Психология және когнитивтік психология



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ИСЛАМ МЕН ПСИХОЛОГИЯ БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..9

1.1. Психология және когнитивтік психология ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Ислам және психология ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Ислам ғалымдары және когнитивтік ғылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 ИСЛАМ АЯСЫНДАҒЫ КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ: АҚЫЛ, ЖАДЫ ЖӘНЕ МИДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

2.1. Ақыл иелері түсінігі
2.1.1. Исламдағы ақыл түсінігінің анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1.2. Әһли сүннет уәл-жамағат ғалымдарының ақыл жайлы тартыстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2. Құран аяттарын оқу және жаттау кезіндегі ми құрылымындағы когнитивтік өзгерістер
2.2.1. Адам миының құрылымы мен жады түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2.2. Құран Кәрімді оқу және жаттау кезінде ми мен жадыдағы құрылымдық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.3.Ислами білім беру мен нейроғылымдардың интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 42

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста ислам аясындағы когнитивтік психология жан-жақты талданып, когнитивтік психологияның зерттеу пәндерінің бірі болып табылатын ақыл, жады және мидағы құрылымдық өзгерістер ислами тұрғыдан қарастырылды. Құран Кәрім мен психология, ислам мен психология, ислам мен нейроғылымдардың арасындағы арақатынас зерттелді. Сондай-ақ, Құран Кәрімді жаттау кезінде ми құрылымында орын алатын когнитивтік өзгерістер зерделеніп, Құран Кәрімді мәнерлеп оқудың адам жадысына тигізетін әсері талданды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Когнитивтік психология - адам миындағы процесстерді зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, кез-келген мұсылман бұл тақырыптың Құран Кәрім мен ислам әлемімен етене байланысып жатқандығын білуі тиіс. Отандық ғылым кеңістігінде ислам мен Құран Кәрімдегі когнитивтік психологияға қатысты жүргізілген зерттеулер жоқ екендігі де ғылыми жұмысымыздың өзектілігін нақтылай түседі.
Когнитивтік психология - ХVIII ғасырда философия пәнінен бөлініп шыққан сала болып табылатын психологияның ірі мектептерінің бірі. Қазіргі таңда кеңінен зерттеліп жатқан бұл саладан нейробиология, неврология, жасанды интеллект сынды үлкен ғылым салалары пайда болып, XXI ғасырдың басты ғылыми бағыттарының бірі болып отыр. Психология пән ретінде философиядан бөлінбей тұрып, орта ғасырдағы ислам ғұламалары бұл пәннің қалыптасып, бағыт-бағдар алуына себепші болған. Дипломдық жұмысымыздың аясында қарастырылған когнитивтік психология мен жалпы когнитивтік ғылымдарға ислам ғұламаларының қосқан үлестері зор болып табылады. Атап айтқанда, Әбу Юсуф Йа'қуб ибн Исхақ әл-Кинди, Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Зәкәрия әр-Рази, Әбу Зәйд әл- Балхи, Әбу Али әл-Хусәйн ибн Абдуллаһ ибн Сина, Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед ибн Мискуәйһ сынды басқа да исламның жарық шоқжұлдыздары. Зерттеу жұмысы барысында бұл ғұламалардың когнитивтік ғылымдарға қосқан үлестері де қамтылып, зерттелді.
Ойлану, есте сақтау, түсіну, сезіну, жауап беру, түйсіну, қиялдау сияқты т.б. барлық ми процесстері когнитивтік психологияның негізгі зерттеу пәні болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында ми процесстері мен Құран Кәрім аяттарының байланысы анықталып, ислам әлемі мен когнитивтік ғылымдардың интиграциялануының моделі ұсынылды.
Сондай-ақ, Құран аяттарын жаттау және мәнерлеп оқу кезінде сопақша ми, ми кортексі, гиппокамп, ми сыңарларының бөліктері мен мидағы ақ, сұр заттардың құрылымдық өзгерістерін білу - біріншіден, мұсылман адамның өз жаратылысының ерекшелігін, миы мен ондағы күрделі процесстердің мұғжиза екенін ұғындыра түсіп, Жаратушысын тану мен оған махаббат қоюға жетелейді. Екіншіден, Құран Кәрімді оқу және жаттауға ислами мәтіндерде келген ынталандырулардан бөлек, қосымша ретінде аталмыш әрекеттердің мидың икемделуіне байланысты өзге ғылымдарда да жетістіктерге жетелейтіні зерттеу жұмысы барысында ғылыми тұрғыда зерттеліп, түсіндіріледі.
Когнитивтік психология нейроғылымдармен етене байланысып жатқан ғылым саласы. Нейроғылымдар - нейрондық процесстерді зерттейтін пәнаралық сала болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында ислам білім беру жүйесі мен нейроғылымдардың байланыс құрып, білім беру жүйесін жоғары деңгейге жеткізе алу мүмкіндігінің бар екендігі де тиісінше зерттеліп, аталып өтті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Когнитивтік психология термині - ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болған. Бұл сала дами келе, 80-ші жылдары когнитивтік ғылымдар қозғалысына айналды.
Когнитивтік психология саласында Уильям Найссер, Джордж Миллер, Джером Брунер, Карл Прибрам, Роберт Солсо, Джордж Сперлинг, Мария Фаликман сынды көптеген психологтардың еңбектері бар.
Ал когнитивтік ғылымдар мен исламды байланыстырып жазылған еңбектерден:
Әбу-л Қасым әл-Фарйабидің Халисату-л хақайқ трактатының алғашқы тарауы ақыл тақырыбына арналған
Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед ибн Мискуәйһтың Тәһзиб әл-Ахлақ уә Татхир әл-Ағрақ кітабында ақылға біраз тоқталған
Әбу Хамид Мұхаммед әл Ғазали өзінің Ихия-у Илумуддин кітабында жалпы психология және ақыл турасында жазған
Біріккен Араб Әмірліктері унверситетінің психолог-ұстазы Amber Haque Психология ислами көзбен (Psychology from Islamic Perspective) атты ғылыми мақалалары
Германиялық нейропсихолог, IASE (Islamic Association of Social and Educational Professions) ассоцияциясының белсенді мүшесі Paul Kaplick пен түркиялық Ибн Халдун университетінің доктор профессоры Hooman Keshavarzi-дің An Interdisciplinary Framework for Islamic Cognitive атты еңбектері
Канадалық нейропсихолог Mohamed Ghilan-ның ғылыми мақалалары
Индонезиялық Ahmad Dablan университетінің нейропсихологы Suyadi-дің Ислами білім беру жүйесі мен нейроғылымның гибридизациясы (Hybridization of Islamic Education and Neuroscience) атты мақалалары бар.
Зерттеудің дереккөздері. Жоғарыда аталған дереккөздермен қоса, тақырыпты зерттеу барысында Ресей психологтарынан Мария Фаликманның Горизонты когнитивной психологии. Хрестоматия атты еңбегі мен Youtube желісіндегі түсіндірме-видео сабақтары, Роберт Солсоның Когнитивная психология және Алан Бэдделидің Ваша память, B.C. Рамачандранның Мозг рассказывает. Что делает нас людьми атты еңбектері когнитивтік психологияны зерттеу кезінде қолданылды.
Ал негізгі зерттеу тақырыбы аясында іздену кезінде ағылшын тілінде шетелдік кітаптар, ғылыми журналдар мен басылымдардың мақалалары кеңінен пайдаланылып, сәйкесінше қазақ тіліне аударылды.
Араб тіліндегі дереккөздерден ақида, хадис ілімдері, тәпсір ілімдеріне байланысты университет қабырғасында өтілген кітаптар мен деректер қолданылды.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысы барысында отандық ислами білім кеңістігінде жазылған ғылыми еңбектер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - ислам аясындағы когнитивтік психологияны талдап, түсіндіру, негіздерін Құран мен сүннет контекстінде дәйектеу болып табылады. Бұл мақсат орындалуы үшін келесі міндеттер қойылды:
Психология мен когнитивтік психологияға анықтама беру
Ислам мен психологияның байланысын ашу
Ислам ғұламаларының когнитивтік ғылымдарға қосқан үлестерін талдау
Ақыл түсінігін ислам тұрғысынан ашу
Адам миының бөліктері мен қызметтері, жады түрлерін талдау арқылы ми құрылымының ғажап түрде жаратылғанын түсіндіру
Құран Кәрім аяттарын оқу және жаттау кезіндегі ми құрылымындағы өзгерістерді талдау
Зерттеудің нысаны мен пәні. Зерттеудің нысаны - ислам аясындағы когнитивтік психология және Құран оқу, жаттау кезіндегі мида орын алатын когнитивтік өзгерістер. Зерттеу пәні - ақыл, жады және Құран жаттау кезінде мида орын алатын құрылымдық өзгерістер.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Негізгі дереккөз ретінде Әбу-л Қасым әл-Фарйабидің Халисату-л хақайқ трактаты, Suyadi-дің Ислами білім беру жүйесі мен нейроғылымның гибридизациясы (Hybridization of Islamic Education and Neuroscience) мақаласы пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында семантикалық талдау, контекстуалды талдау, тарихи-салыстырмалы талдау, компаративистикалық әдіс және этимологиялық талдау, саралау, жіктеу, сипаттау, түйіндеу сынды ғылыми әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ғылыми жұмыстың жaңaлығы төмeндeгідeй:
Отандық ғылым кеңістігінде алғаш рет Құран Кәрімдегі когнитивтік психологияға қатысты зерттеу жүргізілді
- Ғылыми тұрғыдa ислам ойшылдары мен батыстық психолог ғалымдардың когнитивтік ғылымдарға қосқан үлестері мен бағыт-бағдарлары талданды
Құран Кәрім аяттарын оқу кезіндегі ми құрылымында орын алатын когнитивтік өзгерістер сараланды
Ислами білім беру жүйесіне нейроғылымдардың интеграциялануының пайдалары аталып өтті
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмыста қарастырылған теориялық тұжырымдар, әдістемелік қорытындылар мен зерттеу нәтижелерін Құран Кәрімді жаттау кезінде қолданудың тәжірибелік маңызы зор болып табылады.
Аталмыш тақырыпты зерттеу барысында ислам әлемі мен заманауи ғылым кеңістігіндегі гуманитарлық, техникалық ғылымдардың түйісіп, байланыс құра алатындығына көз жеткізіліп, алдағы уақытта зерттеу жұмысы тақырыбының аясында кеңірек зерттеулер жүргізілуі тиіс екендігі пайымдалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер мен тұжырымдар. Ғылыми жұмыстың нәтижелері немесе тұжырымдары төмендегідей:
- Когнитивтік психология мен Құран Кәрімнің байланысы
Ислам ойшылдарының когнитивтік ғылымдарға сіңірген еңбектері анықталды
Құран аяттарын жаттау кезіндегі ми құрылымындағы өзгерістерді талдау арқылы Құран Кәрімді толық жаттауға ынталандыруға болатыны анықталды
- Зерттеу жұмысы Құран мен когнитивтік психологияның байланысын анықтай отырып, қазіргі таңда зерттеліп жатқан бұл салаға өз үлесін қоса алады.

ИСЛАМ МЕН ПСИХОЛОГИЯ БАЙЛАНЫСЫ

1.1 Психология және когнитивтік психология

Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның тұңғыш келген жері Ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі psuche (жан), екіншісі логос (сөз, ілім). Солайша, психология - жан туралы ілім деген үғымды білдіреді [1, б.4].
Психология адамның субъективті әлемін зерттейтін ғылым саласы. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін психология саласын философтар адам табиғатын болжау, интуиция және жалпылама қорытынды жасау арқылы өте шектеулі, жеке тәжірибелер негізінде зерттеген. Философтар биология және басқа да жаратылыстану ғылымдарында сәтті қолданылған құралдарды қолдана бастағанда бұл салада трансформация басталды. Зерттеушілер мұқият бақылау және эксперимент жасау сияқты адам санасын зерттеу әдістеріне сенімді бола бастағанда ғана психология өзінің түп тамырынан, яғни, философиядан ажырай бастады.
Психология жаңа пән болып қалыптасқаннан кейін объективті зерттеу әдістерін дамыту қажеттігі туды. Философиядан бөлінгеннен кейінгі психология тарихының басым бөлігі аталмыш пәннің зерттеу құралдары, әдістемелері мен әдістерін үздіксіз жетілдіру мәселелеріне арналады. Бұл процесс психологтерге қойылатын сұрақтар мен олардың жауабына тың көзбен қарап, объективтілікке қол жеткізу үшін ауадай қажет болды.
Психикалық құбылыстарды зерттеу үшін физика және биология ғылымының әдістерін қолдану идеясының пайда болуына ХVІІ ғасыр мен XIX ғасыр аралығындағы философиялық ойлар мен физиологиялық зерттеу жұмыстары түрткі болған. Қазіргі психологияның дами бастауы дәл осы кезең болып табылады [5, б.27-28].
Психология тарихында түрлі мектептер болды және олардың әрқайсысы бұрынғы мектепке қарсы шықты. Жаңа ағымдар бұрынғы қарсыластарын сынға алу объектілері және жеке даму импульсі ретінде қолданды. Әр мектеп өкілдері алдыңғы теориялық жүйеден іргесін аулақ салды.
Психология эволюциясы кезіндегі психология мектептері төмендегідей:
Структурализм: психологиядағы Титченер жүйесі, сана тәжірибесінің экспериментке қатысушы адамға тәуелдігін білдіреді.
Функционализм: психологиядағы организмді қоршаған ортаға бейімдеу кезінде сананың ролін зерттеуге бағытталған бағыт.
Бихевиоризм: объективті түрде сипаттауға болатын айқын мінез-құлық актілерін ғана зерттейтін, Уотсонның мінез-құлық туралы тұжырымдаған ғылымы.
Гештальт-психология: ХХ ғасыр басындағы психологиялық мектеп. 1912 жылы Германияда пайда болған. Психиканың негізгі элементтері деп психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни гештальттарды санайды.
Психоанализ: Зигмунд Фрейд жетілдірген ілім, санасыздықты және адам психикасында оның санамен өзара байланысын зерттейді.
Гуманистік психология: адамның сана тәжірибесін зерттеу маңызын көрсететін және тұлғаны бірегей тұтас жүйе ретінде мойындайтын психологиядағы ағым.
Когнитивтік психология: назардың тану процесіне шоғырланатын психологиядағы ағым [5, б.42-43].
Жұмыс барысында психологияның соңғы мектебі болып табылатын когнитивтік психологияның Құран Кәрім аяттарындағы көріністерін, ислам мен когнитивтік ғылымдардың байланысын талқылап, Құран аяттарын оқу кезіндегі ми құрылымындағы өзгерістерді қарастырамыз.
Когнитивтік психология психикалық процесстердің ішкі ұйымдасуының ролін жоққа шығарған бихевиоризмге балама ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңы - 60-жылдарының бас кезінде пайда болды. Когнитивтік психология барлық психикалық процесстерді танымдық (когнитивтік) факторлармен жанамаланған ретінде қарастыра отырып, психика ұғымын ғылыми білімнің пәні ретінде айқындады.
Когнитивтік психологияның (лат. cognoscere; грек. білу, қабылдау) [22, б.2147] терминдік мағынасына келетін болсақ, бұл терминнің кемінде үш мағынасы бар. Біріншіден, термин тақырыптық бағыттардың қарапайым жиынтығын, яғни мінез-құлықта байқалатын немесе когнитивтік психология саласында зерттелген құбылыстар жиынтығын білдіреді. Екіншіден, бұл термин когнитивті психологтардың адамның іс-қимылдарын қоршаған ортаның әсер етуі мен мінез-құлық арасындағы өзара әрекеттесетін танымдық жүйені қолдана отырып түсіндіруін білдіреді. Үшіншіден, когнитивті психология зерттеуге арнайы әдіснамалық тәсілді қолдана отыра, адамның мінез-құлқын эмприкалық әдіспен зерттеу болып табылады.
Когнитивтік психологияның зерттейтін аясына келетін болсақ, қазіргі уақытта когнитивтік психология адамның жады, қабылдау, назар аудару, тану, сана, неврология, білімді ұсыну, танымдық даму, тіл және ойлау сынды көптеген салалармен байланысты болып табылады. Аталған құбылыстардың ортақ белгісі ақыл-ойдың әрекеті болып табылады. Сонымен, жалпы алғанда когнитивтік психология ақыл-ойдың құрылымы мен психикалық әрекеттерін, сонымен қатар оның мінез-құлық көріністерін түсіндіруге жауап береді [22, б.2147].
Совет-американдық психолог Лев Векердің классификациясы бойынша когнитивтік психологияның зерттеу аялары екіге бөлінеді. Олардың біріншісі: танымдық процесстер (сезу, қабылдау, ойлау), екіншісі әмбебап процесстер (жады, назар, қиял). Сонымен қатар, Лев Векер бұл алты процесстен бөлек, саналы адам үшін маңызды болып табылатын сөйлеу қабілетін қосады.

1-кесте. Лев Векердің классификациясы бойынша когнитивтік психологияның зерттеу аялары

Когнитивтік психология өз бастауын неміс психолог-физиологы Вильгельм Вундт (1832-1920) негізін салған эксперименттік психологиядан алады. 1870 жылы Германияның Лейпциг қаласында алғашқы психология институтының негізін қалаған Вундт адамның санасын зерттеуді алдына мақсат етіп қойып, жануарларға зертханалық тәжірибелер жасайды. Вундт психологияның негізгі зерттеу нысаны адамның санасы болуы керектігін алға тартады. Алайда, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Вундт негізін қалаған эксперименттік психологияға деген көзқарас екіге бөлінеді.
Бірінші топ, яғни, Бихевиоризм мектебінің өкілдері (1913) психологияның негізгі зерттеу нысаны адамның мінез-құлқы болуы керек деп мәлімдеме жасайды. Себебі, адамның санасы жеткілікті түрде объективті емес деп пайымдайды. Ал эксперименттік психологияға қарсы шыққан екінші топ Психоанализ (1905) мектебінің өкілдері болатын. Олар адамның психикасы сананы зерттеумен шегіне жетпейтінін, психологияның негізгі зерттеу нысаны бейсана болуы керектігін алға тартады.
Осылайша, психология ғылымы келесі 50 жылдықта бихевиористтің тышқандарға арналған лабиринті мен психоаналитиктің кушеткасының арасында дамып жатты. Алайда, дәл осы 50 жылдықта адамзат тарихында теңдессіз ғылыми серпіліс орын алған еді. Ағылшын математигі Алан Тьюринг 1930-шы жылы ең алғашқы есептеуіш машинаны ойлап тауып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуына алғышарт жасады. Сонымен қатар, Джон фон Нейман ең алғашқы компьютердің сәулетін ұсынып, адам санасын компьютермен салыстыру арқылы кері байланыс негізінде өзін-өзі басқаруға қабілетті жүйелерді (жасанды интеллект) жасау мүмкіндігін ашып, кибернетика ғылымының негізін салды. Бұл ғылыми серпіліс психология саласының мамандарына бағытталған бірнеше сұрақты тудырды:
Жасанды сананы ойлап табу мүмкін бе?
Оны жасап шығарудың негізгі критерийлері қандай?
Компьютер қандай нәрселерді түсінуге қабілетті?
Өкінішке орай, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы психология бұл сұрақтарды қанағаттандыра алмады. Себебі, бихевиоризм мен психоанализ мектептерінің негізгі зерттеу нысаны адамның санасы емес еді. Нәтижесінде, 1950-ші жылдары АҚШ-та когнитивтік (контр)революция орын алды. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Массачусетс Технологиялық Институтында (MIT) 1956-шы жылы, 11-қыркүйекте ақпаратты өңдеу мәселелеріне байланысты симпозиумда Ноэм Хомский Сөйлеу қабілетін сипаттаудың үш моделі, Джордж Миллер Сиқырлы 72 саны, Аллен Ньюэлл мен Герберт Саймон Логик-теоретик атты үш баяндама жасады. Бұл баяндамалар жасанды интеллекттің алғашқы жұмыс моделін жасауға негіз болды.
Алғашқыда когнитивтік психология - адам миын, оның қабілеттерін компьютерлік анықтама аясында сананың танымдық процесстерін зерттейтін сала еді, яғни, адам санасын компьютермен салыстыру арқылы, жасанды интеллект жасаудың мүмкіндіктерін іздеді. Уақыт өте келе, когнитивтік психология өз аясын кеңейтіп, когнитивтік ғылым пайда болды.
Когнитивтік ғылым - тірі және жасанды жүйелер арқылы білімді алу, сақтау, түрлендіру және пайдалану процестерінің жиынтығын пәнаралық зерттеу саласы. Когнитивтік ғылымдар санатына: философия, лингвистика, антропология, неврология, жасанды интеллект және психология ғылымдары енді. Бұл санатқа қосылған барлық ғылымдардың ортақ мүддесі миды зерттеу еді. Аталған ғылымдар: Ми - белгілі бір операцияларды орындайтын есептеу құрылғысы (суперкомпьютер) деп анықтама берді. ХХ ғасырдың екінші жарты жылдығында ми мен сана инженерлік модельде (cognitive boxology) зерттелді.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап, ми мен компьютерді салыстырудың қателік екені анықтала бастады. Себебі, адам баласы есте сақтау, ойлау, шешім қабылдау, назар аудару сынды танымдық процесстерді орындау кезінде қателік жіберуі мүмкін екені эксперименттер негізінде дәлелдене бастады. Ал суперкомпьютер қателік жібермеуге бейім болуы тиіс болатын. ХХІ ғасырдың алғашқы жылдары адам миы есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдап, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған машина емес екендігін ғылым мойындап, когнитивтік зерттеулер компьютерден адамға қарай ауысты. Жаңа ғасырдың когнитивтік психологиясының нысаны: адам, адамның денесі, эмоциялары, қоршаған ортасы (социум), мәдениеті, дамуы және миы болып белгіленді.
Когнитивтік психологияның жаңа нысанын зерттеу барысында ХХ ғасырдың 90-шы жылдары функционалды магнитті-резонансты томографияның (фМРТ) пайда болуы когнитивтік ғылымдардың дамуына үлкен өзгерістер алып келді. Қазіргі таңда когнитивтік психология нейроғылымның жаңа құралдары арқылы (фМРТ, МЭГ, ТМС және т.б.) даму үстінде. Қазіргі когнитивтік психология:
классикалық мәселелерді (қабылдау, түйсік, есте сақтау, назар, ес, қиял);
мидың физикалық қасиеттерін (моторлы кортекс семантикасы және т.б.);
әлеуметтік және баршаға ортақ таным, мәдениетті биология (әр түрлі мамандық иелері мен әртүрлі қоғам таптары, мәдениет өкілдерінің ми құрылымындағы функционалды және құрылымдық өзгерістер);
нейроэстетика мен нейроэтиканы зерттейді.
Зерттеу жұмысы барысында когнитивтік психологияның классикалық мәселелері мен Құран Кәрім аяттарының байланысы зерттеледі.
Қорытындылай келе, когнитивтік психология дегеніміз - адамдардың ақпаратты қалай алатындығын, адамның бұл ақпаратты қалай түсінетіндігін, оның қалай сақталатындығын және білім әсерінен қалай өзгеретіндігін, осы білімдердің біздің зейініміз бен мінез-құлқымызға қалай әсер ететіндігін зерттеуге бағытталған ғылым саласы болып табылады. Ал когнитивтік ғылымдар дегеніміз - адам миын зерттеуге бағытталған пәнаралық ғылымдар қозғалысы.

Ислам және психология

Психология ілімі Илмун нафс, кейінірек Психология және соңғы уақыттарда Модерн психология, яғни Қазіргі заманғы немесе заманауи психология деп қолданыла бастады [8].
Аталмыш жұмыста адамның физиологиялық қыры, яғни, ми қызметі - когнитивтік психология мен Құранның байланысы негізінде зерттеледі. Яғни, батыстық психология мен негізін Құран мен сүннеттен алатын ислами психология арасында байланыс құрылып, бір-біріне ұқсамайтын екі ілім бір тұсқа түйіседі.
Өкінішке орай, ислам діні жайлы қазіргі заманғы батыстық психология тұжырымдамалары өркениеттер қақтығысы мен терең тамыр жайған адасулар мен қате пікірлерге сүйенеді. Ол тұжырымдамалар ислам фундаментализмін саралап, ол жайлы саяси және мәдени элементтерге сүйене отырып шешім қабылдайды. Мәселенің бір жағы ислам психологиясында қоғам мүшелерінің қиындықтарын шешіп, мұсылмандарға психологиялық көмек көрсетуге қауқарлы қазіргі батыстық психологиядағы теориялардың аналогтарының болмауында болып табылады. Алайда батыстық психология ортағасырлық Әл Кинди, Әл Фараби, Ибн Сина, Әл Ғазалилердің ислам психологиясында жазған еңбектері мен ғылыми мұраларын есепке алмайды. Мұсылман ғалымдары VIII ғасырдың өзінде ислам психологиясының негізін қалап, адамның дамуы мен өзін бақытты сезінуі үшін психикалық және мінез-құлық мәселелерін шешу жолдарын ұсынған еді. Алайда, ол теориялар ислам ғылымында жалғасын тапса, дін ұстанатын адамды психикалық саулыққа ұмтылдыратын еді. Себебі, ислам ахлақ пен психологияны тығыз байланыстырып, сенім мен Аллаға ұмтылуды жан саулығының кілті деп санайды. Дәл осы себеп ислам психологиясын оның заманауи аналогынан ажыратуы керек.
Қазіргі психологияның зайырлы сипаты адамның мінез-құлқының рухани іргетасын елемейді. Бұл тұлғаның мотивтерін, ұстанымдарын және мінез-құлқын, ойлау процестерін дұрыс түсінбеуге әкеледі. Расында, заманауи психологияның басты мақсатының бірі болып табылатын адамды ауру мен ішкі рухани қақтығыстардан айықтыру түсінігі ислами психологияның мәнімен де сәйкес келеді.
Соңғы бірнеше онжылдықта Ислам мен психологияның интеграциясын қалай дұрыс анықтау және жүзеге асыру туралы мәселе үлкен назар аударуда. Бұл құбылысты ғалымдар исламдық және психологиялық қозғалыс деп атайды. 1979 жылы Малик Бадри мұсылман психологтарына Батыс теорияларын қабылдауға байланысты ескерту жасап, ислам психологиясының парадигмасын құруға шақырған еді [10]. Мәлік Бәдри осыған қатысты айтқан пікірінде: Батыста адамдардың діннен алыстау нәтижесінде көптеген шіркеулер қаңырап бос қалды. Шіркеулерде орын алған бұл бостықтың орнын толтыру үшін адамдардың рухани дүниесі мен ар-ұжданына тіл қататын басқа бір тәсіл ойлап табу қажеттілігі туындады. Осыдан барып психология іліміне деген қызығушылық пен бетбұрушылық арта түсті, - дейді [9]. Ислам психологиясының бірегей исламдық теориялық негізі әлі жасалмады. Ол үшін біз исламдық дәстүрлі космологиясында адам концепциясы қалай тұжырымдалатындығын түбегейлі түсінуіміз керек.
Адамның табиғатын және адам психикасын немесе жанды құрайтын құрылымдық аспектілерді салыстырмалы түрде түсіну көбінесе мінез-құлық пен мотивацияны қалай түсінетінімізді анықтайды және психология мен психотерапияға теориялық көзқарастардың философиялық негіздері болып табылады. Исламдық психологияны ислам тұрғысынан мағыналы түрде анықтау исламдық тұтастықпен адам табиғатының тұжырымдамалық негізін немесе моделін жасамастан мүмкін болмас еді. Бұл ислам психотерапиясы сияқты қолданбалы психологияның әртүрлі нысандары үшін негіз болады [10].
Құран Кәрімдегі: Жер бетінде (Аллаға) қалтқысыз иланғысы келетін жандар үшін көптеген анық айғақ бар. Сондай-ақ өз болмыстарыңда да талай-талай айғақтың бары анық. Сонда да көрмейсіңдер ме?! (Зәрият сүресі, 20-21) [11]. Бұл аят адам баласының рухани, физикалық тұрғыда таң қаларлық үйлесіммен жаратылғандығына сілтеме жасайды.
Сондай-ақ өз болмыстарыңда да талай-талай айғақтың бары анық. Сонда да көрмейсіңдер ме?! Ендеше, адам баласы өзінің нендей нәрседен жаралғанына зер салып қарасын! Ол ытқып шығатын болмашы сұйық судан жаралды. Ол сұйық бел омыртқа мен қабырға арасынан шығады (Тариқ сүресі, 5-7) [8][11]. Осы сынды басқа да аяттар арқылы Аллаһ Тағала адам баласын өзін-өзі тануға, өз ішіне үңілуге шақырады. Себебі, адам баласы өзін зерттеген сайын өзін Жаратушысына деген шүкірі мен махаббаты артады.
Зерттеу жұмысы барысында жоғарыдағы аяттарға мысал ретінде адам миының мұғжиза түрде жаратылғандығына оның құрылымы мен қызметтерін зерттеу арқылы көз жеткізілді.
Психология ілімінің зерттеу объектісі адам және оның рухани әлемі мен іс-әрекеті болғаны себепті аталмыш ілімнің ислам дінінде алатын орны ерекше. Себебі ислам дінінің де негізгі зерттейтін объектісі - адам. Ал олай болған жағдайда міндетті түрде ислам әлеміне, оның ішінде ислам философтары мен психологтарының еңбектеріне тоқталып өтуге тура келеді.

Ислам ғалымдары және когнитивтік ғылымдар

Когнитивтік ғылымдар дегеніміз - тірі және жасанды жүйелер арқылы білімді алу, сақтау, түрлендіру және пайдалану процестерінің жиынтығын пәнаралық зерттеу саласы. Когнитивтік ғылымдар санатына: философия, лингвистика, антропология, нейробиология, жасанды интеллект және психология енеді.
Мұсылман ғылым-білімі адамзаттың барлық сұрағына жауап беретін философия ғылымының негізінде құрылды. Философия ғылымы адам мен құдайлық мәселелерді қамтиды. Ислам философиясы VIII-IX ғасырларда грек философиясы мен үнді, парсы ойларының әсерімен қалыптасып, негізгі философия орталығы Александрия және Сирия елдерінде болды [23]. Ислам мемлекетін 813-832 жылдары билеген, Аббасилер дәуірі кезіндегі халифа - Әл-Мамун (толық аты: Абдулла әл-Мәмун ибн Харун әр-Рашид ибн Мұхаммед әл-Мәһди) грек философиялық еңбектерін араб тіліне аудару ісіне қызығып, аударма орталықтарын құрған. Ислам мәдениетінің өздерінен бұрынғы мәдениеттер мен болашақтағы мәдениеттердің арасына көпір құруында осы аударма еңбектерінің үлкен орны бар. Батыс әлемі философиямен, тарихтағы философтар мен басқа да ғылым салаларындағы көзқарастармен осы аудармалар себебінен танысқан. Мәмуннің дәуірі Аббасилерде ғылым мен білімнің алтын ғасыры болып есептеледі [24, б.124-125]. Халифа Бәйт әл-Хикмәһ деп аталатын ғылым академиясын құрып, философия және т.б. ғылым салаларында грек, үнді, парсы тілдерінен трактаттар аудартқызды. Құран аяттарында Аллаһ Тағаланың адамдарды тіршілік, табиғат, ақырет және т.б. жайлы ойлануға шақыруы; Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) хадистерінде білімнің артықшылықтары жайлы көп айтылуы мұсылмандардың философияға қызығушылығын арттырды.
Мұсылман философтары: дін мен философияның арақатынасы, әлемнің пайда болуы, Жаратушының бар екеніне дәлелдер, жаратылу және эволюция теориясы, жан мен рух теориясы жайлы еңбектер жазды. Мұсылман ғалымдарының ғылымның негізін құрудағы үлесі - бүкіл әлемдік мәдени және зиялы глобализация болып есептеліп, кейінгі 1000 жыл бойы Батыс өркениетіне өз әсерін тигізді [23].
Барлық ғылымдар, оның ішінде психология да философиядан бөлініп шыққаны белгілі. Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Сирин әл-Кинди (Алькиндус), Әбу Зәйд Мұхаммед ибн Заль әл-Балхи, Мұхаммед ибн Закария Рази, Әл Фараби, Ибн әл-Хәйсам (Альхазен), Әл Бируни, Ибн Сина (Авиценна), әл-Ғазали, Ибн әл-Нафис және Ибн Халдун сынды көптеген ислам ғалымдарының психологиялық тұжырымдамалардың қалыптасып, дамуына қосқан үлестері зор. Олар адам мінез-құлқының, жаратылысының нормалық және нормадан тыс жағдайларындағы психологиялық аспектілеріне кеңінен түсіндірме берген. Олардың бұл саланы түсінудегі жаңашыл көзқарастары әлдеқайда кең болған еді [30; 443-б].
Мұсылман философтары қазіргі таңдағы психология ғылымы зерттейтін салаларды өз ғасырларында зерттеген. Олардың бірі - Әбу Юсуф Йа'қуб ибн Исхақ әл-Кинди (801-866). Алғашқы ислам философы болып танылған Әл-Кинди кітаптар, трактаттар мен мақалаларын қосқанда 239 еңбек жазып қалдырған. Олардың ішінде психологияға қатысты еңбектері: ұйқы мен түстер жайлы, алғашқы философия, депрессияны жоюға қатысты болған.
Әли ибн Сәһл Раббан әт-Табари (838-870) - баланы тәрбиелеу мен тұлға қалыптастыру саласында еңбек жазған алғашқы ғалым. Бұл тақырыптар оның Фирдаус әл- Хикмәһ еңбегінде қамтылған.
Әбу Зәйд әл-Балхи (850-934) - алғашқы когнитивтік және медициналық психолог. Ең алғаш болып невроз бен психоздың айырмашылығын айтқан. Әл-Балхи неврологиялық аурулардың түрлерін белгілеп, оларды когнитивтік тұрғыда емдеу жолдарын ұсынған. Ол неврологиялық ауруларды 4 эмоциялық түрге бөлген:
Қорқыныш пен үрей
Ашу мен агрессия
Қайғы мен күйзеліс
Тәуелділік
Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Зәкәрия әр-Рази (864-932) - өзінің ұстазы әт-Табари сияқты психотерапия саласында көп еңбектенген. Ол жарақаттанған пациенттерге дәрігерлер тарапынан олардың жазылуы үшін айтылуы керекті сөздерді ұсынып, жарақаттан соң пациентті жылдам қалпына келтіруді дамытқан. Сондай-ақ, ол өзіннің Мужәббәрат кітабында әт-Тыбб әл-Мансури, яғни, ауруханалар жайлы және емдік өнер жайлы жазса, әт-Тыбб әл-Рухани деп психологиялық аулуларды емдеу жолдарын жазған.
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фараби (870-950) - Әлеуметтік психология және Қала моделі трактаттарын жазған. Сондай-ақ, Қайырымды қала тұрғындары трактатының 24-ші бөлімінде түс туралы жазып, түстің табиғаты мен себептерін түсіндірген. Әл-Фараби Интеллект анықтамасы және музыканың терапиялық қасиеттері жайлы еңбектер де жазған.
Әли ибн әл-Аббас әл-Мәжуси (995 қ.б) - Китәб әл-Мәләки деп аталатын еңбегі ислам медицинасындағы классикалық ұлы еңбектердің бірі. Бұл кітабында әл-Мәжуси жалпы денсаулық, оның ішінде психикалық аурулар мен ми жайлы жазған. Әл-Мәжусидің бұл еңбегі латын тіліне екі рет аударылып, Медицинаның толық шеберлігі ( The Complete Art of Medicine) атағын алған.
Ихуан әл-Сафа немесе Тұнықтық бауырлары (X ғасыр) - өз аты-жөндерін құпияда ұстаған ғалымдар тобы. Оңтүстік Ирактағы Басра қаласында негіздерін салған. Олардың рухани және философиялық ойларын қамтыған 5253 хаты Х ғасырдың соңына таман танымалдылыққа ие болды. Олардың барлық еңбектері математикалық және гуманитарлық (психология, метафизика, физика, химия, теология) болып екіге бөлінген. Өз хаттарында олар жан, ақыл, ми және ойлау процесстері жайлы жазған. Олар жанды: вегетативті, жануарға тән және адами (рационал) жан деп бөледі. Олар миды түйсік және ойлау сияқты жоғары функциялар орналасқан басты ағза, ал ойлану процесі миға сигнал беретін бес сезім мүшесінен басталатынын және ол сигналдарға жауап беру әртүрлі жерлерде жүреді деп есептеген.
Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед ибн Мискуәйһ (941-1030) - көптеген тақырыптарда оның ішінде психология жайлы тақырыптарды да қозғаған ойшыл. Ол этика жүйесі жайлы жазылған еңбектері арқылы кең танылған. Атап айтқанда, Тахарат әл-Ағроқ (Мінез-құлық тазалығы) немесе Тә'диб әл-Ахлақ деп аталатын еңбегі кең танымал. Әл-Фәузу әл-Әсғор (Кіші жеңіс) еңбегінде ибн Мискуәйһ Жаратушының бар екенін дәлелдер, пайғамбарлық пен рух, жан жайында жазған. Ибн Мискуәйһ қазіргі таңда өзін-өзі марапаттау (Self-reinforcement) деп аталатын процестің ең алғаш моделін ұсынған ғалым. Өзін-өзі марапатттау дегеніміз - белгілі бір жұмыс стандартына жеткен немесе асып кеткен кезде, өзін-өзі марапаттау немесе жазалау арқылы жеке тұлғалардың мінез-құлқын басқаратын процесс [25; 132 б]. Ибн Мискуәйһ мұсылман адам нәфс әл-Аммарасына (Қоздырушы нәпсі) жағымды іс жасап қойса, өзін-өзі психологиялық, физикалық немесе рухани тұрғыда кедейлерге садақа беру, ораза ұстау және т.б. сияқты істермен жазалап, нығайтуы тиіс деп тұжырымдайды.
Әбу Али әл-Хусәйн ибн Абдуллаһ ибн Сина (980-1037) - алғашқы психиатр дәрігерлердің бірі. Он алты жасында атақты дәрігерге айналған Ибн Сина әйгілі Шифа кітабында психология саласында ақыл, оның барлығы, ақыл мен дененің қарым-қатынасы, сезу, түсіну және т.б. жайлы жазған. Ол адамның қабылдауын бес сыртқы және бес ішкі сезімдерге бөлді: (а) сенсорлық мәліметтерді қабылдауға біріктіретін сезімдердің орны; (ә) қабылдау бейнелерін сақтайтын елестету сезімі; (б) осы бейнелерге әсер ететін қиял сезімі, оларды біріктіру және бөлісу (адамдардағы ақыл арқылы), демек, практикалық ақыл-ойдың орны, (в) Уәһм немесе инстинкт, жақсылық пен жамандық, махаббат және жек көру сияқты қасиеттерді қабылдайды, (д) жоғарыдағы сезімдерді өңдеп, сақтайтын түсінік. Ибн Сина сонымен қатар кейбір соматикалық ауруларға психологиялық түсінік берді.
Ибн Сина әрдайым физикалық және психологиялық ауруларды бір-бірімен байланыстырды. Ол меланхолия (депрессия) көңіл-күйдің бұзылуының бір түрі деп атады, онда адам үрейге беріліп, фобияның белгілі бір түрлерін дамыта алады. Сонымен қатар ол пациенттерін емдеуде психологиялық әдістерді қолданған. Ибн Синаның психология мен эпистомологияда (таным теориясы - философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы [18]) әйгілі теорияларының бірі - таза потенциал деп аталады. Ол адам туылған кездегі ақылын білім және тәжірибе арқылы қалыптасатын таза потенциал деп атайды. Білімге осы әлемдегі заттармен тәжірибе жүзінде танысудың арқасында қол жеткізіледі, сол білімнің негізінде әмбебап тұжырымдамалар жасалады, олар бір нүктеге түйісіп, құрастырылған кезде Танымды құрайды деп тұжырымдаған [30, б.443].
Ислам ғалымдары тарапынан сенсорлық қабылдауға үлесін қосқан тағы бір ғалым - Ибн Әл-Хайсам. Ол өзінің Оптика кітабында эксперименталдық психология мен психофизиканың негізін салған. Сондай-ақ, ол көрудің көзде емес, мида орын алатынын айтқан ең алғашқы ғалым. Ол жеке тәжірибе адамдардың не көретініне және қалай көретініне әсер ететінін, ал көру мен қабылдаудың субъективті екенін атап өткен.
Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали (1058-1111) - түрлі салаларда 70-ке жуық кітап жазған хорасандық ислам ғалымы. Ғазалидің адам табиғатына беретін анықтамасы мен түсінігіне сүйенеді. Ғазали Адамның түпкі мақсаты мен қиындықтарының, бақытының себебі оның мені-мен байланысты деп түсіндіреді. Ол мен түсінігін 4 термин негізінде сипаттаған: Жүрек, Рух, Нәпсі және Ақыл. Адам менінің табиғатында идеалға ұмтылуға деген құштарлық бар және адам сол қажеттілігін орындау үшін әрекет жасайды. Бұл құштарлық идеалға жетуге бағытталған қасиеттерге ие. Имам әл-Ғазали дене қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін меннің моторлы және сенсорлы мотивтері бар деп түсіндіреді. Моторлы мотивтер бейімділіктер (тәбет және ашу) мен импульстерді (ағзаның бейімділіктерді орындауға итермелеу) қамтиды.
Сенсорлы мотивтер бес сыртқы мотивтерден, олар: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу және ұстап білу; бес ішкі мотивтерден, олар: жалпы таным (Хисс Муштарик), қиял (Тахаююл), ой (Тафаккур), жады (Тәзәккур), ес (Хафиза) деп бөлген.
Сондай-ақ, жоғарыда аты аталған ислам ғалымдарынан басқа да көптеген ғалым когнитивтік ғылымдар, оның ішінде когнитивтік психология мен нейроғылымдарға өз үлестерін қосқан. Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Бәжә (1095-1138), Ибн әл-`Айн Зарби (1153 д.ө), Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Абдул Малик ибн Туфайл (1110-1185), Әбу әл-Уалид Мұхаммед ибн Ахмад ибн Рушд (1126-1198), Фахр әд-Дин Мұхаммед Умар әл-Рази (114950-1209), Мухид әд-Дин Мухаммед ибн Әли (ибн Араби) (1164-1240) сынды т.б. ислам әлемінің бетке ұстар ғалымдары да психология мен когнитивтік ғылымдарға, психикалық ауытқуларды емдеуге, қорыта айтқанда, заманауи психологияның негізін қалауға өз үлестерін қосқан.

2 ИСЛАМ АЯСЫНДАҒЫ КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ: АҚЫЛ, ЖАДЫ ЖӘНЕ МИДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

2.1 Ақыл иелері түсінігі

2.1.1 Исламдағы ақыл түсінігінің анықтамасы

Ақыл (лат. mens, грек. νοῦς) - ойлау, таным, түсіну, қабылдау, есте сақтау, жалпылау, бағалау және шешім қабылдау қабілеттерінің жиынтығы. Ақыл сезіммен, эмоциямен, түсінумен, жадымен, қалаулармен, жеке ерекшеліктермен және мотивтермен, сондай-ақ бейсанамен анықталады.
Ал араб тіліндегі ақыл العقل сөзі а-қа-ла етістігінен өрбіген: байлау, бөгет болу, сана, ой секілді түрлі мағынаны білдіретін сөз. Ақыл сөзінің тілдік мағынасын кеңінен аша білген Әбул Қасым Халисатул Хақайқ кітабында Сухрауардидің: Надандық ол - қараңғылық. Ақылды нұр жаулағанда, надандықтың қараңғылығын жоқ етіп, ақиқатты көре бастайды. Ақыл, надандыққа бөгет болғаны үшін бөгет болу мағынасында осы сөзді қолданған - деп ақылдың бөгет болу мағынасында түсіндірген [31].
Ақыл сөзінің терминдік мағынасына ислам ғалымдары бірнеше мағына берген. Әбул Қасымның Таза шындық кітабында ақылға бірнеше ғалымдардың түсіндірмесін келтірген, мысалы: Ақыл - Аллаһ Тағаланың миға жаратқан нұрлы жауһары, оның нұрын жүрекке қойды, жүрек ғайби нәрселерді арадағы себептермен, заттарды сезім ағзаларымен біледі деген түсінікті келтіріп, артынша: Ақыл ол жылдам түсіну, ақылдың мақсаты - ойдағының дұрысын таңдау деп ақылдың міндетін айтқан. Ибн Араби: егер білімсіздікке бейне берер болсақ күнді қараңғы етер еді, егер ақылға бейне берер болсақ түнді жарық етер еді деп ақылды нұрға теңеген. Әһлі сүннет ғалымдары Ақыл - Аллаһтың айғағы, Аллаһтың дәлелі, өйткені ол дәлел келтіруші құрал, білім алудың құралы, айғақтар мен аяттарға зер салу құралы деген [31].
Алла Тағаланың пенделеріне берген ең үлкен нығметі болған ақыл - мұғжиза. Құран Кәрімде көп жағдайда ақылды жұмыс істетуге көңіл бөлінеді. Оның ішінде үкімдерді бекітуге (تشريع) қатысты мәселелерде. Өйткені, үкімді бекітетін усули аяттардың барлығы ақыл иелеріне оған ой жүгіртіп, соған негіздей отыра үкімдер шығарып, сол бойынша амал етуге шақырады. Бұл ойымызды қуаттайтын аят Құран Кәрімнің Бақара сүресінде келген: Өздері өліп, артында әйелдері қалғандар (өлер алдында) әйелдерін бір жылға дейін киім-кешек, ішпек-жемектен қамдауды, үйден қуып жібермеуді өсиет етсін. Егер әйелдер өздігінен (үйден) кетіп қалса, олардың жолды түрде істеген істерінен сендерге келер күнә жоқ. Алла - аса үстем әрі хикметті. Талақ етілген әйелдерге жөн бойынша қамдау сома беру - тақуалардың өтеуге тиісті борышы. Сендердің түсінулерің үшін Алла өзінің аяттарын осылай баяндайды [11, б.40].
Құран Кәрімнің Әнғам сүресінде: Оларға былай деп айт: Келіңдер, Раббыларыңның арам деген нәрселерін сендерге оқып берейін, оған ешнәрсені серік қып қоспаңдар. Ата-анаға жақсылық қылыңдар; кедейліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер, біз оларға да және сендерге де ризық береміз. Көрнеу немесе көмескі арсыз іске жақындамаңдар. Өлтірілуге тиісті болғаны болмаса, Алланың әміріне қайшы келіп, (нахақ) кісі өлтірмеңдер. Түсініп алсын деп Алла сендерге осыларды өсиет етеді [11, б.149].
Сонымен қатар, Құран Кәрім әлемнің жаратылысына, адамның өзінің жаратылысына қатысты да ой жүгіртуге шақырады. Адам баласы сол ой жүгірту арқылы әлемнің жаратушысы мен әлемді жоқтан бар еткен бір ғана Алла Тағала екенін түсінеді. Әлемдегі тірі мен өлі жаратылыстарға қарап оның Жаратушысының бір екенін және құлшылыққа одан өзге ешкім лайық емес екеніне көз жеткізу үшін ой жүгіртеді. Фуссиләт сүресінің 53-ші аятында: Құранның мүлде ақиқат екендігі айқындалғанша біз оларға атыраптағы және өз бастарындағы белгілерімізді көрсете береміз. Раббыңның барлық нәрсеге куә екендігі (сенің растығыңның дәлелі болуға) жетерлік емес пе? [11, б.483] делінген. Бұл баян ету, көрсету деген ұғымдар ақылдың қатысынсыз жүзеге аса алмайды. Себебі, Алланың әлемнің немесе адамның жаратылысындағы аяттарын қарап ойланатын және оның сыртқы формасының өзіменен оны бар қылып тұрған себептерді байланыстыру арқылы ақиқатқа жеті үшін сөзсіз ақыл керек.
Осылайша, Құран Кәрімде ойлануға, ой жүгіртуге және пікір қылуға, ақылды қолдануға байланысты көптеген аяттардың бар екеніне куә боламыз. Бұл нәрсені баян етуде Алла Тағала ақылдарды ойландырып, қозғайтын жолды таңдады. Сол себепті, Құран аяттары назарды адамның ойлау жүйесіне аударып, ақиқатқа көзін ашудағы ең жоғарғы, ең үстем болған ақиқатты түсініп, оған қатысты ойландырып, сондай дәрежеге жеткізуді мақсат етеді.
Осындай мәселелердің ақылдарды қайран қалдырып, ақылды тығырыққа тірейтін тіркестерді мухкам (мағынасы ұғынықты) аяттарда келтірген. Оған екі түрлі себеп болуы мүмкін: 1) ойлануға мүмкіндік бергенмен де, ой жүгірткенде ақыл өзінің шектеулі құдіретімен бәрібір де белгілі бір межеден асып кете алмайтындығына және бұл мәселелер адамның жаратылысқа, өзіне қатысты белгілер жайлы қанша ойланса да, бәрібір оның ақиқатына толық жете алмайтынына, ол Алланың ілім-құзіретіндегі нәрсе екеніне нұсқайды; 2) ақылды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивтік психологиясы теориясы
Когнитивтік лингвистика
Ашық дағдарыс
Психология ғылымының салалары мен тармақтары, зерттеу әдістері
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегілердің таным процестерін зерттеу әдістері
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайында
Психология ұғымдары. Бихевиоризм. Фрейдизм. Гештальтпсихология
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары
Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер