Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 4. 7 -007-02

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қашықтықтан білім беру институты

Кафедра Қазақ әдебиеті

Мамандығы 021240 Қазақ тілі мен әдебиеті

(шифр және атауы)

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

Қалдыбаев Т.

каф. мең. аты-жөні

«» 2008

Тапсырма №

диплом жұмысын орындау үшін

Студент Омарова А., ЗФИ-02-1к

(аты-жөні, тобы)

Диплом жұмысының тақырыбы Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі

Институт бұйрығымен бекітілген №

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі Сәуір 2008

Ф. 4. 7 -007-02

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қашықтықтан білім беру институты

Кафедра Қазақ тілі мен әдебиеті

Мамандығы 021240 Қазақ тілі мен әдебиеті

(шифр және атауы)

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

Қалдыбаев Т.

каф. мең. аты-жөні

«» 2008

Түсіндіру парағы

Диплом жұмысының тақырыбы Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі

Кеңесшілер Диплом жұмысының жетекшісі

Аға оқытушы Омаров Н.

(ғыл. дәр. аты-жөні)

(күні-қолы)

Рецензент

Ф. ғ. к., доцент Өмірзақов С.

(ғыл. дәреж. аты-жөні)

(күні, қолы)

Шымкент 2008

Жеке тапсырма

Түсіндіру парақшасының мазмұны

№:
Бөлімдері: Бөлімдері
Орындалу мерзімі: Орындалу мерзімі
Кеңесші: Кеңесші
№: 1
Бөлімдері: 2
Орындалу мерзімі: 3
Кеңесші: 4
№: 1
Бөлімдері: Кіріспе
Орындалу мерзімі: Қаңтар
Кеңесші: Омаров Н.
№: 2
Бөлімдері: І тарау
Орындалу мерзімі: Ақпан
Кеңесші: Омаров Н.
№:
Бөлімдері: Ғұмырнамалық романдардағы өмірлік шындық пен көркемдік шешім
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№: 3
Бөлімдері: ІІ тарау
Орындалу мерзімі: Наурыз
Кеңесші: Омаров Н.
№:
Бөлімдері: Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№: 4
Бөлімдері: Қорытынды
Орындалу мерзімі: Сәуір
Кеңесші: Омаров Н.

Графикалық материалдар тізімі

№:
Сызба атаулары: Сызба атаулары
Парақ саны: Парақ саны
Орындалу мерзімі: Орындалу мерзімі
Кеңесші: Кеңесші
№:
Сызба атаулары:
Парақ саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Сызба атаулары:
Парақ саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Сызба атаулары:
Парақ саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:
№:
Сызба атаулары:
Парақ саны:
Орындалу мерзімі:
Кеңесші:

Тапсырманың берілген мерзімі Қараша, 2007

Диплом жұмысының жетекшісі Омаров Н.

(қолы), (аты-жөні)

Студент тапсырманы орындауға қабылдады Омарова А.

(қолы), (аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

І тарау

Ғұмырнамалық романдардағы өмірлік дерек және көркемдік шешім . . . 7

ІІ тарау

Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі . . . 27

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57

Кіріспе

Қазіргі таңда қазақ әдебиетінде рухани дамуымызға, ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен үлкен үлес қосқан қаламгерлердің шығармашылығын қарастырып, олардың әдебиеттегі орнын, суреткерлік ерекшелігін ажырату қажеттілігі заңдылық болып табылады.

Жалпы, қазақ әдебиетінің тарихында шығармаларымен оқырмандар ықыласына бөленген, өзіндік дара тұлғасымен, суреткерлік стилімен есте қалған қаламгерлер аз емес.

1920-1930 жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, т. б. сынды сөз зергерлерінің жазған көркем дүниелері ұлтымыздың рухани құндылықтары санатында әдебиетіміздің алтын қорын құрайды.

Осындай көркем дүниелер келтірген орта мен дәстүр кейінгі әдеби процеске де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, өнер адамдары мен тарихи тұлғалардың өмір жолын, өнер, мәдениет, салт-сана тақырыбын және бүгінгі замандастардың тыныс тіршілігін, ішкі дүниесін арқау еткен шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті.

Бүгінгі әдеби процестегі мәселенің бірі тарихи тұлғалардың ғұмырының көркемдігі әдеби шығармаларда бейнелену жолдарын меңгерудің тәсілдерін қарастыру болып табылады. Жеке адам концепциясы - өзекті, басты, ешқашан сарқылмайтын проблема. Адамның жан дүниесін танытудың қазіргі әдебиетте түрлі жолдары көркемдікпен игерілуде. Жазушыларымыздың адамның жан дүниесін диалектикалык қайшылықтарымен жеткізудің соны тәсілдерін табуға ұмтылуының сыры осында.

Тақырыптың өзектілігі: Соңғы жылдары ұлттық әдебиетімізге өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, соны ізденісімен жаңа сипаттар әкелген қаламгерлер Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмырнамалық роман жанрына қалам тартуы әдебиеттану ғылымы үшін жаңа бір арнаның бастау көзіндей болып табылады.

Ғұмырнамалық жанр қазіргі қазақ әдебиетінде өз алдына бір жүйе болып қатар түзе бастады. Әрбір дамыған халықтың көркем әдебиет саласында ғұмырнамалық роман жанры бұрыннан қалыптасқан, методологиясы мен теориясы жетілген. Ал, қазіргі кемелденген қазақ әдебиетінде бұл жанр кештеу дамыды. Дей тұрғанмен, еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде сөз еркіндігі, ой бостандығы күшейгеннен кейін жазушылар қалам мен өнердің еркіндігін барынша пайдаланып, өмірлік дерек негізінде ғұмырнамалық жанрда шығармалар сомдады. Олардың көтерген тақырыптары, айтар идеялары, ұстанар концепциялары әр түрлі болғанымен, шығармаларын жазатын жанры біреу ғана - ғұмырнама. Әсіресе, қазақ ғұмырнамалық романдарының ішінде әрі көлемді, әрі көркемдігі мен шынайылығы тұрғысынан ерекше деп танылатын Ә. Тәжібаевтың «Жылдар ойлар», «Есімдегілер», М. Мағауиннің «Мені», Қ. Жұмаділовтың

«Таңғажайып дүние» романдарындағы өмірлік жолдың қоғам, әдеби орта және тарихи кезең ақиқатын бейнелеудегі шеберлік қырлары ерекше. Оқырман қауымға бұрын соңды аса жақын таныс емес суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын бұл туындылар әдебиет ғылымы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық мәселелерді қозғаумен де құнды дүниелер болып табылады. Міне, сол себепті де бұл жазушылардың ғұмырнамалық шығармаларындағы өмірлік деректің көркемдік шешімін зерттеу әдебиетімізде көркемдік таным мәселелерінің оң шешімін табуына зор септігін тигізеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты - Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмырнамалық романдарына арқау болған тақырыптар мен идеяларды, характерлерді талдай отырып, заман шындығы мен көркем шындығының арақатынасын таразылау және осы авторлардың шығармашылық лабораториясында өмірге келген тың көркемдік ізденістердің табиғатын ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды: ғұмырнамалық романдардағы авторлар ұстанған шығармашылық концепциялардың ара қатынасына талдау жүргізу; авторлардың суреткерлік қолтаңбаларының әрқайсысының өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін айқындау; жазушылар шығармаларындағы тарихи тұлға мен тарихи кезеңнің өмірлік шындық пен көркемдік шындыққа қатысын көрсету; өмірлік деректі көркемдік әдіс-тәсіл арқылы көркем шығармаға айналдыру процесін автордың қалай жүзеге асырғанын талдап көрсету; ғұмырнамалық шығарма жазуға дейінгі уақыттағы авторлардың шығармашылық жолдарына, тәжірибелеріне теориялық талдаулар жасау; шығармалардағы өмірлік шындықтың негізгі кезеңдерін сұрыптап берудегі суреткерлік шеберліктерді көркемдік таным тұрғысынан бағамдау.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау

ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ РОМАНДАРДАҒЫ ӨМІРЛІК ДЕРЕК ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ

Тарихы терең, көркемдігі талғамды, негізгі бастау арнасы ХХ ғасырдың басында пайда болып, қалыптасқан ұлттық проза бұл күнде өркендеу үстінде.

Қазіргі таңда Қазақ әдебиетінің көтерілген көркемдік биігін барша қауым түгел мойындады. Оның барлық жанрындағы идеялық- көркемдік табыстары ұлан - теңіз. Тоталитарлық жүйенің тұсында әдебиеттің кездескен кедергі, бөгесіндері де аз емес. Әдебиеттің көптеген алыптары репрессияға ұшыраудың үстінде жекелеген аса ірі көркем туындылардың көрген қиянаттары да аз болған жоқ. Осыған қарамастан қазақ әдебиеті өсіп - өркендеу үстінде болғаны - ақиқат.

Әлемдік әдебиетте орны ерекше саналатын Еуропалық шығармалардың арасында роман жанрының толып жатқан түрлері бар, мәселен: әлеуметтік роман, серілік роман, бұзақылық роман, этнографиялық роман, саясаттық, қылмыстық, әдет, фантазиялық, философиялық, өндірістік, психологиялық, махаббаттық, өмірбаяндық романдар т. б. болып келеді.

Осылардың ішінде қазақ әдебиетінде еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта ерекше қарқынмен жазылғаны ғұмырнамалық романдар екені дау туғызбаса керек.

Көлемі ауқымды, эпикалық арнасы кең, хронотоптық бейнесі шексіз болып келетін роман жанры ХХ ғасырдың 60-80 -інші жылдарында түрі жағынан әр түрлі формаларда жазылып, өркендей түсті. Әдеби - теориялық тұрғыдан келер болсақ, роман - ауқымы үлкен, эпикалық кеңістігі өте кең, тақырыбы мен идеясын паш етуде мүмкіндігі мол жанр. Романның өзі іштей алуан түрлі болып келетінін ескерсек, біз қарастырып отырған кезең романдары әдебиетіміздің жанрлық мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетіп, жанрлық жағынан ғана байытып қойған жоқ, сонымен бірге ұлтымыздың сана - сезімінің де рухани жағынан қаншалықты өскендігін көрсетті. Ғұмырнамалық романдардың негізгі нысаны - өмір шындығының көркемдік шешімін табудағы жазушылардың суреткерлік шеберлігінің эстетикалық әлемі мен сөз өнерінің құпиялары және дүниетанымындағы тереңдіктерін танып білу. Егер нысанға осы тұрғыдан келер болсақ, жалпы роман жанрының ерекшелігі мен тарихи бастауларына теоирялық тұрғыдан тоқталып, оның ішінде ғұмырнамалық роман жанрының әдістанымдық ерекшеліктеріне жан - жақты зер салуды қажет деп таптық.

Романды жанр ретінде қарастырған еңбектердің барлығында дерлік романның сөз өнерінің биік шыңы ретінде дамуы сонау көне дәуірлерден бастау алатындығы жетесіне жеткізіле айтылған.

Бастау - бұлағын көне дәуірден алған роман жанрына:

«Роман - күрделі және дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі. Роман басқа эпостық жанрларға қарағанда өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым - қатынастарды кең қамтып, терең суреттейді. Романның құрамы, құрылысы күрделі, онда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады. Роман қаһармандардың жеке өмірін, олардың арасындағы байланыстар мен қарым -қатынастар тарихын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамның, салт пен сананың кең суретін жасайды» - деп анықтама береді ғалым М. Атымов [22, 507] .

Қазақ әдебиетінде өркен жайған роман жанрының қазіргі заман әдебиетінде түрлі типтері қалыптасқан.

Жалпы, ХХ ғасырдың екінші ширегінде жазылған қазақ романдарына тән қасиеттерді даралап айтар болсақ, әдебиетіміздің жетекші, кемел жанрына айналуы, жанр байлығы, философиялығы, философиялық тереңдікке ұмтылу талпынысы, психологизм тәсілінің жаңа да сапалы деңгейден көрінуі, қаһарман деңгейден көрінуі, қаһармандардың сезім күйінің, ішкі және сыртқы бейнелерінің жан - жақты кескінделуі, т. б.

Шартты түрде бөліп қарастырар болсақ, 60-80 -інші жылдардағы қазақ романшыларының ішінде аса өнімді еңбек еткен қаламгерлер қатарында шоқтығы ерекше биік көрінетіні - І. Есенберлин. Оның қаламынан туған 6 тарихи роман - осы ойымыздың жарқын дәлелі. Жазушының романдары, әсіресе, «тарихи зарттеулердің бар екендігі мәлім. Әрине, көркемөнердің, оның үлкен бір саласы - көркем әдебиет өнердің ордасы, ол бәрінен бұрын, сөз өнеріне қойылатын идеялық - эстетикалық талаптарға жауап беруі қажет. Аталған мәселелерге қатысты біз роман жанрының іштей ерекшеліктеріне тоқталып өтіп, тарата талдауды жөн деп таптық.

Жазушы өмірдің қатпар - қатпар күрделі құбылыстарын романдағы кейіпкерлердің іс - әрекеті, мінез -құлқы таным - түйсігі, пиғыл - мінезі, дүниетанымы арқылы береді. 60-80 жылдар прозасының ерекшелігі сол әдебиетіміздің тарихи романдармен, оның ішінде басым бөлшегін құрайтын өнер иелері жазылған туындылармен толықты. Қазақ қаламгерлерінің революцияға дейін өмір сүген қазақтың өнерпаз жандарына осындай өз туындыларын арнау себебі - сол өнер иелерінің өз шығармашылығына демократтық халықтық сарынды арқау етуі, өздері өмір сүрген қоғамдағы әділетсіздікті, үстемдікті, озбырлықты сынауы, әділетсіздікке отты тілін қару етіп, қарсы шығуы болса керек.

«Қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы қашанда - тарихшы. Әдебиеттің басты парызы - адамзат естелігінің үзік - үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы талданбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы - адамзат зердесінің бірден - бір жақтаушысы болғандықтан да, тарихтың әлгідей жақтарын романмен, поэмамен жамайды» (Сүлейменов О. Сөзстан. А., Жазушы, 1987, 134 бет) Аталы сөзге сүйенер болсақ, жаратылыс әлемінде ең күшті де, құдіретті - адам бойында сонау қасқырлар заманында адамгершілік пен қатыгездікті алмасып, қатар өмір сүруі де табиғи нәрсе, әйткенмен, адам - қашан да Адам.

Адамзаттың ақын - ойының, талғам - сезімінің рухани қымбат қазыналарының бірі - сөз өнері. Қайсібір халық, елдерді алмайық, оның кемелдену дәрежесі, мәдени деңгейі сөз өнерімен тығыз байланысты.

Міне, қадірлі де қасиетті осы өнердің ұлттық топырақтағы өркендеуі, алдағы асулары зерделі жазушы қауымды аз толғандырмаса керек. Шынын айту керек, егер сан жағынан келетін болсақ, көңіл қуантарлық түзілістер мен тапқыр шешімдер мұнда да аз емес, әрине.

Өткен жолымызға қарасақ, біздің ұлттық прозаның мақтан етуге тұратын тағылымды тарихы, игі дәстүрі, өзіндік даму жүйесі мен мәнері ойды орайды. Халық құрметіне бөленген белгілі классик дәрежесіне көтерілген жазушылар да аз емес. Бұл ретте қазақ әдебиетінің іргесін қалаған М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқановтардан бастап бұл күнгі әдебиеттің алдыңғы толқын ағалары саналатын И. Аханов, Х. Есенжанов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Тәжібаев, Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Д. Исабеков, Ә. Тарази т. б. ұзақ-сонар тізбесін атауға болады.

Әлемдік классикалық әдебиеттің көрнекті өкілі Жюль Верннің «Дүниедегі ұлылықтың барлығы творчестволық арманнан туған» деген сөзін «жазушы» деп аталған сөз өнерінің иелерінің шығармагерлік ғымырларының лейтмотиві етіп қойса, еш артықтық етпейтіндей. Көркем сөз өнерінің басты артықшылығы сол, саясатпен емес, өзіндік сапасымен анықталмақ. Әдебиет ерекшелігі тілге ғана қатысты емес, ол көркемдік тәсілдер бейнелейтін халықтың тұрмыс - тәжірибесінен, өмір сүру бейнесінен аңғарылатын құбылыс. Әдебиеттің ерекшелігі халық болмысындағы ерекшеліктерді бейнелеуден туады. Қысқаша айтқанда, әдебиеттің қайнар бұлағы ұлт тағдыры.

Көркем әдебиет қоғамдық сананың ерекше формаларының бірі. Сондықтан еліміз тәуелсіздігін жариялаған тұстан бергі уақыттарда әдебиетіміздің жеткен тұстан бергі уақыттарда әдебиетіміздің жеткен жетістіктері мен кем-кетіктерінің орнын толтыру үшін жазылған шығармаларды талдап, толғамдаудың мән-маңызы айрықша болып табылады.

Қазақтың әдебиет туралы ғылымында ғұмырнамалық проза жанры бірден және бір адамның шығармашылығымен қалыптасты десек, ағат айтқан болар едік.

Өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастау алған ғұмырнамалық проза жанры өзінің терең тарихында қалыптастырып үлгерді, көлемді ғылыми мақалалар, зерттеу еңбектері де жазылды. Ғұмырнамалық жанрды зерттеу бүгінгі таңда жаңа деңгейге шықты деп айтуға әбден болады. Енді қаламгерлердің суреткерлік шеберліктерінің алуан түрлі мәселелерін жеке - дара алып, салыстыра қарап, теориялық талдаулар жасап, авторлық әлемнің құпия қалтарыстарын жіті зерттегенде барып жанрдың өзіндік қасиеті танылмақ. Ол заман көші ілгері жылжыған сайын көзге тартатын көркем құбылыс ретінде де ерекшелене түспек. Зерттеуімізге негізгі арқау болып отырған Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов шығармашылықтары - қазақ әдебиетіміздің алтын қорына енген құнды дүниелер. Олар - ХХ ғасырдағы ұлы көркемсөз шеберлері қатарынан лайықты орын алған суреткерлер. Қаламгерлер шығармалары ұлттық әдебиеттің классикалық деңгейіне айтарлықтай үлес қосқандықтан, Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов есімдерінің, кім екенін әлем халықтарына жан - жақты, ғылыми негізде түсіндіру - қазіргі қазақ әдебиеттануының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Жазушылардың «Жылдар, ойлар», «Есілдегілер», «Мен», «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романдарының өзге де ғұмырнамалық тақырыптардан орасан зор айырмашылықтары бар екенін атап айту ләзім. Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтардың ғұмырнамалық шығармаларының басты кейіпкерлері авторлардың өздері болып табылады. Романдардың басты көркем - идеялық құндылықтары да сол шығарманы жазушы авторлар - бастан кешкен талай қиындықтар мен жайларды тікелей өз көздерімен көргендері, сол уақиғаның ортасында жүріп куәгер болғандарын ғана баян етеді. Алайда қазақ әдебиетінде жеке жазушылар ғұмырнамасынан жазылған туындылар арасында С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі», С. Мұқановтың «Өмір мектебі». С. Көбеевтің «Орындалған арманына» қатысты біраз зерттеулер жазылды. Бірақ, бұрынғы социалистік қоғам кезінде жазылған бұл еңбектерінің көбісі бүгінгі уақыт талабы тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді. Алайда, Ә. Тәжібаевтың ғылыми еңбектері, поэзиялық және драмалық дүниелері туралы айтылып, жазылғанымен прозалық шығармасы қолға алынбағанын, М. Мағауин мен Қ. Жұмаділовтің ғұмырнамалық шығармаларының да зерттеу нысанасына айналмағандығын және бір ескерткіміз келеді.

Жазушы үшін шағын жанр болсын, мейлі күрделі, көлемді жанр болсын жазушылық өнер оңай игерілетін кәсіп емес екендігіне көзіміз жеткендей. Жазушы өткен өмірдің белестеріне көз жіберу арқылы болашақтың болмысын бағамдайды. Шығармашылық иесі мейлі ол ақын, мейлі жазушы тіпті актер болса да, ол да пенде. Кез келген өмір иесі секілді жазушы да өмірдің алуан бұлтарыс қалтарысын басынан өткерері сөзсіз. Адам баласының жүріп өтке жолы тақтайдай түзу бола бермейтіндей, адасу, табысу, өкіну, қуану, өшу, жану секілді парадокстердің қайталануы пенде өмірде қызықты болмақ. Жаратылыстың кез - келген мүшесі үшін қоғамның, тарих, саясат, идеологияның атқарар маңызы зор. Бұлар жалпы адам үшін негізгі ықпал етуші факторлар болса, көркем шығарма үшін адам бейнесінің көркем кеңістігі мен уақытының да тікелей өлшемі болып табылады.

Ұлы жазушының айтқан ойы қаламгерлер Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов сияқты көп қырлы суреткерлер шығармашылықтарындағы автобиографизмнің үлкен орны барын аңғартатындай. Отбасы, жеке өмір, алдыңғы ұрпақ, келер ұрпақ тарихнамасы өмірдің шежірелік келбетін ерекше толғамдармен толықтырады. Адам өмірі халқымен қоғамдық ортасымен бағамдалады. «Жылдар, ойлар», «Есімдегілер», «Мен», «Таңғажайып дүние романдары арқылы қаламгерлердің шығармашылық өмірінен көп мағлұмат аламыз. Жазушы, ең алдымен, өзі өмір сүрген кезеңнің перзенті. Сондықтан да кез келген қаламгер өзі өмір сүрген кезеңнің, ортаның шежіресін жасайды. Сол ортамен біте қайнасып жатады.

Ал шығармалары шыншыл жазушының өз өмірбаяны да болып шығады. Ә. Тәжібаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов романдарынан бұл жазушылардың өмірбаяны екендігін ұға түсеміз. Өмірбаяны болғанда да, көркем сөзге, әдеби шығармаға айналған өмірбаян.

Қазақ елінің өз алдына дербестік, тәуелсіздік алып, егемен ел болуына көп уақыт өткен жоқ. Қазақ деген халықтың тағдырының талайына тереңірек көз жіберсеңіз, күні кешегі Кеңестік империя салтанат құрып тұрған шақта талай асылымызды жоғалтыппыз, көкейге келген шындықты қорғалап, айта алмаппыз.

Дегенмен, бұрынғының бәріне «ақ» немесе «қара» деп үзілді - кесілді баға беруден аулақпыз, өзіміз сынап жүрген қоғамның, сол кешегі Социалистік қоғамның, кеңестік империяның да Қазақстанның даму салдарына, мейлі, ол материалдық сала болсын, мейлі рухани сала болсын саясаттың зұлымдық сипаттары басым болды. Қалай болғанда да уақыт, замана талабы қаншама қатаң тосқауыл қойғанымен, 60-80-інші жылдары төл әдебиетімізге араласқан қазақ қаламгерлері шындықты қорғалап айта алмаса да, тұспалдап жеткізген екен. Ал, бұның өзі, тұтастай алғанда, ұлтымыздың қоғамдық сана, ақыл - ойының кемелденуіне, біршама биік деңгейге жетуіне ықпал еткені ақиқат. Сондықтан да 80-ші жылдардың орта шенінде басталып, бүгіндері жаңа даму жолына түсуімізге әсер еткен жаңаша ойлау, кешегі күні жариялықтың тез орнауына негізгі түрткі болған, оның қанат жайып, өрістеуіне, тарихи қажеттілікке айналуына ат салысқан, өз туындыларымен үлес қосқан қаламгерлердің дені осы 60-80 -інші жылдардың үлесіне тиеді. Бұл - ақиқат шындық ешқандай дау тудырмаса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Д. Досжанның романдарындағы тарихи образ жасау мәселесі
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz