Еуразиялық экономикалық одақ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ :

КІРІСПЕ . . . 3б

І-ТАРАУ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ - АУҚЫМДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСТАМА . . . 6б 1. 1 Евразиялық экономикалық одақтың құрылуы . . . 6б 1. 2 Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар экспортының артықшылықтары және одақтағы елдердің ұстанымдары . . . 10б 1. 3 Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін оңтайлы жақтары. 13б

ІІ-ТАРАУ КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІП ОДАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ . . . 18б

2. 1 Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының экономикаға маңызы және оны цифрландыру . . . 18б

2. 2 Бүгінгі таңдағы ЕАЭО дамуы . . . 24б

2. 3 Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық белесі . . . 25б

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30б

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33б

ҚОСЫМШАЛАР . . . 34б

КІРІСПЕ

1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеуде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының президенттері Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) туралы шартқа қол қойды, бұл еуразиялық шынайылықтарға бейімделген, барлық талаптарға жауап беретін экономикалық кооперацияны іздестіруге серпін берді. 2000 жылғы 10 қазанда Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру процесін тиімді ілгерілету мақсатында Еуразия экономикалық қауымдастығын (ЕурАзЭҚ) құрды. Бұл бірыңғай экономикалық стандарттар идеясы эволюциясының маңызды кезеңі болды. Осы ұйымға енгізілген тетіктер ұйым жұмыс істеп тұрған 8 жыл ішінде қатысушы елдер арасындағы тауар айналымын 4 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 2003 жылы тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің қозғалысын қамтамасыз еткен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімге қол қою маңызды сәттердің бірі болды. 2010 жылы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағының (КО) жұмыс істеуінің басталуы интеграцияның тағы бір кезеңі болды. Бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді, ішкі шекараларда кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жойылды, үш мемлекеттің аумағында тауарлардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілді. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуін бастау үшін негіз құрайтын халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс басталды. 2012 жылғы қаңтарда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық негізін қалыптастыратын, тауарлардың ғана емес, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін негіз болатын халықаралық шарттар күшіне енді. 2014 жылғы 29 мамырда Астанада 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген (ЕАЭО) құру туралы шартқа қол қойылды. Кейінірек бірлестікке Армения мен Қырғызстан қосылды. Шарт еуразиялық экономикалық жобаның интеграцияның жаңа, неғұрлым терең деңгейіне көшуін білдірді.

Тақырыптың өзектілігі:

Еуразиялық экономикалық одақ, Қазақстан Ресей Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын экономикалық одақ мүше елдердің парламенттері бекітсе, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді . Еуропалық Одақ интеграциясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер - министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын. 2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған . Бұл келісім болашақ интеграциянын жол картасын қамти отырып, Еуразиялық экономикалық Комиссияның және 2012 жылдын каңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық кеңістің негізін қалады. ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын саяси егемендігін және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің акономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардын күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді . ТМД - ның оңтүстік шекаралардың тұрақсыздық жағдайында Еуразиялық Одақ құрылуы одаққа мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі бола алады.

Зерттеу жұмысының мақсаты :

Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуы мен тарихи маңызына тоқталу Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұйытқы болуымен жүзеге асырылып жатқан Еуразиялық Одақтың қалыптасуы және оның Еуразиялық мемлекеттер арасында жан - жақты даму проблемаларын көрсету, басым көпшілігі жаңа мемлекеттердің өзара мығым, экономикалық және саяси бірлестік құруына орай шын мәніндегі тәуелсіз, гүлденген Одағына тезірек жетуді көздеген елдердің шынайы ұмтылысын ашу .

Зерттеу жұмысының міндеттері :

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының тиімді жақтары мен себептерін анықтау:

- Экономикалық интеграцияның мәні мен маңыздылығын көрсету;

- Еуразия Одағына мүше елдердің геосаяси орналасу жағдайын көрсету;

- Еуразия Одағына мүше елдердің әлеуметтік - экономикалық және саяси ерекшеліктеріне талдау жасау;

- Еуразиялық Одаққа мүше елдердің дүниежүзілік өркениеттен алар орнын айқындау;

- Еуразиялық Одақтың болашақ дамуына болжам жасау.

Зерттеу жұмысының объектісі немесе нысаны :

Еуразиялық экономикалық одақ.

Зерттеу пәні:

Еуразиялық экономикалық одақ тарихы.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі:

Зерттеу жұмысының хронологиясы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап одақтың құрылуына алғашқы қадамдардан қазіргі кезге шейінді құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік маңыздылығы:

- Одаққа кіретін мемлекеттер арасындағы тиімді қатынастарды анықтау;

- Зерттеу нәтижелерін оқу процесінде пайдалану;

- Зерттеу барысында көптеген жаңа ақпараттармен бөлісіп оны талқылау.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Курстық жұмыс екі тараудан, әр тарау екі тақырыптан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Тақырыптың зерттелу денгейі:

Курстық жұмыста қарастырылып отырған мәселе кеңестік тарихнамада толық зерттелген. Алайда бұл жұмыс тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген шақтан бастап қолға алына бастады. Бұл курстық жұмыста ЕЭО-ға қатысты белгілі саясаткерлердің ойлары мен жұмыстары соның ішінде Т. Кулматов, Н. Мамбеталиевтің еңбектері, әртүрлі кітаптар мен мақалалардың негізі материалдары қамтылған. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі кейбір сайттардан деректер алынды.

І-ТАРАУ. Еуразиялық экономикалық одақ - ауқымды экономикалық бастама

1. 1 Евразиялық экономикалық одақтың құрылуы

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) - одақтас үш елдің келешек тағдыры жаңа арнаға бұрылған маңызы зор тарихи кезең. Ол ортақ экономиканың болуы мен оған қатысушылардың ынтымақтасу еркіне негізделген жаңа еуразиялық жақындасу орталығының қалыптасқанын паш етуде. Еуразиялық экономикалық одақ - тауар мен қызметтің, капитал жəне жұмыс күшінің еркін айналымына жəне экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым. 2014 ж. 20 мамыры Астана қаласындағы маңызы зор тарихи оқиғаның орын алуымен ерекше есте қалды. Тəуелсіз Қазақстан алғаш рет тауарлардың, қызмет көрсетулердің, еңбек ресурстары мен капиталдардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін аймақтық экономикалық интеграциялық одақтың бір бөлігіне айналды.

Еуразиялық экономикалық одақ жастардың академиялық мобильдігінің шынайы мүмкіндікке айналуына, сондай-ақ ішкі нарық сыйымдылығының кеңеюіне ықпал етеді. Еуразиялық экономикалық одақтың біздің одақтас елдеріміздің мəңгілік достығының өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік тетігімі екендігі айқын. Мұнда Ресей, Беларусь жəне Қазақстан мемлекеттері өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. Үштік мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік секілді негізгі салаларында келісілген бірыңғай саясат жүргізеді. Ресей Президенті В. Путиннің айтуынша, 170 млн астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми жəне техникалық əлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, бірыңғай нарық құрылмақ. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта халықаралық ұйымдарға тəн базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтың тұтастығы, сондай-ақ Одаққа мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Сонымен қатар шарт Қазақстан, Ресей жəне Беларусь азаматтарының əл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мəселелерін шешуге бағытталған жəне тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын үйлестіруге қатысты экономикалық саясат жүргізуді де ұстанған[1] .

Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңіс­тікте ең көп кездесетін сөздерді

біріне айналып отыр. Қазір екі конференцияның бірі Еуразия тақырыбына арналады. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді. Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж. Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Макиндердің пікірінше, дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу үшін сол құрлықтың ортасында, яғни ішкі аймағында басымдыққа ие болу шарт. Расында, бұл теория Ресейге де, біздің аймағымызға да қатысты. Орталық Азия жоғарыда аталған neartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ, геосаясаттың нысанасына айналып отыр. Елбасымыздың саяси ойларының дамуында еуразияшылдықтың орны өте үлкен. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымын, мүмкіндіктерін, басқару тетіктері мен нақты жағдайын жақсы білгендіктен, 90-жылдардың басынан-ақ шашыраған посткеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын ойластырды. Өйткені, Қазақстанның экономикалық шаруашылығы, өндірісі мен өнеркәсібі Ресей мен өзге кеңестік елдермен ажыра­мас­тай тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді, әрі өзара кіріккен еді. Республи­калар арасындағы өндірістік және іскерлік байланыстардың бірден үзіліп қалуы үлкен экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық дағдарыстарға алып келді. Сол қиын аласапыран кезеңде пост­кеңес­тік елдердің саяси тәуелсіздігін сақтаумен қатар, тиімді экономикалық интеграция құрудың мүмкіндігі Елбасымыздан басқа ешкімнің ойына кіріп шықпады. Өйткені, бір кездері ірі жаһандық мемлекет болған КСРО-дағы республикааралық қатынастар мен аймақаралық байланыстардың бірнеше жылдың ішінде бірден құрдымға кетуі мүмкін емес еді. КСРО сияқты күрделі құбылыс өз артына инерциясын, босаған энергиясын қалдырды. Бұл - табиғи физикалық үрдіс. Яғни, ұзақ уақыт пен үлкен кеңістікті қамтыған державадан қалған саяси бірліктер өздерін біріктіре алатын ортақ тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси құндылықтарға сүйене отырып, экономикалық тұрғыда бірлесе алады. Бұл идеяның әзірше тәжірибеден гөрі теориясы басым. Қалай десек те, үш мемлекеттің одақ құруы КСРО-ның саяси ыдырауынан кейін пайда болған идеологиялық бос кеңістіктің орнын толтыруға, мем­ле­кетаралық индус­триялық-экономикалық қатынастардың үзілуінің келеңсіз салдарларын жұмсартуға және ұлтаралық-еларалық қатынастарды нығайтуға ба­ғытталған деуге де болады. Осы орайда, мынадай методологиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап іздеуге тиіспіз. Құрылып жатқан экономикалық одақтың теориялық негіздері неде? Қа­зақстан еуразиялық интеграциядан қандай нақты тәжірибе алмақшы? Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесіне қалай әсер етеді? Кез келген интеграциялық одақ белгілі саяси-экономикалық құндылықтарға сүйе­неді. Теориялық тұрғыда, еуразиялық эконо­микалық интеграция посткеңестік елдер­дің нарық, теңдік және өзара тиім­ділік сияқты жаңа экономикалық құн­ды­лықтары негізінде қалыптасады. Сонда ғана ықшамды, жаңашыл және дина­микалық одақ құрылуы мүмкін. Әрине, интеграцияға қатысты қалыптасқан қа­саң стереотиптер мен скептизмнің жойы­луы үшін одақтың қағидаттары, ереже­лері мен идеологиясы ашық және әділ негіздерге сүйенуі тиіс. Еуразиялық одақ, сондықтан Еуропалық одақтың үлгісін негізге алып отыр. Интеграцияның сәтті­лігі мен баяндылығы, бірінші кезекте, Мәскеудің стратегиялық ниетіне, бұрын­ғы қателерді қайталамауына, одақ­ты саясиландырмай, экономикаға мейлін­ше көңіл бөлуіне, мүше елдердің ұлт­тық мүдделерін сақтауына, теңдік пен әділ­дік­ті қамтамасыз етуіне байланысты болмақ. Еуразиялық интеграцияның ядросы мен анықтауышының Ресей екендігі еш күмән туғызбайды. Қазақстан бұл елмен экономикалық түрде ынтымақтасып, бәсекелестікке үйренуде. Ресей мен Қазақ­стан арасындағы энергетикалық бәсекелестікті жұмсартуға көңіл бөлінуі тиіс. Соңғы жылдарда көршілес мемлекеттің дипломатиялық, саяси, экономикалық жағынан күшейе түскені мәлім. Ресей - Германия немесе Үндістан сияқты әлемнің іргелі, ажырамас әрі органикалық бөлшегі. Ресейге құрмет көрсеткен елдер ғана оның құрметіне ие болады. Бұл ел екінші санаттағы держава ретінде өзгеру, қайта бағалау, пайымдау, даму үстінде. Ресей екіполярлы әлемнен бас тартып, көпполярлы әлемді мойындағандықтан, ол да жаңа жағдайға бейімделіп, теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуді үйренуде. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан - Ресейдің ең сенімді серіктесі. Ресей де - Қазақстанның ең сенімді серіктесі. Демек, «қырғи-қабақ со­ғыс­тан» қалған рефле­кстер мен кеңестік кезең­нен қалған комплекстерден құтылу керек. Интеграция шеңберінде Ресей, ең алдымен, өз мүдделерін қорғауға білек сыбана кіріскені белгілі. Онымен әділ, ашық және шынайы қатынас орната алсақ қана интеграция өз жемісін береді. Қазақстан экономикалық интеграцияны стратегиялық мүдделер, геосаяси тәуекелдер мен үлкен саясат тұрғысынан бағалауы керек. Әрине, еуразиялық интеграцияның қалыптасып, дамуында Қазақстанның рөлі ерекше зор[3] .

Егер Еуразиялық экономикалық одақтан Қазақстанды алып тастасаңыз, одақ өзінің еуразиялық сипатынан айы­рылып қалады. Қазақстан одақтың ерекше компоненті ретінде жаңа идея ұсынудан еш тартынбауы керек. Егер бұл одақ, Н. Ә. Назарбаев айтқандай, расында инновациялық жоба болса, онда Қазақстанмен бірге Ресей де өзгеруге тиіс. Одақ аясында Қазақстан Ресейдің өзгеруіне себепкер болуы ықтимал. Еуразиялық одақтың экономикалық құндылықтары мен қағидаларының бұлыңғыр болуы оның келешегінің жоқтығын білдірмейді. Әрине, біз бұл интеграцияны идеалдандырудан аулақпыз. Бұл интеграцияның уақытша жоба екеніне де күмәніміз аз. Мәселе өзгермелі жағдайда, құбылмалы әлемде тұрақты және уақытша факторларды шатастырып алмауда. Интеграцияның қауіпсіздік қырларына келсек, Қытайдың Орталық Азияға экономикалық-саяси ықпалын арттыруы, сырттан халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмнің қысым көрсетуі, кейбір посткеңестік елдерде саяси дағдарыстар мен тұрақсыздықтардың белең алуы («Түрлі-түсті төңкерістер») сияқты себептер Астананың Ресеймен тығыз саяси-әскери салада ынтымақтасуына себепші болды. Түрік сарапшысы Жемил Ертемнің пікірінше, 2008 жылғы Грузиядағы соғыс Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін жылдамдатқан. Француз сарапшысы Пьер Руссленнің ойынша, Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалының артуына байланысты Ресей одақты құруды жеделдетті. Оның ойынша, интеграция аймақтағы елдердің дамуына жаңа серпін, жаңа сипат береді. Десек те, Қытай Қазақстан мен Орталық Азияның институттық және экономикалық дамуына өз үлесін қосып жатыр. Қытай, Иран, Үндістан, Ресей сияқты ірі күштердің әрқайсысы Еуразия ұғымын өзінше түсінгенімен, барлығы да өңірдегі ірі де алпауыт мемлекеттер болып табылады. Геосаяси тұрғыдан еуразияшылдық ұғымы Ресейдің маңайына топтасқан стратегиялық блоктың құрлықтық конфигурациясы деуге де болады. Біздіңше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының келесі тиімді жақтары мен себептерін атауға болады. Олар: Қазақстанның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығы, Қазақстанда ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне жанама әсері, ортақ әуе қорғанысы жүйесінің орнығуы, Ресейдің ірі нарқына кіріп, экономикалық бәсекелестікке бейім­делудің мүмкіндіктері, геопси­холо­гиялық жағынан Ресеймен бірге болу арқылы әлемдегі ықпалы мен ата­ғын арттырудың мүмкіндігі, т. б. Сон­дай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық дағ­дарыстың да келеңсіз әсері интеграциялық үдерістерді жеделдетті. Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және ықтимал зиянды жақтарын салыстыратын болсақ, Астана үшін артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені, қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Қазақстанның геосаяси тұрақтылық жағдайында күшейіп алуы үшін Ресейді Батыспен немесе Қытаймен салыстыруға болмайды. Елдің болашағы тұрғысынан Ресеймен жақын ынтымақтаса отырып, оның экономикасымен бәсекелесіп, ысылып барып, дүниежүзілік бәсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру мүмкіндігі зор және алдымызда нақ осы міндет тұр. Ал бұл мақсатты, яғни «2050» Стратегиялық жоспарын орындау үшін Ресеймен жақсы болу бірінші шарт. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр. Ресеймен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына аяқты байыппен, ақырындап басып, ойды шатастыратын, жаттанды стереотиптерді бұзатын күрделі саясат жүргізу үлкен нәтижелер береді. Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі - үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика. Қалай десек те, интеграцияның мәңгі емес, уақытша қадам екендігі турасында да ой түюдің артықшылығы жоқ. Интеграцияда әділетсіздіктер мен келіспеушіліктер орын алған жағдайда Қазақстан одақтан шығуға құқылы. Интеграция алдағы ұлттық дамуымыздың сапасы мен бағытын белгілеуде маңызды рөл ойнайды. Интеграция бізді Ресеймен «ауыз жаласып», табақтас болуға емес, керісінше, өз менімізді, өзімізді, өз ұлттық жолымызды табуымызға көмектеседі. Қазақстанның Еуразиялық одаққа кіруінің экономикалық себебін негіздеуге қатысты мынадай сұрақ туындайды. Еліміздің одаққа кіруі Ресейден бір нәрсе үйрену үшін бе, әлде, Ресеймен бәсекелесу үшін ойластырылды ма? Интеграциялық одақта экономикалық жағынан ұту үшін Қазақстан экономикасы Ресейдікін тиімділігі және инновациялығы жөнінен басып озуы шарт. Бұл - тым кешенді инновациялық міндет. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Мұрат Чемректің ойынша, Қазақстан мен Ресейдің экономикалары бір-бірін толықтырудан гөрі, бір-бірімен бәсекелес болғандықтан, экономикалық одақтың алдында үлкен міндет тұр. Қазіргі жағдайға келсек, 2013 жылы өткен Минск және Мәскеу кездесулерінде Елбасы Н. Назарбаев интеграциялық үрдістің барысын біраз сынға алғаны белгілі. Сынның айтылуы экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанын білдіреді. Алғашқы кездесуде саудадағы теңсіздіктер, кедендік сәйкессіздіктер мен техникалық түйткілдер туралы айтылды. Яғни, қазақ тарапы интеграцияның сапасына көңіл бөлуді талап етті. Ал Елбасының одақтың саясиланбауы керек дегені Ресей мен Батыс арасындағы текетіреске араласпайтындығын да меңзеуі мүмкін. Десек те, Еуразиялық экономикалық одақты үлкен саясат пен геосаясаттан бөлу мүмкін бе? Мысалы, Мәскеудегі кездесуде Н. Назарбаев Арменияның Кеден одағына кіруі жөнінде сөз болғанда, Таулы Қарабақ мәселесін қозғап, өзінің халықаралық саясаттағы беделін тағы бір көрсетіп қойды. Еуразиялық жобаның шеңберінде түркі факторын да ұмытпағанымыз жөн. Одақтың философиялық астарына келсек, «Мәңгілік Ел» сияқты тарихи ұлттық идеологияны орнықтыруға бекем бел буған Қазақстан мәңгі одақтың болмайтынын, мәңгі ұлттық мүдденің ғана болатынын ұмытпауы керек. Еуразиялық экономикалық одақтың философиялық негізін орыс және түркі халықтарының тарихи, географиялық, мәдени жақындығы құрайды. Еуразияшылдық әу-баста ресейлік патшалықтың құлауының әсерімен қалыптасқан саяси, идеялық қозғалыс болғанын ескерсек, жаңа еуразияшылдықтың да тоталитарлық жүйенің ыдырауының нәтижесінде қалыптасып жатқанын ұмытпауымыз керек. Еуразиялық теория - үстіртін көзқарас немесе жүйесіз ұғымдар жүйесі емес, керісінше, саясатта жүзеге асып жатқан күрделі интеграциялық жоба[2] .

1. 2 Еуразиялық экономикалық одақтағы тауар экспортының артықшылықтары және одақтағы елдердің ұстанымдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үрдісі мен даму тарихы
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы
Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасуы және маңызы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
Еуразия идеясы
Еуразиялық экономикалық одақ - ауқымды экономикалық бастама
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz