін игерту, тіл дамыту әдістемесін үйрету, оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.
Қазақ тілін оқу барысында балалардың ойы дамиды, дүниетанымы кеңейеді, әдебиет пен өнердің алуан түрлі салаларына қызығып, рухани дамиды. Қазақ тілін оқытудың жетекші принципі ауызша және жазбаша тіл дамыту болып табылады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі кіші жастағы оқушыларды оқыту заңдылықтарын зерттейді: қазақ тілін оқыту мазмұнын анықтайды, мектепті оқу-әдістемелік топтамамен қамтамасыз етеді, оқушылардың материалды ұғыну жүйесін, оқу материалын ұғыну барысындағы қиындықтарды және оларды жою жолдарын зерттейді, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтайды. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі мынадай бөлімдерді қамтиды: қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылым, бастауыш сыныптағы қазақ тілі - оқу пәні, сауат ашу әдістемесі, әдебиеттік оқыту әдістемесі; фонетиканы оқыту әдістемесі, сөзжасам және грамматиканың әдістемесі тіл дамыту әдістемесі.
Лекцияда әдістеменің негізгі теориялық қағидалары, ең соңғы зерттеу жұмыстарының нәтижелері және озат мұғалімдер тәжірибелері айтылады. Практикалық сабақтарда бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар талданады, оқушыларға арналған дидактикалық материалдар жасалады, сабақ үлгілері көрсетіледі. Студенттердің өзіндік жұмыстарында лекцияда ұсынылған әдебиеттерді оқып, конспект жасайды. Тіл мен ойлаудың бірлігі. Дидактикалық принциптер, ана тілін оқыту әдістемесінің негізі. Лингвистика - қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізі. Зерттеу әдістері. Озат мұғалімдердің үлгілі тәржірибелерін жиқнақтау, қорыту.
2. Қазақ тілі - бастауыш сыныптарда оқу пәні. Қазақ тілінің тұрмыстағы, мектепте білім беру жүйесіндегі маңызы. Бастауыш мектептегі қазақ тілінің білім мазмұны. Бастаукыш сыныптар үшін оқу-әдістемелік топтаманы талдау. Бастауыш мектептерде Қазақ тілі пәндерінің тәрбиелік, дамытушылық мәні. Бағдарламаны талдау. Әрбір сыныптағы білім, білік, дағдының көлемі. Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуды интерграциялау мүмкіндігі. Қазақ тілі, әдебиеттік оқуға, сауат ашуға қойылатын қазіргі талаптар. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары.
3. Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі. Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі. Бірінші сыныптағы оқушылардың бастапқы оқи бастау кезіндегі ерекшеліктері. Оқу, жазу механизміне сипаттама? Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және оның графикасы. Фонетика мен графиканың негізгі және қиын мәселелерін түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, буындық, дәстүрлік, дыбыстық принциптер. Қазақ тіліндегі буын.
4. Фонетика; сөзжасам, грамматиканың әдістемесі. Фонетика - тіл ғылымының бір бөлімі. Бастауыш мектепте фонетика мен графика мәселелерін оқыту әдістемесі. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі. Морфология - тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары. Орфографияны оқыту әдістемесі. Орфографиялық ережелермен жұмыс ұқйымдастыру. Орфографиялық жаттығулар, оларды таңдау. Бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ. 5. Тіл дамыту әдістемесі. Тіл дамыту - бапстауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу - әрекет ретінде , оның түрлері мен қызметі.
Тіл дамыту - тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптардағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен міндеттері.
4. Қазақ тілін үйретуде шет тілдерін үйретудің озық-тәсілдерін шебер пайдаланудың маңызы бар. Тіл үйрету сабағында қазақ халқының тарихына, ұлттық мәдениетіне баса назар аудара отырып, оны оқушыға таныту, азаматтыққа баулу қабыса жүзеге асқанда сабақтың тәрбиелік және білім беру мән-мағынасы арта түседі. Тілді үйретудің эмоционалды әдісін қолдану оқушының тілге деген ықыласын арттырады. Сабақта халық музыкасы, әні орындалып тұрса әсерлі болады. Тілді үйрету барысында мақал-мәтелдерді жиі қолдану жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді.
Көрнекіліктерді тиімді пайдалану да сабақтың мазмұнын ашуға өз ықпалын тигізеді: тақырыптық мазмұндағы суреттер, тірек фразалар пайдалану.

1. Бастауышта дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеті.
2. Бастауыш сыныптардағы дүние тану пәнінің оқыту қағидалары, білімдік, дамыту және тәрбиелік міндеттері.
3. Дүниетану пәнінен негізгі түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.
Пәнді оқыту мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дүниетану пәнін оқытуға және табиғатты қорғау іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.
Пәнді оқыту міндеттері: магистранттардың тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсінуде және дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру, адамның табиғаттағы орнын түсінуге көмектесу. Экологиялық білім беру, экологиялық мәдениет пен ойлау стилін тәрбиелеу. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін меңгерту.
Магистрант міндеті: курстың тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс орындау (реферат, баяндама, сабақ фрагменті, оқу бағдарламасы мен оқулықтарды талдау).
Дүниетану пәні - Айналамен танысу (1-2 сынып), Табиғаттану (3-4 сынып) пәндерін алмастырған мектептің бастауыш сатысындағы жаңа пән және ол Адам, Қоғам, Табиғат деп аталатын үш ірі дидактикалық блоктан тұрады. Адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқылып, адамның сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше рөлі, ойлау, бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту, тәжірибе, дүниені зерделеу әдістері қарастырылады. Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін-өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дүниені зерделеп білуге мүмкіндік бар екендігіне сенімі артады.
Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы (2 сынып) Адам - табиғат перзенті (3 сынып), Адам - қоғам перзенті (4 сынып) тақырыптарын зерделеу барысында оқушы өзін-өзі танып білуден біртіндеп адамның дүниедегі алатын орын мен рөлін түсінуге негіз салады.
Адам туралы бөлім Табиғат, Қоғам дидактикалық бірліктерімен тығыз байланысып, ұндағы адамның басты құралы - еңбек деген идея пән мазмұнының өзекті арқауы боп тартылады. Адам - нақты дүниенің үш саласында басты тұлға - кейіпкер болып, бүкіл мазмұнды интеграциялаушы фактор рөлін атқарады.
Дүниетану мазмұнындағы табиғат, ққоғам, адам еңбегі туралы материалдар жүйелілік ұстаным бойынша құрылған. Бұл білімнің дүниетанымдық, тәрбиелілік мүмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатыдан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделеуіне қажетті теориялық ұғымдар жүйесінің тыңғылықты меңгерілуін қамтамасыз етеді.
Бүгінде дүниетану сабақтарында экологиялық апат қаупінің алдын алу, жедел табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізу ісіне оқушыларды баулу көкейкесті мәселе болып отыр. Экологиялық тәрбие істері бастауына экология туралы білімдер, қажетті ақпараттарды қабылдау, балқылау, түсіну жатады. Педагогтың тікелей парызына-жергілікті материалдар мен экология туралы жалпы мәліметтер беріліп, табиғатқа көмек көрсету қажеттігін түсіндіру жатады. Экологиялық тәрбие істері негізі - табиғатты қорғау ниеттерін тәрбие жүзінде жүзеге асыру. Бұл істің адам өмірінің бастауы - жер, су, ауа, аң, өсімдік. Аймақ қажеттігі мен жергілікті табиғат жағдайы тәрбие істерінің бағытын, түрін, оны ұйымдастыру мен іске асыру формалары мен мазмұнын анықтайды (жасыл патрульдер, орман достары, аңдар мен құстар қорғаушылар тобы).
Дүниені танып білудің логикалық әдіс-тәсілдері (талдау, салыстыру, синтез т.б.), зерлелеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері (бақылау, тәжірибе, картамен, сұлбамен жұмыс, әр түрлә аспаптар көмегімен өлшеу, бағдарлау, шартты белгілерді қолдану, сызбамен, кестемен жұмыс т.б.) дербес мазмұн ретінде оқытылып, оларды бүкіл оқу материалын зерделеуге берілетін уақыттың 20-30 пайызына жуығын алатын лабораториялық, сарамандық, қоғамдық-пайдалы жұмыстарда, топсаяхаттарда іс жүзінде қолданып, бекіту көзделеді.
Оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге баулу олардың білімге деген ынтасын арттырып, өз бетінше еңбектенуге, еңбек сүйгіштікке, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, оқыған материалын тиянақты меңгеруге жәрдемседі, олардың логиалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Бастауыш сыныптарда өздігінен жұмысқа үйрету оқушының сабаққа қызығушылығын және зейінін арттырып, іскерлігі мен ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік алынады.

1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылым ретінде.
2. Сауат ашу әдістемесі - бастауыш сыныптарда оқу пәні.
МӨЖ және ОБМӨЖ тапсырмалары: Казақ тілін оқыту әдістемесі пәніне кешен жасау
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы. Бастауыш сыныптар (1-4 сынып).- Алматы, 2010.
2. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения. - М.,2001.
3. Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту.- Алматы, 1985.
4. Рахметова С. Қазақ тілік оқыту методикасы. - Алматы, 1992.
№ 6 Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Лекция мақсаты мен міндеті:. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнын меңгерту.
1. Бастауыш мектепте бейнелеу өнері әдістемесі пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеті.
2. Бастауышта бейнелеу өнері мен мүсіндеу өнеріне оқыту бағдарламаларына шолу
3. Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі
4. Сәндік-қолданбалы өнерін оқыту әдістері.
Лекция мазмұны
Пәнді оқыту мақсаты: магистранттарды бейнелеу өнері пәнін оқу орындарында (бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын оқу орнында) оқытуға, магистранттардың эстетикалық талғамын бейнелеу өнері арқылы көтеріп, сабақ өткізу іс-әрекетін ұйымдастыруға қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландыру.
Пәнді оқыту міндеттері: бейнелеу өнерінің теориясы мен оны оқыту әдістемесімен таныстыру, бейнелеу өнерінің негіздері мен бейнелеу өнері шығармаларын эстетикалық қабылдауға оқыту, бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағын өткізу үшін көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды, көмекші құралдарды даярлау әдістемесімен таныстыру.
Бастауыш мектепте өткізілетін бейнелеу өнері сабақтары балалардың көркемдік мәдениетін қалыптастырып, творчествалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бейнелеу өнері балалардың эстетикалық талғамын арттыруға, өнер мен шындықтың әдемілігін сүйсіне қабылдауға, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғатты қорғай білуге, халқымыздың мәдениетін одан әрі дамытуға, үйретуге мүмкіндік береді.
Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтардың мазмұны мен оларды өткізу әдістері балалардың қоршаған болмысты бақылау, кітап оқу, ойнау және т.б. процестерде алған әсерлерімен тығыз байланысты болуға тиіс. Ойын мен бейнелеу іс-әрекеті бір-біріне ерекше жақын, өйткені олардың екеуі де өзінің мәні жағынан балалар творчествосынан көрінісін береді. Көптеген психологиялық және педагогикалық зерттеушілер:С.Т.Шатский, П.П.Блонский, Л.В.Выготский Е.И.Игнатьев, Н.П.Сакулина ойын мен бейнелеу іс-әрекетінің бастауыш сыныптағы балалардың жасында көркем сурет салу шығармашылығына сапалы түрде көп әсер етеді деген тұжырымға келген. Бейнелеу іс-әрекеті музыкалық тәрбиемен де байланысты. Тек бақылау, әңгіме, картинка арқылы ғана емес, сонымен бірге музыка арқылы да қабылданған заттың бейнесі суретте, аппликацияда, мүсінде, неғұрлым мәнерлі, әсерлі, шынайы беріледі.
2. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту көркем бейннені сезіну ерекшелігіне негізделген. Бейнелеу өнері бағдарламасы бойынша сабақта төрт түрлі іс-әрекет қарастырылады:
1. Жазықтықта бейнелеу, 2. Нәрсенің өзіне қарап заттың нұсқасы бойынша сурет салу, 3. Тақырып бойынша сурет салу, 4. декоративтік сурет салу, бейнелеу үлгілерімен шығармалармен танысу және әңгіме өткізу.
Әр сыныптың бағдарламасы екі бөлімнен тұрады - 1-ші: өнерді ұғыну; 2-ші: практикалық көркем сурет. ¤нерді ұғыну қабылдау тарауының мақсаты: оқушыларға өнердің адам өміріндегі, қоғамдағы мәнін түсіндіру, өнерді ұғұнып және бағалай білуге үйрету. Дидактикалық - білім беру мен оқу теориясы білім берудегі міндеттерді, сабақтың мазмұнын, іс әрекет кезіндегі қолданылатын және ұғынатын білімді, шеберлікті, дағдыны, принциптерді, әдістерді қамтиды.
1. Оқу тәрбие принципі мынадай міндет қояды: өнердің әр алуан түрін айта отырып, оқытыушы баланың рухани дүниесін байытып, қиялы мен сезімін дамытуы керек, өз өлкесінің сұлу табиғатын, халқымыздың әдет ғұрпын, ұлттық өнерімен кеңірек танысуына жол ашу керек.
2. Ғылыми оқыту принципі - бейнелеу іс әрекеті кезінде оқушылардың құбылыстар мен заттардың өзіне тән типтік белгілерін - пішінін, пропорциясын, көлемін, түсін, бейнелеу өнеріндегі заңдылықтарды, композиция, перспектива, көк жиек сырығы, жарық пен көлеңке, заңдылығы, колорит, рең, түс туралы түсінік қалыптастыруды қарастарады. 3. Оқытудағы жүйелі және бір ізділік принципі: белгілі бір жүйеде бір - ізділікпен білімді, шеберлікті және дағдыны қалыптастыруды талап етеді. 3. Саналық пен белсенділік принципі - оқушылардың оқудағы алған білімін және тәсілдерін одан әрі жетілдіруі, сызықтық перне мен ауа перспективасының байланысы, бейнелеу іс әрекетін творчествалық түрде бала өз бетімен ары қарай дамытуы және алған білімдерін практикамен ұштастыруы болып табылады.
Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде қолданып жүрген бірқатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді атап айтсақ. Олар - ойын, сайыс, көрме, соның ішінде:
тірі туынды - туынды оқиғасын кеңістікте көрсету:
мазмұн мен көңіл-күйді көшіру - музыканы жазықтықта бейнелеу:
ұстап тану - жұмулы көзбен көріністі, белгілі бір бұйымды ұстап тану және оны мүсіндеу;
ауада сурет салу - белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;
ауызша сурет салу - музыканы, өлеңді ауызша суреттеу.
Сәндік-қолданбалы өнерін жіктеп көрсетуде, тек қана жасалу материалдарынан ағаш, сүйек, алтын немесе жасалу тәсілдері мен жолдарына қолданбалы өнер бұйымдары, көркемдік кәсіпшілдікте үй шеберлері, қайталанбас қолданбалы өнер туындыларын жасайтын суретшілерге ғана тоқталып қоймау керек. Материалы мен жасау тәсілі, жолдарынсыз көркем туындының өмірге келуі мүмкін емес, ал бірақта қоғам мен адам өміріндегі орнына да көп мән берілуі қажет. Сәндік-қолданбалы өнер туындылары жас жеткіншектерді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz