Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері ... ... ... ..
1.2.Ақпараттық технологиялардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды
пайдалану
2.1.Ақпараттық технологияларды математика сабағында пайдалану ... ... ..
2.2.Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды
пайдалануға негізделген сабақ жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі
мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды
талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың
қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын
жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды
анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі
педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.
Білім беру–аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың
мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған
білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық – ұйымдық,
құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас
кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-
мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Бұл саладағы еңбектер, әдебиеттерді талдау – осы бағыттағы зеріттеулерді
әрмен қарай жан – жақты жалғастыру қажет екенін көрсетеді.
Бұл біздің зерттеу жұмыстарымыздың өзектілігін көрсетеді. Бастауыш мектепте
математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі – біздің
зеріттеу проблемамыз болып табылады.
Көрсетілген проблемамыздың көкейкестігі, соның жеткіліксіз зеріттелуі,
ғылыми практикалық мәнділігі, курстық жұмысымыздың ұсынылып отырған
тақырыбымызды талдап алуға негіз болады.

негіздері.
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері
Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік
бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену
мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан
қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарламаның
жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді
ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара
тәрбиеленуі байланысына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік
технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық,
телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін,
толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді
жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық
коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш
салуда.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін
зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Зерттеу
нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде
компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жүйесін, олардың іс-
әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.
Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын
талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру
үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-
ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау
мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-
текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда
болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол
оқушылардыдаралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген
білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы Барлық
қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ
мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады.
Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты
таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес
жылдамдыкпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру
керектігін оқушы өзі таңдайды.
Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз
ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны
қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі
түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру
мекемелерінде тегін орта білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз
етуте мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің
сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық
бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен
жоғары оку орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті
ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын
оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде балаларды мектепке дейін даярлаудың енгізілуіне
байланысты мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық қызметкерлерін даярлау,
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; бастауыш
және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік
әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды жүзеге
асыру.
- Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік "жалпыға
міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
- Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары
мен несиелері жүйесі дамытылады;
- Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық
бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және
енгізіледі;
- Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
- Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге
асырылады;
- Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға
беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды
орындаған жағдайда жекешелендіру құқұғын беру жөнініде эксперимент
басталды;
- Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу
құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару
жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң басталып,
орта білімнің үш жылынан кейін аяқгалады. Жалпы білім маңызды бағыт болып
табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім).
Бұл білім деңгейі екінші сатының екінші деңгейінде немесе жаңа, төртінші
деңгейде ұсынылатын бағдарламаларға қарғанда мазмұны едәуір тереңдетілген
деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.
Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі: оқудың
жалпы ұзақгығы; біліктілік түрі (университеттік дәреже немесе оған
теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген);
ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірінші дәреже,
екінші дәреже, үшінші дәреже).
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім
туралы, Жоғары білім туралы заңдарды қоса алғанда, нормативтік актілерді
халықаралық практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді
қажет етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4, 3, 1,9-
тармақтарына сәйкес әзірленген және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға
дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайтын Білім мемлекеттік
бағдарламасының негізгі міндеттерінде де:
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту,
мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;
- Білім беру бағдарламасын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың
жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
- Студенттерді даярлауда, олардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен
ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу: дистанттық білім
беруді дамыту;
- Академиялық және салалық ғылымды жоғары біліммен кезең-кезеңмен
интеграциялау.
Арақашықтықта оқыту - өз бетінше білім алудың бір түрі. Дистанттық
философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла, А.Тоффлера,
Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім термині нақты
анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай түсіндіреді: білім
программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап көрсетеді, олар
кабельдік және спутникті телевидение, видео және аудио жазбалар, факстар,
модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде - Қазақстан Республикасының
білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және педагогикалық жүйе ретінде
қарастыруға болады.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру.
Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,
дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра
отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуды көздейді. Білімді ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі,
мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жүмыс істеп, өмір сүре
алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады.
Арақашықтықта оқыту өз бетінше білім алудың бір түрі:
Дистанттық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла,
А.Тоффлера, Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім
термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай
түсіндіреді: білім программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап
көрсетеді, олар кабельдік жэне спутникті телевидение, видео және аудио
жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс
жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде –Қазақстан Республикасының
білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және педагогикалық система
ретінде қарастыруға болады.
Күнделікті сабаққа бейне; аудио, теледидар мен компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар
оқушылардың қызығушылығын арттырып зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей
қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматтарды нақтылауға
мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратгы көшіріп алып
(дискетаға немесе аудио-бейне таспаларға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс
істей алады.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында еліміздің білім беру
жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі- білім беру
жүйесінің ақпараттандыру, оқытудың жаңа технолгиясын енгізу, бүкіл әлемдік
коммуникация желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен
түсіндіріледі.
1.Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс -әрекетінде дербес
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты
дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
2.Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға
информатика мен коммуникациялық техниканы құралдарын пайдалану дағдысын
қалыптастыру.
З.Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперементалды іскерлігін дамыту.
4.0қу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын
жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде
пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты
болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, ақпараттық технологиялар ақпаратты
өңдеу мен байланысты үрдістер болып табылады.
Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде
оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары (ЖАТ) ұғымы пайда болды.
А.Горячевтің тұжырымдауынша, ЖАТ-мәтіндік редактор, электрондық кесте,
мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық
технологиямен сипатталады. Р.Абдірәсілова болса, жаңа ақпараттық
технологияны оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.
Н.Апатованың анықтауынша, ЖАТ-қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы
бар компьютер.
Осыған қарағанда жаңа ақпараттық технологияға дидактикаға мәселелерін
есептеуіш техника көмегімен шешетін педагогикалық технология деген анықтама
беруге болады. Осыған байланысты оқытуды компьютерлендірудің концептуалды
аспектісін жасау-басты міндеттері болып табылады. Бұл багытта дүрыс шешім
қабылдау үшін нақты стратегиялық бағдарлама қажет. Біздің ойымызша, оқытуды
ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет.
1.Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе
дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі бір
үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда моделдеуге үйрету.
2.Компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше
оқушы мен неғұрлым тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау қажет. Осылайша білім
негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауды да күшейтіп
оқушылардың білім сапасынның көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.
З.Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге
көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік
ұстанымын ескеру қажет.
4.Оқытуды компьютерлендіруді оқушыны өз бетімен ойлап, шығармашылық
белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп,
ойластырған жөн.
5.Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа
сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл
оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері,
анықтамалықтар, т.б болуы тиіс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында
педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі
міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-
тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында
педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары
жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог
мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің
өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе
қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік
тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері,
графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык
бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
1.2Ақпараттық технологиялардың мазмұны.
Технология ұғымы педагогика ғылымына, өндіріс аясына енді. В.Даль:
"Технология - наука техники. Техника искусство, знание, умения приемы
работы и приложение их к делу"- деп түсіндірді. Ал оның алғашқы мағынасы
өнімді өндіру процесінде шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту
әдістерінің жиынтығы дегенді білдірген. Яғни технология - адамның
басқаруымен техникалық құралдарды (станок, машина, т.б.) пайдалану арқылы
өнім алу процесі. Мұндағы ең маңызды мәселе-техникалық құралдар.
Технология: tесһnе-өнер, шеберлік және logos-ғылым, яғни "шеберлік туралы
ғылым" деген ұғымды білдіретін гректің сөзі.
Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, моделмен
оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып, В.П.Беспалько,
М.В.Кларин, Б.С.Блум, т.б. ғалымдар оны оқыту білім беру процесіне қатысты
педагогикалық аспектіде қарастырып, мынадай анықтамалар береді:
Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен
тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы,
педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев), оқу
процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде асырылатын
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько), оқыту процесінде
жоспарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы (И.П. Волков).
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты-берілген үлгі бойынша өнім алу,
оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің
тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын
тәсілдер, принциптер мен регулятивтердің жүйесі ретінде, нақты оқыту
процесі ретінде сипатталады.
Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше бірінші
элементіне үлкен мән берілуде, яғни ол - білімге. Қазіргі қоғамда жүріп
жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын,
яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап
етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рөл
берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны
оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау,
оқытуды дифференсациялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады. Ал
мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы
мен мүмкіндіктерін ашуға болады. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-
құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы,
сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен
ұсыныс тастауы т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен
салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады.
Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға
оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне
берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
^ Педагогикалық технологияларды мазмұнына қарай қазіргі кезде төмендегі
топтамасы ұсынылып жүр:
1. Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру
негізіндегі технологиялар. (Ш.А. Амонашвили,Е.И. Ильина)
2. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогикалық
технологиялары (Ъ.Ф.Шаталов, Е,И,Пассов.)
3.Оқыту үрдісін басқарумен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық
технологиялар.(бағдарламалап дифференциялдап оқыту (Н.К.Гузик, Ж.Қараев,
т.б.)
4. Оқу материалының дидактикалық құрлымын әдіснамалық тұрғыдан жетілдіретін
әдістемелер. Мысалға дидактикалық біліктерді түрлендіру жөніндегі (Методика
укрупления дидактических единиц-УДЕ) П.М.Эрдниев әдістемесі және т.б.
5. Табигатқа сәйкестендіріп, Халық педагогикасы әдістемелері қолданылатын
технологиялар. Мысалы, Л.Н.Толстой, Монтессори, Абайдың қара сөздері,т.б.
6.Баламалы технологиялар, Мысалы Р. Штейнердің Вальдорф педагогикасы.
7. Кешенді технологиялар (Бұған көптеген авторлық мектептер кіреді) т.б.
Бірлесіп оқудың басты идеясы - білімді бірлесіп игеру.
Бірлесіп оқудың технологиясын қарастырмас бұрын, басты түсініктерін біліп
алған жөн. Көптеген елдердің білім беру жүйесінде қазіргі заманға сай
тенденцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл (тенденцияларды
жүзеге асыруға) білім саласындағы дүниежүзілік елдердің жаңа ақпараттық
технологияларға соның ішінде осы дүниежүзі әлеміне есігін ашатын
компьютерлі телекоммуникацияларға қызығушылық танытылуда.
Қазіргі кезде мұндай мүмкіншіліктер қашықтық аралық білім беру, студент пен
ұстаздардың қатынасы тек бір институт облыс көлемінде шектелмей одан басқа
мемлекеттер мен әлемнің аймақтарымен қатынасы көптеп етек алуда. Жаңа
ақпараттық технологиялардың көмегімен тек күндізгі емес, үйден шықпай-ақ
қашықтықта білім алуға болады. Интернеттің басты жүйесі әлемнің ғылыми
орталықтарының, кітапханаларының ақпараттарына кіру, өздігінен білім алуға
ой-өрісінің өсуіне жағдай жасайды. Барлық елдердегі білім саласымен,
мұғалімдердің, студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік туады. Қандай да
болмасын білім беру жүйесі бұл ашық және тұрақты жүйе, сондықтан да мұндай
оның компоненттері, білім беру мақсаты мен мазмұны, қаңдай да болмасын
білім беру түрінде бір мемлекеттің ішінде және мемлекетте қабылданған білім
беру бағдарламасымен белгіленген жүйесіне сәйкес өзгеріссіз қалу керек.
Халықаралық тәжірибеде телекоммуникация деп техникалық құралдар
(телефон, радио, телевидение) көмегімен ақпараттарды белгілі қашықтықта
беруді айтады.Жоғарғы оқу орнының тәжірибесінде телекоммуникациялар туралы
айтқанда көбінше компьютерлік құралдармен (модем арқылы) ақпаратты беру,
қабылдау, дайындау және сақтау туралы айтылады, я болмаса телефондық жүйе
дәстүрлі мен я болмаса спутниктің байланыс көмегімен — бұл компьютерлік
телекоммуникациялар делінеді. КТК-дағы ақпараттарды өткізу мен қабылдау
компьютерден-компьютерге (синхронды байланыс-тікелей және уақыт аралық ЭВМ
(асинхронды байланыс) арқылы болуы мүмкін, олар қолданушы сұранысы бойынша
оның жеке компьютеріне хабарларды толтырып, таратуына мүмкіндік береді.
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм
мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-
жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала
бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған
мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды.
Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби
шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты
даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз
қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке
енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл
жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану
оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық-
коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi
педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және
оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-
iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану
арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология)
пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын
жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң
мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және
желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
- бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
- информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика
мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
- арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк
бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде
дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
- вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
- болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған
курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
- рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту
бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге
бағытталуы қажет;
- эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi
талап етiледi;
- iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың
тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер
бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен
олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру
ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк
ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты
игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-
тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты
анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б.
жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша
құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы ақпараттық
технологиялар”.
1.3.Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану
Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табылатын
өнер, - деп тәлімгер-ғалым Ж.Аймауытов көрсеткендей, пәннің пәрменділігін
арттыруда мұғалімнің рөлі зор.
Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жеке меңгерту –
әр мұғалімнің басты міндеті. Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті,
дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай, сабақ жүргізудің әр түрлі
әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар тереңдігіне ден салу керек.
Қазіргі таңда қолданылатын әдістер мен технологиялар оқушының жан-жақты
дамып, пәнді терең түсінуіне ықпал етеді. Ал, оқытудың ақпараттық
технологиясы – заман талабы. Жалпы алғанда, оқытудың ақпараттық
технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер,
педагогикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz