Гүл бөліктерінің орналасуы


АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Гүлдің құрлысы және қызметі
Орындаған: Жапаргалиева Райгуль
Тексерген: Тустубаева Ш. Т.
Нур-Султан 2021 жыл
ЖОСПАР
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Гүлдің құрылысы, қызметі және шығу тегі.
- Жемістер анықтамасы, пайда болуы мен түрлері.
- Андроцей. Гинецей. Жалпы сипаттама
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Гүл (лат. flos ) - гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Жабықтұқымды өсімдіктердің маңызды элементтерінің бірі. Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан, жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.
Гүлге түс беретін - күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады. Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді. Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады. Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі. Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.
Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін, одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын, ең ұшын-ауыз дейді.
Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады, тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады. Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды. Піскен кездетұқымдар жерге түседі, бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.
Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе - бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т. б. ), аналық және аталық гүлі жеке орналасса - қос үйлі (терек, тал, зығыр, т. б. ), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе - көп үйлі (үйеңкі, шетен т. б. ) деп аталады.
Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі - гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы - гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы - гүл серігі деп аталады.
Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Гүлдің құрылысы, қызметі және шығу тегі.
Жабық тұқымды өсімдік өсімдіктер әлемінің өте күрделі құрылысты өкілі. Ол эволюциялық даму барысында тіршілікке бейімделудің әбден кемеліне жетіп, құрылымдық жағынан болсын және физиологиялық жағынан болсын сан алуан икемділігін бастарынан өткізген тіршілік иесі. Соның нәтижесінде мұндай өсімдіктер гүл, жеміс сияқты мүшелер пайда болып, жер шарына өте кең таралған.
Гүл - жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүлде жеміс жапырақшаларының (мегаспорофиллдердің) жиегі кірігіп тұқым бүрлері орналасатын тұйық қуыс - жатын ұясы бар. Стробилде тұқым бүрлері жеміс жапырақшаларында ашық жатады. Гүлде микроспорофиллдер (аталық) мен мегаспорофилдер (жеміс жапырақшалары) бірдей. Ал ашық тұқымдылардың стробилдері дара жынысты. Гүлде гүл қөршауы болса, стробилде ол жоқ.
Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.
Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.
Гүлдің негізгі бөліктеріне - гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана кейде бірнеше болуы мүмкін (1-сурет) .
Өркен бүйіріндегі гүлдің жабын жапыраққа, яғни сыртқа қараған бетін - алдыңғы (астыңғы, абаксиалдық) жағы, ал керісінше оның ішінде, яғни өркен сабағына қараған бетін артқы (үстіңгі, адаксиалдық) жағы дейді.
Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары - сағақты гүл, сағағы жоқтары - сағақсыз немесе қондырмалы гүл.
Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп аталады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобынын негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі. Симметрия - гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.
1 - с у р е т. Гүлдін құрылысы меи диаграммасы: 1 - гүлдің өсі - сабақ; 2 - гүл жапырақшалары; 3 - тостағанша жапырақшалары; 4 - күлте жапырақ-шалары; 5 - аталық; 6 - аналық; 7 - гүл жапырақ (жабын жапырақ) .
Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т. б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл немесе бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т. б. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін болса, ондай гүлді ассиметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т. б. гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.
Гүл серігінің болуына немесе болмауына, сол сияқты оның құрылымына байланысты гүлдердің төмендегідей кейіптерін ажыратады: I) гомохламидті. Гүл серігі қарапайым, жапырақшалары бірдей және олар серіппе тәрізді орналасқан, саны өте көп, тостағанша немесе күлте тәрізді (магнолия, жарық гүл, лала гүл) ; 2) гетерохламидты. Гүл серігі қос қабатты, яғни өсімдік гүлінің құрамыңда тостағаншасы мен күлтесі бірдей кездеседі (қалампыр, қоңыраубас, бұршақ) ; 3) гаплохламидты немесе монохламидты. Гүл серігінің жапырақшалары бір ғана шеңбер түзеді, тостағанша тәрізділер жиі кездеседі (қалақай шегіршін, алабота) ; 4) ахламидті. Гүл серігі болмайды, мұндай гүлді жалаңаш гүл деп атайды (шетен, тал) .
Егер бір гүлдің құрамыңда аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т. б. ) . Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар және т. б. ) .
Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше «пента» - бес) және тетрациклді (грекше «тетра» - төрт) гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, калампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (мангнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді орналасады. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған байланысты серіппе тәрізді (ациклді) және циклді, гемициклді гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын) . Осыған байланысты төмеңдегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді бес бөлімді пентациклді бес бөлімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді, тіпті сол циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады.
Гүл серігі. Серігі, тостағаншасы мен күлтесі бар гүлді, қос қабатты гүл деп атайды. Кейде тостағаншасы бар, бірақ күлтесі жоқ, не керісінше, күлтесі ғана бар, тостағаншасы жоқ гүлді жалаң қабатты гүл дейді. Тостағанша өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп кетсе, кейде (бірнеше жеке жапырақшадан тұрады, олардың әрқайсысын тостағанша жапырақша деп атайды, мұның түсі жасыл болады және ол гүлдің басқа бөліктеріне алғашқы кезде қорғаныш қызметін атқарады. Кейде тостағанша тек гүл шанағын ғана қорғайды, содан кейін ол түсіп қалады. Мысалы, көкнардың екі тостағанша жапырақшасы, ал кейде жемістің жанында өседі де, пісу кезеңінде оған қорғаныш қызмет етеді. Мысалы, ерінгүлділерде осындай, кейде тостағанша түрін өзгертіп. қанат тәрізденіп өседі де, жеміс тарату қызметін атқарады. Мысалы, күрделі гүлділерде жемістің желмен таралуына айдарша түкті тостағанша (бақбақ, қойжелкек) әсер етеді. Кейде тостағаншаның күлте сияқты ашық түрлі түсті болып келуі де мүмкін. Мысалы, тікенекті ксерофит Aсon tholimon. Мұның тостағаншасы ақшыл, күлтесі кызғылт, өте әдемі көрінеді, ал Түркіменстан мен Кавказда кездесетін Hymenocroter ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктің тостағаншасы қызыл, күлтесі күлгін болып келеді. Тостағанша жапырақшалары жоғарғы жапырақтардан шыққан, оған дәлел олардың бір-біріне байланыстылығы және морфологиялық, анатомиялық құрылымының ұқсастығы.
Тостағаншаның астында бір-біріне жақын жамылғы тәрізді орналасқан үш жапырақты көреміз, олар да тостағанша жапырақшалары тәрізді, бірақ ірі.
Гүл серігінің екіншісі - күлте. Күлтенің тостағаншадан айырмашылығы: желектері ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі, ашық түсті болып келеді. Күлте де тостағанша тәрізді, кейде кіріккен, кейде дара бөліктерден тұрады, олардың әрқайсысын желек немесе күлте жапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің түрі үшін тұрақты болады.
Кіріккен желекті күлтелердің кірігіп кеткен бөлігін түтік, ал оған перпендикуляр орналасқан енділеу бөлігін ернеу деп атайды. Түтіктің ернеуге өтетін жерін езу дейді. Кейде күлте ернеуі анық көрінбейді (қоңыраугүлділерде), онда күлте түтікпен тісшелерден тұрады. Тісшелердің саны күлтенің неше желектен тұратынын білдіреді.
Күлте ернеулерінде түрлі қабыршақтар қорғаныштық, ал күлте жапырақшасының қабыршақ, тісше түтікше сияқты өскіндері (қалампыр) өзіне тозаңдатқыштарды тартатын қызмет атқарады. Күлтелерді түтіктерінің ұзыңдығына байланысты долихоморфты, мезоморфты және брахиморфты деп жіктейді (грекше «долихос» - ұзын; «мезос» - орташа; «брахис» - қысқа) . Түтіктің ұзаруы ерекше тозаңданатын өсімдіктерде анық байқалады.
Гүлдің симметриясы әдетте күлтенің кұрылысына байланысты. Актиноморфты күлтелер, әсіресе қарапайым ұйымдасқан мысалы, сарғалдақтар, қалампырлар, лалагүлділер сияқты тұқымдастарға тән. Кейбір аса дамыған тұқымдастарға шатыргүлділер, ойраншөптер, қоңыраугүлділер мен кейбір күрделігүлділерде де (түтік гүлдер) осындай күлтелер кездеседі. Насекомдармен тозаңданатын көптеген жоғары ұйымдасқан тұқымдастар зигоморфты болып келеді. Бұл жағдай гүлдің эволюциясында анық байқалады. Мысалы, қарапайым ұйымдасқан сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері тегеурінгүл мен бәрпі зигоморфты күлте тәрізді гүл серігі көрінеді. Кірікпеген зигоморфты күлтелер бұршақтар тұқымдасында кеңінен тараған, бұлардың құрылысы өзгеше, оның жоғарғы үлкен күлте жапырақшасы - желкен, екі бүйір жапырақшалары - ескек және төменгі екі жапырақшаның кірігіп өскен бөлігі - қайықша деп аталады. Кірікпеген зигоморфты күлтелерді шегіргүлде көре аламыз. Көптеген зигоморфты гүл құрамына тегеурін тән. Тегеурін күлтеден не жай гүл серігінің жапырақшаларынан пайда болады.
Тегеурін алғашқыда қалташа тәрізді томпайып шығады да кейіннен ұзарып өседі. Филогенетикалық жағынан тегеуріннің алғашқы сатысын есінектен, ал нағыз тегеуріннің өзін осыған жақын туыс сиякөктен көреміз (2-сурет. 2) .
Гүл тегеуріні гүлде шырын бөлетін ерекше мүше шырындықтардың болуымен тығыз байланысты. Шырыңды күлте желектерінің негізінде гүл табанында,
2-сурет. Есінек және сиякөк 3-сурет. Тозаңқаптың көлденеңінен
гүлдері: 1-есінек гүлі күлте негі- кесіндісі: А-бір тозаң ұясы; Б-жарылған
зінің қалталанып ісініуі; 2-сиякөк- тозаңқап; 1-эпидерма, 2-эңдотеций
тің тегеурін гүлі. (фиброзды қабат), 3-аралық (ыдырайтын)
қабат, 4-тапетум, 5-археспорий
(спорогенді ұлпа) ; 6-тозаңдар.
аталықтарда және т. б. болатын безді ұлпалар (шірнеліктер) немесе гүл тегеурінінің қабырғасы бөледі. Шірнеліктерде қант (25-75%), аз мөлшерде органикалық және бейорганикалық қосылыстар болады. Шірнеліктер насекомдарды өзіне тартатын тәтті шірнені бөледі, әрі гүлге хош иіс береді.
Гүлдің шығу тегі.
Жабық тұқымды өсімдіктер гүлдерінің алуан түрлі болуы және олардың ашық тұқымды өсімдіктердің осыған ұқсас мүшелерінен үлкен айырмашылықтарының болуы, гүлдің шығу тегін түсіндіруде көптеген қиындықтар туғызады. Гүл тек қана жабық тұқымды өсімдіктерге тән болғандықтан, онын; шығу тегін гүлді өсімдіктердің шығу тегімен байланысты қарастыру керек.
Гүлдің шығу тегі туралы белгілі стробилярлық, псевданттық және теломдық теориялар бар.
С т р о б и л я р л ы қ ( э в а н т т ы қ ) т е о р и я бойынша, гүл түрі өзгерген өркен. Бұл теория бойынша, гүл алғаш рет беннетиттерде пайда болған. Бұларға тән ерекшелік стробилдер (бүрлер) деп аталатын қысқарған спорофилді өркендерінің болуы. Алғашқы гүлдердің гүл табаны ұзын қос жынысты, аталықтары мен аналықтарының саны көп, өздері ірі келеді. Қазіргі кездегі жабық тұқымды өсімдіктердің ішінде бұған ұқсастары сарғалдақтар, тұңғиықтар, магнолиялар.
Стробилярлық теория бойынша, гүл бөліктері түрін өзгерткен жапырақтар. Гүлдің жапырақты өркеннің метаморфозы екендігі туралы алғаш пікір айтқан В. Гете (1790) .
П с е в д а н т т ы қ т е о р и я н ы ң (жалған гүл теориясы) негізін салушы Веттштейн. Бұл теория бойынша, гүл, гүл шоғырының тұтас метаформоздануынан пайда болады, яғни аталық гүл шоғырларынан аталық гүлдер, ал аналық гүл шоғырларынан аналық гүлдер қалыптасады. Псевданттық теория бойынша, гүлдің қарапайым құрылымының белгілері: гүлдері майда, дара жынысты, гүл бөліктері шеңбер түзіп орналасқан, гүл серігі реңсіз. Гүлдердің мұндай құрылымы шамшаттар, қайыңдар, жаңғақтар тұқымдасының өкілдерінде кең таралған.
Т е л о м д ы қ т е о р и я н ы ң незігін салушы неміс ботанигі В. Циммерман (1935) . Бұл теория бойынша гүл бөліктері өркеннің бүйірлік мүшесі жапырақтардан емес, оның өстік мүшесі сабақтан пайда болады. Бұл теорияға риния тәрізділердің қазба қалдықтарынан табылған дене құрылысындағы ерекшеліктер негіз болған. Олардың денесінің цилиндр тәрізді жоғарғы бөлігінде - теломыңда спорангийлер орналасады. Осы спорангийлер бір-бірімен кірігіп, метаморфозданып гүлдің күлтелеріне аталықтары мен аналықтарына айналған деп жорамалданады. Гүлдің теломдық теориясы біршама жас. Гүлдің шығу тегі туралы теориялардың ішінде стробилярлық теорияны ботаниктердің басым көпшілігі қуаттайды.
- Жемістер анықтамасы, пайда болуы мен түрлері.
Қосарынан ұрықтану жүріп, гинецейдегі өзгерістерден кейін жатынның қабырғасынан жеміс, ал тұқым бүрінен тұқым жетіледі. Жеміс тұқымды (тұқымдарды) сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі болып табылады.
Жеміс жеміс серіктерінен және тұқымнан тұрады. Тұқым барлық өсімдіктерде пісіп жетілгенге дейін жеміс серіктерінің іш жағында (онымен жабылып) сақталады, ал пісіп жетілген соң өсімдіктердің біраз бөлігінде жеміс серігі қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Осыған байланысты жемістер қақырайтын және қақырамайтын деп бөлінеді.
Жеміс серігі үш қабаттан тұрады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий.
Экзокарпий - жеміс серігінің ең сыртқы қабаты. Ол жатын қабырғасының сыртқы эпидермасынан пайда болады. Бұл өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі түсті, жылтыр, түкті болып келеді. Жатынның ішкі эпидермасы, жеміс серігінің ішкі қабаты-эндокарпийдің бастамасын береді. Сүйекті жемістерде (қара өрік, шабдалы және т. б. ) эндокарпий сүректенген жасушалар қабаты - склереидадан тұрады, оны тұрмыста сүйек деп атайды.
Жеміс серігінің экзо- және эндокарпиінің арасындағы қабаты оның орталық бөлігін түзеді, оны мезокарпий деп атайды.
Мезокарпиі қалыңдап өсіп, етті және шырынды болуы нәтижесінде шырынды жеміс пайда болады. Жеміс серігінің үш қабаты перикарпиді түзеді. Өсімдіктердің бірінде жемістің пісуі мерзіміне қарай перикарпий құрғақ, кейбіреулерінде шырыңды болады. Осыған байланысты құрғақ және шырынды жемістер деп бөледі.
Жемістің пайда болуына гүл гинецейінен басқа мына гүл бөліктері: аталықтарының күлте жапырақшаларының және тостағанша жапырақшаларының негіздері қатысады. Мұндай жеміс жалған жеміс деп аталады. Мысалы, алма мен алмұрттың жеуге жарайтын сыртындағы «жеміс серігі» (еті) - гүл кіндігінен, ал оның ішкі тұқымды қоршап жатқан бөлігі - гүл түйінінің керегесінен өсіп шығады.
Erep жеміс гүлдің тек қана түйінінен өсіп шықса, онда оны нағыз жеміс деп атайды. Мұнда гүл түйінінің қабырғасы қалыңдап, етженді жеміс серігінің қабаттарын (экзо, мезо, эндо) түзеді немесе перикарпий пайда болады.
Өсімдіктің тегіне, пайда болу жолына, негізгі құрылысына карай жеміс түрліше болады. Мысалы: нағыз жеміс, жалған жеміс, жай жеміс, күрделі жеміс, дара жеміс, шоқ жеміс т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz