Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе

1. Ана тілі туралы түсінік

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың функционалдық сауаттылығын дамытудың маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тіл - қоғамдық тарихи дамудың жемісі және тәрбие беру құралы.
  2. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамытудың ғылыми негіздері
  3. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту және оның ғылыми негіздері
  4. Бала тілін дамытудағы ана тілінің рөлі
  5. Менің тәжірибем (балабақшада өтілген тәжірибелерімнен)

ІІІ. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Жұмыстың өзектілігі

Тіл дамыту мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ісіндегі басты мәселе. Тіл байлығы, тіл өткірлігі, тіл тазалығы үшін күрес- ана тіліміздің тағдыры үшін күрес. Ойы шолақтың - тілі шолақ, тілі нәрсіздің ойы нәрсіз. Орынды сөз ұтымды ойдан шықпақ. Орыс шығыс зерттеушісі В. В. Радлов «Қазақтардың ақыл - ой қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әдемі сөйлейді. айтқысы келгенінің бәрін түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-есі де өте тез жетілед» десе, халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызда дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деп, ой түйеді. Ана тілін сүю, оны құрметтеу әрбір жас ұрпақтың міндеті. Әркім өз анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Қазақ даналығында «Әр ұлттың ана тілі - білімнің кілті» - деп, тегін айтылмаса керек. Кез-келген халықтың мәңгілік сара жолы, өркендеу жолы ана тілінде. Болашақ ұрпағын Ой тереңдігіне, сезімталдыққа, қиял ұшқырлығына баули тәрбиелеуді мақсат ететін педагог-тәрбиешіден қажымас жігер, талмас талап, шексіз төзімділік пен әдісті талап етеді. Сөйтіп жас жеткіншіктерді ана тілінің сөз мәйегінің інжі-маржанын ұрпаққа дарытып, өз шығармашылықтары арқылы түйген-білгенін, оқыған-үйренгенін уақыт талабымен үйлестіріп, жаңашалап бала бойына сіңіру. Халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, оралымдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді. Ерте заманда ел бастаған көсем де, дауды шешкен би де осы құдіретті тілге сүйенген, осы тілген жүгінген. «Тіл өнері дертпен тең», - деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген бабаларымыз үлкен дау-дамайда бір-ақ сөзге тоқтаған, ұлттық асыл мұрасы - ана тілін құрметтей білген. Ана тілін ардақтап өткен халқымыздан небір суырып салма ақындар, шебер тілді шешендер, күміс көмей әншілер, қос ішекті домбыраға жан бітірген жыраулар, сазгерлер шыққан. Бұл тілде есімдері әлемге әйгілі қазақтың перзенттері, ұлы Абай өз халқына сырын айтқан, мұңын шаққан, бұл тілде шығыстың біртуар жұлдызы Шоқан сөйлеген, бұл тілде ғасырмен терезесі тең Жамбыл жырлаған. Қазақ тілінде дүниеге келген асыл туындылардың өзі қазақ халқының ұлттық тілінің қазақ даласының жері қандай ұлан-байтақ болса, аспанымен таласқан таулары қандай биік болса, сылдырлай аққан өзендері қандай мөлдір болса, қазақ адамдарының пейілі қандай кең болса, қазақ тілі де сондай көркем, шаңырағы биік, тынысы кең екендігін көрсетеді. Ана - тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан осы түсініктерді ана - тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге

көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған

орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Зерттеу мақсаты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің - балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады. Бұндай міндеттерді тәрбиеші міндетті түрде барлық сөздік жұмыстар арасында қолдануы керек.

Зерттеу міндеті

1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту. 2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.

3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.

5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне баулу.

6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту. Тілдің дыбысталу мәдениеті Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу.

Проблема. Ана тілін сүю, оны құрметтеу әрбір жас ұрпақтың міндеті. Әркім өз анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Қазақ даналығында «Әр ұлттың ана тілі - білімнің кілті» - деп, тегін айтылмаса керек. Кез-келген халықтың мәңгілік сара жолы, өркендеу жолы ана тілінде. Болашақ ұрпағын Ой тереңдігіне, сезімталдыққа, қиял ұшқырлығына баули тәрбиелеуді мақсат ететін педагог-тәрбиешіден қажымас жігер, талмас талап, шексіз төзімділік пен әдісті талап етеді. Сөйтіп жас жеткіншіктерді ана тілінің сөз мәйегінің інжі-маржанын ұрпаққа дарытып, өз шығармашылықтары арқылы түйген-білгенін, оқыған-үйренгенін уақыт талабымен үйлестіріп, жаңашалап бала бойына сіңіру. Халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, оралымдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді. Ерте заманда ел бастаған көсем де, дауды шешкен би де осы құдіретті тілге сүйенген, осы тілген жүгінген. «Тіл өнері дертпен тең», - деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген бабаларымыз үлкен дау-дамайда бір-ақ сөзге тоқтаған, ұлттық асыл мұрасы - ана тілін құрметтей білген

Зерттеу болжамдары.

Ерте заманда ел бастаған көсем де, дауды шешкен би де осы құдіретті тілге сүйенген, осы тілген жүгінген. «Тіл өнері дертпен тең», - деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген бабаларымыз үлкен дау-дамайда бір-ақ сөзге тоқтаған, ұлттық асыл мұрасы - ана тілін құрметтей білген. Ана тілін ардақтап өткен халқымыздан небір суырып салма ақындар, шебер тілді шешендер, күміс көмей әншілер, қос ішекті домбыраға жан бітірген жыраулар, сазгерлер шыққан. Бұл тілде есімдері әлемге әйгілі қазақтың перзенттері, ұлы Абай өз халқына сырын айтқан, мұңын шаққан, бұл тілде шығыстың біртуар жұлдызы Шоқан сөйлеген, бұл тілде ғасырмен терезесі тең Жамбыл жырлаған. Қазақ тілінде дүниеге келген асыл туындылардың өзі қазақ халқының ұлттық тілінің қазақ даласының жері қандай ұлан-байтақ болса, аспанымен таласқан таулары қандай биік болса, сылдырлай аққан өзендері қандай мөлдір болса, қазақ адамдарының пейілі қандай кең болса, қазақ тілі де сондай көркем, шаңырағы биік, тынысы кең екендігін көрсетеді.

Зерттеу нысаны.

Мектепке дейінгі мекемелерде тіл дамыту пәнін оқыту .

Зерттеу пәні

Тіл дамыту теориясы мен әдістемесі пәні «Ана тілінің мектепке дейінгі бала дамуындағы функционалды сипаттамасы

Зерттеу әдістері.

  • Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
  • Зерттеу тақырыбының өзектілігін ашу.
  • Ана тілдің бала дамуындағы рөлін анықтау.

Зерттеудің ғылыми-практикалық пайдасы:

Ұсынылып отырған курстық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың пәнге деген қызығушылығын оятуға игі әсерін тигізеді және ана тілінің мектепке дейінгі бала дамуындағы функционалды сипаттамасын анықтауға көмектеседі.

Ана тілің - арың бұл

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышын, елдігің.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Қ. Мырзалиев

Ана тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлеменің жеткілікті болуы және баланы әрбір жас кезеңіне қарай меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару ерекше маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсі, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қаллыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметтің дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.

«Тіл үшін, - деп жазады профессор М. М. Кольцова, - дамудың мұндай «қиын - қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар аударылмас, кейін олқылықтың орнын толтыру үшін қыруар күш - жігер жұмсауға тура келеді!

Ана тіліне функционалдық (талдау) сипаттама - бұл ана тілі туралы қысқаша түсінік.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашаққа иегер ұрпақтарын тәрбиелеу және білім міндеттері мемлекеттік құжаттарда: Қазақстан Республикасының тұңғыш конститутциясында: «Тіл туралы», «Білім туралы! Заңдарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім біру стандартында, нақтылай атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім біру стандартындатың 103, Мемлекеттік жалпы білім базалық минимумына бала дамуының мынадай бағытталы енгізілуі керек. Олар:

- тілді дамыту, көркем әдебиетпен танысу, ойындар және сауат ашу мен жазу негіздері бойынша сөйлеудің дыбыстық мәдениетін, сөздік қор мен сөз құрастыруды қалыптастыру т. б.

- 107. МЖБ мыналарды ескеру керек деген:

- танымдық іс - әрекеттің негізгі ретінде білуге құштарлықты дамытуды;

- шығармашылық, қиялды қалыптастыруды;

Коммуникативтік дамуды әрі қарай балалардың психолгиялық, физиологиялық жағынан даму ерекшелегін, жеке - дара дпму деңгейін денсаулығын т. б сақтау міндеттері бас - басына сараланып көрсетілген.

Жаңа заманға жаңа тұлғаны қалыптастыру осы міндеттерді жауапкершілікпен іске асыру - отбасы, балабақша, мектеп, бүкіл жұртшылықтың міндеті. Бұл міндеттерді жүзеге асырудың алғы шартары ретінде жаңа бағдарламала, оқу - әдістемелік кешендер жасалады.

Ата - бабадан бүгінге жеткен тарихи - мәдени мұраларды баланың жас кезінен жанына сезіндірсе, ойына орнықтыра, туған елінің, өскен өлкесінің тарихи мұраларына көзін жеткізіп, ел байлығын көзінің қарашығындай сақтай білуге үйрету бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты міндеттерінің бірі саналады.

Сәбилер мен мектеп жасына дейінгі балаларды өз ана тіліне үйрету тәрбиешінің кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Баланың табиғат сыйға тартқан барлық интелектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің онда да мектепке дейінгі кезде меңгерудің арқасында пайда болады және дамиды. Бала ана тілінде ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын халықтың рухани байлығын мұра ете ма, олар арғы жерде тәрбиеленушілер өз замананының ғылыми жетістігіне сай бола ма, олар адамзаттың алдынғы қатарлы этикалық мұраттарын бойына сіңіре ала ма, осының бәрі тәрбиешіге байланысты. Балаларды ана тіліне оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ тәрбиешіге әдістеме теориясы ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру, яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауға жаттығу қажет. Бала тілін дамыту баланың ана тілін меңгерудегі заңдылықтарды түсіну дегенн мағана береді.

Егер болашақ тәрбиеші сөйлеуге үйретудің белгілі бір тәсілі - балаларға неліктен пайда әкелетінін, неліктен бала ынталы да нәтижелі оқитынын жүрегімен ұғынса, ол сол тәсілді жеңіл меңгереді. Осы «неліктен» деген сұрақтарға тіл дамыту әдістемесі жауап береді: теория тәрбиешінің іс жүзіндегі қызметінің нәтижесін алдынала болжауға мүмкіндік береді. Демек болашақ тәрбиеші үшін әдістеме теориясын ұғыну - бірінші дәрежелі міндет.

Мектеп жасына дейінгі балалардың функционалдық сауаттылығын дамытудың маңызы.

Қазіргі мектеп бағдарламасында функционалдық сауаттылық деген ұғым үлкен мағынаға ие болып отыр. Өйткені ұстаз өзі дәріс беретін әр оқушының алған білімінің қандай деңгейде екенін саралай, талдай білуі тиіс. Функционалдық сауаттылық - білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Білім беру саласының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады.

Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда оларға тіл дамыту тапсырмаларын орындатудың маңызы зор. Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана - сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез - құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. ОЛай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.

1. Тіл дамытудың әдістемелік негізінегізі - таным теориясы мен тілдің адам өмірі мен қоғамдағы рөлі туралы теориялық анықтамалар. Өйткені әдістеме өзінің ғылым ретінде дамуын таным теориясы негізінде анықтайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі әрі педагогикалық, әрі қоғамдық ғылымдар қатарына жатады.
Алғашқы қауымдық құрылыс заманында адамның қызметі, көбінесе жабайы қозғалыс, қозғалыс болғанда соқыр сезім билеген еріксіз қозғалыс болған. Төңірегіндегі табиғаттың түрлі құбылыстарына тап болып, қорыққанда не қуанғанда, таңданғанда, бір жері ауырғанда адам айқайлап дыбыс шығарып жүрген, сол дыбыс адамның қандай күйге түскенін маңайдағы басқа адамдарға білдіріп отырған, міне, адамзаттың алғаш сөйлеуінің негізі осыдан басталған делінеді.
Бұл - тілдің ең алғашқы дәуірі. Ендеше, алғашқы дәуірдің тілі, бұрынғыша айтсақ, «жанның түрлі күйін» қозғалу арқылы білдіретін құрал болған екен. Тідің пайда болуы туралы пайда болған бірінші теория- дыбысқа еліктеу теориясы: яғни адамзат тілі пайда болмай тұрып, адамдардың айналасындағы дыбыстарға еліктей отырып («с-ыс-ыс», «тсс-т-с-с» т. б. ), алғаш дыбыстар шығара бастағандығына сүйенеді. Екіншісі - одағай теориясы. Бұл теория шошыну: ой-ой; шаршау: уһ-аһ делініп дыбыс тіркестерінің пайда болуына негізделеді. Кейбір философтар алғашқы сөздер адамдардың көңіл-күйлерін жеткізу салдарынан туғанын дәлелдеген. Үшіншісі - маркстік - лениндік концепцияларға сүйенетін еңбек теориясы деп аталады. «Сөйлеудің пайда болуы әрбір еңбек қозғалысының арасындағы кідірістен шыққан» деген болжам айтылған. Мысалы: Аралау: ары-бері, жану, жеу-жечь, жевать, жұту - жақ қозғалысынан шыққан сөздерге ұқсайды, бала тіліндегі нәйім-нәйім, ням-ням осы теорияны шындыққа жақындатады.

1- кесте

І - теория дыбысқа еліктеу

Одағай теориясы

Маркстік - лениндік концепцияларға сүйенетін еңбек теориясы

Тілдің пайда болуы туралы теориямен танысқанда, неліктен адам ғана сөйлей алатын болған деген сұрақ туады. Оған бір ғана жауап бар: бұл адам миының ерекше құрылысымен және оның біртіндеп дамуымен түсіндіріледі. И. П. Павлов миды қоршаған ортаға тез бейімделетін орган деген. Мысалы, бала 400грамм мимен туылады екен, бір жылдан соң ол екі есе, бес жаста үш есе ұлғаяды, 22-25 жаста мидың өсуі тоқтайды. Жалпы бала сөйлеуінің пайда болуы туралы ілім И. П. Павловтың тілдің қалыптасу механизмін түсіндіретін екі сигналды жүйесіне негізделген. 1-сигнал- жан-жағындағы құбылыстарды сезуі арқылы түсініктердің пайда болуы; 2-сигнал - түсініктердің мида қорытылып, сөз арқылы бейнеленуі (1-жаста1-сигнал, әрі қарай 2-сигнал жас ерекшелікке қарай өрістейді) делінеді.

И. П. Павловтың тілдің қалыптасу механизмін түсіндіретін екі сигналды жүйесі

1-сигнал- жан-жағындағы құбылыстарды сезуі арқылы түсініктердің пайда болуы

2-сигнал - түсініктердің мида қорытылып, сөз арқылы бейнеленуі

1-жаста1-сигнал, әрі қарай 2-сигнал жас ерекшелікке қарай өрістейді

2 - кесте

Адамзаттың мәдени өмірінің қалыптасуының екінші дәуірінде адам көзі көрген нәрселердің дыбыстарына еліктеуге талпынса керек: сол еліктеп дыбыс шығару арқылы нәрселердің бейнесін белгілеген. Мәселен, философиялық ой-тұжырымдарда итті «гаф-гаф», мысықты «мияу-мияу» деген дыбыстарға, тағы түрлі аңдарды шығаратын өзіндік дыбыстарға еліктеп бейнеленген делінеді. Найзағайдың шартылын, судың сарқырауын, ағаштың құлауын бәрін де еліктеп атаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Арнаулы сабақтарда грамматикалық жаттығулардың, дидактикалық ойындардың рөлі
Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету
Қолданылатын әдіс тәсілдер
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz