Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Алматы Заң Колледжі

СӨЖ

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық,Парақорлық,Қызметін асыра пайдалану

Орындаған:Бердалиева Ару
Тобы:302
Тексерген:________________

Алматы 2021
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Сыбайлас жемқорлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде және алдын алу күресу ... ... ... ... 4
1.2 Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5

2.Парақорлық ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1. Парақорлықтың қоғамға залалы ... ... ... ...7

3. Қызметтік жағдайды асыра пайдалану ... ... 10
3.1 билікті немесе өкілеттілікті теріс пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе
Бүгінде Қазақстан еліміздің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін белсенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жалғастыруда. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады.
Бұған дейін Қазақстанда іске асырылған мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның нәтижелері олардың жүзеге асырылуын және одан әрі дәйекті және жүйелі жұмыс істеу қажеттілігін көрсетті.
Азаматтық қоғам институттарын тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау түрінде дамытуға мемлекеттік қолдау халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы белсенділігін арттыруға алып келді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, әсіресе Нұр Отан ХДП-ның жұмысын жандандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелеріне оң әсерін тигізді. Көптеген әкімшілік кедергілер азайып, лицензиялық қызметтің саны мен рұқсаттары үш есе азайды.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, посткеңестік кеңістіктегі ең тиімді болып саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске құқықтық негіз қаланды.
Биыл мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік қызметтің тазалығын қадағалауға ғана емес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға - мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қылмыстық қудалаудың функциясы бар жаңа, арнайы мемлекеттік орган құрылды.
Жалпы алғанда, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде айтарлықтай қадамдар болды, бірақ қазіргі жағдайда бұл жеткіліксіз.
НұрОтан партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын қабылдауы бұрын қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды дәйекті жалғастыруды қамтамасыз ету бойынша ұлттық нұсқаулықтар мен іс-шараларды айқындайды, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының идеялық негізін қалыптастырады.
Біздің алған тәжірибеміз - Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға толық сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін жақсы әлеует.
Сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі бар елдердің жалпыға бірдей қабылданған жемқорлыққа қарсы саясатын зерттеу олардың мемлекеттік органдардың ашықтығы мен мемлекеттік органдардың жұмысына азаматтық қоғамның бақылауы, мемлекеттік қызметкерлердің жоғары жалақысын ұйымдастырып, тиімді алдын-алу және белсенді жұмыс жасау болып табылады. Ең аз жемқорлыққа ұшыраған елдерде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу себептері, жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтік зерттеулерге ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, білім беру және кадрларды даярлау жүйесін құруға, педагогика, психология, құқық, саясаттану, экономика, мәдениеттану және әлеуметтану саласындағы үздік мамандарды тартуға белсенді түрде қатысады. Мемлекеттік сектордың менеджерлерін оқыту кезінде негізгі пәндерді шоғырландыру тәжірибесіне ғана емес, сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға да назар аудару керек.
Бұл жұмыстың мазмұны: қоғам мен мемлекет үшін сыбайлас жемқорлық қаупін түсіну, жемқор адамның теріс имиджін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартын қалыптастыру және, ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің адал еңбектің беделіне және рентабельдігіне деген сенімін арттыру

1. Сыбайлас жемқорлық
1.1.Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде және алдын алу күресу
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға Мемлекеттік қызмет туралы (1995) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
Сыбайлас жемқорлық - əлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін қауіптілігі
Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ деген белгілі сөзін еске алуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі. Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы əлі сан алуан əлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап жəне экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады.
Сауал салған кəсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп санайды.Ол біздің елімізде ғана емес, Латын Америкасы, Қытай мен Жер Орта теңізі, Таяу жəне Орта Шығыс, Орталық Еуропа, тропикалық Африка елдерсі. Бұл, сонымен бірге күні кеше ғана оны онша сезе қоймаған дамыған елдердің де (Германия, Бенилюкс, Канада) мəселесіне айналып барады. Сондай-ақ бұл дерт ұлттық болмысы мен сана-сезімі, ұлттық дəстүрлері мен мəдениеті мызғымастай қалыптасқан елдерге де (Италия, Ресей, Мексика, Түркия, Жапония) сыналып кірісе бастады. Сөйтіп, қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттерде етек жая бастады деп сеніммен айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық жəне онымен күрес проблемаларының өзектілігі əдеттегідей əлеуметтік шиеленістермен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып жататын реформаларды жүзеге асыру кезеңдерінде айрықша байқалады.

Сыбайлас жемқорлық түсінігі (латынша corruptio) -- пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылдың басынан басталды - Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әртүрлі тәсілдері мен жолары бар: алдын ала сақтандырудан өте тиімділікке дейін. Шет елде АҚШ-та 60 - 70 жылдары орын алған және Шейх операциясы атымен тарихта қалған. ФРБ агенттері ақша қаптары шығыс атын жабылып әрекет ететіндер ірі шенеуніктердің, конгрессмендердің, штат губернаторларының кеңселері мен кабинеттерінде пайда болды және оларға пара беріп, адалдықтарын және сатқындықтарын тексерді. Сол жолғы жанжал әсерлі болды, көптеген адамдардың өз мансаптарын тастауға, жоғары дәрежесі лауазымдарымен қош айтысуларына тура келді.
Ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасалған үшін Қытай қылмыстық кодексінде ату баптары күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас жемқорлықтық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасын алуға болады. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға, анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді. Табысты хабарлаушылардың көпшілігі - бұзушылықтардың әріптестері. Жаңазеландиялық үлгі, мемлекеттік органдар қызметкерлері еңбекақысының жоғарылығымен сипатталады. Бонустар мен мадақтау жүйесі кең қолданылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шын мәнісінде, бөлек пара алушыларға қарсы күреске қарағанда әлде қайда кең. Қылмыстық қудалау немесе заңнаманы жетілдіру шараларымен ғана жағдайды өзгертуге болмайтыны ойландырады. Ауруды, оның себептеріне әсер ету арқылы ғана жазасың. Керісінше жағдайда, біз бірыңғай оның нышандарын алуға душармыз. Осы күресте ең бастысы, қоғамдық институттармен максималды қызмет істеген кезде ғана табысқа сене аламыз. Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде қылмыс ұғымымен қатар бір мәндес ретінде қылмыстық қол сұғушылық ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар.
Cыбайлас жемқорлық Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Жаңару сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлық: оны қалай жеңуге болады және мүмкін бе? тақырыбында Азаматтық форум өтті. Жиында форумға қатысушы студенттердің Алматы қаласының жастарына үндеуі оқылды. Үндеуде:... Біз, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері, құқықтық қоғам құруға қажетті білімді игерудеміз. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына адалдық және парасаттылық қасиеттерін жас кезден бастап сіңіруіміз қажет. Барлық деңгейдегі жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті көрсетіп, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын берілмеу қажеттігін жастардың санасында нығайтуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек. Біз, студенттер, қазақстандық жастар, үлкен жетістіктерге ашықпыз және қала жастарын жолымызда қандай қиындықтар тұрса да, бәріміз бірге күш салып, қуатты, бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруда жаңа биіктерді бағындыруға үндеймізделінген.

1.2. Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы туралы
Қазақстан Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген
Сөзінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз әкімшілік кедергілерді,
Бюрократиялық шектен тыс тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты
Жалғастыратын боламыз, деп атап өткен болатын. Президент жақындағы
Құқық қорғау органдарын реформалау мәселелерінде де осы аталған
Жағдайға тағы да тоқталып өтті.
Ел басының бұл сөзі құқық қорғау органдарына үлкен міндеттер
Жүктеп отыр. Себебі жоғарыда аталған кедергілердің барлығы дерлік сыбайлас
Жемқорлықтың негізгі көріністері болып табылады. Оның сыртында ұлттық
Қауіпсіздігімізге, мемлекетімізге, Конституциялық құрылымымызға қауіп
Төндірумен қатар, экономикалық реформалардың тежегіші, саяси беделінің
Төмендеуі, билік пен басқару органдарына басқа да мемлекеттік құрылымдарға
Сенімнің азаюы секілді зардаптарға алып келетіндігі дәлелденген деректер.
Олай болса, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлеке тұрақтылығын сақтаудағы
Алғы шарттардың бірі. Егемендігін иеленіп, тәуелсіздіктің туын жаңа
Көтерген мемлекет үшін бұл айтулы қатер екендігі түсінікті. Еліміздің құқық
Қоғау органдары қылмыстың осы түрін ауыздықтау жолында белсенділікпен күрес
Жүргізуде. Соның бірі - ұлттық қауіпсіздік органдары.
Сыбайлас жемқорлықтың өзегі болып табылатын пара алу, пара беру,
Жалпы парақорлық мәселесі біз өмір сүріп отырған қоғамның құрамдас бөлігіне
Айналғандығына көз жеткізесіз. Әсіресе, оның мемлекеттік билік сот, құқық
Қорғау, банк - қаржы, бизнес, тіпті әлеуметтік салаларға еніп кеткендігін
Айтып өту керек. Көпшілігі пара арқылы заңды бұрмалап, өздеріне тиімді
Шешім қабылдауға тырысады.
Мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлық дерті түрлі саланы
Қамтиды. Соның бірі алтын көрсе періште жолдан таядының кері. Құқық
Қорғау органдарының қызметкерлері мемлекетке берген сертінен тайып, ар мен
Намыс, шындық пен әділдік бар екендігін ұмытып, қолындағы қызметін теріс
Пайдаланып жіберетіндер, өкінішке орай баршылық.
Кейбір лауазымдық тұлғаның өз қызметін теріс пайдаланып, қылмыстық
Топ құруы - сыбайластықтың кеңінен тараған түлі. Лауазым - қылмыстық топта
Басқаруға, оны алдын ала мемлекет тарапынан болатын әр түрлі іс- шаралардан
Қорғаштап отыруға таптырмайтын орын тақ. Мемлеке сеніп тапсырған лауазымын
Теріс пайдаланып, сыбайласқан қылмыстық топ құрып, есірткі бизнесін
Өркендетіп, героин тасмалдау арнасын ұйымдастырды. Героин дегеніміз
Есірткінің ең құнды ауыр түрі болып табылатындығын, оның айналымы
Мыңдаған, жүздеген мың долларды құрайтындығын айтсақ, мемлекет пен
Қоғаммымызға қаншама қатерлі екендігін ойлаудың өзі қорқынышты. КСРО
Кезіндегі адалдық пен әділеттілікті уағыздаған идеологияны қайта
Жандандырып, соған мемлекеттік сипат берерміз. Ол кезде ар- намыс, адалдық,
Үлкенге құрметпен, кішіге ізет бірінші орында тұрушы еді ғой. Ал қазіргі
Тәрбие сол- баланы бесіктен белі шықпай жатып кез келген тәсілмен ақша
Табуға машықтай бастайды. Қоғамдық сана, қоғамдық идеология солай демеске
Амал жоқ.
Кейбір материалдармен танысу барысында сыбайлас жемқорлық жолындағы
Жандардың құныққан ұстіне құныға түсетіндігіне, қашан құрыққа ілінбейінше,
Заңды тосқауылға тірелмейінше тоқтамайтындығына көз жеткізесіз. Келесі
Деректер еліміздің басты байлығы- жер саласындағы заңдылықтардың бұзылуына
Қатысты. Қоғамымыздағы өткір мәселелердің бірі- жер телімен бөлу,
Заңдастыру мен құжаттандыру екендігі анық. Ата- бабамыз найзаның ұшымен,
Білектің күшімен қорғаған жерді кейбір лайазым иелері өздерінің жекеменшік
Мұрасындай көретін жайыттар кездесуде. Ал бұл мәселені де ақшаның күшімен
Сатып алғысы келетін азаматтар баршылық. Сыбайлас жемқорлықпен дүние
Жүзіндегі елдердің көпшілігі күрес жүргізуде. Әрине сыбайлас жемқорлықты
Абсолютті мінсіз түрде түбегейлі шешім тастадық деген ешқасысы жоқ.
Дегенімен оның деңгейін жоқ дегенде мемлекет қауіпсіздігіне қатер
Төндірмейтіндей дәрежеге төмендету барлығының міндеті болып табылады.
ХХ ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға ерекше мән
Берумен бірге, осы тұрғыдағы күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми
Ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық
Ұғымы азаматтық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ол, екінші жағынан,
Кез келген елдің қауіпсіздігіне, экономикасының дамуына кері әсер ететін
Факторға айналуда. Мәселен статистикалық мәліметтерге көз салсақ,
Республикада сыбайлас жемқорлықтың салдарынан көленкелі бизнес дамып жылына
Мемлекеттік қазынаға түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі
Табыс көзінің 27% желге ұшқандай болады екен.
Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: "егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ" деген белгілі сөзін еске алуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі . Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы əлі сан алуан əлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап жəне экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады. Сауал салған кəсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп . Ол біздің елімізде ғана емес, Латын Америкасы, Қытай мен Жер Орта теңізі, Таяу жəне Орта Шығыс, Орталық Еуропа, тропикалық Африка елдерсі. Бұл, сонымен бірге күні кеше ғана оны онша сезе қоймаған дамыған елдердің де (Германия, Бенилюкс, Канада) мəселесіне айналып барады. Сондай-ақ бұл дерт ұлттық болмысы мен сана-сезімі, ұлттық дəстүрлері мен мəдениеті мызғымастай қалыптасқан елдерге де (Италия, Ресей, Мексика, Түркия, Жапония) сыналып кірісе бастады. Сөйтіп, қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттерде етек жая бастады деп сеніммен айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық жəне онымен күрес проблемаларының өзектілігі əдеттегідей əлеуметтік шиеленістермен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып жататын реформаларды жүзеге асыру кезеңдерінде айрықша байқалады. Дəл осы сыбайлас жемқорлық Тайландты СПИД-пен ауратын адамдардың отанына айналдырып отыр. Бұл елде жезөкшелікке тыйым салынған. Солай бола тұрса да, бір Бангкоктің өзінде ғана мыңнан аса зинақорлық үйлер заңсыз қызмет жасайды екен. Мұндай үйлерді ұстаушылар жергілікті астаналық полицияға жылына 600 мың доллар төлеп тұратын көрінеді. Сыбайлас жемқорлық деңгейі экономикалық дағдарыс құбылысына бейім тұрған елдерде тым жоғары. Ол дəл қазіргі Қазақстан мен бұрынғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Сыбайлас жемқорлықтың тарихи негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық реттелу мәселесі
Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары
Саяси сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздері
Көпшілік сыбайлас жемқорлық тепе-теңдігі
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Пәндер