Қырғыз бенен қазақтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
Ж. Аймауытов атындағы мектеп - гимназияның
10 сынып оқушысы Даулетбай Бекарыс

Тақырыбы: Жыр алыбы Жамбыл

Кіріспе
Қазақ халқы бұл күндері дамудың тарихи жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Ғасырлар
бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан қазақ халқы 90 - жылдардың
басынан бері өз тарихына жаңаша көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік
өркениеттің қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық
жаңғыру, жаңару жолы. Осыған байланысты ұлттық әдебиет тарихындағы көрнекті
шығармашылық тұлғалардың мұраларын жаңаша көзқарастармен бағалау маңызды.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы ұлы ақындардың қатарын құрайтын Жамбыл Жабаев
шығармашылығы да бүгінгі және болашақ ұрпақтардың рухани қазынасы ретінде
сөз арқауынан ажырамайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған
мерейтойдағы баяндамасында осындай мәңгілік өмір ұлағатына айрықша баға
берілді: Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ,
оның басты себебі, Жамбыл арманының адамзаттың арман - аңсарымен ұласып
жатқанында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде
құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз. Әрбір ұлттық
мәдениетте бүкіл әлемге тиесілі есімдер, жалпы адамзаттық рухани
құндылықтың өлшем - белгісі болған есімдер бар. Соған орай олардың осындай
жасампаздық істері күллі адамзатпен біртұтас, әрі өзіміздің өткенімізбен,
қазіргі кезімізбен және болашағымызбен ажырағысыз байланысты екенімізді
еске салып, ерекше мән - мазмұнмен толықтыратыны жасырын емес...
Елбасымыздың осы бір сөзі Жамбыл мұрасына жаңаша көзқарастар тұрғысынан
қарауға, оны бүкіл қазақ мәдениеті дамуымен біртұтас бағалауға ұштастырады.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ойы мұхиттай толқыған, сұңқар табиғатты, ұлттық
сана мен тілдің, рух пен арман - мұраттың ұшан теңіз ұлылық қасиетін ересен
қуат құдіретімен көрсете білген мемлекет қайраткері, XX ғасырдың Гомері
атанған – жыр атасы Жамбыл.

Негізгі бөлім

Өмір жолы
Жамбыл Жабайұлы (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы,
өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының
етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында
дүниеге келген. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей
руы. Әкесі Жапа орта шаруа болған. Жапаның Ұлданай атты әйелінен: Тәйті,
Жамбыл, Қоман туады.

Жамбылдың өсіп - өнген топырағында ән - күй, ақындық – жыраулық өнер
айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың қазақ халқында ерекше дамыған
айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу,
оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды деуінде үлкен тарихи себеп бар.
Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел
ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде,
Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын
тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде
айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы
Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші -
ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт
пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең
алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген
ұмтылыстарына байланысты еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен
ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға
кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде
өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны
Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады.
Мұнан әрі жал – құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс,
Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты
ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл
ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек,
Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын - жырау,
манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл - көсір поязиясынан тағылым
алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық
суырыпсалмалық өнеріне қоса Көрғұлы, Шаһмардан сияқты жыр - дастандарды
апталап - айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта
бастайды.

Жамбылдың ақын - жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары –
бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар -
үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны
сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің Шағым, Жылқышы, Шәбденге, Сәт
сайланарда, Өстепкеде, Патша әмірі тарылды, Зілді бұйрық сияқты
өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық
жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси
- әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның
Туған елім атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне
аударылған нұсқасы Правда газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл
әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына
қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936 - 1945
жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел
өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен
жырлайды. Шағын жыр - толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен Өтеген
батыр, Сұраншы батыр сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып
ақтарылады.

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын
мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны
қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес,
сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен,
басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін
бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық
поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ
сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып,
оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты
нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. Жамбыл
жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып
халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз - деген
еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі,
тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге
жасай береді.

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған
тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын
дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша
жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын
салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының
академиялық жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев
Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен
марапатталған.

Жылдар бойынша хронология
• 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес
жылдығын аталып өтілді. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат
қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды. Көрнекті француз жазушысы
Ромен Ролланның Жамбыл ақындығының 75 жылдығына орай "Батыс Альпінің
жүрегінен қазақ халқының және жаңа адамзаттың жаршысы Жамбылға туысқандық
сәлем жолдаймын" деп телеграмма жіберуі.
• 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде
Жамбыл өзінің өлеңдерінде Кеңес Социалистік Республикалар халқын Отанды
қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, КСРО
халықтарының мызғымас достығын жыр етті.
• 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға
хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап
берді. Жамбылдың ақырғы жыры
• 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың
қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небары бірнеше ай
қалғанда,
• 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл қайтыс болған.
• 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын
салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының
академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев
Ленин, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.
Жамбыл шығармашылығы
Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып
жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылығы туралы
деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан - теңіз жыр - толғау,
айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы
мысқылдап шығарған Шағым, ақындық жолына рұқсат сұраған Әкеме, Менің
пірім Сүйінбай деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры
– Айкүміспен айтысы, сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз
өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр
өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар Манасын, Шығыстың әйгілі
қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. Кедей
күйі, Пұшықтың ұрыға айтқаны, Әділдік керек халыққа, Кәрібайдың
төбеті, Жылқышы, Мәңке болыс тәрізді тегеурінді де өжет ақындык
мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас,
Нұрмағанбет, т. б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ
дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған
қомақты мұрасы. Осылардың өзінен - ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын
жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір - тіршілік
даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы - бергі тарихын әділдік, шындық
сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен
дарын иесі екенін танимыз.

Өлеңдер
• Атаның әлдиі
• Балаларға
• Балама хат
• Бесік жыры
• Жастық жыры
• Жаңа жыл
• Жаңа жыл сәлемі
• Жеңіс жырын сайраңдар
• Жүз жасаған жүректен
• Ленин
• Ленинградтық өренім
• Шәкірт балаларға
• Октябрь толғауы
• Сәлем саған комсомол
• Сыйлық
• Туысқан ел
• Чапай
• Халық туысқандығы
• Өнердің өсуі есік жыры

Айтыстар:
• Жамбыл мен Айкүміс
• Жамбыл мен Құлманбет
• Жамбыл мен Шашубай
• Жамбыл мен Досмағанбет

Дастандары:
• Өтеген батыр
• Сұраншы батыр
• Көрұғлы
• Бақ, дәулет, ақыл

Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көремін.
Өркеш - өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылдырған кемерін!
Шамы күндей жайнаған
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста
Айбыным деп ойлағам!
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап - сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім.

Алма - Ата
Совнаркому
Заговельеву

243 42 205 23 46

Прошу посоветоваться с товарищем Шаяхметовым о возможности составления
поэмы - письма ленинградцам в связи организацией подарков силами писателей
Казахстана во главе Джамбула. Необходимо перед составителями поставить
задачу добиться высокого идейно политического качества, чтобы этот документ
своей значимостью соответствовал великой патриотической революционной
традиции ленинградцев и героической работе трудящихся Казахстана
- Ундасынов.
Бұл құжатты соғыс жылдарында ел Үкіметін басқарған, яғни, ең ауыр кезеңде
Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған Нұртас Оңдасыновтың
жазған. Дәлелімізді толықтыра түсу үшін өзі жазып кеткен естелікті қайта
бір қарап, оқып шықтық. Естелігінде ол былай депті:
Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 90
тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы
кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық - түлік, киім - кешекті бораған
оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді. Содан бұл
соқпақ -өмір жолы деп аталып кетті.

Қазақстан тез арада ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі
теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл
сәлем - сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың
бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының № 31 шахтасының кеншісі
Түсіпов өз атынан хат жолдады. Ол өз хатында қазақ халқының сый - сияпатын
ақ ниет пен берік достықтың нышаны деп білерсіздер деп жазды.
Менің көкейімнен материалдық көмекпен қоса қоршауда қалған қала
жұртшылығына моральдық күш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау
кетпей қойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отырысында айтып едім, көпшілік
қолдады. Сөз анасы – сәлем демей ме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды
ойлаған кезде аузыма Жәкең - Жамбыл Жабаев түсті.

Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар
Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамдарды ертіп Жәкеңнің
аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдары
елеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып
қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге
қарай жүрдік. Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік.
Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір
мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда
жатқан ақ басты Алатауға қарап қойды да, ишарамен үйге жүріңдер дегенді
білдіріп, өзі жол бастады.

Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы, оның айналасына
бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын
қағып - қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп - төгіп
жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз
қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр. Жәкең жырын бастады, ол
қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты...
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап - сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім...

Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық.
Қуанышымыз шексіз.
Тез арада Жамбыл ақынның Ленинградтық өренім өлеңін орыс ақындары
аударды. Жамбыл өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем - сауқатты алып
Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті.

Жәкеңнің өлеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Бағзыдан жеткен баба жыр
Сыпатай Әлібекұлының өмірбаяны мен күрескерлік қызметі
Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
Ұлттық сөз өнерінің дамуы
Қазақтың ақын жыраулары
Фольклордың басқа жанрларындағы еңбек көрінісі
Пәндер