Патент құқығы обьектілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
Тіркеу нөмірі №___________ Бөлімі: Экономика және құқықтану
___________ 2020 жыл Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Тобы: 71931
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:
Тақырыбы:
Орындаған: _________________________ Ж.А.Тұрғанбайұлы
Жетекші: _________________________
Кафедра меңгерушісі: ___________________ Ш.С.Жусупова
Бөлім меңгерушісі: ______________________ Н.Х.Кабдирова
Атырау, 2020 ж
0201000 Құқықтану - 71921 тобы
Алимжан Жантұрған Тұрғанбайұлы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Патент құқығы түсінігі 4
1.2 Патент құқығы обьектілері 9
1.3 Патент құқығы субьектілері 12
2. ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫН АЛУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Патент құқығын алу 16
2.2 Қазақстан Республикасының патент қатынастарын реттейтін заңнама 20
2.3 Қазақстан Республикасының қатынастарын жүзеге асыратын органдар 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
КІРІСПЕ
Мен осы курстық жұмысымда Патентке және инновациялық патентке берілетін құқыққа билік ету негіздері тақырыбын қарастырдым. Осы тақырып бойынша мен көптеген мәліметтерді зерттедім.
Патенттеу мақсаты -- сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Патенттің негізгі қызметі жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттік құқық - азаматтық құқық саласының құрамындағы санаткерлік меншік құқығының жеке бір институты. Бұл институттың нормалары өнеркәсіптік меншік объектілерін (ӨМО) жасауға, құқықтық қорғауға, пайдалануға байланысты мүліктік және одан туындайтын өзіндік мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Курстық жұмысымның мақсаты Патент ұғымын тереңірек талдау, Патент обьектілері мен субьектілерін және патент құқығын алу туралы білу, зерттеу.
Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден,екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Алға қойылған мақсаттарға сәйкес курстық жұмысымда мыныдый міндеттер алға қойылды:
Патент ұғымы туралы білу
Патент обьектілері мен субьектілері туралы түсіну
Патент құқығын алу туралы тереңірек түсіну
ҚР патент заңнамасының қолданылуын және әсерін түсіну

1.1 Патент құқығы түсінігі
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажеттілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын нарықтық деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті. Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі. Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада зияткерлік активтер негізгі валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық есудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық, базасын кұруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Бұл Елбасының кәсіпкерлікті колдау жөніндегі тапсырмалары және Қазақстан Республикасының индустриалдық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер аясында да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең колайлы жағдайларға кол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудын, кажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық, және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік кұқықтарын корғау саласы саяси сипатка ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын корғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазакстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған. Зият -- бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек кана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын зияткерлік меншікте. Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе -- тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлердің қазіргі таңда ұлттық, өндірушіні қорғау және қолдау -- өндірушінің өз қолымен деген ұранды ұстауы -- маңызды. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы табылады.
1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік корғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазакстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттін берген кұқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардьщ құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргізу барысында мемлекетіміз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудін негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бекітті. Азаматтық заңнамадағы интеллектуалдық меншікті құқықтың жеке объектісі ретінде қарастыру, теориялық жағынан осы саланың жетілуін қажет етті. Кодекс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерінің иелеріне ерекше құқық бекітілді. Қазақстан Республикасының үкіметі арыз берушіге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсімдеу төлемі арзан, сараптамалық және мәліметтерді іздестіру қызметінің сапалы, патенттік құқықты корғаудың жеңіл жолдары бар, халықаралық патенттік жүйенің талаптарына сәйкес келетін ұлттық патенттік жүйесін қалыптастыруға мемлекетіміздің құрылуының алғашқы күндерінен-ақ жағдай жасауда.
Қазіргі таңда жоғарыда керсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар. Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет болып табылғандыктан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
Казақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін корғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа интеллектуалдық меншік, өнеркәсіптік меншік, патент, патент иеленуші, айрыкша құқық ұғымдары енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі -- өнертабушы автор ез кұқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кенес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу аркылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын. Енді кұқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға койылған. Бұл құқық айрыкша құқық деп аталады. Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық корғау принциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті. 1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның кұқықтық реттелуін Қазақстан Республикасынын Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады.
Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің көлімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазакстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық корғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.
Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент қорғау құжаты түсінігімен бірігеді.
Қазақстан бір өнертабысқа екі корғау құжаты -- заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады. Бұл екі корғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінін өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек.
Патент -- patent -- мына мән-жайларды:
1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
3) аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат.
Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе онын еркі бойынша белгілі бір ұйымның колданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде кезделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар койылады: өнертапқыштық деңгей, прогрессивтілігі, колданылуға жарамдылығы және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.
Патенттеу мақсаты -- сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Патенттің негізгі қызметі жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады. Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.
1.2 Патент құқығы обьектілері
Патент құқығының объектілері болып өнеркәсіптік меншік объектілері, яғни өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері табылады.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiп үлгiлерi болып табылады. Патент иеленуші - қорғау құжатының, яғни Заңға сәйкес берiлген алдын ала патенттер мен өнертабыс пен өнеркәсiп үлгiлерiне патенттер, пайдалы модельдерге патенттердің иесі. Өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы ерекше құқық болып есептеледі.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерi - интеллектуалдық қызмет нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетудi дараландыру құралдары. Патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты лицензиялық шарт деп аталады.
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің қатарына мынадай үш түрлі интелектуалдық еңбек нәтижесі жатады.
Өнертабыс - жаңа әрі өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешім;
Пайдалы модель - өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын жаңа әрі өнеркәсіпте қолдануға болатын конструкторлық орындау жолы;
Өнеркәсіптік үлгі - бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа әрі өнеркәсіпте қолдануға болатын көркемдік конструкторлық шешім;
Патенттің екі түрі бар: алдын ала берілетін патент және негізгі патент. Патеyт алу үшін берілген өтінім екі рет: ресми және мәні бойынша сараптамадан өткізіледі. Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге құқық алдын ала берiлетiн патентпен және патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады Өнертабыс және өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент, пайдалы модельге патент өтiнiмге үстiрт сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге мәнi бойынша сараптама өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Алдын ала патент және патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады.Пайдалы модельге тек ресми сараптама ғана жүргізіледі. Ресми сарапатамадан соң алдын ала патент, ал мәні бойынша жасалған сараптамадан соң негізгі патент беріледі. Алдын ала патент 5 жыл, негізгі патент өнертабысқа 20 жыл,өнеркәсіптік үлгіге 10 жыл күшін сақтайды.
Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары :
Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiледi. Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз және маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс жаңа әрі өнертабыстық деңгейде болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында басқа адамдардың берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi. Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп табылады. Құрылғы, әдiс, зат, микроорганизмдердiң, өсiмдiктер мен хайуанаттар клеткаларының тегi, сондай-ақ бұрыннан белгiлi құрылғыны, әдiстi, затты, тектi жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектiлерi бола алады. Мыналар:
1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
4) ақыл-ой операцияларын орындау ережелерi мен әдiстерi;
5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
8) Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды.
Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк талаптары
Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады. Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға және елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады және құқықтық қорғау берiледi. Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды. Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.
Өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк талаптары
Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi. Бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтiрiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтiнiм берген (қайтарып алынғандарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi.Егер елеулi белгiлерi бұйым ерекшелiктерiнiң шығармашылық сипатын анықтайтын болса, өнеркәсiптiк үлгi бiрегей деп танылады. Егер тиiстi бұйымды дайындау жолымен оның көп рет ұдайы өндiрiлуi мүмкiн болса, өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп танылады.
Мынадай шешiмдер:
1) бұйымдардың тек қана техникалық мiндеттерiне негiзделсе;
2) сәулет объектiлерiнiң (шағын сәулет нысандарын қоспағанда), өнеркәсiптiк, гидротехникалық және басқа да тұрақты ғимараттардың
3) баспа өнiмнiң өзi;
4) сұйық, газ түрiндегi, сусыма немесе сол сияқты заттардан тұратын тұрақсыз нысандағы объектiлердiң
5) қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн бұйымдардың шешiмдерi өнеркәсiптiк үлгiлер болып танылмайды.
1.3 Патент құқығы субьектілері
Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi:
Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану болып танылады.
Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi. Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ. Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнеркәсiптiк меншiк объектiсi сондай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаса, патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсi пайдаланбаған және тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан ретте, кез келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеп, табыс етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркелуге тиiс. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторы (қосалқы авторы) болып есептеледi. Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға өзiнiң шығармашылық үлесiн қоспаған, авторға тек техникалық, ұйымдық немесе материалдық көмек көрсеткен, не оған құқықты ресiмдеуге және оны пайдалануға ғана жәрдемдескен жеке адам автор деп танылмайды. Авторлық құқық айыруға болмайтын жеке құқық болып табылады және мерзiмсiз қорғалады. Егер Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларына үшiншi адамның құқықтары бұзылмаса, автордың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне өз атын немесе арнаулы атау беруге құқығы бар.
Патент иеленуші - қорғау құжатының иесі. Қорғау құжаты:
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң авторына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz