Жазушының драмалық шығармалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Рымғали Нұрғали М. Әуезовтің әдеби-сын еңбектері және

драматургиясы туралы . . . 8

1. 1 М. Әуезовтің көсемсөздері мен аудармалары . . . 8

1. 2 Жазушының драмалық шығармалары . . . 18

2 М. Әуезов прозасы Рымғали Нұрғали зерттеуінде . . . 27

2. 1 М. Әуезовтің әңгіме-повестерінің талдануы . . . 27

2. 2 Романдарындағы шеберлік туралы . . . 37

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 56

Кіріспе

Рымғали Нұрғали Әуезовтің шығармашылығымен жастайынан танысып, 60 жылдардың аяғына қарай алғашқы өзінің тұңғыш мақалаларын жазып, қаламгердің шығармаларына қатысты өзінің ойларын дүниеге алып келді. Олардың қатарында «Әуезовтің алғашқы қадамдары», «Талант құдіреті», «Қилы заман» қандай туынды», «Трагедия табиғаты» сынды еңбектері бар. Осы бағытта Рымғали Нұрғали Әуезовтің драмалық шығармаларын зерттеуі басталып, көптеген құнды зерттеу еңбектерін дүниеге алып келді. Ұлы қаламгердің халқымыздың ұлттық энциклопеясын жасай отырып, суреткердің қазақтың фольклортану, театртану, әдебиеттану сияқты өнер салаларының негізін салушылардың бірегейі болғандығы жайында «Әуезов және алаш» және т. б. зерттеу еңбектері баршылық.

Тақырыптың өзектілігі. Көрнекті ғалым Рымғали Нұрғали атақты қаламгер, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық жолын зерттеген, кезінде өзінің ғылыми және әдеби ортада бағасын жоймаған құнды еңбектердің рухани құндылығын жоймай қарастырған. Рымғали Нұрғали ұлы суреткердің шығармашылығын, өмірін және де олардың көркемдік құндылығы жайында теориялық тұжырымдамалар ұсынған. Ғалымның зерттеу еңбектерінің арқасында Әуезов шығармаларындағы көптеген астарлар ашылды. Ол Әуезов еңбектеріндегі ұлттық сарын, заман суреті сияқты бейнелерді астарлы да, әсерлі зерттеген. Рымғали Нұрғали туралы бірқатар әдебиеттер бар болғанымен, оның шығармашылығы толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Ғалымның түрлі аспектілер, әдістердің синтезі мен зерттеу жанрлары туралы ойлары қазақ әдебиеттану ғылымында өте маңызды рөл атқарады. Біз бұл жұмысымызда Р. Нұрғали зерттеулерінің бір қырын ғана, яғни М. Әуезов щшығармашылығына арналған еңбектерін қарастырып отырмыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты - Рымғали Нұрғали еңбектерін қарастыра отырып, Әуезов шығармашылығының маңыздылығын ұғыну. Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттерді шешу көзделді:

- Әуезов шығармашылығына тоқталу, оның туындыларын зерттеген зерттеушілердің еңбектерімен танысу;

- Ғалым Рымғали Нұрғалидың еңбектеріне шолу жасау;

- Рымғали Нұрғалидің қарастырған Әуезов шығармаларын басқа да зерттеушілермен салыстыра отырып зерттеу;

- Әуезовтің шығармаларындағы өмір шындығына тоқталу;

Зерттеу жұмысының зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде М. Әуезов шығармашылығын зерттеуге арналған ғалым Рымғали Нұрғалидың зерттеу еңбектері мен мақалалары алынды. Соған сәйкес Әуезовтің публицистикасы, аудармалары, драмалық шығармалары мен көркемдік туындылары талданды.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер . Жұмысты жазу барысында, талдау, жинақтау, салыстырмалы әдістерді қолдандық.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысын жазу барысында Рымғали Нұрғалидің жеті томдық шығармалар жинағы, «Әуезов және алаш», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» т. б. еңбектерімен қатар, Р. Бердібай, М. Қаратаев, С. Қирабаев, М. Базарбаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, З. Сейрікқалиев т. б. әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, іштей тараушаларға бөлінген екі бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ М. ӘУЕЗОВТІҢ ӘДЕБИ-СЫН ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ ТУРАЛЫ

1. 1 М. ӘУЕЗОВТІҢ КӨСЕМСӨЗДЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫ

Р. Нұрғали М. Әуезов шығармашылығын жан-жақты зерттеген бірден-бір тұлға. Оның зерттеу еңбегінде М. Әуезов шығармашылығының публицистикасына, стильдік ерекшеліктеріне нақты мәліметтер қамтылған. Сонымен қатар жазушының қаламгерлік мансабының қалыптасуы, шығармаларындағы нақты ойларда қамтылған. Осындай зерттеулердің негізінде 1967 жылы «М. Әуезов трагедиялары» атты кандидаттық дисертация дуниеге келді. Осы еңбектің негізінде «Әуезов және Алаш», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты монографиялары М. Әуезов шығармашылығының бетпердесін ашып жатты. Рымғали Нұрғали М. Әуезов шығармаларын зерттеу барысында, өзінен бұрын айтылған пікірлер мен тұжырымдарға тоқталып, оларды әрі қарай толықтырып отырған. Әуезов шығармаларындағы кейіпкерлердің шыншылдығы жайлы сөз ете отырып, сол кездегі әлеуметтік жағдайдың, идеологияның шығармаға тигізген әсері жайлы да сөз еткен.

М. Әуезов әдебиет саласына көптеген шығармалар тудыруға үлес қосқан қаламгер. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясымен қоса, драматургия саласында да отызға жуық пьесасы бар. М. Әуезов шығармалары жайлы көптеген монографиялар мен зерттеу еңбектері бар. Сондай зерттеу еңбектерінің бірі ретінде Рымғали Нұрғалидың зерттеулеріне тоқталсақ болады. Рымғали Нұрғали көп жыл бойы, аса қызығушылықпен зерттегені - М. Әуезов шығармашылығы.

Жас ғалым Р. Нұрғали Әуезов шығармашылығымен жастайынан танысып, 1960 жылдардың аяғында алғашқы мақалаларын жазып, М. Әуезов шығармашылығы жайлы жастық ойларын жарыққа шығара бастаған. «Талант құдіреті», «Алыптың алғашқы адымдары», «Қазіргі роман және М. Әуезовтың «Өскен өркені»», «Трагедия табиғаты» т. б. басылымдары осы кезде туған. Жас ғалым бұл туындылардан жазушының тума таланттын аша отырып, жазушының өткір қырларын аша білді. Негізінен Рымғали Нұрғали Әуезовтің драмалық шығармаларын зерттеуден бастап, «Трагедия табиғаты» т. б еңбектерді шығарғанымен, драма саласын зерттеумен шектелмей, жазушы мұрасының басқа да салаларымен айналысты. Осы «Трагедия табиғаты» кітабында «Еңлік-Кебек» поэмасының барлық нұсқасына текстологиялық талдау жасаған.

Р. Нұрғали М. Әуезов жазушылық қабілетін осылай топтастырады: Біріншіден, қазақ әдебиетінің жылдар бойғы асыл мұрасын жете меңгерді. Екіншіден, революция жылдары қарамастан шығармаларын ел назарына ұсынды. Үшіншіден, әлем әдебиетінен сусынданып отырды. Осы айтылған факторлер қазақ әдебиетінің шыңына айналатын шығармалардың тууына әкеліп соқты. Жазушының фольклор саласында жазған еңбектері Р. Нұрғали зерттеулерінің сырларын одан әрі ашуға жол салды. «Әдебиет тарихы», «Хан Кене», «Қилы заман» шығармалары негізінен Алаш идеясын танытатын шығармалар болып табылады. Ғалым осы шығармаларды зерттей отырып, оның бойындағы батылдықтың, тың идеяның жатқандығын танытады. Себебі «Қилы заман» шығармасы 1916 жылғы дүрбелеңді реалистік жағынан суреттеген бірден-бір еңбек болып табылады. «Қилы заман» алғашында зиянды шығарма деп танылып, жұртқа таралмай қалған шығармасына анализ жасап, оқырманға қайта оралтуы адами келбетін ашады. Ғалым негізінен М. Әуезовты алаш қайраткерлерімен, яғни А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов сынды тұлғалармен жақындықта санап, жазушының туындыларын алаш әдебиетімен бір тұтастықта қарады. Оған «Әуезов және Алаш» еңбегін айтсақ қателеспес едік. Бұл туынды да алаш әдебиет өкілдері жайлы бір ғана тарауда қаралса, екінші тарауында толықтай Әуезовқа арналып жазылған. Бұл деректерден біз ғалымның ұлтшыл, алашшыл жан екендігін байқаймыз.

Жазушының советтік кезең шыңдығын жазуының өзіндік себептері бар. Жиырмасыншы жылдарда жазушы ескі ауыл өмірінің қыры мен сыры жайлы сөз етсе, отызыншы жылдан бастап жазушы заман талабына байланысты жаңа көркемдік амал іздеуіне мәжбүр болды. Бұлай жасауының себебі, жаңа заманның талабына сай мәселелерді шығармаларының желісіне негіз ету, жаңа заман тұрмысы жазушының заманалық тақырыпты меңгеруіне жан-жақты әсерін тигізді. Халықтың сол тұста бастан кешірген ауыр жағдайлары, өкініштері мен табыстары жазушының қаламының арқауына айналып отырды. Жиырмасыншы жылдары қаламгер төңкеріске дейінгі қазақ ауылдағы әлеуметтік жағдайдан бастап, кейінгі колхоздастыру, ұжымдастыру сияқты оқиғаларды шығармаларына арқау етті. Тұңғыш прозасы «Қорғансыздың күні» мен «Көксерек» шығармалары арасындағы шығармаларымен таныса келе, жазушының ой-өрісінің өскендігі, жылдан-жылға әдеби қабілетінің дамығандығын байқаймыз. «М. Әуезов творчествосы - қазақ совет әдебиетінің классикалық мұра мен мираскерлік байланысының айқын көрінісі. Ол өткендегі игі дәстүрлерді дұрыс пайдаланудың да, сол арқылы жаңалық табудың да жақсы үлгісі» [1, 6] .

Ұлттық ойлау жүйесі, ұлттық әлемді қабылдау үрдісі Әуезовтің шығармашылық негізінде жатыр. Жазушы ұлттық мәдениеттің, тілдің, сонымен қатар сол тілдің болашағының, жауапкершілігінің ауыртпалығын көтерді. Әуезовтің өз халқына құлақ асу қабілеті, олардың жадына қосылуы, халықтың естелігі мен тарихи тәжірибесін тыңдауды талап етеді. Жазушының шығармаларынан көрегендігі, ұлттың тарихи перспективасы көрінед.

Әуезовтің шығармашылығындағы ұлттық тәуелсіздік мәселесі келер болсақ, оның көркем және тұжырымдамалық шығармашылығындағы тұтас және көлемді әлемді қалыптастыруға талпынған дүниетанымын игеруіміз керек. Жазушының шығармалары арқылы көркемдік және ғылыми прогрессивті үздіксіздікті ғана емес, келер ұрпаққа алыстағы салт-дәстүрді, бабаларымыздың аманатын жетқізу, қайта жаңғырту сияқты мәселелерді өзімен арқалады.

Өткен ғасырдың ортасында көптеген әлемнің көрнекті әдебиет суретшілері біздің әдебиетімізде Әуезов сияқты терең ойлы қаламгер бар екендігіне таңқалды. Ол ойшылдардың таңқалдырғаны да жазушының сыни және әдеби мақалалары болатын. Біз оны жоғары мәдениеттің үлгісі ретінде қарастыра отырып, жазушының өзінің алдынғы әдебиеттің үш дәуірінің куәгері ретінде білеміз. Ол мақалаларын замандастарына ғана емес, бүгінге өскелең ұрпаққа да арнап жазды. Оның ұтымды ойлары қазіргі уақытқа дейін өзінің маңызын жоғалтпады. Соңғы кезде ғалымдардың әдебиет тарихына үндеулері арта отырып, Әуезовтің терең мұрасын зерттеумен қатар, оның әдеби қызығушылығын қамту қажет екендігін көрсетеді. Әуезовтің ұлттық сана деңгейін көтеруге тырыса отырып қоғамның тарихтан көп нәрсені үйренетіндігін, қателердің қайталанбауы сол тарихтың көлеңкесінің арқасы екендігін айтады.

Әуезов әдеби шығармалары арқылы қазақ қоғамындағы рухани өмірдің көптеген салаларына ұтымды да, бірегей сөз айтуға тырысқан. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, эстетикасы, әлеуметтік ойлары, музыкалық өнері, театр саласында жаңа, әркелкі мәселелерді сипаттауға тырысты. Осыған байланысты белгілі академик Қ. И. Сатпаев жазушының «Абай жолы» романын «қазақ шынайылығының энциклопедиясы» деп атаған, ал жазушының өзін Америкада «Шығыстың Аристотелі» деп мойындаған. Сыни мұралардан айырмашылығы, К. Сыздықовтың «М. О. Әуезов - әдебиет сыншысы», М. Мырзахметовтың зерттеген байырғы тенденциясы, сонымен қатар, Молдахановтың монографиясында қарастырылған Әуезовтің шығармаларындағы фольклорлық дәстүрлер әдеби шығармаларды жүйелі зерттеудің тақырыбы болмады. Бұдан басқа, Әуезов шығармаларының толық жиынтығын 50 томдығын даярлауға байланысты әдебиеттануда бұрын-соңды белгілі болмаған туындылары жарық көрді. Сонымен бірге, жазушының мұрағатында әдеби көзқарастарын дұрыс және толық түсіну үшін қажет деген аяқталмаған мақалалары баршылық. Сондай-ақ жаңадан пайда болған әдеби сын мақалалар, ондаған жылдар бойғы әдеби ойдың қозғалысын бейнелейтін туындылары мұқият зерттелмеген. Алайда жазушы әдеби шығармалары қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыстарға, оның дамуының бірнеше маңызды кезеңдерінде үнемі жауап берді. Жазушының барлық ойлары, еңбектері мен мақалалары арасында қуатты сөздер мен ойларды үйлесімді және тұтастықта біріктіретін рухани байланыс бар.

Академик М. О. Әуезовтің туындыларын 1920 жылдан бастап қазақ әдебиетін тарихи тұрғыдан зерттеді. Осы кездің өзінде жазушы алғашқы туындыларын әдебиеттің фольклор жанрына арнап жазған болатын. Алдыңғы жазған туындылары деген анализден, 1920 жылдардағы Әуезов шығармашылығының жас ұлттық әдебиеттің жарқын және ерекше дарынға ие болғандығын байқаймыз. Оның туындыларының барлық түп-тамыры өз туған халқымен байланысты, оның еңбектерінде халықтың әлеуметтік теңдігі туралы идея бекітіледі. Оның басты кейіпкері - халықтан шыққан адам, бостандықты аңсаған адам. Өйткені, әдебиет тарихында жаңа әдіс жаратылыстанудың бұрынғы дамуының негізінде қалыптасады. Социалистік реализм әдісі де ерекшелік жасамады. Совет әдебиеті қоғамның құрылымында түбегейлі өзгерістерді және адамдардың сана-сезімін бейнелейтін, сонымен бірге сыни реализмнің пайдалы әсерімен пайда болды. Әрбір әдебиетте социалистік реализм әдісінің қалыптасуы, әртүрлі әдебиеттермен, бірінші кезекте орыс тілімен өзара іс-қимыл жасайтыны, әрине, ұлттық дәстүрлер негізінде жүреді.

Социалистік реализмнің пайда болу мәселесі - кеңестік әдеби сында әрдайым жетекші орын алды, олардың көпшілігі бірден анықталмады. Ломидзенің құқықтарын, тарихи және мәдени факторларды көрсете отырып, совет ұлттық әдебиетінің барлық әртүрлі дамуын айта отырып, былай деді: «Қазірдің өзінде қарапайым болып қалған көптеген шындықтар шайқаста, өткір, қызықты кездесулерде пайда болады» [2, 5] .

Бұл тұжырымдама сыни және эстетикалық ойлар кеңістігін ашады, 1920 жылдардағы күрделі әдеби процестің мәні тек ішкі байланыстар мен қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен бірге уақыттық, тарихи жағдайлармен де анықталады. Әдебиеттің қозғалысының кең көрінісі өз көзімен жаңа әдісті, шексіз әлеуеті мен байлығын қалыптастыру жолдарын, сондай-ақ тарихи ойлаудың жаңа формаларының есебінен ғана емес, сондай-ақ өткеннің мәдени дәстүрлерін мұқият сақтау және байытуға мүмкіндік береді. Шындықты жаңа қабылдаумен байытылған ұлттық дәстүрлер, әрине, XX ғасырдың көркем жаңалықтарына еніп, социалистік реализмнің жеке көрінісінде, яғни ұлы таланттарда қалай қалыптасатынын көруге мүмкіндік береді. Бұл көзқарас Әуезовтың социалистік реализмнің негізін қалаушылардың бірі ретінде обьективті тұрғыда бағалауға мүмкіндік береді. Қазақ әдебиетінің белді өкілі Абай Құнанбаев жайлы сөз ете отырып, 1930 жылдан бастап Абайды тыңғылықты зерттей отырып, қазақ әдебиетінде «Абайтану» атты бағытты дүниеге алып келді.

1940-50 жылдары Әуезовтің шығармашылығында жаңа бағыт байқалады, оның шығармашылығы кеңейе отырып, түрік халықтарының әдебиетімен айналысуды бастады. Оның түркі халықтарының фольклорын зерттеуіне бірден-бір дәлел қырғыз халқының «Манас» эпосы болатын. Көптеген түркі халықтарының әдебиетіндегі түрлі ұлттық мәдениетімен жақсы таныс болғандығы жайлы жазушының мақалаларынан, сөйлеген сөздерінен, зерттеулерінен байқауға болады. Әдебиеттанудың әртүрлі және күрделі болып табылатын бағыттарына сілтеме жасай отырып, Әуезов ғылыми еңбектерінде және мақалаларында әдебиеттердің өзара қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу сияқты мәселелерді қамти білген. Оның көптеген ғылыми мақалалары мен баяндамалары осы мәселелерді көтерген. Бұл мәселелер оны ғалым ретінде де, жазушы ретінде де, азамат ретінде де алаңдатты. Әуезов өзінің бүкіл өмір жолы мен шығармашылық жолында орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсер ету идеясын құптады. Себебі ол сол заманның тумасы болғандықтан, сол үдерісті көре отырып, кеңестік қазақ әдебиетінің тууына себепші бола білді. Орыс әдебиетінің өзіне әсерін қабылдай отыра, қазақ әдебиетіне қажетті деген жүйелерді өзінің еңбектерінде қолдана білген. Жазушы орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне деген әсері арқылы ұлттың даму процесі туатындығын болжай білген.

М. Әуезовтың қазақ әдебиетінің әр саласына арнап жазған еңбектері баршылық. Алайда жазушы атамыздың қаламгерлік жолының бастауы - алғашқы публицистикалық шығармалар. Р. Нұрғали Әуезовтің өткен заманның 20-жылдары қағаз бетіне түскен туындыларын, яғни публицистикалық туындыларын зерттеушілердің алды десек болады. Олай айтуымыздың себебі, академик Әуезовтің туындыларын мұрағаттың қойнауынан алып, сол кездегі қатігез қоғамның, цензураның көзіне түсірмей жариялауы батырлықпен тең. Небәрі жиырма жасында алғаш рет баспасөз бетінде «Адамдық негізі-әйел» (1917) атты мақаласы жарияланған болатын. Мақала Семей өлкесінде «Сарыарқа» атты газеттің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі санында «Семинарист Әуезов» деген бүркеншік атпен дүниеге келген болатын. Осы мақаланы 1966 жылы «Лениншіл жас» атты газет арқылы оқырманға жеткізген - Рымғали Нұрғали. «Сарыарқа» газеті кеңес үкіметінің бақылауында, арнайы тексерусіз мұрағатқа кіру мүмкіндігі болмаған Рымғали Нұрғали атамыз өзінің батырлығы арқылы жазушының тұңғыш туындысын қазақ қоғамына таныстырды. Бұл мақаланың негізгі тақырыбы - әйел бостандығы. Ол әйел теңсіздігін қалың мал атты қырсықтан іздемеуді айтады. Мына өмірде әділет, махабат атты сезімдерді естімеген, өсек дейтін жаман қасиеттерден аспаған анадан ақ жүрек, қамқор бала туатыны мүмкін емес екендігін ашына отырып жазады. Бала бойындағы қызғаншақтық, өзімшілдік сияқты жаман қасиеттердің тууына баланың алғашқы ұстазы-анасының жасаған қияметі, анасының мәдениетсіздігі, үлгісіздігі деген пікір айтады. Мақалада Абай қара сөздерінің іздерінде байқауға болады. Жаста болса осындай әлеуметтік мәселені қозғаған Әуезов мақаласы, сол кездегі белгілі қазақ әдебиетінің биігі саналған А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев сынды ақын-жазушылардың концепциясымен теңдес тұрды. Бұл мақала қазақ публицистика жанрының көрнекті туындысы болып табылады.

Жас жазушы бұл мақаламен шектеліп қана қоймай, әйел теңдігі, мәдениет, оқу жайы, саясат жайлы мақалалар жазып, публицистика әлемін одан әрі жандандырып отырды. Әуезовтың жиырма жасындағы тағы бір публицистика жанрына қосқан туындысы - «Оқудағы құрбыларыма» (1917) мақаласы. Бұл мақаланың негізгі сарыны-интеллигенттер бойындағы кемшілікті айту, білім іздеген жандарды бірлікке шақырады, адалдық, білімділік сияқты қасиеттерді үлгі етеді. Семей өлкесінде 1918-1919 жылдары «Абай» журналында М. Әуезовтың бірқатар мақалалары жарық көрді. Журналдың тұңғыш санында «Ғылым» атты мақаласы жарық көрген болатын. Бұл мақаланың негізгі тақырыбы - ғылымның қалай пайда болғандығы жайлы сөз етеді. Мұнда шын ғылымның өз жолын тапса, қөздегені шын адамдық қасиеттің пайда болатыны жайлы бастайды. Мақаланы жазушы: «мұншаны тапқан қөркем ақыл, көсем ғылым осы араға келіп тоқтап қалмай, адамшылықтың иманжүзді жарық күнінің астына апарып, бар баласын бұрынғы қаскүнемдік, қанішер, жауыздығын тастатып, бір сүйіспеншілік, бір туысқандық жүрекпен табыстырса керек деп білемін»-деп ойын пайымдайды [3, 250] .

XX ғасыр басындағы халық ағарту жайы, шаруашылық сияқты мәселелер М. Әуезовтың журналистика саласына аяқ басуына себепші болды. Осы орайда жазушының «Ғылым тілі», Оқу ісі», «Қайсысын қолданамыз» сынды мақалалары дүниеге келді. Бұл айтылған мақалалардың барлығының тақырыбы - оқу жайы, мектепке арналған дұрыс кітаптың әлі күнге жоқтығы. «Ғылым тілі» мақаласында бір нұсқалы кітап жазу мәселесі көтерілген. Мақалаға толықтай тоқталсақ, термин мәселесіне толықтай тоқталып, жазушы өз ойымен бөліседі. Ол дамыған елдердегі терминдер қалай дамып, қандай жолмен жасалғандығына көз жүгіртеді. Бұл мақалада жазушы түркішілдікке қарсы шығып, терминдерді пайдалануда ана тіліміздегі сөздерді пайдалану керектігін, қажеттілікті талап еткенде ғана басқа тілдерден жаңа сөздерді, атауларды алуды ұсынды.

«М. О. Әуезов және қазіргі қазақ әдебиеті» атты еңбекте жас қаламгердің 1917 жылы «Алаш» баспасынан «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласы жарық көргендігі жайлы жазылған. Мақалада қазақтың шаруашылығы, ұлттық ерекшеліктері сияқты мәселелер көтерілді. Осы мақаламен мазмұндас он шақты мақаласы да жарық көрген. Бұл іспеттес мақалаларына қарасақ, әңгіме болған тақырыптарының барлығы сол кездегі қазақ қоғамы, олардың басынан кешірген жағдайлары, оқиғалары. Осы жерден қорытындылай келер болсақ, Әуезов сол заманның, қазақ қоғамының айнасы іспеттес.

Әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді көтеріп жазған «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» (1918), «Мәдениет және ұлт» (1918) мақалалары бар. Осы айтылғандардың ішінен экономика тақырыбын көтеретін «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» мақаласы. Мұнда әр халықтың географиялық орнына байланысты өзінің айналысатын кәсіптері болатынын сөз етеді. Ғылым, мәдениет атаулыға ең жақын кәсіп ол - егіншілік деп сөзін тәмәмдайды. Белгілі француз философы Жан-Жак Руссоның «Цивилизация адамды бұзады» деген пікіріне қарсы шығып, «Мәдениет һәм ұлт» мақаласын жазған. Жан-Жак Руссоның конценпциясының зиянды, әрі жалған екендігін мақала барысында дәлелдеген. Астрономия, зоология сияқты ғылымдардан келтірген пікірлеріне қарасақ, жас Мұхтардың танымпаздығы мен білімділігінің мол екендігін байқаймыз.

Ағартушылық, педагогикалық бағытта тура ойлар айта білген Әуезов, қоғамдағы барлық қайшылықтарды баяндап бере алмады. Халық басына түскен көптеген қайшылықтардың нақты жауабын таба алмай, оларды бірліктің жоқтығы және партияшылдық деген себептің шеңберінен шығара алмады. Бұл мақаладан реформашылдықтың сарыны байқалады. Мақалада оқыған, әділ болыс, халықтың тиын-тебенін жемейтін тұтынушылардың дүкені мәселелері қозғалады. Осы мақалаға ұқсас «Земство һәм кооператив қауымдары» мақаласы тағы бар. Кооперативтің пайдасы, зияны, дүниенің ебін табу керектігі, саудагерге алданбау керектігі жайлы жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем әдебиеті Мұхтардың шығармалары арқылы ұлы
Асқар шығармашылық тілге көп мән берген жазушы
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бейімбет Майлин - қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі және классигі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz