Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесінің обьектілері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 бөлім. Мәліметтер қоры жайлы түсінік . . . 5
1. 1. MC ACCESS Мәліметтер қорының басқару жүйесі . . . 8
1. 2. Реляциялық мәліметтер қоры . . . 10
1. 3. Microsoft Access - Мәліметтер қорының басқару жүйесінің
объектілері . . . 12
1. 4. Мәліметтер қорын құрудың тиімді жолдары. Мәліметтер
қорын құрудың алгоритмі . . . 21
2 бөлім. Microsoft Access жүйесін оқытуға электрондық лабораториялық практикум . . . 34
2. 1. Лабораториялық практикумға қысқаша түсінік . . . 34
2. 2. Microsoft Access - 97 жүйесін оқыту стандарты туралы . . . 36
Қорытынды . . . 38
Пайдалынған әдебиеттер . . . 40
Қосымша
Кіріспе
Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер ХХ-ғасырдың ортасында пайда болды. Осымен қатар адам қызметінің жаңа сапасы - программалау дами бастады. ЭЕМ-де программалау инфоматиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі заманғы есептегіш техника - оның материалдық базасы.
Орта білім беру жүйесінде «Информатика» пәнінің ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылады.
Орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарында, алдымен оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру процестері туралы білімді меңгерту жатады. Бұған қосымша, оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік меңгеруді іске асыру құралы ретінде қолданылуы сондай-ақ, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсаты да көзделеді. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық өңдеу, беру және қолдану да үлкен маңызы бар «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйелері» деп аталатын информатиканы қарастыру да қажетті болып табылады.
Microsoft Access - 1993 жылы ең танымал МҚБЖ-нің (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) бірі болды.
Access - сөзі, ағылшын тілінен аударғанда « КІРУ » (доступ) - деген сөзді білдіреді. Талқыланған, индекатифті және интегралданған қосымшаны құру Access жүйесінің иілгіштігіне қарамастан, қосымша программалау көмегімен белгіленеді. Бұл информатикадан лобораториялық жұмыстар жүргізу мақсаты, өткен материялдарды қайталау емес, жаңа тақырыптарды ұғыну процесіне байланысты.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі заманда информацияны өңдеуде негізгі тамырының бірі Microsoft Access программасы кең түрде қолданылады. Мәліметтер қоры- бұл адам қызметіндегі әртүрлі салаға қатысты ақпараттарды сақтайтын жүйеленген орын.
Менің бұл құрстық жұмыстағы мақсатым MS Access-те «Көлік салығы» мәліметтер қорын басқару жүйесін құру (МҚБЖ) және деректер қорымен жұмыс істеуде көлік салығы жұмыс барысын жеңілдету. Microsoft Access жүйесінің деректер қорынын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қолайлы программа болып табылады. Деректер қорының маңыздылығы ол мәліметтер қорын еңгізіп, сол мәліметтер керекті мәліметтерді тез және оңай алу үшін қолданылады. Көлік салығы қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең оның мәнінің жоғары болуын және қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу.
Компьютер пайда болғанға дейін бұл ақпараттардың барлығы папкада немесе картотекаларда сақталған. Әрбір қағаз бетінде немесе карточка, мәліметтерді толтыру үшін қалдырылған бос орындары бар форма бланкы басылған. Мысалы: студенттердің жеке карточкасында фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін т. б. мәліметтерді көрсететін графаларды толтыру керек болды. Жеке студентке қатысты ақпараттар бірнеше карточкаларда сақталды. Бұл жағдай қызметкерлер үшін қолайсыз болды. Керекті ақпаратты іздеу тіптен қиын болды. Анықтама алу үшін жүздеген жеке корточкаларды ақтаруға тура келді.
Microsoft Access МҚ пайда болып көптеген проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. Microsoft Access қазіргі заман талаптарына сай мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату және сақтау жұмыстарын атқарады. Microsoft Access программасын осы дипломдық жұмыста толығымен қарастырылып, практикалық жүзінде мәліметтер қоры құрылып эксперимент түрінде мәліметтер енгізіліп өңдеу жұмыстары жүргізілді.
1 бөлім. Мәліметтер қоры жайлы түсінік
Мәліметтер қоры - бұл информацияны сақтау үшін арналған ұйымдасқан құрылғы. Мәліметтер қоры түсінігімен МҚБЖ түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалау тәсілінің комплексі, ол жаңа база құрылғысын құру үшін, оның құрамындағы толықтыруларды редактірлеу және информацияларды визуализациялауға арналған.
Қора информацияларын визуаализациялау - деп, мәліметтердің көрінісі берілген критерийлермен сәйкестігін түсінеміз. Олардың реттелуі, сипатталуы және келесі құрылғыларды шығару немесе байланыс арқылы жіберу.
Дүние жүзінде көптеген МҚБЖ бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі обьектілермен жұмыс істеп және қолданушыларға әр түрлі функциялар мен амалдарды ұсынатындығына қарамастан, МҚБЖ көп бөлігі негізгі түсініктегі бір ғана орнату комплексіне сүйенеді. Ол бізге МҚБЖ барлық класының түсінігін, әдістері мен тәсілдерін бір системада қарауға мүмкіндік береді.
Microsoft Access обьектілерімен жұмыс істеу үшін арналған, бұған мәліметтер қоры таблицасы жатады, сұраныс және мәліметтер қоры жұмысына қосымша обьектілер: форма, есеп беру, беттер, макростар мен модульдер.
Типті процестері өңдеу үшін мәліметтер қарау, жаңарту, берілген критерийден іздеу, есеп беруді қабылдау. Microsoft Access-те фома құру, сұраныстар, есеп берулер беттер құралдары бар. Қосымша обьектілері графикалық элементтерден тұрады, ол басқару элементі деп аталады.
Негізгі басқару элементі жазу таблицасымен обьектілер байланысы үшін қызмет етеді, мәліметтердің шығу жері боп табылады. Әрбір обьект пен басқару элементінің өз қасиеттері болады. Олардың әрқайсысымен оқиға жиыны байланысады.
Мәліметтер қоры терезедегі көрсетілген обьектілер Microsoft Access болып табылады. Барлық мәліметтер қорының обьектілерімен жұмыс істеу осы терезеден басталады.
Кез-келген МҚБЖ - ны тағайындау, ол құру, кіріспе және мәліметтер қорын қайта өңдеу. Тексті редакторде әр түрлі документтер дайындауға қандай мүмкіндіктер болса, дәл сондай мәліметтер қорын құру мүмкіндігі Microsoft Access МҚБЖ да бар.
МҚБЖ белгілі мүмкіндіктерді ұсынады, олар, сақталынған мәліметтер және оларды өңдеу мен бірігіп қолданулар. Кез-келген өрістің, өрі форматы, мәліметтерді сорттау, қорытынды мәнді есептеп шығаруды таңдауға болады.
Қызықтырған мәліметтерді алуға, оны өзгертуге, өшіруге, көшірмесін басқа кестеде алуға болады. Microsoft Access МҚБЖ компенентерімен және басқа Windows қосымшаларымен мәліметтер ауыстыру жасауға болады. Олар суреттер, диаграммалар және т. б. болуы мүмкін. Текстік файлдардан және электрондық кестеден экспорт және импорт мәліметтері қолданылады. Microsoft Access МҚБЖ ұйымдық қолдану кезеңі инфомацияны сақтағанда әрбір қолданушы оны көруге немесе информацияны згертуге құқы бар екендігі ескертіледі.
Microsoft Access МҚБЖ іске қосқанда мәліметтер қоры компоненттерімен жұмыс істеу мәзірі шығады.
Көптеген мәселелерді шешуде ақпаратты өңдеу негізгі мәселе болып табылады. Оны жеңіл өңдеу үшін ақпараттық жүйелер қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе деп есептеуіш машиналар қолданылатын жүйені айтамыз. Көп жүйелер осы түрде болады. Ақпараттық жүйелерге барлығы да кіреді.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер базасын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар.
Microsoft Access - бұл реляциялық мәліметтер базасының басқару жүйесі. Бұл программа арнайы Windows - қа арналған. Access командасының көмегімен келесі тапсырманы орындауға болады:
- Оңай басқарылатын байланыс элементтерінің ұйымдастыру мәліметтерін;
- Енгізу модификациялау және мәліметтерді табу,
- Мәліметтерді алу;
- Жеке формалар мен отчеттарды құру;
- Үнемі қолданылатын тапсырмаларды басқару жүйесінің мәліметін автоматизациялау;
- Графика мен диаграмманы құру;
- Бейнелерді отчетпен формаларға қосу;
Microsoft Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде көрсететін оның бірнеше қолдануға арналған ең қуатты құрал ретінде көрсететін оның ішінде негізгі ерекшеліктерін атап көрсетейік:
- Windows интерфейс - тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әр түрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейс элементтерін пайдалану;
- Түс және графика - экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі қаріптерді, түстерді, белгішелерді (пиктограмаларды) және одан да басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, эранға көптеген мәліметтерді көрсету;
- Программа шеберлері (Wizards) - тұтынушымен қарапайым, әрі логикалық айқын түрде диолог ұйымдастыра отырып, қолданбалы программалардың кез келген элементтерін тез құру;
- Оқиғаларды программалау- программалар экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады және солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез келген бір батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез жүзеге асыру;
- SQL - мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда, макростарда және өрнектерде SQL операторларын пайдалану;
Мәліметтер қоры (МҚ) - белгілі бір пәндік аймаққа жататын обьектілердің (процестердің, құбалыстардың, оқиғаларды), олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ ) - мәліметтермен жан-жақты қатынас құра отырып, олардың өнделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен ( комплекс) .
1. 1. Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесі
Microsoft Access 97/2000 СУБД-сы Windows 98/2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32- разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows -технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар.
Microsoft Access - реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Қарапайым екі өлшемді кесте - реляциялық ( relation-ағылшын тілінде қатынас ұғымы) мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалардың есеп беруін (отчет) құрудың жүзеге асырады. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының обьектілерімен жұмыс істейді.
Access - бұл, ең алдымен МҚБЖ. Осы категориядағы басқа жүйелер сияқты, ол деректерді сақтау және іздеу, ақпаратты ыңғайлы түрде және жиі қайталанатын операцияларлы автоматтандыру ( есеп, тіркеу, жоспарлау және т. б. да кіріспелер) .
Access арқылы жай ыңғайлы форма деректерін енгізуді өңдеуге және күрделі есептер беруге болады. Access Windows-тің қуатты қолданушысы МҚБЖ- ның өнімділігі.
Microsoft Windows-тің қолданушыларында бар жарлықты қолдану ыңғайлығымен шектелген.
Бұл екі өнім - Microsoft компаниясынан болғандықтан олар өзара жақсы қарым - қатынаста, сондықтан онымен жұмыс істегенде қолданушыға Windows - тің барлық артықшылықтары қолайлы.
Access-ке Windows-тің анықтауыштарынан деректерді кесіп алу, көшірмесін алу және орнына қою жұмыстарын жүргізуге болады немесе керісінше Access - те жоспарлау формасын құрып және оны Конструктор формасына қоюға болады.
Access реляционды МҚБЖ ретінде деректердің барлық типіне кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және бір мезгілде көптеген кестелерді мәліметтер қорында қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда деректер құрылғысын жеңілдетуге болады, сонымен бірге қойылған тапсырмалардың орындалуын оңайлатуға мүмкіндік бар.
Access кестесін ЭЕМ- де және серверде қарағанда, яғни Paradox және dBASE ортасында құрылған кестелерді қолдануға болады. Access жүйесі - бұл қолданушы үшін мәліметтер қорын басқарудағы соңғы аспаптар жиынтығы болып табылады. Оның құрамына кестелер конструкторы, формалар, сұраныс және есеп берулер кіреді. Бұл жүйені қосымша өңдеу орталығы ретінде қарауға болады. Тапсырманың шешімін автоматизациялау үшін макрос және модульдерді қолдана отырып қолданушының тікелей праграммалау тілінде жазылған қуатты қосымшалар құру мүмкіндігі бар.
МҚБЖ - бұл универсалды қалданбалы программалау комплексі, ол мәліметтер қорын құру және қызмет көрсету үшін және де мәліметтерге көп аспектілі кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және олардың өңделуіне арналады.
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі өзінде жергілікті мәліметтер қорын құратын барлық қажетті аспаптық құралды қамтитын реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі болып табылады. Жалпы мәліметтер қорын файлдық сервер жергілікті деректерде немесе SQL- серверде жұмыс жасайтын қолданушыға пайдалану үшін құру.
1. 2. Реляциялық мәліметтер қоры
Microsoft Access - реляциялық мәліметтер қоры, яғни ол түрлі типтегі ақпаратты бірігіп өңдеуге мүмкіндік береді. Реляциялық мәліметтер қорының артықшылығын түсіну үшін, алдымен жай реляциялық емес мәліметтер қорын, оның құрылымын ( ондай мәліметтер қоры « тегіс файл » деп аталады ) көрейік.
Сіз тегіс файлмен жұмыс істесеңіз, онда сол не басқа қолдану уақытында тек бір мәліметтер кестесін қолдана аласыз. Мысалы : егер сіз реляциялық емес мәліметтер қорына заказ туралы мәліметтер енгізгіңіз келсе, онда сіз әрбір керекті мәліметтер үшін бөлім өрісі бар бір кесте құрасыз.
Сізге заказ, клиенттер, өнімдер және налогтар туралы толық мәліметтерді бір кестеге енгізуіңіз керек. Бұндай кестенің өріс құрылымын жай тізім ретінде де елестетуге болады. Мұндай мәліметтерді бір кестеде ( немесе бір файлда) сақтау келесі бір қолайсыздықты тудырады. Бір жағынан, сізге әрбір тауар үшін және әрбір заказ үшін әрдайым максимальды сан енгізіп отыру керек.
Реляциондық мәліметтер қорында керісінше, индификацияланған компонетті бір кестеде сақтауға, ал басқа заказ бойынша мәліметтерді әр заказда өзгертіп отырған тауарларды есепке алып басқа кестеде сақтауға болады. Ал өрістерді басқа кестеде сақтауға болады.
Кез - келген мәліметтер қоры деректердің реляциялық моделіне негізделген. Алғаш 1970 жылы мәліметтердің реляциялық модулінің концепциясын Е. Ф. Кодд ұсынған. Ол кезде бұл модуль қолданбалы программалардағы деректердің сипаттамасымен, оның бейнеленуінің программадан тәуелсіз болуын қамтамасыз етумен байланысты болған.
Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі - МОДУЛЬ. Ол нақты обьектінің қандай бір оңайлатылған ұқсастығы.
Мәліметтердің реляциялық модулінің негізінде қатынастар( relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр.
Реляциондық мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас ( кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Кодд әдісінің бір ерекшелігі - ол қатынастарға (кестелерге) амалдар жүйесін қолдануды ұсынады. Бұл амалдар бір қатынастан екінші қатынастарды алуға мүмкіндік береді.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдар:
- жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық
көбейту, бөлу, біріктіру;
- арнайы релякциондық амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау
жатады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлығымен өлшенеді.
Реляциялық мәліметтер қорында қатынастар мазмұнына қарай екі сыныпқа бөлінеді: обьектілік қатынастар және жүйелі (байланыстар) қатынастар.
Обьектілік қатынас - обьектілер жайлы мәліметтерді сақтайды. Мұнда бірдей кілтті бар жолдар болмауы керек, яғни обектілердің қайталануына болмайды. Бұл мәліметердің бүтіндігін қамтамассыз ететін реляционды қорының негізгі шектеуі болып табылуда.
Жүйелі қатынас - екі немесе оданда көп обьектілік қатынастың кілттерін сақтайды, яғни кілтті бойынша қатынас обьектілерінің арасында байланыс орнатылады.
1. 3. Microsoft Access мәліметтер қорының басқару жүйесінің обьектілері.
Мәліметтер қорының негізгі сонда сақталынған мәліметтер құрады.
Дегенімен, Microsoft Access мәліметтер қорында басқа да маңызды компоненттер бар, оларды обьектілер деп атап кеткен.
Төменде обьектілер типінің тізімі көрсетілген.
- Кестелер - бұл жазудың жиындығы және ол мәліметтерді сақтайды. Кестедегі бағандар - өріс, ал жолдар- жазулар болып саналады. Ондағы жазулардың саны қатты дисктің сайымдылығымен шектеледі. Өрістің саны - 255. Мәліметтер қорында бірнеше кестелер болуы мүмкін. Әр түрлі сұрақтар үшін мәліметтерді әр кестеде сақтаған дұрыс. Жұмыс істеу үшін кестені ашу керек, ал жұмыс аяқталғанда оны жабу крек, ол үшін жұмыс барасында барлық өзгертулерді сақтау қажет.
Кестелермен екі тәртіпті жұмыс істеуге болады- кестелер және конструкторлар. Кесте режимінен конструктор режиміне өту және керісінше жасау «ВИД» -(түр) түймешесін шерткеннен болады, ол яғни ВИД түймешесі саймандар панелінде орналасқан.
Кілтті өріс - жазулар өрісі болып табылады. Кестелер кілттер арқылы байланысады: кілт бір немесе бірнеше өрістерден тұруы мүмкін. Мәліметтер қорының барлық обьектілерін сырттан әкелуге, яғни, басқа мәліметтер қорынан көшіріп алуға болады.
Сол кезде оны қайта енгізуді қажет етпейді. Егер кестелер ескі мәліметтер қорымен байланысқан болса, онда сол күйінде жаңа мәліметтер қорында байланысты болады.
Кесте режимінде әдетте қарап шығуды, қосады және мәліметтерді өзгертеді. Сонымен қатар кесте бағандарын қосуға немесе алып тастауға, сыртқы кейпін өзгертуге болады.
- Формалар - ақпаратты көруге және реляциялауға мүмкіндік береді. Ол экранның арнайы форматын береді, оны әр түрлі мақсат үшін қолданылады, ал көбінесе мәліметтерді кестеге шығару үшін және бір жазуды көру үшін. Формалар мәліметтерді енгізуге, қосымшалар қосуға және өшіруге мүмкіндік береді. Бір уақытта жұмыс үшін өзара байланысқан кестелерді құруға болады. Бірнеше кестеден мәліметтер қолданған форма сұраныс негізінен болуы керек, ол үшін осы кестелерден мәліметтерді қосу қажет.
Форманы қолдану кезінде жазуды қолданушыға ыңғайлы түрде ұсынуға болады, мысалы: бланктер, емтихан ведомосттері және т. б. Енгізу- қорытынды формасы қорға мәліметтерді енгізуге, оларды көруге, өріс мәнін өзгертуге, жазуды қосуға және өшіруге мүмкіндік береді.
Формаға қосылатын барлық - өріс, сыртқы жазулар, тізімдер, ауыстырғыштар, түймешелер, жолдар басқару элементтері болып табылады. Басқару элементтерін құру, ол қандай элементтің ( яғни, жалғасқан, бос немесе есептелінетін) құрылатындығынан тәуелді.
- Сұраныстар - мәліметтер шартын қоюға және мәліметтерге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Яғни, ол таңдау, таңдау және мәліметтерді өзгерту құралы. Сұраныс көмегімен бірнеше кестелерде мәліметтерді таңдауға, қарауға және өзгертуге болады. Сұраныс сонымен қатар форма мен берудің бастапқы көзі ретінде қолданылады.
- Есеп берулер - ақпаратты жинақтап қорытуға және басып шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар - бұл, иілгіш және тиімді құрал, онда мәліметтерді ұйымдастырып басып алуға шығарумен қатар қолданушыға керек түрде ( оқу түріндегі анықтама, кестелер т. б. ) қордан мәліметтерді шығару болып табылады.
Есеп берудің көмегімен ақпаратты қағазға қолданушыға ыңғайлы түрде орналастыруға болады. Конструктор арқылы есеп беруді өз бетінше өзгертуге болады, ал Мастер арқыла дайын нұсқаны безендіруге немесе есеп беруді қосуға болады.
- Макрос - бір немесе бірнеше ақпаратты түрде орындайды . Олар анықталған автоматты түрде орындайды. Олар анықталған формана ашу немесе есеп беруді баспаға шығару сияқты операторларды орындайды. Макростар жиі орындалатын есептерді автоматизациялауға пайдалы бола алады. Мысалы: қолданушының басқан түймешесі арқылы есеп беруді басып шығаруға арнарған макросты іске қосуға болады.
- Модуль - бұл Visual Basic тілінде жазылған мәліметтер қоры функцияларын автоматизациялау мен баптау программасы. Лабороториялық практикум мысалдарында макрос пен модуль қарастырылмайды.
Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) Және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.
Кесте (Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі обьект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба (Record ) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол МҚБЖ мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір обьект туралы толық мәлімет береді.
Өріс (Field ) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады.
Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Обьектінің әрбір сипаты (қасиеті) белгілі бір өріс мәні болып табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни негізгі (кілтті) өрісті анықтауға болады, ол әрбір жазбаны басқаларына бөліп идентификациялау үшін пайдаланылады (әрбір жазба үшін бірегей мағынаны білдіреді) және ол бір немесе бірнеше өрістен тұруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz