Массив элементіне қатынас жасау тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
№1-Зертханалық жұмыс. Java . Қарапайым консольді қосымшалар
Жұмыс мақсаты: Қарапайым типтік есептерді есептеу, тестілеу және
шығаруға үйрену. Ереже бойынша, осындай есептің қойылымында оны шешудің
алгоритмі анықталған. Осы алгоритмді Си тілінің негізгі нұсқауларын
пайдалана отырып жазу қажет. Программа жұмысының дұрыстығын тексеру үшін
қажетті тестілік мәліметтер көрсетілуі керек.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Тапсырманы
орындауда төмендегілерді білу керек:
- printf функциясы монитор экранына айнымалылар мәнін шығару мен
хабарлауды қамтамасыз етеді;
- printf функциясының бірінші параметрі; атауы функцияның қалған
параметрлері ретінде көрсетілген, айнымалылар мәнін шығару форматы мен
шығарылған мәтінді анықтайтын шығару жолы болып табылады
- айнымалылар мәнін шығару форматы түрлендіру спецификаторы-% символынан
басталатын символдар тізбегінің көмегімен беріледі;
- сандық мәндерді шығаруда келесі спецификаторлар жиірек қолданылады:
бүтіндерді белгісімен шығару үшін -%і немесе %d, таңбасыз бүтіндерді
шығару үшін-%u, жылжымалы нүктесімен берілген сан бөлшектерді шығару
үшін-%f, бекітілген нүктелі форматта бөлшектерді шығару үшін-%n.mf,
мұндағы n – бүтін бөліктің цифр саны, m – бөлшек бөліктің цифр саны.
- Кейбір символдар шығару жолында басқа кәдімгі символдардың тізбегі
ретінде ғана орналасуы мүмкін: \n-жаңа жол, \t – табуляция, \” –
тырнақша, \\ - символ \ ;
- printf функциясымен қатар, мәтінді шығарғаннан кейін курсорды
автоматты түрде келесі жолдың басына апаратын, экранға хабарлама
шығару үшін puts функциясы қолданылады;
- пернетақтадан алғашқы мәліметтерді енгізу үшін scanf функциясы
арналған;
- scanf функциясының бірінші параметрі болып басқарушы жол табылады,
ал қалған параметрлер-мәні енгізілуі тиіс, айнымалылар адресі
болады;
- басқарушы жол екі жағынан тырнақшаға алынған спецификаторлар тізімі
болып есептеледі: таңбасы бар бүтін сандарды енгізу үшін %i;
таңбасыз бүтіндерді енгізу үшін %u, бөлшек сандарды енгізу үшін %f,
символды енгізу үшін %с, жолды енгізу үшін %s;
- scanf функциясының параметрі ретінде айнымалының адресін емес, атын
қолдану компилятор таппайтын жаңадан басталған прогроммистердің
әдеттегі қатесі болып табылады;
- программаның жұмысы аяқталғаннан кейін, программа жұмыс істеп тұрған
терезе автоматты түрде басқа терезелермен қайтадан жабылып қалмас
үшін, программаның соңына келесі екі нұсқауды қою керек:
printf (“Аяқтау үшін Enter” пернесін басыңыз);
getch( );
- тестілік мәліметтерді құрылған алгоритмнің барлық тармақтарының
жұмысын қадағалауды таңдап алу қажет;
- программалардың орындалу кезіндегі ұсынылған экран түрі:

- зертханалық жұмыстардың атаулары;
- алғашқы деректерді енгізуге шақыру;
- алғашқы деректерді шақыру;
- түсіндірме мәтін және программа жұмысының нәтижесі.
Зертханалық жұмыс тапсырмалары. х аргументі берілген y=f(x)
функциясының мәнін есептейтін программа құру.
Тапсырма нұсқалары:
1. 2.
3. 4.
5. 6.
7. 8.
9. 10.
11. 12.
13. 14.
15.
Әдебиет: 1 нег. [14-38], 4 қос. [5-11].
Бақылау сұрақтары.
1. Айнымалы мәнінің форматтық шығаруы қалай беріледі?
2. ШЫҒАРУДЫҢ ЕҢ ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СПЕЦИФИКАТОРЫН КӨРСЕТІҢІЗ.
3.СИ ТІЛІНДЕГІ ПРОГРАММАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚАНДАЙ?

№2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. JAVA. ИНКАПСУЛЯЦИЯ
Жұмыстың мақсаты: Тармақталған алгоритмді программалауды үйрену
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Шартты оператор
есептеу процесінің тармақталу құралы болып табылады.
Шартты оператордың құрылымы келесі көрініске ие:
IF шарт оператор1;
ELSE оператор2;
Шартты оператор келесі алгоритм бойынша орындалады. Алғашында шарт
орындалады. Егер нәтиже TRUE (АҚИҚАТ) болса, онда оператор1 орындалады,
ал оператор2 қарастырылмайды; егер нәтиже FALSE (ЖАЛҒАН) болса, онда
керісінше, оператор1 қарастырылмайды, ал оператор1 орындалады. Егер
шартты оператордың бір бөлігінде else сөзінен басталатын сөз болмаса, онда,
шарттан кейін тұрған операторға басқару беріледі
Зертханалық жұмыс тапсырмалары. Берілген х аргументінің мәні бойынша
f(x) функциясын есептеудің блок-схема түріндегі алгоритмін және
программасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен
есептелінеді.
Тапсырма нұсқалары:
1. 2.
3. 4.
5. 6.
7. 8.
9. 10.
11. 12.
13. 14.
15.
Әдебиет: 1 нег. [60-70], 3 қос. [120-132].
Бақылау сұрақтары.
1.if өрнектің сандық мәнін тексеретін болғандықтан, шартты кейде
қысқартылған түрде жазуға болады. Осындай жазбалардың мысалын
келтіріңіз.
2.if – конструкциясының бір-біріне қойылуынан мәнсіздіктің
болуының әртүрлі тәсілдерін көрсетіңіз.
3.switch нұсқауында аталған case және default сөздерімен
орналасқан тармақтардың реті қандай?

№3 Зертханалық жұмыс. Java. Мұрагерлік
Жұмыстың мақсаты: циклдік құрылымдағы алгоритмдерді программалауды
үйрену.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Си тілінде 3
түрлі қайталау операторлары бар. Олардың көмегімен циклдік құрылымдағы
алгоритмдерді программалауға болады. Олар туралы нақты мәліметтер осы оқу
әдістемелік кешеннің бесінші дәрісінде анық көрсетілген және мысалдар
келтірілген.
Зертханалық жұмыс тапсырмалары. Берілген х нақты саны мен n натурал
санының өрнегін есептейтін блок схема түріндегі алгоритм мен программаны
құру. Өрнек мәні қайталау операторының көмегімен есептелінеді. Программаны
құруда қайталау операторының әр түрін қолдану керек.
Тапсырма нұсқалары:

1. 2. 3. 4.
5. 6. 7. 8.
9. 10.
11. 12. 13. 14.
15. 16. 17. 18.
19. 20..
Әдебиет: 1 нег. [70-80], 3 қос. [133-135].
Бақылау сұрақтары.
1. for операторының орындалуы
2. WHILE операторы
3. do while операторы

№4 Зертханалық жұмыс. Java. Массивтер
Жұмыстың мақсаты: Есепті шешуде бір және екі өлшемді массив типті
мәліметтер құрылымын қолданып программалауды үйрену.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Массивтер – бұл
бірдей типтегі элементтер жиыны (double, float, int ). Массивті
жариялағанда компилятор массив элементтерінің типі және олардың саны туралы
ақпарат алуы керек. Массив сипатталуының түрі:
спецификатор-тип сипаттаушы [константа - өрнек];
Сипаттаушы - массив идентификаторы.
Спецификатор-тип массивтің элементтерінің типі.
Константа-өрнек массив элементтерінің саны.
СИ тілінде массивтің бірінші элементінің индексі 0-ге тең.

Зертханалық жұмыс тапсырмалары.

Тапсырма 1. Бір өлшемді массивтерді өңдеу тапсырмаларын шешетін блок-
схема түріндегі алгоритм мен программа құру. Төменде көрсетілген
тапсырмаларды программалауда циклдік операторлардың әр түрін қолдану
ұсынылады.
Тапсырма нұсқалары:
1. А(10) массиві берілген. Массив элементтерінің арасындағы алғашқы
кездесетін нөлге тең элементке дейінгі оң элементтерінің саны мен
қосындысын табу.
2. А(20) массиві берілген. Массив элементтерінің оң сандарының ең кішісі
мен ең үлкенін және олардың реттік нөмірін табу.
3. А(15) массиві берілген. Массивтің тақ орындарында орналасқан
элементерінің арасындағы ең кіші элементті, сонымен қатар ең кіші
бірінші элементтен кейінгі нөлге тең емес элементтердің туындысын және
санын анықтау керек.
4. А(30) массиві берілген. Массивтің ең кіші және ең үлкен элементтерінің
арасындағы оң элементтердің саны мен қосындысын табу.
5. А(20) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент болса, онда
бұл элементтен кейін тұрған барлық элементтерді квадратта, әйтпесе
массивті өзгеріссіз қалдыр.
6. Егер В(40) массивінің элементтері өсу ретімен орналасса, Х
айнымалысына 1-ді, ал кері жағдайда 0-ді меншікте.
7. А(10) массиві берілген. Массив элементінің ең үлкен элементін табыңыз
және ол элементтен кейінгі элементтерді кему реті бойынша
орналастырыңыз.
8. Бір өлшемді екі массивтен үшінші бір массивті құру. Ол үшінші
массивтің басында бірінші массивтің элементтері, содан соң екінші
массивтің элементтері орналассын.
9. Берілген бір өлшемді екі массивтен үшінші бір массивті құру. Ол үшінші
массивте екі массивтің ең үлкен элементтерін теріп орналастыр.
10. В(20) және С(30) массивтерінің элементтерінен А(50) реттелген массивін
құру. В(20) және С(30) массивтері алдын-ала өсу ретімен орналасқан.
11. А(40) массиві берілген. Массив элементтері кему реті бойынша
орналассын.
12. А(50) массиві берілген. Жұп орында орналасқан теріс элементтердің
санын және тақ орындарда орналасқан оң элементтердің қосындысын
табыңыз.
13. А(50) массиві берілген. Массивтің әрбір бесінші элементін бесінші
дәрежеге көтер.
14. А(20) массиві берілген. Массивтің ең кіші элементін тап және осы
элементке дейінгі орналасқан элементтерді кему реті бойынша
орналастыр.
15. А(30) массиві берілген. Егер қандайда бір М санына тең элемент болса,
онда Х айнымалысына осы элементке дейінгі орналасқан нөлге тең емес
элементтерінің туындысын, ал кері жағдайда Х айнымалысына 0-ді
меншікте.
16. Бірінші кездесетін нөлдік элементке дейінгі оң элементтердің санын
және қосындысын табыңыз.
17. А(50) массиві берілген. Бірінші кездесетін нөлдік элементтен кейінгі
тақ оң сандарының санын және қосындысын табыңыз.
18. А(50) массиві берілген. Қатарда ең көп кездесетін жұп оң сандардың
элементтер санын табыңыз.
Тапсырма 2. Екі өлшемді массивті қолданатын есепті шешуге арналған
блок схема түріндегі алгоритмді және программаны құру. Тапсырманы
программалауда массивті өңдейтін циклдік операторлардың әртүрін қолдану
жоспарланады.
Тапсырма нұсқалары:
1. A[5,5] массиві берілген. Массивтің тақ жолдарында орналасқан
элементтерінің ең кішісін табыңыз.
2. A[6,6] массиві берілген. Егер массив элементтерінің арасында В-ға тең
элемент болса, онда Х айнымалысына осы элементтің сол жағында
орналасқан оң сандарының қосындысын, әйтпесе Х айнымалысына нөлді
меншікте.
3. A[5,5] массиві берілген. В(J)-ге А массивінің J-ші бағанының ең
үлкен элементін меншіктеу арқылы В(5) массивін құру.
4. A[7,7] массиві берілген. Басты диагоналынан жоғары орналасқан жұп оң
элементтерінің санын және туындысын табыңыз.
5. A[5,5] массиві берілген. В(5) массивін келесі ереже бойынша құрыңыз:
егер массивтің I-ші жолында кем дегенде бір теріс элемент болса, онда
В(I)-ге бірді, ал кері жағдайда В(I)-ге нөлді меншікте.
6. A[6,6] массиві берілген. В(6) массивін келесі ереже бойынша құрыңыз:
егер А массивінің J-ші бағанында нөлге тең емес элементтерінің саны
нөлге тең элементтерінің санынан артық болса, онда В(J)-ге бірді, ал
кері жағдайда В(I) -ге нөлді меншікте.
7. A[8,8] массиві берілген. Жанама диагоналынан жоғары орналасқан ең
үлкен элементті табыңыз. Ең үлкен элемент қиылысатын жол мен баған
элементтерінің орындарын бір-бірімен ауыстырыңыз.
8. A[7,7] массиві берілген. В(7) массивін келесі ережеге сәйкес құрыңыз:
егер массивтің i –ші жолы өсу реті бойынша орналасқан болса, В(I)-ге
бірді(1) меншіктеңіз, ал кері жағдайда 0-ді меншіктеңіз.
9. A[6,6] массиві берілген. В(6) массивін келесі ережеге сәйкес құрыңыз:
В(1)-ге басты диагональдың нөлдік элементтерінің санын, ал В(2)-ге
басты диагональға параллель және одан жоғары орналасқан нөлдік
элементтердің санын меншіктеңіз.
10. A[5,5] массиві берілген. Жанама диагоналға параллель жатқан диагонал
элементтерінің қосындысы ең кіші болатынын табыңыз.
11. A[6,6] массиві берілген. Әрбір жолдың ең үлкен және әрбір бағанның ең
кіші элементін табыңыз. Табылған баған және жол элементтерінің
орындары сәйкесінше ауыстырыңыз.
12. A[7,7] массиві берілген. Әрбір жолдың элементтерін реттеңіз.
13. A[6,6] массиві берілген. Біреуден артық қайталанатын элементтер
арасындағы мах табыңыз.
14. A[8,8] массиві берілген. Массивтің локальды максимумын табыңыз.
15. A[7,7] массиві берілген. Әртүрлі элементердің жұбынан құралған баған
санын анықтаңыз.
16. A[8,8] массиві берілген. Өсу немесе кему реті бойынша орналасқан жол
элементтерінің арасынан ең кішісін табыңыз.
17. A[8,8] массиві берілген. Басты диагоналға параллель болған диагоналдың
нөлдік емес элементтері туындысының ең үлкен элементін табыңыз.
18. A[7,7] матрицасы берілген. Басты және жанама диагоналда орналасқан ең
үлкен элементті табыңыз және оны осы диагоналдың қиылысында тұрған
элементтің орнымен ауыстырыңыз.
Әдебиет: 1 нег. [52-70].
Бақылау сұрақтары.
1. Массив дегеніміз не?
2. Массив элементіне қатынас жасау тәсілі.
3. Символдардың массив құрылымы қандай?
4. Массивте инициализация қалай жүзеге асады?
5. Стандартты функциялар және енгізу-шығару нұсқаулары және
массивтерді өңдеу?

№5 Зертханалық жұмыс. Java. Коллекциялар
Жұмыстың мақсаты: функцияны қолдану арқылы есептерді шешудегі
программалау әдістерін үйрену.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Функциялар –
біреуден артық программа үзіндісін пайдаланғанда қалыптастыру үшін
қолданылады. Функцияларды баяндау бөлімінде берілген программа үзіндісі
осы программа үзіндісін орындау қажет болған кезде аты бойынша шақырылып
қойылады. Функцияның сипатталуы функция денесінен және тақырыбынан тұрады.
Жұмыстың барысында логикалық жағынан тәуелсіз және әрекеттердің тізбектеліп
қайталануын main ( ) функциясынан қатынас жасауға болатындай, жеке функция
түрінде безендіру талап етіледі.
- функцияға мәліметтерді беру үшін параметрлерді ғана қолдану керек.
Глобальды айнымалыларды, яғни функцияның сыртында жарияланған
айнымалыларды қолдануға болмайды;
- әр нақты параметрлер типі (тұрақты немесе айнымалы) функцияны
шақыру нұсқауында функцияны жариялауда көрсетілген, сәйкес
формальды параметрлер типімен сәйкес келуі тиіс;
- егер функция параметрі нәтижені қайтару үшін қолданылса, онда
функцияны жариялауда бұл параметр сілтеме болуы керек, ал функцияны
шақыру нұсқауында нақты параметрлер ретінде айнымалының адресі
көрсетілуі тиіс;
- егер функцияның аргументі оның жұмысынан кейін өзгермеуі керек
болса, онда мұндай аргументтер функцияға мәні бойынша берілуі қажет
- массив функцияға адрес бойынша беріледі;
- жазылған функцияның дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін, оны кіру
мәліметтерінің бірнеше типтеріне тестілеу қажет. Тестілік
мәліметтерді құрылған алгоритмнің барлық тармақтарының жұмысын
қадағалайтындай етіп таңдап алу керек.
Мысал. Факториал функциясын және осы функцияны факториалдар кестесін
шығару үшін қолданатын программаны жазыңыз.
#include stdio.h
#include conio.h
unsigned int factor (int x)
{ unsiged int f=1;
for (int i=2; i=x; i+ +)
f*=i
} return (f);
void main ( )
{ unsigned int f;
puts ( “\n факториалдар кестесі”);
for (int n=1 n=8; n+ +)
{ f=factor (n);
printf (“%2i%u\n”,n,f);
}
puts (“\n жұмысты аяқтау үшін Enter басу ”);
getch ( );
}
Зертханалық жұмыс тапсырмалары. Функцияны қолдану арқылы есептерді
шешу алгоритмін және программасын құру.
Тапсырма нұсқалары:
s, t нақты сандары берілген. f(t, -2s, 1.17)+f(2.2, t, s-t) есептеу,
мұндағы
s, t нақты сандары берілген. g(1.2,s)+g(t,s)-g(2s-1,st) есептеу, мұндағы

a, b, c нақты сандары берілген. есептеу.
n, m нақты сандары және a1, ..., an, b1, ..., bm, c1, ..., c30 бүтін сандары
берілген. есептеу.
n натурал саны берілген. Среди чисел 1, 2, ..., n сандарының арасынан екі
натурал санның квадраттарының қосынды түрінде көрсетуге болатын сандардың
бәрін табыңыз.
x1, y1, x2, y2, ..., x7, y7 нақты сандары берілген. Жеті бұрыштың периметрін
табу. Оның төбелерінің координаталары (x1, y1), (x2, y2), ..., (x7, y7)
сәйкес.
А(10), В(10) массивтері берілген. Массивтердің бірінші нөлдік элементіне
дейінгі барлық элементтерді 0,5-ке ауыстыру
А(5,5), В(5,5), С(5,5) массивтері берілген. Осы массивтердің тақ
жолдарындағы нөлге тең емес элементтерінің көбейтіндісінің ең кішісін табу.
А(4,4), В(4,4), С(4,4), D(4,4), F(4,4) массивтері берілген. Массивтердің
көбейтіндісін табу. Екі массивтің көбейтіндісін функция түрінде көрсету.
A(5,5), B(5,5), C(5,5), D(5,5) массивтері берілген. Жанама диагоналдан
жоғары орналасқан ең кіші элементтердің көбейтіндісін табу.
А(7,7), В(7,7), С(7,7), D(5,5) массивтері берілген. Осы массивтердің тақ
жолдарындағы нөлге тең емес элементтерінің көбейтіндісінің ең үлкенін табу.
A(5,5), B(5,5), C(5,5) массивтері берілген. Басты диагоналдан жоғары
орналасқан ең үлкен элементтердің көбейтіндісін табу.
x1, y1, x2, y2, ..., x5, y5 нақты сандары берілген. Бес бұрыштың периметрін
табу. Оның төбелерінің координаталары (x1, y1), (x2, y2), ..., (x5, y5)
сәйкес.
А(15), В(15), С(15) массивтері берілген. Массивтердің бірінші нөлдік
элементінен кейінгі барлық элементтерді 5-ке ауыстыру.
(x1, y1), (x2, y2), ..., (x7, y7) төбе координаталары берілген жеті бұрышты
табыңыз. Ауданы ең үлкен үшбұрыштың координаталарын баспаға шығар.
Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша тауып, оны функция түрінде
қалыптастыру.
Әдебиет: 1 нег. [36-41], 3 қос. [85-105].
Бақылау сұрақтары.
1. Си-де функция қандай роль атқарады?
2. Функцияның прототипі дегеніміз не және программаның интерфейсі
тұрғысынан ол қандай роль атқарады?
1. Егер функция аргумент ретінде массивті қабылдаса, онда ол массивтің
кез-келген элементіне қалай қатынас жасай алады?
2. Локальды және сыртқы айнымалыларды қолдану

№6 Зертханалық жұмыс. Java. Терезелі қосымшалар
Жұмыстың мақсаты: Си тілінің стандартты функциясын қолданумен
символдық ақпараттарды, мәтіндерді өңдеу.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Жолдармен жұмыс
істейтін функциялар:

- strcat

Синтаксисі: char *strcat (char * Жол1, const char* Жол2 )
Жол1 және Жол2 жолдарын біріктіреді және нәтижені Жол1-ге жолға жазады.

- strcpy

Синтаксисі: char* strcpy (char*Жол1,const char* Жол 2)
Жол1 жолын Жол2 жолына көшіреді.

- strlen

Синтаксисі: int strlen (const char* Жол)
Жолдың ұзындығын қайтарады. Нөлдік символ ескерілмейді.

- strcmp

Синтаксисі: int strcmp (const char* Жол1,const char* Жол2)
Жол1 мен Жол2 жолдарын салыстырады. Егер жолдар тең болса, 0-ді қайтарады,
егер Жол1 Жол2 болса, сан нөлден кіші, егер Жол1 Жол2 болса, сан нөлден
үлкен.

- strlwr

Синтаксисі: char* strlwr (char* Жол)
Жолдың кіші әріптерін үлкен әріптерге түрлендіреді (тек латын алфавитінің
өңдейді).
- strupr
Синтаксисі:char * strupr (char* Жол)
Жолдың үлкен әріптерін кіші әріптерге түрлендіреді (тек латын алфавитінің
өңдейді).
- strset
Синтаксисі: char*strset (char*Жол, char Жол)
Функцияны шақырады жолды көрсетілген символмен толтырады.
- strchr
Синтаксисі: char*strchr (const char*Жол, int Жол)
Жолда символды іздеуді орындайды және көрсеткішті бірінші табылған символға
немесе егер символ табылмаса – NULL қайтарады.
- strtok
Синтаксисі:char*strtok (char*Жол, const char*Бөлгіштер_ Жол)
Адрестелген Жол жолды Бөлгіштер_Жолын көрсететін, әрқайсысы жолдың
символдарымен анықталатын лексем тізбектеріне бөледі. Бірінші шақыруда
strtok функциясы бірінші аргумент ретінде Жол мәніне ие болады, келесі
барлық шақыруларда бірінші параметр ретінде нөлінші көрсеткіш, яғни NULL
беріледі. Басты файл:string.h
Зертханалық жұмыс тапсырмалары. Символдар жолының алгоритмін құру
және программалау.
Тапсырма нұсқалары:
1. Символдар жолы берілген. а әрпінен басталатын сөздердің санын
анықтаңыз және олардың арасындағы ең ұзын сөзді баспаға беріңіз.
2. Символдар жолында кездесетін леп(!) белгісін нүктемен, ал әрбір нүктені
көп нүктемен(...) ауыстырыңыз.
3. Символдар жолы берілген. Осы символдар жолындағы * символын жою
керек.
4. Символдар жолы берілген. Ос abc және aba әріптерінің символдар жолында
қанша рет кездесетінін анықтаңыз.
5. Символдар жолы берілген. Осы символдар жолындағы бірінші және соңғы
әріптері бір-біріне сәйкес келетін сөздердің санын анықтаңыз.
6. Құрамында кем дегенде бір нүкте кездесетін символдар жолы берілген.
Бірінші нүктеге дейінгі барлық үтірлерді жойып, ал бірінші нүктеден
кейінгі 5 сандарын + таңбашаларымен ауыстыру керек.
7. Символдар жолы берілген. я әрпінен басталатын сөздердің ең ұзынын
табыңыз және осы сөзді кері ретпен шығарыңыз.
8. Символдар жолы берілген. Дауысты әріптерден басталатын сөздердің ең
ұзынын табыңыз және оны жолдың ең соңғы сөзімен ауыстырыңыз.
9. Символдар жолы берілген. а әрпінен басталатын ең қысқа сөзді табыңыз
және оны жолдың ең бірінші сөзімен ауыстырыңыз.
10. Символдар жолы берілген. Символдар жолындағы әріптерден басқа
символдардың барлығын жойыңыз.
11. Мәтін берілген. Ең ұзын сандар жиынын табыңыз және оны ең соңғы сандар
жиынымен ауыстырыңыз.
12. Мәтін берілген. а әрпі кем дегенде екі рет кездесетін барлық сөздерді
табыңыз.
13. Мәтін берілген. 9 санынан басталатын ең ұзын сандар жиынын табыңыз.
14. Бос орындармен бөлінген сөздерден тұратын мәтін берілген. я әрпінен
басталатын және аяқталатын барлық сөздерді мәтіннен жойыңыз.
15. Бос орындармен бөлінген сөздерден тұратын мәтін берілген. т әрпінен
басталатын және аяқталатын барлық сөздерді табыңыз.
Әдебиет: 1 нег. [71-90], 3 қос. [74-78].
Бақылау сұрақтары.
1. Жолдармен жұмыс істеудің және мәліметтер символын өңдеудің
стандартты функциялары
2. STRTOK функциясы қалай жұмыс істейді?
3. Жолдарды салыстыру функциясын шартта қолдану

№7 Зертханалық жұмыс. Java. Сериалдау
Жұмыстың мақсаты: құрылымдарды анықтауда және қолданудағы дағдыларды
іске асыра білу.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Құрылым – бұл
айнымалылармен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін бір атаумен топтастырылған бір
немесе бірнеше айнымалылар (әртүрлі типті болуы мүмкін),
- құрылымдар көшіріледі, олармен меншіктеу операциясы орындалады;
- құрылымдарды аргументтер ретінде функцияға беруге болады, ал
функция оларды нәтиже ретінде қайтарады;
- құрылым айнымалысы оған кіретін айнымалы типінің құрылымы бола
алмайды. Бірақта ол құрылым типіне көрсеткіш ретінде, осы
айнымалы кіретіндей жарияланады. Бұл құрылымның байланыс
тізімдерін құруға мүмкіндік береді.
Зертханалық жұмыс тапсырмалары.Құрылымды пайдаланып берілген
мәліметтерді программалау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Массив
Массивтерді өңдеу алгоритмдері
Символдық және көпөлшемді массивтертер
Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі
Turbo Рascal программалау жүйесі
Есептеу техникасынан дәрістер
Алгоритм түрлері және программалау
Массивтер
Turbo pascal жайлы мәліметтер
Жиым элементтерін реттеу әдістері
Пәндер