Әбу Ханифаның ұстаздары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
«Ханафи мәзхабының табақаттары мен библиографиясы» пәні бойынша
дәріс сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық
Мамандық: «6В02202-Исламтану»
Оқу түрі: күндізгі (4 курс)
Дайындаған: Аманқұл Т. О.
Алматы
2021 ж.
Дәріс сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық
Тәпсір курсы бойынша қысқаша лекциялар жинағы
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Ханафи мазһабының табақаттары мен бибилиографиясы» оқу пәні ретінде студенттерге алғашқы ғасырдан күнімізге дейін жазылған табақат кітаптарымен жұмыс жасауды үйретеді. Абдулқадир әл-Қурашидің «әл-Жауаһирі», Ибн Дукмактың «Назмул-жуман», Фирузабадидің «Мирқатул-уафиия фи табақати ханафиия», Ибн Қутлубуғаның «Тажут-таражи фи табақати Ханафиия», Абдул-хай Лакнауидің «Фауаидул-бахиия» аттың еңбектері негізге алына отырып зерттеледі.
Сабақ мақсаты:
Ханафи мазһабының ғұламалары жайында жалпы мағлұмат беретін әдебиеттермен табақат кітаптарымен танысу. Аталмыш кітаптарды қолдану әдісімен танысып, практика жасату. Сондай-ақ ханафи ғалымдарының білімге деген көзқарастарын үйрену.
Дәрістің негізгі міндеттері:
1. Ханафи табақат кітаптарымен танысу;
2. Табақат кітаптары арасында өзара байланыс құру және практикалық түрде қолдана алу;
3. Бірінші жазылған ханафи мазһабына байланысты библиографиялық әдебиеттермен танысып исламдағы орнын білу;
4. Ханафи мазхабының кітаптары мен басқа әдебиеттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау;
5. Ханафи библиографиялық кітаптары мен басқа кітаптар арасындағы айырмашылықты айқындау.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Мирқатул вафия фи табақотил ханафия. - Пакистан, Пенжаб университеті 2018.
2. Ханафи фиқх алимлері уе дигер мезхеблерін мешхурлері. - Анкара 2013.
3. Мұхаммед Хусейн аз-Заһаби, ат-Тафсир уа әл-муфассирун, Дар әл-хадис, Каир, 2005.
4. Абдулқадир әл-Қурашидің, әл-Жауаһир, мир мухаммад кутубхона, исламабад 1993.
5. İBN DOKMAK’IN HAYATI VE “NAZMÜ'L-CÜMÂN FÎ TABAKÂTİ ASHABI İMÂMINA EN-NU'MÂN” Baku. 2017
6. Ибн Қутлубуғаның, Тажут-таражи фи табақати Ханафиия. - Дамаск 1992.
7. Абдул-хай Лакнауидің, Фауаидул-бахиия, мактабәтушшамилә https://shamela. ws/
8. Ш. Керім Ас-Сығнақидың, ан-Ниһая - Астана 2013.
Дәріс 1. Әбу Ханифаның өмір жолы мен еңбектері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Имам Ағзам һижраның 80 (699 ж. ) жылында Ирактың Куфа қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні - Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны - «имам Ағзам», «ең үлкен имам» деп атаған.
Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Омеядтар заманында 18 жылын Аббасидтер дәуірінде өткізді. Бұл екі династия пайғамбарымыздың с. ғ. с. ұрпақтарын жасқы көрмей, оларды үнемі қуғындыққа ұшыратып отырды. Олардың соншалықты қысым жасауының себебі- қолдағы биліктен айрылып қалмау тұғын. Имам Ағзам қашанда Алланың елшісінің ұрпағының жанында болып. Оларға қолдау көрсетіп отырды. Бұл - әділеттілікті жақтау мен пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктен туған іс-әрекет еді.
Әбу Ханифаға телінген ақидаға (кәләм) қатысты негізгі кітаптар мыналар: «әл-Фиқһул-әкбар», «әл-Фиқһул-әбсат», «әл-Алим уәл-мутааллим», «әл-Уасия» және Осман әл-Баттиге арнап жазылған «Рисәлә». Бұрынғы кездері де, кейінгі кезеңдерде де Имам Ағзамның ақидаға қатысты ешқандай кітап жазбағанын айтқандар кездескен.
Қолданылатын әдіс: Кластер әдісі: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Дәріс 2. Әбу Ханифаның ұстаздары
Қолданылатын әдіс: Кластер әдісі: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әбу Ханифа білім алу барысында да, кейінгі кезеңдерде де көптеген ғалымдармен байланыс орнатып, олардың ой-тұжырымдарын тыңдап, пікір алмасқан. Әртүрлі мәзһабтар мен ағымдардағы ғалымдармен кезігуі және осы мақсатта көптеген жерлерді аралауы оның ғылыми түсінігі мен парасаттылығының артуына ықпал етті. Қасында жиырма жылға жуық болып фиқһ үйренген ең үлкен ұстазы - Хаммад ибн Әби Сүлеймен. Хаммадтың ең басты ұстаздарының бірі Ибраһим ән-Нәхайи мен Шағби болса, Абдулла ибн Мәсудтың ең танымал шәкірті Алқама ибн Қайстан білім алған. Осылайша Әбу Ханифаның білімінің негізі аталмыш ұстаздар тізбегі арқылы Ибн Мәсудқа тіреледі. ХазретіОмар мен Әлидің көзқарастары олардың шәкірттері арқылы көбінесе, Ирақ аумағында таралғандығын назарға алатын болсақ, Әбу Ханифаның қолындағы ілім мұрасында олардың үлесі жоғары екенін түсінуге болады. Әбу Ханифа, бірнеше рет жасаған қажылық кезінде болсын, алты жылдай Меккеде тұрған кезінде болсын Ибн Аббастың (құлдықтан құтқарған) шәкірті Икримә мен Ата ибн Әби Рәбахтан Ибн Аббастың көзқарастарын, Ибн Омардың (құлдықтан құтқарған) шәкірті Нафиден оның көзқарастарын үйренген. Сонымен қатар Шиға имамдарының бірі Зәйдия мәзһабының құрушысы Зәйд ибн Әли (ө. 122/739) мен оның інісі Мұхаммед әл-Бәкірден (ө. 114/732) білім алды. Жағфария мәзһабының негізін қалаушы Жағфар әс-Садықпен (ө. 148/765) де кезігіп, пікір алмасқан. Осыған байланысты кейбір ғалымдар оны Әбу Ханифаның ұстаздарының қатарына қосқан. Әбу Ханифа басқа танымал ғалымдармен қатар қажылық кезінде Имам Мәлік және Әузайимен де кездескен.
Дәріс 3. VIII ханафи ғұламалары және Әбу Юсуф пен оның еңбектері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Зуфәр ибн Хузәйл (110-158/728-775)
Әбул Хузәйл ибн Хузәйл ибн Қайс әл-Әнбари әл-Басри. Әбу Ханифаның ең танымал шәкірттерінің бірі. 110 (728) немесе 111 (729) жылы әкесі Исфахан әкімі болған кезінде осы қалада дүниеге келген. Алғашында әһлул-хадис болатын. Кейіннен «рәйға» бет бұрды. Әбу Ханифадан фиқһ үйренді. Әмеш, Исмайл ибн Әби Халид, Мұхаммед ибн Ысқақ, Хажжаж ибн Әртат және басқа да адамдардан риуаят жеткізді. Әбу Ханифа оны «қиясты ең жақсы біледі» деп мақтайтын. Әбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін оның орнына дәріс берді. Әбу Ханифаның көптеген шәкірттері ол қайтыс болғаннан кейін Зуфәрдан дәрісалды. Зуфәр Басрада тұрып, сол жерде қазы болып, сол жерде қайтыс болды. Әбу Юсуфтың Куфада дәріс бере бастауы Зуфәр Басраға кеткеннен кейін болуы керек. Әбу Ханифадан кейін ол дәріс бере бастаған болса, мәзһабтың пәтуа, методология және әдебіне қатысты қалыптасқан қағидалар бойынша алдыңғы қатардан орын ала алмайды. Өзі мүжтәһид саналмайтын мүфти пәтуа берген кезде қашан да Имам Ағзамның көзқарасын негізге алады; одан кейін Әбу Юсуф, сосын Шәйбани келеді. Зуфәр төртінші орында, Хасан ибн Зияд бесінші орында тұр. Сонымен қатар Әбу Ханифа мен Имамайнның (екі имамның) көзқарастарына қарсы келген, жиырмаға жуық мәселелерде оның көзқарастары мәзһабта «мүфта биһ» саналған.
Нұх ибн Әбу Мәриям (173/789)
Әбу Исмә Нұх ибн Әбу Мариям Жауана әл-Кураши әл-Мәруази.
Әбу Ханифа мен Ибн Ләйладан фиқһ, Зүһри мен Хажжаж ибн Әртаттан хадис, Мұхаммед ибн Сайд әл-Кәлби мен Мұқатилден тәфсир және Ибн Ысқақтан мағази (әңгіме, қиссалар) оқыды. Яхия ибн Сайд, Ибн Жүрәйж, Мұқатил ибн Хайян, Әмеш және басқа да аттары аталған ұстаздарынан риуаят жеткізді. Әбу Ханифаның фиқһ көзқарастары және тіл, грамматика, өлең, әдебиет тақырыптарында дәріс беруі немесе Әбу Ханифаның көзқарастарын алғаш жинақтаған адам болуына байланысты «жәми» деген атаққа ие болған. Мәруде қазы болды. Терең фиқһ ғалымы болғанымен қатар мұхаддистер оған жалған хадис шығарушы деген дәрежеде сын да таққаны бар.
Қасым ибн Мағн (175/791)
Әбу Абдулла Қасым ибн Мағн ибн Абдуррахман ибн Абдулла ибн Мәсуд әл-Хузали әл-Мәсуди әл-Куфи. Әмеш, Асым әл-Ахуел, Хашам ибн Уруа, Яхия ибн Сайд және басқалардан риуаят жеткізді. Одан Әбу Нуафм, Ибн Мәһди, Муалла ибн Мансур сияқты ғалымдардан хадис риуаят еткен. Мәһдидің кезінде Куфада қазы болып, жасаған қызметіне ақы алмайтын. Фиқһ, Араб тілі және тарих саласының шебері еді. Сенімді болғандықтан Сүнән авторлары оның риуаяттарын өз еңбектерінде қолданған. «Ән-Науадир фил-Луға» атты кітап жазғандығы айтылады.
Әбу Юсуф (113-182/731-798)
Әбу Юсуф Яқұб ибн Ибраһим ибн Хабиб ибн Сад ибн Хабта әл-Куфи әл-Ансари9. Әбу Ханифаның ең үлкен шәкірті. 113 (731) жылы Куфада дүниеге келген. Куфада және Мәдинада білім алған. Әбу Ханифа мен Ибн Әби Ләйладан бастап Мәлик ибн Әнәс, Суфиян ибн Уйайна, Исмайл ибн Уләйя, Ибн Жүрайж, Ханзала ибн Әби Суфиян, Хишам ибн Уруа, Әбу Ысқақ әш-Шәйбани, Сүлеймен әт-Тәмими сияқты ғалымдардан фиқһ және хадис оқыды. Одан дәріс алғандардың арасында Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбани, Ахмед ибн Ханбал және Яхия ибн Майн сияты үлкен ғалымдар бар. Бағдатта қазы болғанға дейін Куфада өмір сүрді. Халифа әл-Һади мен Харун Рашид дәуірінде қазылық жасады, қадиут-құдаттыққа (бас қазы) жетті. Деректерде бұл атаққа алғаш ие болған адамның Әбу Юсуф екендігі баяндалады. 182 (798) жылы Бағдатта қайтыс болды. Әбу Юсуфтың 192 (807-808) жылы қайтыс болған ұлы Юсуф та әкесінің көзінің тірісінде Бағдаттың батыс бөлігінде қайтыс болғанға дейін қазылық жасаған. Нағыз мүжтаһид болған Әбу Юсуфтың Әбу Ханифаға қарағанда хадиске көбірек жүгінуі, ұстазымен арасындағы методологиялық айырмашылықтан туған.
Китабул-Хараж.
Әбу Юсуфтың Харун-Рәшидқа ұсынған бұл кітабы басқарушылық, экономикалық, қаржылық және құқықтық салада маңызды мәнге ие. Сасанидтерді және басқа да халықтарды басқаруда бұл еңбектің теориялық және практикалық құны өте жоғары болды. Аббаси халифаты өз қолданыстарын Ислам негіздеріне сәйкестендірудің орнына діни негіздерді өз қолданыстарына келтіруге талпынған шағында Әбу Юсуфтың «Китабул-Харажы» оларға нақты қарсылық болды. Исламдық ұстаным бойынша төрт халифаның қолданысына сүйену керектігін ортаға қояды. Абдулазиз ибн Мұхаммед әр-Рахаби тарапынан «Фиқһул-Мулук уә мифтахур-ритажил-мурассад ала Китабил-Хараж» (бас. Ахмет Убәйд әл-Кубәйси, І-ІІ, Бағдат, 1973-1975) деген атпен түсіндірмесі жазылған кітап Муидзада Мұхаммед (ө. 982/1574) пен Родослузада Мұхаммед (ө. 1113/1701) тарапынан түрікшеге аударылған, осы түсіндірмелер мен тәржімалардың қолжазбалары сақталған.
«Ихталафу Әби Ханифа уә Ибн Әби Ләйла».
Бұл кітапты Әбу Юсуфтан Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбани риуаят еткен (Каир, 1357; сонымен қатар Имам Шафийдің «әл-Үмм» атты кітабының соңында «Һаза махтәләфә фиһи Әбу Ханифа уә Ибн Әби Ләйла ъан Әби Юсуф» деген тақырыппен енген, VІІ, 87-150) .
«Китабур-Рәд алас-Сиярил-Әузаъи».
Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммедке айтып отырып жаздырған мемлекеттер құқығына (сияр) қатысты кітаптағы көзқарастар Әузаъи тарапынан «Китабу Сиярил-Әузаъи» деген кітапта сынға ұшыраған соң Әбу Юсуф та Әузайиге жауап беру мақсатында осы кітабын жазған (бас. Әбул-Уәфа әл-Ауғани, Каир, 1357; сонымен бірге «әл-Үмм» кітабының ішінде «Китабу Сиярил-Әузаъи» деген тақырыппен қамтылған, VІІ, 303-336) .
«Китабул-Асар».
Ұлы Юсуф әкесі арқылы Әбу Ханифадан риуаят еткен кейбір хадистер мен фиқһқа қатысты көзқарастарды қамтиды (бас. Әбул-Уәфа әл-Ауғани, Каир, 1355) .
Дәріс 4. IX ғасыр ханафи ғұламасы Шәйбани және оның еңбектерімен танысу
Қолданылатын әдісі: Кластер әдісі: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Яхия ибн Зәкәрия (183/799)
Әбу Сайд Яхия ибн Зәкәрия ибн Әби Зайда (Мәймун) әл-Куфи әл-Хамадани. Әбу Ханифаның алдыңғы қатарлы он шәкіртінің бірі, мұхаддис әрі фақиһ. Әкесінен, Хишам, Әмеш, Исмайл ибн Халид және Хажжаж ибн Әртаттан хадис үйренген. Одан Ахмет ибн Ханбал, Ибн Майн, Ибн Әби Шәйба, Яхия ибн Адам, Кутайба ибн Сайд жән басқалардан риуаят жеткізген. Харун Рашид кезінде Мәдайнде қазылық жасап, 63 жасында сол жерде қайтыс болды. Хадис хафизы (жаттаушы) және «Мүснәд» авторы. Мәдинада қазылық жасағандығына қатысты кейбір кітаптарда айтылған мәліметтер сияқты
қайтыс болған уақыты да кейбір кітаптарда 84 (800) деп берілуі Курашидтің 192 (808) деген уақыты да негізгі деректермен салыстырғанда қате болуы керек.
Шәйбани (132-189/749-805)
Әбу Абдулла Мұхаммед ибн әл-Хасан ибн Фәркад әш-Шәйбани. Ханафи мәзһабының негізгі дереккөздерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған Шәйбани Бәни Шәйбан тайпасынан келеді. Ол 132 (749) жылы Уасытта дүниеге келген. Куфада өскен. 14 жасында Әбу Ханифаның дәрістеріне қатыса бастайды. 20 жасында Куфа мешіттерінде дәріс бере бастайды. Әбу Ханифа және фиқһ білім үшін үлкен қарыздар болған Әбу Юсуфпен қатар Суфян әс-Сәури, Мәлік ибн Әнәс, Суфиян ибн Уйәйнә, Абдуррахман әл-Әузаъи және Абдулла ибн Мүбәрәктардан дәріс алды. 180 (796) жылы Харун Рашид тарапынан Ракка қазысы болып тағайындалды. Біраз уақыт осы міндетті атқарғаннан кейін Имам Мұхаммед қайта Бағдатқа оралды. 189 (805) жылы Харун Рашидпен бірге Хорасанға барды. Сол кезде Хорасан қазысы болып тағайындалды да сол жылы Рәй қаласының Рәнбуя ауылында қайтыс болды. Әбу Юсуф сияқты нағыз мүжәддид саналған Имам Мұхаммедтің де әдістемесі көбінесе, хадиске сүйенетін. Сонымен бірге мықты тіл маманы Ханафи мәзһабының қалыптасуында үлкен еңбек сіңірді. Одан білім алған мынадай ғалымдар бар: Имам Шафиғи, Әбу Хафс әл-Кәбир, Мұхаммед ибн Сәмаға, Яхия ибн Майн, Ибн Михран (одан Муаттаны риуаят еткен), Шұғайыб ибн Сүлеймен әл-Кәйсани (Кәйсаниятты риуаят еткен), Әли ибн Салих әл-Жүржани (Жүржаниятты риуаят еткен), Исмайл ибн Рүстем әл-Мәруәзи (Науадирді риуаят еткен) және Иса ибн Әбан (әл-Хужжаны риуаят еткен) .
әл-Асл.
Шәйбанидің алғашқы әрі ауқымды кітабы, әл-Мәсбут деген атпен танымал. Әбу Ханифаның көзқарастары негізге алынған кітапта Әбу Юсуф пен Шәйбанидің қарсы көзқарастары да қамтылып, өте аз мәселеде дәлел ретінде қолданылған. Шәйбани шәкірттерінің жеткізген риуаяттарының ішіндегі ең маңыздысы Әбу Сүлеймен әл-Жүзжаниге тиесілі. Алғаш болып Шәфик Шәхата (Каир, 1954) мен Әбул Уәфа әл-Ауғани (І-V, Карачи; Бәйрут, 1410/1990) тарапынан басылған кітапты толықтай Мұхаммед Бойнукалын қайта қарап, тексеріп шыққан болатын (І-ХІІ, Бәйрут, 1433/2012) .
әз-Зиядат.
Аттаби (ө. 586/110) мен Кадихан (ө. 592/1196) тарапынан түсіндірмесі жазылған кітап, Хасири (ө. 636/1238) мен Садруддин Сүлеймен ибн Уәһб әл-Ханафи (ө. 677/1278) тарапынан реттелген. Осы кітаптарға тиесілі жазбаларбен қатар Мұхаммед ибн Махмуд әс-Сәдиди әз-Зәузәнидің (ө. 801/1398) түсіндірмесі қолжазба ретінде сақталған.
әл-Жамиус-Сағир.
Бұл кітаптағы мәліметті Шәйбани, Әбу Юсуф арқылы Әбу Ханифадан жеткізген, Шәйбаниден бұл кітапты Иса ибн Әбан мен Ибн Сәмаға риуаят еткен. Кітаптың көптеген түсіндірмелері бар, ең маңыздылары Әбул-Уср Әли әл-Пәздәуи (ө. 482/1089), Ибн Мәза (ө. 536/1141; бас. Салах Аууад Жума әл-Кубәйси, Бәйрут, 2006), Аттаби, Кадихан және Хасиридің түсіндірмелері. «әл-Жамиус-Сағирдың» әртүрлі басылымдары бар (Ләкнәу, 1292, 1294, 1328, Булак, 102, Китабул-Харажтың шетінде; Үнді 1310, шетінде Абдулхай әл-Ләкнәуидің түсіндірмелері және сілтемелері жазылған Шәйбани, Әбу Ханифа, басқа да ханафи ғалымдарының аудармалары түрінде; Каир, 1406/2011) . Әл-Жамиус-Сағирдың бір бөлігі түсіндірмелерімен бірге Иван Дмитриев тарапынан неміс тіліне аударылған («Asch-Schaibani und sein corpus juris al-gami as-sagir», Westasiatische Studien, Берлин 1908, 60-206 бб) .
әл-Жамиул-Кәбир.
Шәйбани жазып бастырған бұл кітапты Әбу Юсуфтан риуаят етпегендігіне ғалымдар бірауыздан келіседі. Фиқһ дәлелдері кірмеген бұл кітапты, Имам Мұхаммедтің Әбу Хафс әл-Кәбир, Әбу-Сүлеймен әл-Жүзжани және Ибн Сәмаға сияқты шәкірттері жеткізген. Көптеген түсініктеме, мазмұндамасы бар бұл кітап баспа бетін көрген (бас. Әбул-Уәфа әл-Ауғани, Хайдарабад-Каир, 1356, 1399; Урду тіліне ауд. Мұхаммед Абид Имран Әнжум Мәдини, Лахор 2008) . Жәссас, Исфижаби, Сәрахси, Хаһарзада, Кырмани, Аттаби және Хасири сияқты танымал ханафи ғалымдары тарапынан жазылған түсіндірмелері қолжазба түрінде сақталған.
Әс-Сиярул-Кәбир.
Мемлекеттік құқыққа қатысты маңызды бір кітап, Сәрахси тарапынан шәрхы жазылып, ол алғаш рет Хайдарабадта (І-ІV, 1335-1336), кейін Каирде (І-ІІІ, 1957-1960) басылған. Салахаддин әл-Мүнәжжидтің Каирде бастырған басылымы толық емес, және 5-томдары Абдулазиз Ахмет тарапынан дұрысталып толық 5 томдық жинақ болып 1971 жылы Каирде басылған.
Әс-Сиярус-Сағир.
Қазірге дейін жетпегендіктен бұл кітап жайлы әртүрлі көзқарастар айтылған. Кітап әл-Асл кітабының нұсқасы түрінде қазірге дейін жеткен деген көзқарас кездеседі. Сонымен қатар Шәйбанидың мұндай атаумен кітап жазғаны белгісіз. Заһирур-риуая көзқарастарына сүйенетін мұхтасар және шәрхтарының авторлары да мұндай кітаптың болғандығы жайлы айтпайды.
Китабул-Әсар.
Әбу Ханифа риуаят еткен, Ирак фиқһ ғалымдары жақсы білетін хадистер мен кітаптарды қамтыған. Риуаяттардың көбі Әбу Юсуфтың «әл-Әсар» кітабы сияқты. Бұл да сол сияқты Әбу Ханифаның бір мүснәды бабында болғандықтан маңызды (бас. Абдулха әл-Ләкнәуи, Ләкнәу, 1883; Абдулазиз Мұхаммед Абдуррашидтің урду тілінде «Фәйзус-Сәттар фи шәрхи китабил-Әсар» деген кітабымен бірге, Лахор, 1309; бас. Әбул-Уәфа әл-Ауғани. Хайдарабад, 1385/1965; бас. Мұхаммед Абдуррашид ән-Нумани, Карачи, 1410/1990, Киямуддин Абдулбари әл-Ләкнәуидің әт-Таликул-Мұхтар ала китабил-Асар, Ибн Хажар әл-Аскаланидің «әл-Исар би марифати риуаятил-Асар» және «Мұхаммед Абдулхалим әс-Санидің әл-Ихтияр фи тәртибил-Асар» деген кітаптарымен бірге; урду тіліне ауд. Бас. Мұхаммед Сыддық Назаруи, Лахор, 2004; бас. Хадиша Мұхаммед Камил, Каир 2005; бас. Ахмет Иса әл-Масарауи, Каир, 2006; бас. Халид әл-Аууад, Дамаск 1429/2008) .
әл-Хужжа ала әһлил-Мәдина.
Шафиғидің «әл-Үмм» кітабында риуаят еткен бұл кітапта Әбу Ханифаның көзқарастары мен Мәдина ғалымдарының көзқарастары салыстырылады (Ләкнәу, 1888; бас. Саид Мәһди Хасан әл-Килани, І-ІV, Хайдарабад, 1385-1390; Бәйрут, 1427/2006) .
Китабул-Мәхариж уәл-Һиял (бас. J. Schacht, Leipzig 1930) .
Зиядатуз-Зиядат.
Сәрахси тарапынан «ән-Нукат» деген атпен жазылған шәрхымен Аттабидің шәрхы Әбул Уәфа әл-Ауғани тарапынан бастырылған (Хайдарабад, 1387) . Китабул-Кәсб (бас. Зуһәйл Зәккар, Дамаск, 1400/1980; Бәйрут 1417/1997, «Рисалатан фил-Кәсбтің» ішінде; бас. Абдулфаттах Әбу Гудда, Халеф 1426/2005; «әл-Иктисаб фир-Ризкил-мүстатаб», бас. Махмуд Арнус, Каир 1416/1995; бас. Абдулла әл-Миншау, Каир, 1418/1998; бас. Ахмет Жабир Бәдран, Кувейт, 2004) .
Дәріс 5. Имам Тахауи және оның еңбектері
Қолданылатын әдісі: Кластер әдісі: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Имам Тахауи ханафи мәзһабының атақты фақиһ ғұламаларының бірі. Толық аты-жөні - Ахмәд ибн Мұхаммед ибн Сәләмә ибн Сәләмә ибн Абдулмәлик, күниясы - Әбу Жағфар. Туылған жылы жайында түрлі көзқарастар бар. Алайда, һижри 239 (м. 853) жылы туылғандығы айтылады. Өйткені, шәкірті Ибн Юнус осы жылы дүниеге келгендігін Тахауидың (р. а. ) өзінен риуаят етеді. Бұл жайында басқа да дәлелдер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz