Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Көкібел жалпы орта білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кәсіптік бағдар
беру
(Әдістемелік нұсқаулық)
Қазығұрт 2022
Құрастырушы: Куздеубаев Жандарбек Бактиярович - директор
Жұмыс орны: Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Көкібел жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жұмыстың атауы: Кәсіптік бағдар беру.2022 ж. 32 бет.
Пікір жазған:
Ғ.Әбдірахман - директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
Нұсқаулықта кәсіптік бағдар жұмысының мәні, мазмұны мен ерекшелігі, болашақта сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін және кәсіптік бағыттылығын диагностикалау дағдыларын қалыптастыру, мамандық таңдауда білім алушылардың тұлғалық даму моделін жүзеге асыру мен қалыптастыру бойынша ата-аналармен бірлескен жұмысын жоспарлау туралы ақпараттар берілген.
(C) Куздеубаев Жандарбек Бактиярович.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1 Кәсіптік бағдардың мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2 Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары,
мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 ХХІ ғасыр мамандықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 ХХІ ғасыр дағдылары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17 2.5 Қабілеттілікті зерттеу мен кәсіптік бағыттылықты
анықтау әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .32
І. КІРІСПЕ
Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу - ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті - баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. Кәсіпке баулу - бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі.
Кәсіптік бағдар беру -- жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіптік бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу -- мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
-- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
-- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
-- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
-- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады. Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие болуда деп білеміз.

Нұсқаулықтың мақсаты: тыңдаушылардың кәсіптік бағдар жұмысын тиімді ұйымдастыру мазмұнын, формасын, тәсілдерін іске асыру бойынша кәсіптік білімі мен дағдысын жетілдіру.
Нұсқаулықтың міндеттері:
жаңа мамандықтар атласына сәйкес кәсіптік бағдар жұмысы туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға сай ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту;
тұлға қабілеттілігі мен кәсіптік бағыттылығын анықтау әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру;
білім алушының мамандық таңдаудағы тұлғаның жеке даму моделін құру мен оны жүзеге асыруда ата-аналармен бірлескен жұмыстарды жоспарлау дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижелері:
тыңдаушылардың жаңа мамандықтар атласына сәйкес кәсіптік бағдар жұмысы туралы түсініктері кеңейеді;
болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға сай ХХІ ғасыр дағдылары туралы түсінік алады;
тұлға қабілеттілігі мен кәсіптік бағыттылығын анықтау әдіс-тәсілдерін қолдану дағдылары қалыптасады;
білім алушының мамандық таңдаудағы тұлғаның жеке даму моделін құру мен оны жүзеге асыруда ата-аналармен бірлескен жұмыстарды жоспарлауды үйренеді.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 КӘСІПТІК БАҒДАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. 21-ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осы орайда қазақстандық қоғамның қазургі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: 29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру (Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 19.04.2019 өзгертілген.), -делінген екен.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында кәсіптік бағдарлау кабинеттері ашылатын болады. Оқушылардың кәсіптік өзін -өзі анықтау процесіне жұмыс берушілер мен ата-аналар белсенді қатысады. Орта білімнің маңызды бөлігі 7 және 10-сыныптардың әр оқушысын жыл сайын кәсіптік диагностикалау және еңбек нарығында қажетті мамандықтарға бағдарлау болуы қажет (ҚР Үкіметінің Қаулысы Электронды ресурс https:egov.kzcmsrulawlistP18 00000460),- деп мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің өзектілігі нақты айқындалған.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 4-қосымша) 2-тарауының 7-ші және 9-шы тармақтарында мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыруға басты назар аударылған. Нақты атап айтқанда:
Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіптік өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады, яғни:
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
сын тұрғысынан ойлау;
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
топта және жеке жұмыс жасау білігі;
мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
9. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіптік өзін-өзі анықтауына көмектесу;
бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады (МЖМС).
Жоғары нормативтік-құқықтық құжаттарға жасалған шолудан кәсіптік білім беру сапасын жетілдіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беретін маман даярлау проблемасы үлкен мәнге ие екендігін көруге болады.
Кәсіптік бағдар алғаш рет жеке ұғым ретінде 20-ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Кәсіптік бағдар мәселесінің негізін қалаушы 1908 жылы Бостонда Мамандық таңдау бюросын құрған және мамандық таңдауға ғылыми тәсілді қолданған американдық зерттеуші Френк Парсонс. Парсонстің Мамандық таңдау атты еңбегі оның дүниеден өткеннен кейін 1909 жылы жарыққа шығып, американдық профориентаторлардың басты құралына айналды. Талант-бағдарланған тәсілдеме (talent-matching approach) термині мен ерекшелік-фактор тұжырымдамасы осы авторға тиесілі.
Кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіптік саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.
Кәсіптік бағдарлау:
кәсіптік ағарту - әртүрлі мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері туралы адамның белгілі білім (ақпарат) жиынтығымен қарулануы; олардың бірін дұрыс таңдау шарттары туралы; адамның кәсіптік және қоғамдық қызмет түрлеріне оң көзқарасын тәрбиелеу; уәжделген кәсіптік ұмтылысын қалыптастыру. Кәсіптік ағарту екі элементті құрайтын ақпараттан тұрады: кәсіптік насихат және кәсіптік үгіт - қажетті мамандықтар туралы адамға мәліметтерді хабарлау және сол мамандықтарды игеру шарттары мен тәсілдері туралы ақпараттандыру, республикаға, өңірлерге қажетті әлеуметтік маңызы бар әрі тапшы мамандықтарды насихаттау;
кәсіптік диагностика - кәсіптік бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін зерделеу;
кәсіптік консультация - қоғам сұранысы мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мүмкіндіктеріне сай мамандық таңдауда, кәсіптік мансапты жоспарлауда көрсетуге негізделген кәсіптік бағдар жүйесінің құрамдас бөлігі; адамның дара ерекшеліктерін ұзақ зерделеу негізінде кәсіптік өзіндік анықталуын дамыту бойынша адам қызметін мақсатты басқару. Кәсіптік консультация кеңес алушының зияткерлік, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін, жалпы және кәсіптік дайындық пен қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қабілеттерін, қандай да бір мамандық бойынша қызметкерге қойылатын медициналық және психологиялық талаптарды, мамандыққа қоғамдағы сұранысты, мамандық бойынша оқыту мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;
кәсіптік іріктеу - нақты еңбек түріне адамның жарамдылығын (сәйкестігін) анықтау;
5) бағдарпсихофизиологиялық және психологиялық қызметтерді тестілеу, мотивацияны, құндылық бағдарды зерделеу тестілері т.б. Кәсіптік жарамдылық деңгейін анықтау тек қабілетті зерттеу тестілерімен шектелмеуі қажет.
6) кәсіптік бейімделу - адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек шарттары мен нақты мамандық ерекшеліктеріне бейімделудің белсенді процесі арқылы іске асырылады.
Оқушылардың кәсіптік бағдар мәселесіндегі ерекше орын білім алушының үнемі мектепте айналысатын оқу-тәрбие процесіне тиесілі.
Оқу процесіндегі кәсіптік бағдар - оқушыларға оқу процесі барысында мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің деңгейі нақты оқу әрекетіне тікелей тәуелді. Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіптік бағдар беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді. Мектеп оқушылары биология, химия, физика, тарих, қоғамтану, әдебиет пәндері бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен, еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады. Әр оқу пәні мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру міндетін шешуде сол пән шеңберіндегі мүмкіндіктер мен құралдарды қолданатыны түсінікті жайт. Егер физиканы, химияны, биологияны оқытуда пәндердің оқу материалы мазмұнымен қатар мамандықтардың сипатын ашуға бағытталса, қоғамтану, әдебиет, экономиканы оқытуда адамның таңдаған мамандығы бойынша өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыру мен өзін-өзі таныту мүмкіндіктері, еңбек, өндіріс, еңбекақыны ұйымдастыру секілді мәселелерге басымдылық беріледі. Осы және басқа да ұғымдарды оқу пәндерімен қатар түсіндіру оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауына тікелей қатысы бар және кәсіптік бағдар мәселесін шешуге көмектеседі.
Бұл ретте әрбір оқу пәнінің шеңберінде кәсіптік бағдар, мамандық туралы берілетін ақпаратты іріктеуде сол пәннің мазмұндық және пәндік ерекшелігін ескеру өте маңызды болып табылады.
Мектепте оқылатын жекелеген кейбір пәндер барысында кәсіптік бағдар туралы мәлімет беруді қолайсыз деп санайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай пәндер қатарына математиканы жиі жатқызады. Дегенменде бұл мұғалімнің оқу материалын өмір құбылысымен байланыстыра алу шеберлігімен байланысты.
Мұғалім оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады: оқушылардың болашақ кәсіптік қызметіне, мамандығына психологиялық дайындық, кез келген мамандықты таңдауға қажетті жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. (А.Я.Журкина, 2014).
Кәсіптік өзін-өзі айқындау - жеке тұлғаның кәсіптік қызметке деген көзқарасын қалыптастыру процесі мен тұлғалық және әлеуметтік-кәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы жүзеге асыру тәсілі; қоғамда қалыптасқан кәсіптік іс-әрекет критерийлеріне қатысты өзін анықтау.
Кәсіптік өзін-өзі айқындау - бұл адамның өмір мен еңбек жолын қамтиды сондықтан да өмірде өзін-өзі айқындаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, яғни қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иелену, сол немесе басқа әлеуметтік топқа ену, белгілі бір өмір салтын, еңбек ету саласын және нақты мамандықты таңдау. Бұл тұрғыда тұлғаның кәсіптік өзін-өзі айқындауы әлеуметтік, адамгершілік, отбасылық өзін-өзі айқындау мәселелерімен мәндес қарастырылады.
Кәсіптік өзін-өзі айқындаудың теориялық негізі тұлғаның өзін-өзі айқындауының жалпы процесімен, тұлға әрекетіне ішкі шарттары арқылы сыртқы жанама әсерлердің, осы қадамға жоғары өзіндік жауапкершілікпен таңдау жасап өзін-өзі шектеумен, тұлғаның кәсіптік қалыптасуымен, өзін тұлға ретінде жүзеге асыратын және оның тұлғалық қасиеттерінің бейнесі ретінде көрініс тапқан қауымға қатынасы бойынша адамның белсенді ұстанымымен т.б. өзара байланысты.
Кәсіптік өзін-өзі айқындау - көпқырлы процесс. Келесі тәсілдер арқылы жүзеге асыру арқылы қолданылады: әлеуметтік тұрғыда - кәсіптік өзін-өзі айқындау тұлғаның алдына қоғам тарапынан қойылған міндеттер ретінде қарастырылады; әлеуметтік-психологиялық тұрғыда - кәсіптік өзін-өзі айқындау қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның жеке қалауының келісімі бойынша кезең - кезеңмен шешім қабылдау процесі ретінде қарастырылады; дифференциалды-психологиялық тұрғыда - кәсіптік өзін-өзі айқындау кәсіптік іс-әрекеттің бөлігі болып табылатын өмірдің дара стилін қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады.
Жастардың кәсіптік өзін-өзі айқындауы өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
Мектепке дейінгі кезең - балаларда адамдардың еңбегіне және олардың айналысатын әрекетіне деген жағымды қатынасының көрінісі. Демек, балада кәсіптік әлемге деген қатынасы, кәсіптік әлемге қарым-қатынас, алғашқы еңбек білігі оған қол жетімді қызмет түрлерінде қалыптастырудан басталады.
Бастауыш сыныптарда) - кіші мектеп жасындағы оқушыларының еңбекке деген адал ниетін оятады, еңбектің адам және қоғам өміріндегі рөлін, түсінеді, ата-аналарының мамандықтарына қызығушылықтарын білдіреді т.б. Осының барлығына балалардың танымдық, ойын, еңбек, қоғамға пайдалы қызметтің алуан түрлеріне қатысуы ықпал етеді.
Негізгі мектептің бірінші сатысы (V - VII сыныптар) - жеткіншектерде кәсіптік ниеттер пайда болады, олар мамандық таңдауға байланысты өз мүдделерін, қабілеттері мен қоғамдық құндылықтарын бірте-бірте түсіне бастайды. Осының барлығы жетекші танымдық және еңбек әрекеттерінде жүзеге асады.
Негізгі мектептің екінші кезеңі (VIII - IX сыныптар) - бұл кезеңде мектеп оқушыларының кәсіптік сана-сезімі дамиды, оларда мамандық таңдаудың тұлғалық мәні пайда болады, өз идеялары мен нақты мүмкіндіктерін болашақ қызмет саласын таңдаудың қоғамдық мақсаттарымен байланыстырады; бұл кезеңде оқушыларды белсенді танымдық және еңбек әрекетіне баулиды, оларға мамандық таңдаудың ғылыми негіздерін зерделеуге, диагностика мен өзін-өзі диагностикалау әдістерін меңгеруге қолдау көрсетеді.
Жалпы орта білім беру мекемелерінде оқу (мектеп, гимназия, лицей) - жекелеген оқу пәндерін тереңдетіп оқыту негізінде кәсіптік бағдарлау жүзеге асырылады, кәсіптік маңызды қасиеттердің қалыптасуына назар аударылады; оқушыларға өзін-өзі дамытуға және таңдаған кәсіптік қызметіне өздігінен дайындалуға көмек көрсетіледі.
Мамандықты меңгеру - бұл колледждерде және жоғары оқу орындарында оқу процесі; осы кезеңде кәсіптік мамандарды даярлау аяқталады.
Кәсіптік іс-әрекет - біліктілікті арттыру, сондай-ақ басқа кәсіптік қызметке қайта бағдарлау.

мақсаты мен міндеттері
Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысына барлық ұжым болып кіріскенде және бірқатар қағидаттарды ұстанғанда ғана тиімді болатынын ескеру маңызды:
Жүйелелік және сабақтастық - кәсіптік бағдар жұмысы тек жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізілуімен шектелмеуі тиіс. Бұл бастауыш сыныптан басталып мектепті бітіргенше үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Оқушылардың жас ерекшелігіне, олардығ мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарының қалыптасуы мен сабақ үлгерімінің деңгейіне, өмірлік жоспарлары мен құндылық бағдарларының айырмашылықтарына сай саралау және даралау.
Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысының жаппай, топтық және жеке формаларының оңтайлы үйлестіру.
Мектептің, отбасының, кәсіптік оқу орындарының, жастарға кәсіптік бағдар беру орталықтарының, қоғамдықкәсіптік жастар ұйымдарының, әлеуметтік серіктестердің өзара байланысы.
Кәсіптік бағдар жұмысының өңір және елдегі еңбек нарығымен байланысы (қоғамдағы маман қажеттілігімен табиғи бірлігі).
Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының мақсаттары:
Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіптік өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіптік мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.
Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі міндеттері:
Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинау;
Элективті курс сабақтары мен тәрбие жұмысында қолданылатын оқытудың кешенді және дәстүрлі емес формалары мен әдістері есебінен бейіндік оқытудың вариативтілігінің кең ауқымын қамтамасыз ету;
Жұмысқа орналасу қиындығын болжауға оңай болатын кейбір оқушылар топтарына яғни, түзету мектептері мен сынып оқушыларына қолдау көрсету;
Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіптік білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;
Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіптік бағдар беру жұмысына жұмылдыру;
2.3 ХХІ ғасыр мамандықтары
Адамзат тарихындағы әрбір ғасыр адам өмірінің түрлі салаларында жаңа мүмкіндіктермен және жаңалықтармен ерекшеленді. Бұл жаңа технологиялардың қарқынды дамуына, жаһандық компьютерлендіруге, маңызды медициналық жаңалықтарға байланысты. Ғылыми және техникалық жетістіктер әлемнің бейнесін түбегейлі өзгертеді, олар өркениет деңгейіне, өмірлік тәртіпке және жеке тұлғаның құндылықтарына әсер етеді. Сондықтан адамның кәсіптік қызметі де тыс қалмайды. 1988 жылы халықаралық стандартқа 9333 мамандық енгізілді, ал біздің елімізде мамандар 7000 мамандық саналды. М.Х.Тима (1975) жазбаларындағы әлеуметтанушылардың деректерінде оны жыл сайын біршама ескі мамандықтар жойылып бес мыңнан астам жаңа мамандықтар пайда болады
Барлық елдерде көптеген өзгерістер болуда, оның ішінде Қазақстанда да көптеген жаңа мамандықтар пайда болды. (Работа в ногу со временем: новейшие профессии 21 векаЭлектронный ресурс: https:timeforwoman.rucareersupe rwomanrabota-v-nogu-so-vremenem-no veyshie-professii-21-veka.html).
Қазіргі таңда төмендегідей топтастыруға болатын көптеген жаңа мамандықтар бар:
Ғылым және ғарышпен байланысты мамандықтар;
Бизнес және ақпараттық технологиялар саласы;
Event-индустрия, жарнама және сауда;
Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина.
Ғылым және ғарышпен байланысты мамандықтар
Халықаралық қауымдастық климаттың жаһандық өзгеру мәселелері туралы алғаш рет өткен ғасырдың 80-ші жылдарында сөз сөйледі. 21-жүзжылдықтың басында адамзат осы саладағы зерттеулерден практикалық қызметке көшті. Британдық ғалымдардың пікірінше, қоршаған ортаны қорғау жолындағы келесі заңды қадам климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі мамандардың пайда болуы.
Ағымдағы ғасырдың тағы бір болашақ еншісіндегі келесі бағыты - қозғалыс құралдары саласындағы инновацияларды әзірлеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Күн тәртібінде-көп функциялы энергия үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз машиналарды әзірлеу мәселесі тұр. Осылайша, таяудағы он жылда көліктің баламалы түрлерін әзірлеушінің мамандығы сұранысқа ие мамандықтардың бірі болады.
Ғарыш саласында адамзат басқа ғаламшарларды отарлау мен жерден тыс минералдық ресурстарды игеру алдында тұр. Футурологтар осы ағымдағы ғасырда астроиндустриямен байлансыты мамандықтарға сұраныстың күрт өсетіндігі туралы айтады. 2020 жылдан кейін танымал мамандықтар тізіміне ғарыш аппараттарының ұшқыштарының қатары толығады:
Космобиологтер - ғарыш жағдайында тірі ағзалардың мінез-құлықтарын зерттеуші, жерден тыс базалардан және орбиталық станциялардан ұшу үшін тұрақты экологиялық жүйені әзірлеуші мамандар.
Космогеологтер - Айда және астероидтарда пайдалы қазбаларды өндірумен және кен орындарын бағалау, анықтаумен айналысатын мамандар.
Космотуризм бойынша менеджерлер - ай базаларына, орбиталық станцияларға бару бағдарламасын құрайтын жаңа ғасырдың басқарушылары.
Ғарыш құрылыстарының өмірлік циклін жобалаушылар - астроинженерлер, одан әрі кәдеге жарату немесе қайта құру мүмкіндігін ескере отырып, жерсеріктері мен станцияларды әзірлеуге маманданған кәсіп иесі.
Бизнес және ақпараттық технологиялар саласы
21-ғасырда жылжымайтын мүлікті сатып алу мен сатуға байланысты мамандықтар өзекті болады. Риэлторлардың арасында қандай да бір жобаның құрылысын ілгерілетумен және оны іске асырумен айналысатын кәсіпкерлер - девелоперлер неғұрлым сұранысқа ие болады. Олар кез келген істі ойдан бастайды, оған өз ақшаларын салып, жеке қаржы сызбасын әзірлейді. Девелопердің түпкі мақсаты-жобаның құнын барынша арттыру.
Андеррайтер салыстырмалы түрде жаңа бизнес-мамандық болып табылады. Бағалы қағаздар нарығында акцияларды шығару және бөлу процесін басқаратын кепілдік берілген тұлға андеррайтер деп аталады. Сақтандыру ісіндегі андеррайтер тәуекелдерді бағалайтын және орынды шарттар жасасу бойынша шешім қабылдайтын маман иесі болып табылады.
Ұйымдастырушылық қабілеті, аналитикалық ақыл-ойы және дамыған коммуникативтік дағдылары бар адамдарға қызметкерлерді іріктеу саласында күш сынап көру қажет. Жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы бірінші дәрежелі делдалдарды "бас аулаушылар" деп те атайды. Хэдхантер, қарапайым рекрутер қарағанда, аса құнды және жоғары ақы төленетін мамандармен жұмыс істейді.
Ауылшаруашылығында зәулім ғимараттарда орналасқан агроөнеркәсіптік автоматтандырылған тік ферма қызметкерлеріне сұраныс өседі. Қазіргі таңда қала жағдайында көпқабатты өсіру мәселесі әзірлену сатысында тұр Жақын арада осындай пилоттық жобалар кейбір мегаполистерде (Нью-Йоркта, Сингапурде), ал 2025 жылдары дамыған елдерді бұл қалыпты құбылыс болып табылады.
IT саласында да жаңа мамандықтар пайда болады. Олардың ішінде - копирайтер (тапсырыс бойынша ақпараттық және жарнамалық мәтіндер жазады) және контент -менеджер (сайттарды суреттермен, жаңалықтармен, мақалалармен толықтырушы). Жоғары шығармашылық пен зерделілікті қажет ететін мамандықтар қатарына веб-дизайнерлер
жатады. Бұл ІТ-маманының міндетіне сайт дизайнын әзірлеуде жатады. Бұл міндетпен вебмастерлерде айналыса алады. Бұдан басқа, ол сайттарды басқаруға, сақтауға және жаңартуға маманданған Вебмастердің жоғары еңбекақысы дизайнер мен программист қызметінің теңгерімділігімен байланысты түсіндіріледі. Бүкіләлемдік торда сайттарды жылжытумен СЕО-маман айналысады.
Event-индустрия, жарнама және сауда
Ағымдағы ғасырда ойын-сауық индустриясын дамыту әртүрлі іс-шараларды кәсіптік ұйымдастырушыларға деген қажеттілікті тудырды. Ивент-менеджерлер кештер, мерейтойлар, үйлену тойлары, балалар мерекелері, корпоративтер, тренингтер, конференциялар мен презентациялар жоспарлаумен және оларды өткізумен айналысады. Олардың міндеттеріне идея әзірлеу, іс-шара үшін орын таңдау, сценарий құру кіреді.
Қонақтардың көңілін көтерумен тікелей аниматорлар айналысады. Бұл мамандық үлкен табыс әкелмеседе көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды. Ол актерлік, вокалдық немесе хореографиялық қабілеттері бар, басқалармен тез тіл табыса алатын адамдар үшін қолайлы болып табылады. бар көпшілік адамдарға қолайлы Аниматорлар туристік бизнесте, балалар мен корпоративтік мерекелерде ерекше сұранысқа ие.
Еңбек нарығында жарнамалық қызмет көрсетумен айналысатын мамандықтар бар. Мысалы, медиапланер науқан барысында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеумен айналысады. Агенттікте жұмыс істей отырып мұндай маман маркетингтік және әлеуметтік зерттеулерге сүйеніп БАҚ-тағы жарнаманың тиімділігін бағалайды. Оның міндеті науқанға жұмсалатын қаражатты оңтайландыру болып табылады.
Нарықты басқару саласындағы аналитикалық жұмыспен маркетолог айналысады. Бұған ұқсас жұмыспен бренд-менеджер айналысады: фирмалық маркалар айналымының шеңберін кеңейту, тауар тобының сатылымын басқарады. Оның міндетіне өнім мен қызметке сұранысты зерттеу және қалыптастыру кіреді. 21- ғасыр мамандықтарының қатары BTL-маркетинг саласына жатады:
Промоутерлер парақшалар мен сыйлықтарды таратумен, сатып алушыларға кеңес берумен, өнімнің дәмін татумен айналысады.
Мерчендайзерлер сатушы болып қызмет етеді. Олар сауда нүктесінде көтермелейтін тауарлардың қолжетімділігін және жеткілікті болуын қадағалайды, бәсекелестердің бағасын бақылайды.
Супервайзерлер - промоутерлер мен мерчендайзерлердің топтарының басшысы. Олардың бойларында көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттері, жүйелі ойлау мен жоспарлау дағдылары болуы тиіс.
Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина
Алдағы онжылдықта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының әсерінен
білім беру жүйесі танымастай өзгерістерге ұшырайды.
Балалардың интернет - әлеуметтену ерекшеліктерін веб-психологтар жақсы түсінетін болады.
Онлайн-платформа кураторларының міндеттеріне мыналар кіреді: қашықтықтан оқыту курсын құрастырады, мұғалім мен оқушы арасындағы коммуникациялық проблемаларды шешеді.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін лайфстайл-жаттықтырушы деп те атауға болады. Ол сабақтарды жоспарлауы, денені шынықтыру жаттығуларына жетекшілік етуі, дұрыс ұйықтау мен тамақтану бойынша ұсыныстар беруі тиіс.
Ойын шеберлері ойын сценарийін әзірлеп, оған оқу бағдарламаларын бейімдеумен айналысады.
Брейн-тренердің негізгі міндеті оқушылардың зейін өнімділігі мен шоғырлануын арттыру болып табылады.
Коуч - әзірге отандық жоғары оқу орындары дайындамай жатқан 21-ғасыр мамандығы. Бір мезетте психолог, тренер және кеңес берушілік қызметтерін қатар атқарады және қызметкерлердің тұлғалық әлеуетін ашу арқылы кәсіпорынның өнімділігін арттыруға көмектеседі. Коучер қызметінің тізіміне мыналар кіреді: жағдай прооблемасын талдайды және кеңес береді , мақсат қойып, сабақ бағдарламаларын әзірлейді, тренингтер жүргізеді. Білікті психологке ІТ- технологиялары да көмектесе алады. Адам жан дүниесі туралы терең білімі бар маман онлайн-коучер немесе желілерде әлеуметтік қызметкер бола алады.
Қазіргі ғасыр медицинасында трансплантолог, ағзаларды өсіретін мамандарға, пластикалық хирургтер мен нанодәрігерлерге жұмыс орындары табылады. Даниялық ғалымдардың пікірінше, қартайған адамдарға жан және тән саулығын мүмкіндігінше ұзақ сақтауына көмек көрсететін геронтопсихолог - кеңес беруші мамандығы келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі болып табылады.
Адамдар тұқымқуалаушылық аурулардың алдын алу және анықтаумен айналысатын генетик диагност-дәрігерге жиі жүгінетін болады. Биоэтик мамандар мекемелердегі нормативтік-құқықтық нормалардың және адами құндылықтардың сақталуын қадағалайды. (Новые перспективные профессии: кем быть в XXI векеЭлектронный ресурс: https:legkopolezno.rurabotakare ranovye-professii).
Бұл тізімді Қазақстанда және бүкіл әлемде 21-ғасырдағы аса маңызды және сұранысқа ие мамандықтар қатарымен толықтыруға болады. Бұл мамандықтардың басым көпшілігі ресейлік Сколково бизнес мектебінің және Стратегиялық бастамалар агенттіктерінің мамандары әзірлеген Жаңа мамандықтар атласында (бұдан әрі - Атлас) көрініс тапқан.
Атлас негізгі салалар мен компаниялардың трендтерін, еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін терең талдау негізінде құрылған. Түрлі әлеуметтік және экономикалық сала талаптарының өзгеруі жұмыс істейтін мамандардан қосымша түйінді құзыреттіліктерді, тіпті жаңа мамандықтарды талап етеді.
Толық ақпаратты жинақтайтын және жүйелейтін жаңа мамандықтар атласын жастарға мамандықты дұрыс таңдауға көмектесетін кәсіптік бағдар құралы ретінде қарастыруға болады. Дәл осы таңдау болашақта олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.
Дегенмен де, Атлас таяудағы екі онжылдықта еңбек нарығында қандай мамандар қажет болатыны туралы сұраққа түпкілікті және нақты жауаптардан тұратын материал болып табылмайды. Сонымен қатар, Атлас бизнестегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің факторы ретінде салалық құзыреттіліктерді дамытудың негізгі бағыттарын айқындау үшін пайдалануға болады. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz