Моғолстанның алғашқы хандары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
XIV - ғасырдың екінші жартысы-ХҮғ. басындағы Моғол хандарының Мауренахрмен өзара саяси байланыстары
Орындаған:
4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. д., доцент
Қорғауға жіберілді
«» 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., профессор Т. О. Омарбеков
Алматы 2009ж
Жоспар
Кіріспе . . . 3-7
I Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы . . . 7
1. 1. Моғолстанның алғашқы хандары . . . 8-16
1. 2. Моғолстан халқының этникалық құрамы . . . 16-26
II Моғолстан мен Әмір Темір арасындағы соғыстар . . . 26
2. 1. Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым -қатынысы . . . 26-33
2. 2. Моғолстан билеушілерінің Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі . . . 33-41
Қорытынды . . . 42-43
Пайдаланған деректермен зерттеулер тізімі . . . 44-46
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің өз дамуында сапалы жаңа кезеңге аяқ басуынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға байланысты. Олардың қатарына отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға жетелейтін тарихи кезеңдер мен оқиғаларды жан-жақты зерделеу жатады. Әсіресе, халқымыздың өз алдына отау тігіп, тарих сахнасына шығуын, этникалық бастауларын зерттеудің ғылыми- практикалық маңызы ерекше.
Орта ғасырлар мен қазіргі заманымыз арасында бірнеше ғасырлар өтіп, сол дәуірлердегі саяси үрдістер ауылы алыстағанмен, оның салдарлары әлі де аса маңызды. XIV ғасырда оңтүстік-шығыс Қазақстан және Қырғызстан территориясында құрылған Моғолстан мемлекеті, монғол жаулап алушылығының нәтижесінде үзіліп қалған интеграциялық процестерді одан әрі қайта жалғастырды. Моғолстан мемлекеті Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекет Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман -тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. XIV- XV ғасырларда Моғолстан орта ғасырлық авторлардың деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай «Моғол» атты этникалық саяси біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті турік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік саяси бірлестігі болды. Моғолстан мемлекеті, Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақ халқының да құрылуының аяқталуында зор үлес қосты. Моғол тайпаларының жеріне уақытша қоныстанушы болып келе, енді біртіндеп, ол хандықты жұтып қояды. Оған басты үлкен себеп, жергілікті Жектісулық түркі тілдес және түтіктенген басқа тайпалардың жаңа құрылған қазақ хандығын қолдап олардың жағына шығуы. Бұлардың бірін-бірі қолдап қазақ хандығын қолдауындағы және басты бір себеп, олардың этникалық жағынан болсын бір- бірімен туыстық жағы басым болған. Сол себептен де бұл мезгілде Жетісу аумағындағы бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этникалық құрамдар мен жаңа келген этникалық құрамдардың арасындағы табиғи туыстық байланыстың тарихын, Моғолстанның феодалдық қатынастарға байланысты, ішкі саяси талас- тартыстың әсерінен хандықтың құрылуын көрсеру өзекті болып отыр.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Жетісудың саяси және этникалық тарихының зерттелуі орыс және кеңес дәуірінің тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. В. В. Бартольдтың «Очерк истории Семиречья» еңбегі осы күнге дейін Жетісудың ежелгі ғасырдан XVIII ғ, ортасына дейінгі саяси тарихы туралы толық мәлімет береді. «Моғолстан» атты тарауында атақты орыс шығыстанушысы мемлекеттің саяси тарихы туралы нақты және басты оқиғаларына қысқаша тоқталып өтеді. В. В. Бартольдтың басқа еңбектерінде де Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның территориясындағы саяси тарихы кездеседі /1/. Оңтүстік - Шығыс Қазақстанның тарихының кейбір оқиғалары С. К. Ибрагимовтың, Л. Б. Ерзаковичтің, Т. И. Султановтың және т. б. зерттеушілердің еңбегінде көрініс тапқан /44, 2/. Моғолстанның өзбек және қырғыз елімен қарым-қатынасы туралы П. П. Иванов, Б. А. Ахмедов, С. А. Азимжанова, К. И. Петров зерттеген /3, 24/.
Этникалык құрамы туралы В. В. Востров, М. С. Муканов, В. П. Юдин және О. К. Караевтің еңбектерінде кездеседі /4, 6, 16/.
Қазақ зерттеушілерінен К. А. Пищулинаның еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл зерттеуде «Юго -Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI веков» Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, қазақ хандығының құрылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Яғни XIV ғ. Ортасымен XV ғ. басындағы Моғолстаннын саяси тарихы суреттеледі. Моғолстан мемлекетінің батысында Әмір Темір ұрпақтарымен, шығысында ойраттармен күресі туралы айтылады. Пищулина, Моғолстан мемлекетінің ішкі феодалдық тартысқа және сыртқы көрші елдердің қарсылығына қарамастан, қазақ хандығы құрылғанға дейін өз мемлекетін сақтап қалды деп көрсетеді /5/.
Н. А Аристов, А. П Чулошников, С. Асфендияров, М. Тынышпаев өз еңбектерінде Моғолстан хандығының тарихын арнайы зерттемесе де, оның тарихына қатысты тың материалдарды ғылыми айналымға еңгізді. С. Ибрагимов, А. А Семенов XIV-XVII ғасырлардағы казақстанның этникалық және әлеуметтік тарихын зерттеуде парсы, түтік деректерін жинақтау мен жариалауға зөор үлес қосып, саяси құрылымдардың өткенін зерделеді /45/.
Аса ірі шығыстанушы ғалым- В. В. Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1988 жылы «Жетісу тарихының очеркін» жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В. В. Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады /31, 33/.
В. П. Юдин өзінің мақаласында Моғолстанның этникалық құрамын және басқа елдермен қарым-қатынасын суреттейді. Ол Моғол этнонимы жайында дәйекті көзқарас танытқандардың бірі. Ғылымда тарихшы-зерттеуші В. П. Юдиннің пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді /16, 17/.
О. К. Караев та «Чагатайская область. Государство Хайду и Могулистана» еңберінде, Моғолстанның құрылуымен XV ғ. басына дейінгі тарихына тоқталып өтеді /6/.
О. Ф. Акимушкин Моғолстан мемлекетінің сыртқы саяси қатынастары туралы айтып өткен. Ол т. б. мақалаларында Моғолстан мемлекетінің территориясын көрсетеді /9/.
Кейнгі жылдары С. Жолдасбайұлы «Жетісу тарихы» еңбегінде көрсетеді. Н. А Атығаев өзінің диссертациясанда Моғолстанның қазақ хандығымен карым- қатынасын көрсетеді /10/.
Т. О. Омарбеков та «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» деген еңбегінде Моғолстан мемлекеті туралы өзінің піқірін білдірген. А. В. Строева, А. М. Гуревич өз шығармаларында Моғолстанның тарихы және басқа елдермен қарым- қатынасын көрсетеді /7, 25, 36/.
К. А. Пищулина Моғолстан мемлекетінің тарихын арнайы зерттеп, өзінің монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік - саяси құрылысы, этникалық топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К. А. Пищулина Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-қатынастар толық зерделене қоймаған /5/.
Зертеудің мақсаты мен міндеттері. Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырдың басына бейінгі ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеу. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Зерттеулерге сүйене отырып, Моғолстан мемлекетінің территориясы этникалық құрамын анықтау;
- Моғолстан мемлекетінің құрылуынан бастап, XV ғасырға дейінгі аралықта болған саяси талас-тартыстарды қарастыру;
- Осы мемлекеттің көрші елдермен болған қарым-қатынасын көрсету;
- Моғолстан мемлекетінің билеушілерінің ұстанған саяси бағыттарын ашып көрсету.
Зерттеудің деректік негізі. Деректерге шолу жасамас бұрын, Моғолстан мемлекетінің тарихына тоқталып өтейік. XIV ғ. Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде орналасқан Моғолстан мемлекеті «Тарих-и Рашиди» бойынша төмендегідей территориягы қамтиды: шығысында қалмақтармен және өзіне Барыскөл, Еміл, Ертіс территориясын қамтиды. Солтүстігінде Көкше-Теңіз және Қаратау, батысында Түркістан мен Ташкентпен шектеседі, Оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу және Турфанмен шектеседі. Моғолстанның территориясында ірі өзендерден Джайхун (Амудария), Іле, Еміл, Ертіс, Чуйлик (Шу) және Нарын өзендері кездеседі Тоғлық Темір билік құрған жылдары Шығыс Түркістан аймағы Моғолстанның территориясына кірді. Темір жаулаушылығынан кейін Тимуридтерге қарады. Мемлекет ыдырай бастаған кезде моғолстан хандығы тек Қашғарияда болды, Жетісу қазақ хандығына, ал қырғыздар өз билігін құрды XIV ғ. аяғы -XVI ғ. басында Хайдар және басқа авторлар Моғолстан территориясы Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань аймағын айтады. Бұл аймақты Моғол таулары деп атаған.
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның саяси тарихы туралы негізгі дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі болып табылады. /12/
«Тарих-и Рашиди»-құнды еңбектің біздің халқымыз үшін маңызы зор. Бұл деректе Тоғлық Темір ханнан бастап, Абдр-Рашидке дейінгі тарихы жазылған /34/.
Автор өзінің еңбегінде былай деп айтады: «Бұл тарихты жазуға қолға алғанда басты мақсатым Моғол хандары туралы естіген аңыздар мен өзім көріп, бірге болған хандар жайлы мен жазған болсам ешкімнің жазар түрі жоқ. Ал, өзім олар туралы жеткізе жаза аламын ба, білмеймін. Дарынсыздықтың әсерінен көп нәрсені жеткізе алмаймын ба деп қорқамын. Дүние жүзінің төрттен бірін билеген Шыңғыс ұрпақтары ішінде кейбірі мұсылмандыққа жол тартып, елді мұсылман жасауға әрекет жасаған хандар туиалы жазбасам бәрі ұмыт болып, бекер қалатын түрі бар. »
Ал мұсылман дінінің Моғол хандығының жеріне тарау мәселесіне келгенде М. Х. Дулатидың бабаларының ішінде Болатшы мен Хұдайдаттың жасаған қызметтеріндей қызмет еткен аамдар болмаған. М. Х Дулатидың аталарының Шағатай ханға жасаған адал қызметтері үшін жеті құқық берілсе, енді Тоғлық Темір ханның кезінде Болатшыға екі құқық беріп, жалпы Дулати тұқымдарының құқықтары тоғызға жеткізілген. Ал, Қызыр Қожа кезінде ол құқық он екіге дейін жетеді. Бұл туралы М. Х. Дулати өзінің еңбегінде әр жерде жазған.
Моғолстан хандығының тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнаме», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Матла асса дайн ва маджма ал- бахрайн» тәрізді еңбектер дерек көздері болып табылады. Бұл деректерде Моғолстан хандарымен Әмір Темір арасындағы соғыстар туралы мәліметтер береді. Алайда бұл деректер патшаның жарлығымен жазылып отырғаны белгілі. Сол себептен де бұл деректерге сын көзбен қарау керек /13/.
Келесі бір дерек Муин ад-дин Натанзиден мағлұматтар ала аламыз. Онда Камар ад-дин мен оның інісі Дуғлат Шамс ад-дин туралы мәліметтер көрсетілген /14, 13/.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Моғолстан мемелекетінің құрылуы, яғни 1348ж. Тоғлық Темірдің билікке келуінен бастап XV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған деректер мен зерттеулер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Моғолстанның құрылуы, алғашқы хандарымен этникалық құрамы қаралса, екінші тарауда Моғолстанның Мәуренахрмен қарым- қатынасы, Әмір Темір шапқыншылығына қарсы күресі көрсетілді.
I Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы.
1. 1 . Моғолстанның алғашқы хандары.
Моғолстан Шыңғыс ханның ұлы Шағатай ұрпағы мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болды. XIVғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөліктерге бөлініп кетті. Шығыс аймағы Моғолстан атанып, хан тағына Тоғылық Темір отырды. Саяси өмірдегі басты ролді дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Өйткені XIV ғасырдың орта кезінде дуоаттар Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болды. «Шағатай хан өз мемлекетін бөлгенде, ол Әмір Поладшының атасы Өртөбеге Маңлай Сүбені берді . . . Оның шығыс шекарасы- Құсан мен Тарбүкір; батыс шекарасы- Шаш, Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлайатында орналасқан; солтүстік шекарасы- Ыстықкөл, ал оңтүстігінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды» /35 44-45 б/.
Моғолстан деп аталған жаңа мемлекет осылайша қалыптасып, ол Шағатай ұлысының щығыс бөлігінде ұлан-байтақ жерді алып жатты. Мемлекеттің шекарасы Мырза Мұхаммед Хайдардың еңбегі бойынша мынадай болды: «…қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығымен көлденеңі жеті- сегіз айшылық жол. Шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлайатымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі. » Осылайша Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Қырғызстан Моғолстан аумағының негізін құрады. Моғолдар мемлекетінің аумағы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати тағы да былай деп жазған: «Моғолстанда көлемі жағынан Жейхунға тең көптеген іті өзендер бар, олардың ішінде Іле, Ертіс, Емел, Шұлық және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхуннан еш кем кмкс. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Қөкшетеңіз көліне құяды» /35, 45-48 б/.
Орта ғасыр Шығыс Түркістанның авторлары айтуы бойынша қазіргі Қырғызстан және Іле ауданы кіреді. Мысалы: Заин ад-Дин Васифи Қырғызстан территориясы Ыстықкөлді қоса алғанда Қазақстан территориясына кіреді. Онда Шу Және Талас өзендері де елдерді біріктірген қазақ хандығы құрылда деп көрсетілді. Бұл территория XVIғ. дейін Моғолстан территориясына кіргізілді. Акимушкиннің де өз мақаласында Моғолстан территориясы М. Х. Дулати бойынша сәйкес келеді. Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және Орталық Тянь Шаньнің оңтүстік бөлігі. Моғолстан Батыс-Шығыс және оңтүстік-Солтүстік жерлері жеті- сегіз айшылық жол болып табылады /35, 47-49/
Моғолстан территориясына Шығыс Түркістан территориясының ежелгі қалалары кірген (Ақсу қаласын қоспағанда. ) Бұл бөлініс XX ғасыр Парсы авторларының еңбектерінен белгілі. Бірақ та уақыт өте келе, тарихтағы оқиғаларға байланысты территориясы Жетісу және Іле мен Ертіс өзененің аралығындағы территорияны қамтиды.
Моғолстан ордасының орныққан орталығы - Алмалық қаласы болды.
Моғолстан мемлекетінің құрылуының себебі XIII- XIVғғ. Феодалдық қатынастың дамуы түркі хандарының экономикалық және саяси жағдайын дамытты. Монғол билеушілеріне қарсылық білдіру, олардың көзқарасымен келіспеу, Алтын Орда және Шағатай ұлыстарында күрес жүріп жатты. Жергілікті түрік халықтары өздерінің мемлекетін құру үшін күрестер жүргізді. Міне, осындай күрестің болуы, XIVғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда Моғолстан мемлекетінің құрылуын алып келді.
Оңтүстік Қазақстан және Қырғыз территориясында тәуелсіз Моғолстан мемлекетінің құрылуына бірнеше себептер болды. 1) Феодалдық қатынастардың дамуы; 2) Монғол билігіне хандардың қарсылығы; 3) Шағатай және Алтын Орданың ыдырауы. Осы мемлекеттің құрылуы Қазақстан территориясында мемлекеттің құрылуына, яғни хандықты қалыптастыруына алғаш қадам жасалды. Мемлекеттің негізін қалаушы Тоғлық Темір болды. Тоғлық Темірдің әкесі Есенбұғаның Сатилмиш Хатун атты бәйбішесі болған, оның Меңлік атты сүйікті тоқалы да бар еді. Бәйбіше бедеу болатын. Сондықтан да ханда бала болмаған. Хан бірде жорыққа кетеді. Моғолстанның ескі әдет ғұрпында тоқалдар билігі бәйбішенің қолында болады. Егер қажет деп тапса, ол тоқалды басқа күйеуге беруге де құқылы еді. Сатилмиш Хатун Меңліктің ханнан жүкті екенін біліп қояды. Қызғаныштан оны Ширәввәль Духтуй атты сарайдағы мәртебелі әмірлердің біріне сыйға тартты. Хан жорықтан оралып, Меңлік Хатун жәйін сұрайды. Сатилмиш Хатун оған: «мен оны басқаға сыйладым, »- деп жауап береді. Хан: «ол менен жүкті еді ғой, »- деп наразылық білдіргенімен, Моғол дәстүрі солай болған соң үнсіз қалады/35, 9/.
Коп ұзамай Есенбұға хан қайтыс болады. Моғол тағы хансыз қалады. Ұлыс күйреп бүліншілікке түседі. Осы хәлді көрген әмір Болатшы дулат менің ұлы атам, ханға екі атадан қосылатын туыс болғандықтан хан сайлауға бел буып, елде тәртіп орнату жұмысына кіріседі. Ол Тастемір есімді адамды Духтуй және Меңлік Хатунның жайын біліп келсін деп жұмсайды, егер де ұл туған болса, ұрлап алып келуді тапсырады. Тастемір бұл сапардың ұзақтығын және атты адамның көп тамақ алып жүруі мүмкін еместігін айтып әмірден үш жүз ешкі сұрайды. Әмір тілегі орындайды.
Тастемір Моғолстанды тегіз ұзақ аралайды. Ханнан алған үш жүз ешкіден тек бір сұр ешкі қалғанда Меңлік Хатун еліне жетеді. Сұрастыра жүріп Меңліктің ханнан ұл туғанын және оны Тоғлық Темір атағанын біледі. Сондай ақ Меңліктің Дахтуйдан да Інжу Мәлік есімді ұлы барын және олардың екеуінің бірге екенін естйді. Қысқасы, ол амалын тауып Тоғлық темірді ұрлап алады да, елге бет түзейді.
Тастемір елге жеткенде оның жалғыз сұр ешкісі қалған болатын. Сондықтан ол «көк ешкі» лақабына ие болды. Осылайша әмір Болатшыға Тоғлық темірді алып келеді. Әмір оны мұнда хан сайлайды. Тоғлық темір өз билігі дәуірінде бүкіл Моғолстанды өзіне қаратты, тіпті шағатай ұлысының көптеген ұлысын өзіне тәуелді етті /34, 51-54 б/.
XIVғасырдың екінші жартсында Моғолстанның саяси тарихы туралы мағлұматтар аз, әсіресе ішкі өмірі жайлыкөп айтылмаған. XIVғ. Ортасында Оңтүстік Шығыс Қазақстанның және Қырғызстанның территориясында қалыптасқан жаңа мемлекеттің ішкі саясаты тарихи деректерде аз айтылған. «Тарих-и Рашиди» бойынша. Тоғлық Темір дулаттың көмегімен мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақтандыра алды және Моғолстан территориясында орналасқан тайпалардың басын біріктіріп басқара алды. Саяси өмірде дулаттар негізгі ролді атқарғанымен, дәстүр бойынша мемлекетті Шыңғыс ұрпақтары басқарды/36, 28-31 б/.
Моғолстан мемлекетінің ханын сайлап алғаннан кейін, дулат Әміршілері мемлекетте өз биліктерін күшейтті. Мемлекеттің ішкі саясатында ең негізгі мәселе хандықта бір орталыққа бағындыру болды. Тоғлық Темір мемлекетінің әкімшілік саяси құрылымы бойынша Әмір және ұлықбектер басқарды. 1-ші ұлықбек Әмір Тулик, содан кейін Болатшы болған. Тоғлық Темір кезінде салық мүселесіне байланысты бірнеше жүйелер пайдаланды. Мысалы: Канан бақшыдан заңсыз салық алғаны үшін шағымдар қарастырылды. Мемлекеттік жер инжу деп аталды. М. Х. Дулатидің және Махмуд бен Валидің айтуы бойынша Тоғлық темір бастаған Моғолстан халқы Ислам дінін белсенді түрде Тоғлық Темір Мәуренахрдың ханы Тармашырын және Кебек ханы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. Қарахан деректерде Жетісу қалалары мен Мауренахр орталығы ислам Жібек жолы сауда қатынасы арқылы дамыды. Ал бұл кезде моғолдардың Шағатай әулеті және түріктенген моғолстан феодалдық түңірді ұстанды. М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі бойынша Тоғлық Темірдің ислам дінін кабылдау туралы былай деп атады: «Сол қала күні бүгінде құм астында жатыр, кейде жел құмды ұшырып алып кетсе, күмбез бен мұнаралардың басы қылтиып көрініп қалады. Жел қатты соқса үйлер де құмнан аршылып қалып жататын. Ондайда үйлерге енсең: «Үй жихаздарының сол қалпында сақталғанын, тек үй иелерінің ағараңдаған, қаңырап жатқан сүйегін көрер едіңіз. » Катак ірі қала бола тұра осылай құм астында қалады /9, 11, 288/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz